Сиқырлы гүл патшалығы - Образовательное занятие для детей
Дорогие дети, сегодня мы отправимся в удивительный мир «Сиқырлы гүл патшалығы», где цветы оживают, и нам предстоит помочь доброй Гүл патшайымы. Она столкнулась с проблемой - злой стиқыршы заколдовал ее цветы, и теперь они мертвы. В нашем занятии мы узнаем, как вернуть цветам жизнь и радость. Для этого мы получим цветочные семена и выполним множество интересных заданий.
Занятие начинается с увлекательного чтения письма от Гүл патшайымы, в котором она рассказывает о весне и приглашает нас помочь. В ходе занятий дети будут делиться своими мыслями о весенних изменениях, наблюдать за природой и отмечать, как меняется окружающая среда. Мы будем выполнять задания, основанные на звуковом анализе слов и делении их на слоги, что поможет развить фонематическое восприятие.
Каждое выполненное задание будет вознаграждено цветочным семенем, которые дети смогут посадить в горшок. Мы изучим различные методы рисования, включая батик, чтобы создать яркие и удивительные картины, которые украсить наш класс, а также развить творческие способности детей.
В завершение занятия мы обсудим свои успехи и ответим на вопросы, такие как «Как мы можем заботиться о наших цветах?» и «Что мы сделали для Гүл патшайымы?». Каждый ребенок получит возможность рассказать о своих чувствах и сделать выводы о важности помощи другим. Надеемся, вы получите массу удовольствия и радости от нашего занятия!
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ересек «Б» тобы
Күні: 30.04.2015ж.
Тәрбиеші: Суйеубаева Г.А., Керибаева М.Т.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»,
Кіші сала: Сауат ашу мен жазу, Сурет салу, Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Сиқырлы гүл патшалығы»
Мақсаты: Сөзге дыбыстық талдау жасай отырып, буынға бөлу. Сөздегі дыбыс орнын табу, әріпке байланысты сөздерді атау. Сурет бойынша сөйлем құрастыру. Қойылған сұрақтарға толық, дұрыс жауап беру. Батик технологиясын қолданып сурет салу. Шығармашылықтарын дамыту, сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, назарларын, сөздік қорларын дамыту. Ұйымшылдыққа, бір-біріне қамқор болуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, игровизор, түрлі-түсті бояулар, қылқалам, ақ мата, геоконт, геовизор, ақ парақ, қарындаш, салфетка.
Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Балаларға хат келгенін айту, сол хатты оқып беру (хатты оқу). Сендерге «Гүл патшайымы» жазып отыр.
Көктем туралы сұрақтар:
-Қазір, жылдың қай мезгілі? ....
6 тапсырма болады. Әр тапсырманы орындаған сайын Гүл патшайымылппллл сендерге бір гүл тұқымын береді, сол тұқымды біз гүл ыдысына отырғызамыз.
-Егер барлық тапсырманы орындасақ, біз гүл патшайымына көмектесеміз.
-Балалар тапсырманы орындай аласындар ма?
Балалар тәрбиешіге таң қалып қарайды.
Хатты мұқият тындап отырады.
-Көктем.
-Құстар ұшып келеді. Т.б.
Балалар өз қызығушылықтарын білдіреді.
-Ия, орындаймыз.
Ұйымдастырушы -ізденіс
1тапсырма: «А» дыбысына басталған сөзді, сөйлеммен аяқта.
-Жарайсыңдар, бірінші тапсырманы орындап шықтыңдар. «Гүл патшайымы» сендерге гүл тұқымын береді, соны егеміз.
2тапсырма: Суреттегі затты атап, буынға бөліп неше буын барын айту.
Тәрбиеші балаларға суретті көрсетеді. Балалар сөзді буынға бөледі.
Тапсырманы орындап шықты , гүл тұқымын алды.
3тапсырма: Ойын:
«Допты қағып ал»
Шеңберге тұрады. Допты лақтырып сөз айтам, сендер сол сөздің бірінші әрпін айтасыңдар. Дұрыс айтсаңдар допты қайта лақтырасындар. Тапсырманы орындап, гүл тұқымын алады.
4тапсырма: Игровизор.
«Б», «А», «Қ» дыбыстарына басталатын заты көрсетіп, сыз.
Гүл тұқымын алады, егеді.
5тапсырма: Суретке қарап сөйлем құрастыр. «Көктем»
Гүл тұқымын алып, егеді.
Барлық тұқымдарды егіп болдық, гүлдің өсуін күтеміз.
6тапсырма: Гүл патшайымына арнап, «Батик» технологиясымен гүл суретін салу.
Гүлді салу техникасын көрсету.
-Алма.
-Аю.
-Айна.
-Ай.
-Ардақ.
-Астана сөздерін айтады.
Айя тұқымды алып, гүл ыдысына отырғызады.
-Кө-бе-лек.
-Ба-ра-бан.
Балалар жауап береді.
Сәлімжан тұқымды алып, егеді.
Балалар шеңберге тұрып, ойынды ойнайды.
Дыбыстарды дұрыс айтып, өз белсенділіктерін арттырады.
Аяулым тұқымды алып, егеді.
Игровизормен суреттерді сызады.
Асылжан тұқымды алып, егеді.
«Көктем» мезгіліне байланысты сөйлемді құрады.
Ардақ тұқымды алып, егеді.
Орындықтарына отырып, гүлді сала бастайды.
Рефлексивті - түзеуші
-Балалар, кім бізден көмек сұрады?
-Біз көмектестік пе? Не істедік?
-Гүлге біз не істейміз, қандай қамқорлық көрсетеміз?
-Гүл патшасына.
-Ия, көмектестік. Бүгінгі іс-әрекетте не істегендерін айтады.
-Аялаймыз, суарамыз, күтеміз.
Күтілетін нәтиже:
Елестетеді: -гүл патшасына көмек беру керек екенін, гүл тұқымын гүл ыдысына егіп, отырғызуын;
Түсінеді: -дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, дыбыстарға сөз айтады, берілген дыбысқа сөз айтып, сөйлемді жалғастырады, суретке қарап сөйлем құрастырады;
Қолданады: -Батик технологиясын қолдана отырып, сурет салу;
Құрметті балалар!
Мен «Гүл патшасымын», зұлым стиқыршы келіп менің патшалығымды барлық гүлдерді сиқырлап, өлтіріп тастады. Енді менің патшалығымда гүл жоқ, ал біз гүлсіз өмір сүре алмаймыз. Бізге сендерден көмек қажет. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
Мен сендерге гүл тұқымын алып келдім, ол тұқымды гүл ыдысына егу керек. Сонда ол тұқымнан көп гүлдер шығады, Ал ол тұқымды алу үшін, сендер менің әкелген тапсырмаларымды орындау керексіңдер, орындайсындар ма?
Әр тапсырманы орындасандар мен сендерге гүл тұқымын беремін, ал сендер сол тұқымды гүл ыдысына егесіндер.