Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. «Путешествие в мир сказок» – Хаттама №2

«Путешествие в мир сказок» – Хаттама №2

Аманова Асель Жанахметовна
Аманова Асель Жанахметовна
DOCX
182
0

29.01.2016 жылы «Жауқазын» тобының ата-аналар жиналысы өткізілді. Жалпы 27 ата-ана шақыртылған болса, олардың 11-і қатысып, 13-і қатыспады. Жиналыс барысында білім мен тәрбие мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі пікірлер жүйелі түрде тыңдалды.

Күн тәртібінде орыс тілінде «Путешествие в мир сказок» тақырыбында семинар өтті. Ата-аналар бұл сабаққа қатысып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ұйымдастырылған қызықты шараларға жоғары баға берді. Концерттік бағдарламада балалар өз өнерлерін көрсетіп, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақтар айтып, Үйшік ертегісін сахналап, ата-аналар арасында қуаныш тудырды.

Ата-аналар, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша өз пікірлерін білдірді. Олар балабақшадағы тәртіп мәселесіне, сондай-ақ төлемақының уақытылы әрі дұрыс жасалуына назар аударды. Жиналыс барысында ата-аналар «Жауқазын» тобы три тілде – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде білім берілетінін қайтадан ескертті.

Ата-аналар арасында қуанышты пікірлер айтылды. Аманбике апай Болат Айымгүлдің әжесі өзінің қызының топқа келгеннен кейінгі белсенділігін, артистік қасиеттерін атап өтті. Бұл топқа қатысқан ата-аналар тәрбиелі,білімді ұрпақ тәрбиелеу бағытында бірігіп жұмыс істейтіндерін және ұл-қыздарын сапалы біліммен қамтамасыз ету бойынша бірлесе әрекет ететінін жеткізді.

Вам будут интересны эти конкурсы: