Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Сыбдырлы сұлу Алтын күз!

Сыбдырлы сұлу Алтын күз!

Латаева Айдана Тунғатқызы
Латаева Айдана Тунғатқызы
DOCX
216
1

Каждый осенний день приносит с собой магию, таинственность и великолепие, но именно праздник «Сыбдырлы сұлу Алтын күз» помогает нам осознать всю прелесть этой замечательной поры. Участие в различных конкурсах и мероприятиях не только развлекает детей, но и формирует в них уверенность, толерантность и творчество. В этом году мы особенно гордимся тем, как наши дети проявляют свои таланты, выступая в различных номинациях. Это замечательная возможность для них заявить о себе, продемонстрировать свои навыки, а также продемонстрировать своё уважение к природе и даруемым ей щедротам.

С самого утра, пока солнечные лучи мягко освещают пастельные оттенки желтых и оранжевых листьев, родители и дети собираются, чтобы вместе отпраздновать этот осенний праздник. Программа мероприятий насыщена и включает в себя различные конкурсы: от творческих выступлений до интеллектуальных состязаний. Каждый ребенок получает возможность не только представить свое произведение, но и поддержать своих друзей, тем самым создавая атмосферу единства и сотрудничества.

Праздник «Сыбдырлы сұлу Алтын күз» – это не просто состязание, это возможность объединиться, показать свои таланты, обучиться новому и поделиться им с окружающими. Наблюдение за тем, как дети в восторге от подготовки, как они учат свои номера и делятся эмоциями, делает этот сезон поистине волшебным. Мы также приглашаем родителей активно участвовать в празднестве, ведь их поддержка очень важна для детей и создает особое тепло и уют на празднике.

На нашем празднике мы стремимся подчеркнуть важность осени как времени изобилия и благодарности. Каждое дерево, которое дарит нам свою листву, и каждый плод, который мы собираем, совсем не случайны. Они напоминают нам о том, как природа заботится о нас. Позвольте этому духу осени проникнуться в сердца наших воспитанников, ведь именно они – будущее нашей страны и главные выставляемые участники этого грандиозного мероприятия.

Предпросмотр

Тақырыбы: Сыбдырлы сұлу Алтын күз!
Мақсаты: Балабақшамызда өткізіліп жатқан «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» атты күзгі балл сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін әр баланың санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып,ата-ана мен балабақша арасында ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Тәрбиеші:
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі « Сыбдырлы сұлу, Алтын күз!» кешіне қош келдіңіздер!


Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!- дей отырып ,
Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын !-жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін топ арасында «Сыбдырлы сұлу Алтын күз!»атты сайыс болмақ. Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ – қазылар мүшелері.
1. «
Қарлығаш» тобының ата – анасы Назгүл апай
2. «Балбөбек» тобының ата – анасы Гүлбаран апай
3. «Бүлдіршін» тобының ата – анасы Ажар апай
Тәрбиеші:
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.

1. Айжарық Адина
2. Әсет Амина
3. Сауытбек Нұржан
4. Жарылқасын Алихан


Тәрбиеші:
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік.
1 – кезең: Таныстыру (костюм қорғау)
2 – кезең: «Күз бейнесі»(көрме)
3 – кезең: «Өнерің өрге жүзсін»(би,өлең)
4 – кезең: «Сән үлгісі» (киім үлгісі)
5 – кезең: « Ас адамның арқауы».(ас мәзірі)

Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан, ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға -дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.

«Таныстыру».

1. Айжарық Адина
2. Әсет Амина
3. Сауытбек Нұржан
4. Жарылқасын Алихан
Қатысушыларға көп-көп рахмет.
-Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.

Тәрбиеші:
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын.
Жадырап жан сарайын,
Демалып бір қалатын – дей келе, әр жұптың өзінің қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалауға шақырамыз.

2- кезең : Күз бейнесі (көрме)
1. Айжарық Адина
2. Әсет Амина
3. Сауытбек Нұржан
4. Жарылқасын Алихан
Тәрбиеші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» кезеңін бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

1. Айжарық Адина
2. Әсет Амина
3. Сауытбек Нұржан
4. Жарылқасын Алихан
Тәрбиеші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.
1. Айжарық Адина
2. Әсет Амина
3. Сауытбек Нұржан
4. Жарылқасын Алихан
Тәрбиеші:
5-кезең «Ас адамның арқауы»
1. Айжарық Адина
2. Әсет Амина
3. Сауытбек Нұржан
4. Жарылқасын Алихан
Тәрбиеші:
Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,
Шалқытып «Күзгі бақта» ән салайық, 
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық, 
Ән-шашуын біздерге алып келген, 
«Қарлығаш» тобын ортаға шақырайық. 
дей келе, әсем әнімен ортаға шақырамыз. «Жау – жау жаңбыр» әні.

«Балбөбек»тобының биші қыздарының орындауында тамаша үнді биін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
«Сыбдырлы сұлу ,Алтын күз! » байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!

Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Д.Т. Кыдырмановаға береміз.
Тәрбиеші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі "
«Сыбдырлы сұлу ,Алтын күз! » " кешін аяқтаймыз.
Тәрбиеші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!