Математика: 1 - 20 дейінгі сандарды үйрету
Данный документ посвящен учебному занятию, где основное внимание уделяется изучению чисел от 1 до 20. В рамках этого урока ученики смогут не только повторить, но и закрепить свои знания, используя различные методы и подходы. Учебная деятельность направлена на развитие логического мышления и слухового восприятия чисел.
На занятии предусмотрены интерактивные задания, которые позволят детям не только запомнить последовательность чисел, но и научиться понимать их значение. Для этого используются старинные казахские детские считалки и логические задачи, что делает процесс обучения увлекательным и познавательным.
Также важно отметить воспитательный аспект урока, где уделяется внимание уважению к старшим и заботе о младших. Это создает атмосферу дружбы и взаимопомощи в классе. Урок включает в себя не только теоретические, но и практические задания, что способствует более глубокому усвоению материала.
Воспитатели создают условия, при которых дети могут свободно выражать свои мысли, активно участвуя в интерактивных играх. Завершение урока проходит в форме подведения итогов, где каждый ученик получает возможность оценить свои успехи и достижения.
Сынып:_0
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: 41-сабақ. Математика
Білім беру саласы: Таным
Сабақтың тақырыбы: 1 - 20 дейінгі сандар
Сабақтың мақсаты: 1. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, дамыту
1 - ден 20 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушлық мақсаты: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, логикалық есептер, санамақтар
Оқу іс – әрекетінің барысы
І. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
II. Балалардың назарын сабаққа аудару.
-Балалар, біздер алдыңғы сабақтарда 1-ден 20-ға дейін сандармен таныспыз, енді сол сандарды қайталап көрейік.
- Вагон сандары ретімен тіркелген бе?
- Онда ретімен тіркеп алайық.
- Енді вагондарды ретімен санайықшы.
- Енді кері санайық.
- Вагондар саны нешеу екен?
ІIІ.Балалар, кім бауырсақ ертегісін біледі? Кел айтып бере ғой.
Бауырсақты қояннан құтқару үшін біз қоянның тапсырмасын орындайық.
Дәптермен жұмыс жасаймыз.
1- тапсырма. Қалдырған сандарды жаз. Әрбір екінші жапырақты сары түспен боя.
Қасқырдан құтқару үшін біз осы дәптердегі 2- тапсырманы орындайық.
2- тапсырма. Әр ыдысқа бір қарындаштан қос. Әр ыдыста неше қарындаштан болады?
IV. Сергіту сәті.
Балалар сергіп алдық қой, енді бауырсақты аюдан құтқарайық. Ол үшін ауызша есептер шығарайық. Мен жұмбақ жасырам, сендер жауабын айтасыңдар.
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
- Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан,
Алып жеді Мұратқан.
Қанша қалды алмұрттан?
(екі)
- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)
- Табақта төрт өрік,
Қолымда бір өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?
(5)
- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
(0)
V. Шығармашылық жұмыс.Түлкіден құтқару тапсырмасы: Бұл бұйымдар бір сөзбен қалай аталады?
VI. Қорытындылау
«Көршісін тап» ойынын ойнаймыз.
Енді балалар, мына сандарды ретімен кім орналастырады?
VII. Мадақтау