Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Спортивное мероприятие «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі!»

Спортивное мероприятие «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі!»

Қуандық Бағлан Қыдырбекқызы
Қуандық Бағлан Қыдырбекқызы
DOC
131
1

Данное мероприятие объявлено в честь 9 мая - Дня Победы, и его основной целью является привлечение детей и родителей к активным спортивным играм. В ходе мероприятия мы стремимся укрепить интерес к спорту, повысить уровень физической активности и воспитать в детях ценности дружбы и взаимопомощи.

Собравшиеся участники, среди которых дети, родители, а также гости, смогут принять участие в различных спортивных конкурсах. Каждый конкурс разработан для того, чтобы развивать физические навыки, а также учить командной работе и взаимодействию. Это не только даст возможность проявить себя, но и поможет создать незабываемые воспоминания для всех участников.

Когда мы говорим о Дне Победы, мы вспоминаем о великих подвигах, о героях, которые защищали нашу Родину. Важно передать эти ценности и память о героях следующим поколениям. Спортивный конкурс является отличной возможностью объединить текущие поколения и напомнить о значимости таких исторических дат.

В завершение мероприятия, все участники будут награждены памятными призами и дипломами, что подтвердит их участие и усилия в конкурсе. Благодаря таким событиям мы не только отмечаем важные даты, но и активно способствуем формированию здорового образа жизни и укреплению семьи.

Предпросмотр

«Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі!» атты отбасылық спорттық сайысының
сценарийі
Мақсаты: Балалар мен ата – аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын нығайту; спорт түрлері туралы білімдерін кеңейту; дене шынықтыру оқу қызметіне қызығушылығын ояту; қимыл – қозғалыс белсенділігін  көтеру; достық, жанашырлық, қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Жүгізуші:
Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар! Бүгінгі 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі!» атты отбасылық спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Жеңіс күні 9мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.


Аз емес зар жылаған егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
Ұлы отан соғысына қатысқан!
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б өз жерлестеріміз бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз!


Жүгізуші:
Құтты болсын жеңіс күні ағайын,
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата-бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата-бабам намыс бермей айқасқан.


Жеңіс туы желбіреген кездерде,
Қуанышты жасы үйірілген көздерге.
Отан үшін отқа түскен оянбай,
Батырлықтың рухы мұра біздерге.


Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған,
Ардагерлер ағаларға мың алғыс.


Жүгізуші:
Олай болса сайысымызды бастайық,
Шынықсаң шымыр боларсың.
Сауығып айдай толарсың,
Спортты серік ете біл.
Жақсы азамат боласың,
Жеңімпаз болу оңайма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Жарысқа қатысушыларды шақырамыз:
«Жас қыран» тобы, «Сұңқар» тобы, «Жалын» тобы.
Жүгізуші:
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерлі ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Келіп тұрған үш отбасын шақырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызға баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Ельбаева Мендихан Әділбайқызы – балабақша әдіскері;

  2. Қоңырбаева Жұлдыз Сакеновна – балабақша медбикесі.

  3. Сабытова Салтанат – бейнелеу өнері пәнінің жетекшісі;


Жүгізуші:
Олай болса сайысымыздың кезеңдерімен танысып өтейік. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

    1. «Таныстыру»

    2. «Секіртпемен секіру»

    3. «Қапшықпен секіру»

    4. «Сурет салу»

    5. «Жұптасу»

    6. «Арқан тартыс»

Жүгізуші:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз басқадан.
I кезең: Сәлем сөздің атасы демекші бірінші сәлемдесу рәсіміне береміз.
Әділқазылар алқасынан таныстыру кезеңіңің бағасын сұрайық.
Орман көлге шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
II кезең: «Секіртпемен секіру».


Шарты: Әкеміз бен анамыз секіртпемен секіріп келеді, балалар шығыршықпен жүгіріп келу.
Әділқазылар алқасының ұпай саны.
Жүгізуші:
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмаса.
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
III кезең: «Қапшықпен секіру»
Шарты:Екі аяққа қапты киіп кедергілер арасымен секіріп келу.
Әділқазылар алқасының ұпай саны.
Жүгізуші:
Қане, қане жарысуды,
Айналдырайық әдетке.
Денемізді шынықтыру,
Денсаулыққа қажетпе.
IV кезең: «Сурет салу»
Шарты: Екі аяқтың арасына шарды қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуге тиіс. Мәреге жеткен соң үйдің суретін салу тиіс. Мысалы: Бірі үйдің төбесін, бірі терезесін т.б.
Әділқазылар алқасының ұпай саны.


Жүгізуші:
Біз ананың қуанышымыз,
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз.
V кезең: «Жұптасу»
Шарты: Әкелері мен аналары қолдарын ұстап балаларын қолдарына отырғызып кедергілер арасымен жүгіру.
Әділқазылар алқасының ұпай саны.


Жүгізуші:
Сайысымыздың соңғы кезңі де келді. Бұл кезең «Арқан тарту» деп аталады.
Қатысушы топтар күштерін сынайтын болады. 1,2,3 – бастаймыз!
Тотардың ұпай саны.
Жүгізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Жеңілгендер ренжімей.
Тараса бізге жарады – демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларына беріледі.


МАРАПАТТАУ
(Әнұран орындалады).


Жүгізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі!» атты отбасылық спорттық сайысымыз аяқталды. Мерекеміз тағы да құтты болсын! Амандықта жүздескеше қош – сау болыңыздар!