Тәуелсіздік күні: әр жүректе бар қуаныш
Тәуелсіздік – бұл біздің мемлекетіміздің ең басты құндылығы. Қазақ елінің өз жолын, өз даму бағытын таңдау мүмкіндігіне ие болуынан артық қандай бақыт бар? Өздігінен өмір сүру, тарихи жолымызды сақтау, және ұлттық дәстүрлерімізді жаңғырту – міне, осындай құндылықтарды тәуелсіздік тарту етеді. Тәуелсіздік күнімізді тойлау әрбір қазақстандық үшін зор қуаныш. Бұл күн – кешегі ата-бабаларымыздың арманы, ғасырлар бойы болған күрестің нәтижесі болып табылады.
25 жылдың ішінде тәуелсіз Қазақстан әр салада өзінің жетістіктерімен прогреске жетті. Нарықтық экономикада тқзілмеген қиындықтарға қарамастан, еліміз барлық қиындықтарды жеңіп, әлемнің өркениетті мемлекеттерімен иық түйісті. Бүгінде біздің еліміз әлем картасында өзіндік орнын тапты, сонымен қатар жаңа бағыттар мен мүмкіндіктерді қарастыруда. Тәуелсіздік күні – біз үшін тарихи кезеңдердің белгісі, мәдени жеңістер мен әлеуметтік дамуымыздың символы.
Мерекенің басында оқу орындары мен ұйымдар түрлі шараларды ұйымдастырады. Біздің балабақша да бұл игі іске атсалысып, бүлдіршіндердің қатысуымен «Тербейін, Тәуелсіздік тал бесігін» атты мерекелік іс-шара өткіздік. Ата-аналар мен ауыл тұрғындарын шақырып, зал толы болды. Бүлдіршіндер әдемі әндер айтып, ұлттық билерді орындады. Олардың өнері көпшіліктің жүрегін жылытты, бұл сәбилердің тәуелсіздігіміздің мәнін бұрынғыдан да терең түсінгенін көрсетеді.