Сергіту сәттері: весёлое занятие для детей
Сергіту сәттері — это уникальный метод физической активности для детей, который совмещает в себе радость игры и движение. Этот материал предлагает разнообразные упражнения и ритмичные игры, которые стимулируют детей к активности, развивают координацию и социальные навыки. Благодаря простым шагам и веселым заданиям, дети могут весело провести время и при этом улучшить свою физическую форму.
В процессе сергіту сәттері дети учатся сотрудничать друг с другом, а также вовлекаются в общую деятельность, что позитивно сказывается на их эмоциональном фоне. Каждое упражнение сопровождается задорными текстами и мелодиями, которые делают занятия увлекательными и яркими. Такой подход позволяет наладить контакт между детьми и создать дружелюбную атмосферу, где каждый чувствует себя комфортно и уверенно.
Игры и физические упражнения также помогают развитие таких важных качеств, как ловкость, быстрота реакции и гибкость. Занимаясь сергіту сәттері, дети учатся слушать и выполнять команды, что способствует формированию дисциплины. Данные мероприятия можно проводить как в помещении, так и на свежем воздухе, что позволят детям наслаждаться движением в любое время года.
Традиционно, сергіту сәттері включают элементы танца, подвижные и коллективные игры, что делает их интересными для детей разных возрастов. Дети могут развивать свою фантазию, создавая собственные движения и истории. Это не только укрепляет физическое здоровье, но и служит базой для формирования творческих навыков. Обогащая детский досуг, сергіту сәттері становятся незаменимым элементом в жизни детей и важным инструментом для воспитателей и родителей.
Сергіту сәттері
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керіліп,
Өрімдей бол өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан боп секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
Қорбаң, қорбаң, қорбаңбай,
Біз тұрамыз қорғанбай.
Келе жатқан аюға
Кәне таяқ дайында.
Қатар, қатар тұрайық,
Былай, былай ұрайық.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Доп, доп, доп,
Топ, топ, топ,
Теуіп қалдым допты,
Доп жоғалды, доп жоқ.
Қап, қап, қап,
Тап, тап, тап.
Керіледі мысық,
Бізге көзін қысып,
Жүгіреді жылдам,
Көрінсе оған тышқан.
Ағаштар шайқалып,
Желменен билейді.
Басылса жел енді,
Тыныштық енеді.
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз.
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды соғамыз,
Аяқтармен топ – топ басып,
Орнымызға барамыз.
Саусақтарым дем алып,
Қайта сурет салады.
Аяқтарым секіріп,
Қуаттанып қалады.
Қоян тұрды орнынан,
Жан – жағына қарады,
Секірді, керілді,
«Т- с - с» - деді,
«Отырайық тыныш» - деді.
Қолымызда сылдырмақ,
Сылдыр, сылдыр етеді.
Аяғымыз тыпылдап,
Өзі билеп кетеді.
Тып – тып, тып – тып – тып,
Тыпылдатып биге шық.
Сыңғырлата қағамыз,
Кезек – кезек өкшені,
Тып – тып, тып – тып – тып,
Тыпылдатып биге шық.
Қоюланып қара бұлт,
Жауды жаңбыр сабалап.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
Мен оңда, сен солда,
Мен тұрдым, сен отырдың.
Бір, екі, үш қолыма бер күш.
Орнымыздан тұрайық,
Аяқты нық басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оңға бір, солға бір –
Сағатқа қарап – ақ,
Жаттығу оңай – ақ.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Жоғары қолды созамыз,
Аяқтың ұшында тұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Әлияны тербетіп,
Әжесі отыр әндетіп:
«Әлди - әлди,әлди – ай,»
Әйбатсың – ау, Әлия – ай,
Әлі – ақ тәй- тәй жүресің,
Әлди - әлди, әлди – ай,
Әйбатсың – ау, Әлия – ай».
-Доп,доп,домалақ
Қайда кеттің домалап?
Добым менің,добым менің,
Өзің неткен көңілді едің!
Зымырайсың,қутындайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.
Ш.Смаханұлы
Денсаулықты сүйемін,
Шынығамыз күнде біз.
Бір -екі-үш!
Бір-екі-үш!
Бұлшық етте мін күш!
Денсаулықты сүйемін,
Шынығамыз күнде біз.
Бір -екі-үш!
Бір-екі-үш!
Бұлшық етте мін күш!
Көп,көп ине,көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине
Бұл не? - Кірпі
Кірпі,кірпі,кірпі,
Үстің толған ине.
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме.
Зеңгір көктен,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен,
Біз - өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта, нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз.
Жаңа Жыл, Жаңа Жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Көрікті,бөрікті,
Аяз Ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма,анар,өрікті.
Үлкендерді сыйлайды,
Кіші қамын ойлайды.
Сүймейді жат әдетті.
Қандай бала? -Әдепті
Кел, балалар,жуынайық,
Айдың көлде,астауда,
Бұлақ,өзен,моншаларда,
Шашып көбік аспанға.
Шай ішсек жиылып
Дастарқан басында.
Шаттыққа бөленер,
Қарты да, жасы да.
Бірлік пен береке-
Әрдайым сәніміз
Жүректің жылуын,
Бөлісіп бәріміз.
Қатар –қатар тұрайық,
Сапқа тұрып,сұрайық,
Кімнің болса бойы ұзын –
Бастаушысы қатардың.
Ал, бастаушы,бас алға,
Бәрімізді басқар да.
Алға басып,біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Қалып қойма бірің де,
Біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік