Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Сабақ жоспары: «Үй жануарлары»

Сабақ жоспары: «Үй жануарлары»

Кокеева Ляйля Тусуповна
Кокеева Ляйля Тусуповна
DOC
125
0

В этом документе представлены методические рекомендации для педагогов, интересующихся темой домашних животных. Педагог-психолог Кокеева Ляйля Тусуповна разработала урок, цель которого – расширить знания детей о домашних животных и развить у них любовь и заботу о них. Урок предназначен для детей младшего школьного возраста и включает в себя разнообразные упражнения и игры, направленные на развитие внимательности, памяти и мелкой моторики.

Методику урока можно разделить на несколько этапов. Сначала дети слушают музыкальную композицию и обсуждают свои впечатления. Затем, играя, они знакомятся с изображениями домашних животных и их детенышей. Ключевая идея заключается в создании положительного эмоционального фона, который поможет детям лучше усвоить материал. Психолог задает вопросы, вовлекает детей в активное обсуждение, что способствует развитию их речевых навыков и умения выражать свои мысли.

На протяжении урока педагоги могут использовать различные визуальные и технические материалы, такие как карточки с изображениями животных, звуки их голосов и музыкальные треки для расслабления. Также предусмотрены различные активности, в которых дети могут на практике применить свои знания и продемонстрировать навыки, полученные на занятии. Каждое задание направлено на то, чтобы сделать урок интересным и увлекательным, тем самым способствуя лучшему восприятию материала.

В заключение занятия психолог проводит рефлексию, где дети могут поделиться своими впечатлениями о занятии и выразить свои чувства. Это помогает развить у них способность к самоанализу и критическому мышлению. Урок «Үй жануарлары» – это не только возможность узнать больше о животных, но и шанс развить у детей эмоциональную отзывчивость и сострадание к живым существам, что является важным аспектом воспитания в современном обществе.

Предпросмотр

Педагог-психолог:
Кокеева Ляйля Тусуповна
«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп білім беру комплексі» мекемесі
Семей қаласы,
Тақырыбы: «Үй жануарлары»


Сабақтың мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Таным үрдістерін (қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу), ұсақ моториканы дамыту. Өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру. Өзін, өзгелерді нақты бағалауға жаттықтыру. Үй жа-нуарларына сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілік құралдары: Үй жануарлары және олардың төлдерінің суреттері; зейінді зерттеуге арналған матрица; түрлі-түсті картоннан қиылған геометриялық пішіндер; жабайы аңдар; дыбыс шығаратын ойыншық әтеш; үлестірмелі карточкалар; түрлі-түсті жұмсақ сым;
Сабақтың техникалық құралдары: үн таспаға жазылған жануарлардың дыбыстары; релаксацияға арналған әуендер.
Сабақтың барысы:Балалар музыка әуенімен топқа кіріп, кілемге дөңгелене отырады. Көздерін жұмып отырып, үн таспадан айтылғандарды тыңдайды.
Үн таспадан: Бүгін күн тамаша. Менің көңіл-күйім де жақсы. Мен ақылды баламын. Бәрін үйреніп аламын. Менің қолымнан бәрі келеді.
Психолог.Қане, кім ой бөліседі, не тыңдадық? Көңіл күйлерің қалай? (балалар бүгінгі сабақтан не күтетіндері, көңіл күйлері жайлы ой бөліседі)
Психолог. Біз бул аптадағы сабақтар үй жану-арларына арналатынын білеміз.
Мен сендерге суреттер таратып беремін. Қазір бізге Айбын мына суреттен үй жануарларын көрсетіп турып атайды, ал кімнің қолында сол жануардың төлінің суреті бар, сол төлін атап, келіп, тақтаға жапсырады.
(Әтеш шақырады).
Балалар, бізге тағы бір қонақ келіпті ғой!
Әтеш:Мен де қорада тұрамын, мен де үй жануарымын.
Психолог.Келісесіңдер ме?
Балалар:Келіспейміз, әтеш, тауық, үйрек, қаз - үй құстары.
Психолог.Үй жануарлары мен қустарының қан-дай ұқсастықтары,айырмашылықтары бар?
(Балалардың жауаптары)
Психолог:Ал осы үй жануарлары мен қүстарының адамға қандай пайдасы бар? Кім үй жануарлары туралы тақпақ, өлең біледі?
Ерсайын:
Жайылады аңғарда,
Маңырайды албарда.
Тістемейтін,
Теппейтін
Қойдан момын мал бар ма?
Мадина:
Әукім-әукім сиырым!
Мүйізінің сүйірін!


Шүйгін жерге келгелі
Шығып қапты бүйірің.
Айгерім:
Керек сенің еліңе
Қүлын байла желіге
Кірпияз да, талғампаз
Суың менен жеміңе
Айша:
Ботақаны нардың
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың!
Иә, әр жануардың өзіне тән мінезі де болады екен. Біз оқылған өлеңдерден жануарлардың қандай мінезін білдік? (Балалардың жауаптары)
Зейіннің өнімділігі мен түрақтылығын дамы-туға арналған жаттығу жасалады.
«Артығын сызып таста» Матрицамен жұмыс.
(Балалар жұмыс істеп жатқанда, төлдер геометриялық пішіндердің астына жапсырылып қойылады)
Психолог:Балалар, біз жұмыс істеп жатқанда, төлдеріміз енелерінен жасы-рынып қалыпты. Қане төлдерін табуға көмектесейік.
«Ненің төлі?» ойыны ойналады.
Мақсаты:Қабылдауды дамыту: бөлікке қарап, бүтінді табу; геометриялық пішіндерді ажырата білу.
"Не өзгерді?"жаттығуы
Мақсаты:Байқағыштықты дамыту. Балалар көздерін жүмып отырады. Сол кезде тақтадағы суреттердің орыны ауыстырылып, не өзгергені табылады. (Әтеш шақырады).
Психолог:Балалар, әтеш бізді ойын ойнауға шақырып тұр.
«Әтеш, тауық, балапандар» ойыны ойналады.
Ойын мақсаты: Өз-өзін бақылау, іс-әрекетті шартты белгіге бағындыруға дағдыландыру.
Ойын шарты. Балапандар жем шоқып, жайылып жүреді(ән әуеніне сай түрлі би қозғалыстарын келтіру). Белгі берілгенде (әтештің шақыруы) тауықтың қасына «қораларына» жиналады.
«Не артық?» жаттығуы
Мақсаты:логикалық ойды дамыту. Дәлелді сөйлеуге дағдыландыру.
Психолог:Балалар,тақтаға қараңдаршы, біздің үй жануарлары мен жабайы аңдар көбейіп кеткен сияқты?
Балалар:Аю мен сиыр қосылып кетіпті. Сиыр үй жануары.Аю орманда тұрады. Ол аң.(Аюды орманға, сиырды қораға орналастыру).
Психолог:Ал біздің үй жануарлары қыста тоңбауы үшін, оларға жабайы аңдар тиіспеуүшін адамдар оларға жылы қоралар тұрғызады. Кане, біз де алдымыздағы жұмсақ сымдардан малдарға қора жасап берейік. Қоратөртбұрыш пішінен, дөңгелек пішінен болуы мүмкін. (Жұмсақ сымдармен жұмыс).
Мақсаты:Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Сымдарды суреттердің үстіндегі шегелерге іліп, «малдарды қоралаймыз»
Психолог.Біздің жануарлар сендердің қамқорлықтарыңа өте разы. Біз туралы көп біледі екенсіңдер деп қуанып тұр. (Релаксациялық жаттығу). Жеңіл әуен «Жағымды ой тізбек жасау»).
Психолог:Енді поролон пішіндерге шалқадан жатып, терең дем аламыз. Бүгінгі сабақта не туралы айтқанымызды, қандай жаттығу жасадық, не ұнады еске түсірейік.
Рефлексия
Психолог:Балалар, көңіл күйлерің қалай? Сабақ сендерге ұнады ма? Не ұнады? Қане, қонағымыздан сұрап көрейік. Әтешке де сабақ ұнаған екен. Ол сендерге жақсы жауап бергендерің үшін балапандарының суретін сыйға бермекші. Қане үй жануарлары және олардың төлдерін атай отырып, әтештің сыйлығын алыңдар.
Қорытынды.