ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ
Бұл құжатта «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ» атты технологиялық картасы ұсынылған, ол ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне бағытталған. Балалардың Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы білімі мен түсінігін кеңейтуді мақсат етеді. Оқу іс-әрекеті балаларға Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік қалыптастыруға, патриоттық сезімдерін нығайтуға көмектеседі.
Технологиялық карта балаларға арналған оқыту іс-әрекетінде ақпараттық ресурстар мен визуализация құралдарын қолдану арқылы риясыз, шығармашылық сабақтардың базасын құрады. Тәрбиеші алдын ала дайындалған мультимедиялық материалдар мен иллюстрациялар арқылы сабақтың негізгі идеяларын жеткізеді. Сонымен қатар, елбасы туралы мәліметтермен қамтамасыз етілген, бұл балалардың есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын дамытады.
Сабақ барысында балалар әртүрлі ойындар мен жаттығулар арқылы Қазақстан Президентінің рөлі мен елдің дамуына қосқан үлесін игеріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Пошташының балаларға елбасының тілек хатын жеткізуі, сергіту жаттығулары мен гимн орындау сынды элементтер сабақтағы атмосфераны жандандырады, балалардың белсенділігін арттырады.
Технологиялық карта оқыту іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерінен бастап, балалардың қатысуымен өтетін әр кезеңнің ұйымдастырылуына дейінгі барлық аспектілерді қамтиды. Сыныптағы ынтымақтастық ортасы тәрбиеші мен балалардың арасындағы сенімділікті арттырып, шығармашылығын дамытады. Осы кешенді тәсіл арқылы оқу процесі қызықты әрі тиімді өтеді, бұл балалардың білім деңгейін көтеруге және рухани дамуына мүмкіндік береді.
Бекітемін:
МКҚК «Айгүл» балабақшасының
әдіскері ____________А.Баянова
«ЕЛІ СҮЙГЕН,
ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ»
(І-сәбилер, «Балапан» тобы,
ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы)
Тәрбиеші: Момынова И
27 қараша 2014 жыл
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 27.11.2014 ж
Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН-ЕЛБАСЫ!»
Мақсаты:Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев туралы түсінік беру. Елбасының еңбегін бағалауға үйрету. Балалардың бойында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Оқу іс-әрекетінің презентациясы. Үнтаспа.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, оқу іс-әрекетіне орай топ ішін безендіру (түрлі түсті шарлар, жалаушалар).
Билингвальді компонент: Отан-Родина, елбасы-президент.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, тосын сәт.
Қажетті құрал-жабдықтар: Тақырыпқа сай көрнекілік суреттер
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балаларды ұйымдастыру. Шаттық шеңбері: Қазақстан Республикасының Гимн орындау. Жыл ерекшеліктерін сұрау. | Қуан, шаттан алақай, Балалар ҚР гимн орындайды. Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. |
Іздену ұйымдастырушы | Балалар, біздің ұлтымыз кім?
Елімізді басқарып отырған елбасымыздың аты кім? Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы түсінік береді. Елбасы туралы тақпақтарды еске түсірейік. Ғажайып сәт: «Елбасының тілек хаты». (Пошташы балаларға елбасының хатын әкеледі). Елбасының тілек хаты: Сергіту жаттығуы: | Қазақ. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәрбиешінің әңгімесін зер салып тыңдайды. Інжу: Шархат: Айзер: Жұлдыз: Пошташының хатын зер салып тыңдайды. Топ-топ, топ-топ басайық, |
Рефлексті коррекциялау | Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде кіммен таныстық? Қорытынды. Ән: «Елім менің». | Балалардың түрлі Балалар әнді орындай отырып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі туралы.
Болуы керек: Танымы, тілдік қоры, байланыстыра сөйлеуі, ойлауы, зейіні т.б.
Баланың қолынан келуі: Сурет бойынша сұраққа жауап беру,
Берілген әндерді, тақпақтарды айту
Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысу.