Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Каждый человек имеет право на имя и его значение

Каждый человек имеет право на имя и его значение

Смайлова Зауре Ныгызбековна
Смайлова Зауре Ныгызбековна
DOCX
123
1

В нашем мире имя имеет особое значение. Оно не просто звуковая последовательность, но выражение идентичности, культуры и связи с предками. Каждый человек имеет право на имя, которое не только идентифицирует его, но и отражает его уникальную личность. В данной статье мы подробно разберем, что такое имя, его роль в жизни человека и как оно влияет на восприятие окружающими.

Важность имени также заключается в том, что оно является символом уважения. От имени, которое дается ребенку, часто зависит его дальнейшая жизнь и то, как его будут воспринимать окружающие. Воспитание уважения к именам других людей начинается с осознания значимости собственного имени, что мы и постараемся донести до детей через различные игры и занятия.

Мы также обсудим, как представление о фамилии и отчестве связано с пониманием семьи и экономики. Важно учить детей не только тому, как их зовут, но и чему это имя соответствует. Например, имя может рассказать о родословной и традициях семьи, а также о культуре, в которой они выросли. Данная информация поможет детям осознать свою уникальность и важность каждого человека в обществе.

При помощи наших игр и обсуждений, мы формируем у детей уважительное отношение к другим и их именам, что поможет создать дружелюбную и поддерживающую атмосферу в группе. В процессе обучения используется много визуальных и игровых методов, что делает занятия интересными и увлекательными.

Завершая, можно отметить, что понимание значения имен, их происхождения и своего отношения к ним – это важный аспект формирования личности ребенка, уважения к окружающим и осознания своей роли в обществе.

Предпросмотр

Тақырып: « Әр адам есім алуға құқылы. Біздің есіміміз нені білдіреді?»
Мақсат: Конвенцияның «Әр адам есім алуға құқылы» тарауымен таныстыру.
Өздерінің ата-аналары мен жолдастарын толық аттарымен атау. Әкесінің аты, тегі деген ұғымдармен таныстыру. Байланыстыра сөйлеуді дамыту. "Туу туралы куәлік" құжатымен туралы түсінік беру. Бір-біріне, айналасындағыларға деген құрмет сезім қалыптастыру.
Әдістемелік тәсіл: сөздік, көрнекі, ойын.
Сабаққа құралдар: "Туу туралы куәлік" таза бланк, доп.
Полилингвальдық құрам: есімі - имя, әкесінің аты - отчество, құқығы бар - имеет право, тегі фамилия.
Сабақтың барысы:
І-бөлім. Кіріспе:
Тәрбиеші: Біз бүгін балалардың есім алу құқығы туралы әңгімелейміз.
Ойын: «Атын ата».
Балалар дөңгелене тұрып допты қағып алуға тиіс баланың есімін айтып бір-біріне доп лақтырады.
-Жаңа сендер не айттыңдар? Дұрыс, бір-біріңнің есімдеріңді. Әр адамның есімі бар. Ата -аналарыңның айтуымен сендерге мұндай есім не үшін берілгені туралы білдіңдер. Кім өз есімі туралы әңгімелеп береді? (2-3 баланың жауабы).
ІІ-негізгі бөлім.
1.Сендердің ата-аналарың сендер күшті де батыл аға-апаларына ұқсасын деп, Әлия, Мәншүк, Төлеген, деген ат қойған. Сәуле деген күндей жарқырап жүрсін, Заңғар деген биік болсын деген тілектен туындаған.
2. Ойын: «Есімін ата».
Балалар дөңгелене отырады. Алақандарын үш рет шапалақтап қасындағы көршісіне бұрылып оны әуелі еркелете, сосын толық есімімен атайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ересек адамдармен қалай тілдесеміз. (Оларды аты және әкесінің атымен атаймыз).
Әкесінің аты дегенді кім түсіндіріп бере алады? (дұрыс әкесінің есімі).
Тегі деген сөзді білесіңдер ме? (ол біздің ата тегімізді білдіреді).
Өз туғандарыңның аты, әкесінің аты,  тегі білулерің керек. Сәлемдескенде, қоштасқанда, адамдармен сөйлескенде, өтініш білдіргенде сыпайы болу керек.
3.     «Туу туралы куәлікті» көрсетеді. 
4.     Менің қолымдағы құжат  «Туу туралы куәлік» деп аталады. Мұнда баланың аты, әкесінің аты, тегі, туған күні, айы, жылы және туған жері жазылады. Сондай-ақ мұнда әке-шешелеріңнің де аты -жөндері көрсетілген. Сендердің барлығыңда мұндай құжат бар. Үйге барғанда ата-аналарыңнан куәліктеріңде не жазылғанын оқып беруін өтінсеңдер, барлық мәліметті өз құлақтарыңмен естисіңдер. 
ІІІ. Соңғы бөлім.
Полилингвальдық құрам.
Түйіндеу:Өздеріңді еркелете атаған ұнаса үйде түймедағының суретін салып ата-аналарың әр күлтесіне еркелете атайтын атауларын жазып жіберсін. Өте қатты ұнаған атаудың үстіне көбелекті отырғызыңдар. Топқа келгесін барлық гүлден гүлдесте жасаймыз да, қабылдау бөлмесіне орналастырамыз. Сонда ата-аналардың бәрі сендердің қандай әсем есімдерің бар екенін біліп жүретін болады.