Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Біз көмекшілерміз - сабақтың сипаттамасы

Біз көмекшілерміз - сабақтың сипаттамасы

Бектлеуова Дина Сағынбайқызы
Бектлеуова Дина Сағынбайқызы
DOCX
124
1

В данном материале рассматривается организационное обучение в детском саду «Нұрсая», посвященное теме «Мы помощники». Этот этап обучения очень важен для развития у детей осознания значимости помощи и заботы о близких. Обучение направлено на прививание навыков сотрудничества и уважения к труду родителей, что является важной частью их воспитания.

Тема занятия «Мы помощники» позволяет детям понять, как важен труд в жизни каждого человека. Мы обращаем внимание на то, какую роль играет помощь друг другу и как это влияет на настроения в семье. Дети учатся не только помогать своим родителям, но и осознавать, как важны их действия. Это занятие очень полезно для формирования у ребенка чувства ответственности и социальной активности.

Кроме того, воспитатель рассказывает о различных профессиях и демонстрирует изображения людей, которые работают. Дети участвуют в обсуждении трудовых процессов, задавая вопросы и высказывая свои мысли. Картинки с изображениями рабочих ситуаций способствуют развитию их кругозора и представлений о мире труда, а также служат основой для урока по общению.

Задачей воспитателя является помочь детям осознать важность поддержки и помощи, которые они могут оказать взрослыми. Обсуждение домашних дел, которые они могут сделать, прививает чувство полезности и уверенности в своих силах. В конце занятия дети не только радуются своей работе, но и понимают, как их активные действия помогают укрепить семейные связи и атмосферу доверия.

Предпросмотр

29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы


Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
«Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Біз көмекшілерміз»
Picture 3
Тәрбиеші: Д.С.Бектлеуова
Ортаңғы № 2 топ



Атырау 2016 жыл
Білім беру саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:« Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы:« Біз көмекшілерміз»
Мақсаты:
Білімділігі:«Балаларды үлкенге көмектесуге, ересектердің еңбегін ойын әрекеттерінде қолдануға үйрету.
Дамытушылығы:Еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп нәтижеге жететінін айту,құралдарды күтіп ұстауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі:Нәтижелі еңбек етуге, үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Слайд, үлестірмелі материалдар, үлкендердің еңбек етіп жатырған суреттері ,үйге қажет құралдар.
Балалар залға әуенмен кіреді.
-Балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар:-Сәлематсыздар ма!
Әуен жүріп ішке салақ қыз Сәуле кіреді.
Сәуле:-Сәлематсыздар ма балалар!
Тәрбиеші:-Сәлематсың ба! Сен кімсің, қайдан жүрсің?
Сәуле:-Менің атым Сәуле, мен далада ойнап жүріп құлап қалдым. Үстімнің бәрін ластадым. Анам жұмысқа кеткен кезде мен үйдің ішін шашып,бәрін бүлдірдім. Енді жинап үлгере алмай, сендерден көмек сұрап келдім.
Тәрбиеші:-Балалар салақ Сәулеге қараңдаршы үсті-басының барлығын бүлдіріп тастапты. Сәуле сендерден көмек сұрай келіпті.Сәулеге көмектесеміз бе?
Балалар:-Әрине,көмектесеміз.
-Сәуле сен кішкене отырып демал.Неге сен анаңның айтқанын тыңдамай жүрсің?Солай жасауға бола ма?Ол күнде жұмысына барып, еңбек етіп шаршап келеді. Ал сен анаң шаршап келгенде анаңа көмектесесің бе?
Сәуле:-Жоооқ.
- Ал,балалар сендер үйге барғанда үлкендерге көмектесіп, ата-аналарыңа қолғабыс жасайсыңдар ма?
Балалар өз отбастарында қандай іс-әрекет жасап көмектесетіндерін айтады.
-Шәй дайындауға көмектесемін.
-Ойнаған ойыншықтарымды жинаймын.
-Киімдерімді реттеп қоямын.
-Гүлдерге су құямын.
(Балалардың үйлерінде ата-аналарына көмектескен суреттері слайдтан көрсетіледі)
-Ал Сәуле мен, тәрбиешімін. Күні бойы осы балаларға қараймын, далаға шығарамын, өлең, ертегі оқып беремін –бұл менің еңбегім және жұмысым.
-Балалар біздің топта тағы кім еңбек етеді?
-Көмекші апай Жанаргүл Маратқызы.Тамақ әкеледі, төсектерімізді жинайды, топтың ішін реттейді.
Тәрбиеші:-Сендердің үйлеріңде де ата-аналарың еңбек етеді.Үлкен адамдардың еңбегін бағалап, құрметтеу қажет.
Үлкендердің еңбек етіп жатқаны бейнеленген суреттер көрсетіліп,
сұрақтар қойылады:
-Суретте не бейнеленген?
-Олар не істеп жатыр?
-Қолдарында не бар?
-Олар адамдарғане үшін қажет?
-Қарды қыста тастамасақ ,көктемде еріп ,су көбейіп,тасқын болуы мүмкін.
Еңбек туралы тақпақтар.
Диляра:Анамызды сыйлайық Інжу:Кел, самаурын қайнатып
Үйдің ішін жинайық Дастарханды жайнатып
Бұрынғыдай егесіп Отырайық бөлмеде
Ерегесіп тұрмайық Бөпемізді ойнатып.
Дарын:Қалмау үшін керісіп Жандос: Гүлдерді де суарып
Кел, алайық келісіп Еденді де жуайық
Атқарайық үйдегі Келген кезде жұмыстан
Жұмысты тең бөлісіп. Қалсын анам қуанып.
Сәуле: -Балалар мен қателік жасағанымды енді түсіндім. Анам жұмыстан келгенде үйді жинап, оған көмектесуім керек екен.Бірақ менің анамның келетін уақыты жақындап қалды.Мен енді үлгере алмаймын. Сендер менімен бірге менің үйіме барып маған көмектесіңдерші,өтінемін.
Тәрбиеші: -Жарайды Сәуле! Сен жылама! Біздің балалар саған көмектеседі.Солай ма балалар?
Балалар: -Әрине.
(Балалар Сәуленің үйіне барып,ыдысын жуып, ойыншықтарын, шашылған төсектерді жинап көмектесіп ,балабақшаға қайтады)
Дидактикалық ойын: «Орнын тап»
Шарты:Бейнеленген суреттегі жетіспей тұрған құралды табу.
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын
Шаң-тозаңды қуамын.
Көңілімді көтеріп,
Билеп-билеп аламын.
Ойын: «Кімге не керек?»
Шарты:Әр мамандық иесі пайдаланатын заттарын қасына жинау.
Тәрбиеші іс-әрекетті балаларға сұрақ қою арқылы аяқтайды.
-Балалар бізге қонаққа бүгін кім келді?
- Біздер қайда бардық?
-Сәулеге қалай көмектестік?
-Балалар жарайсыңдар! Сендер Сәулеге үлкен көмектеріңді тигіздіңдер!Әрқашан осындай ақылды,қамқор бала болыңдар! Үлкендерді сыйлап, көмектесіп жүріңдер!
Балалар:Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!