Тіл мерекесі: «Ана тілім-ардағым» ертеңгілігінің қызықтары
28-қыркүйек күні Май ауданының Көктөбе ауылында орналасқан «Ақбота» бөбектер бақшасының «Көбелектер» тобына арналған «Ана тілім-ардағым» ертеңгілігі өтті. Бұл мереке тіл мерекесіне орай ұйымдастырылып, балалар әртүрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, өз ұлттарының мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік алды. Мерекеде балалар тек киімдерімен емес, ұлттық дәстүрлерін де көрсетті.
Ертеңгілік Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды, одан әрі «Ана тілі» және «Қасиетті домбыра» әндері шырқалды. Балалардың өнері барша жиналғандарды қуанышқа бөлеп, әр ұлттың ұлттық билерін ортаға салды. Бұл шара балалардың өнерін, шығармашылығын арттыруға және достықты нығайтуға үлкен әсер етті.
Мереке барысында әр ұлттың ұлттық тағамдарымен танысу мүмкіндігі болды, балалар өздерінің дәстүрлі тағамдарын таныстырып, жұртшылықтың көңілін көтерді. Шараның соңында «Ана тілім» әнімен аяқталып, қатысқан барлық балаларға арнайы мадақтамалар табысталды. Балабақша меңгерушісі Бану Ізбасарқызы балаларға жылы лебізін білдіріп, еліміздің болашағы - балаларымыздың мәдениетке деген құрметі зор екенін атап өтті.