Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Эффективность лечебно-оздоровительных мероприятий для детей с дизартрией

Эффективность лечебно-оздоровительных мероприятий для детей с дизартрией

Sagidullakyzy Zhanna Sagidullakyzy
Sagidullakyzy Zhanna Sagidullakyzy
DOCX
188
3

Данная работа посвящена актуальности темы коррекции речевых нарушений у детей с дизартрией. С увеличением внимания к вопросам воспитания и обучения, особенно с учетом современных вызовов, вопрос разработки эффективных методов помощи детям с речевыми нарушениями становится особенно значимым. В частности, в данной статье рассматриваются лечебные и оздоровительные меры, направленные на развитие речевых навыков у детей в возрасте до школьного образования.

Исходя из проведенных исследований, становится очевидным, что дети, страдающие дизартрией, сталкиваются с трудностями в процессе формирования своих речевых навыков. Основные цели, которые ставятся перед логопеда и другими специалистами, - это не только диагностика, но и дальнейшая коррекция речевых нарушений, что может значительно улучшить качество жизни и обучения таких детей. Логопедический массаж как метод воздействия на артикуляционные мышцы представляет собой один из ключевых инструментов в этом процессе.

В работе акцентируется внимание на значении психолого-педагогического подхода в коррекционной работе с детьми, позволяющего выявить индивидуальные особенности каждого ребенка. Исследуется влияние логопедического массажа на развитие речевых функций, что подтверждено конкретными примерами результативности данного метода. Обсуждаются основные этапы и техника выполнения логопедического массажа, а также его роль в системе комплексной коррекции дизартрии.

Кроме того, анализируется динамика улучшения речевых функций детей после применения логопедического массажа, проводимого регулярно в рамках коррекционной работы. Приводятся примеры успешных случаев, где применение этой методики привело к заметному прогрессу в развитии речи у детей.

Таким образом, данная работа подчеркивает важность формирования целостной программы коррекции речевых нарушений, включающей в себя разнообразные методы и подходы, основанные на современных научных исследованиях и практике. Эффективность коррекционных мероприятий напрямую зависит от профессионализма специалистов и системного подхода к решению проблемы дизартрии у детей.

Предпросмотр

ФИО: Сағидуллақызы Жанна
Место работы: г.Қызылорда «Сыр жұлдызы» балабақшасы
Образование: Высшее(АРГУ им.К.Жубанова)
Предмет: Дефектология
Телефон: 87078937650
Email:zhanna_zhakyp@mail.ru
Подпись:




















МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ДИЗАРТРИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕМДІК САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сағидуллақызы Ж.
Қызылорда қаласы «Сыр жұлдызы»
балабақшасының логопед-дефектологы
Қазіргі кездегі білім беру мен тәрбие мазмұнының кеңеюіне, түрленуіне байланысты оқыту мен дамыту, тәрбиелеу мәселелерінің аспектісінің өзектілігі анық байқалуда. Білім беру мазмұнының негізгі бөлшегі дамыта оқыту мектепке дейінгі кезеңде және мектептегі білім беру мен тәрбиелеу ісінде кеңінен қолданылуда. 70-80-ші жылдардағы дамыта оқытудың ғылыми негіздері А.В. Запорожец, П.Я. Гальперин, Л.А. Венгердің зерттеулерінде анық байқалады [1,2]. Мектепке дейінгі білім беруді тұрақтандыру мен дамытудағы басты мақсаттар көрсетілген. Солардың ішінде баланың денсаулығын физикалық және психикалық бағытта сақтау мен нығайту, эмоционалдық көңіл-күйінің жағдайын жақсарту, басқа адамдармен қарым – қатынасқа түсудегі қабілеттіліктерін дамыту, коммуникативтік қабілет, шығармсашылық қабілетті дамыту баса айтылады. Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда дизартрия тіл кемшілігі анықталған балаларды мектеп бағдарламасының материалдарын толық меңгеруіне көмек көрсету ісі қолға алынған. Сондықтан да сөйлеу тілінде дизартрия кемшілігі анықталған балаларды тексеру жұмыстары мен зерттеу қазіргі білім беру жағдайында өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тақырыптың өзектілігі негізгі үш фактор бойынша анықталады. Бірінші фактор – аталған сөйлеу тіліндегі кемшіліктің мектепке дейінгі жастағы балалар арасында жиі кездесуі, екінші факторы – кемшіліктің түрлерін шетелдік және отандлық білім берудің деңгейінде мейлінше интеграциялау арқылы концептуалдық бағдарлау процесін ұйымдастыру, үшінші факторы- баланың жеке дамуының қалыптасуына болжам жасау, бағыт – бағдар беру, қазіргі заман талабына сай оқыту мен білім беруді қамтамасыз ету мұғалімнің басты мақсаты болып отыр. Осы кезеңдегі ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі кемшілігі бар балалардың даму ерекшеліктерін анықтау және баланы психологиялық – педагогикалық зерттеу жұмыстары арқылы қоршаған ортамен араласуға бейімдеу. Қандай да болмасын білімді игеру білім беру саласындағы нақты жүйені меңгеру ғана емес, тұлғаның ішкі дүниесінің дамуын қамтамасыз етеді. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуін қамтамасыз етуші құрал – тіл. Сөйлеудің физиологиялық ерекшеліктері туралы зертелген мәселелер мазмұнында ғылыми тұрғыда дәлелденген И.П.Павловтың екінші сигналдық жүйе арқылы адам тіл арқылы қоршаған ортаны таниды, қоғамға араласады [3]. Білім беру үрдісіндегі балабақша түлегіне білім мен оның жетістігін игерту қарым – қатынас құралы – сөйлеу тілінің көмегімен жүзеге асырылады. Сөйлеу тілін дамыту жүйесіндегі негізгі жағдайлар алға қойылған мақсат- міндеттерді шешуге қажетті үйлесімді деңгейдегі педагогикалық – психологиялық жағымды жағдайларды туғызу болып табылады. Сөйлеудің қарым- қатынастар бірлігіндегі қалыптасатын қоғамдық мәселе ретінде қарастырылғанымен, әлі де болса зерттеулерді қажет етеді. Қазіргі қоғамдық дамудың барысы педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету жұмыстарының мазмұны психологиялық - педагогикалық тұрғыдағы анықталған әдіс – тәсілдердің көмегімен, арнаулы логопедиялық жұмыстардың мазмұнымен, қажет жағдайларда медициналық көмектің біртұтас бірлігі арқылы шешіледі. Сөйлеу тілінде кездесетін түрлі дәрежедегі кемшіліктер бала тұлғасының дамуына кедергі келтіретіндігін есепке алып, қажетті білім мен іскерлікті, дағдыны игертудің тиімді жолдарын қарастыруымыз керек. Сөйлеу қызметінің кемшілігі дизартрия кезіндегі жалпы сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін есепке алып, сөйлеу тілін дамытудағы педагогикалық жағдайларды логопедиялық жұмыстармен байланыстырып орындауға болатыны анықталған. Соның ішінде массажбен емдеу жолы қазіргі таңда кеңінен танылып жүрген тәсілдердің бірі. Сондықтан зерттеудің стратегиялық болжамы ретінде мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балалардың емдік сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыру және логопедиялық масаждың маңыздылығын көрсету болып табылады.
Соңғы жылдары логопедиялық массаждың әдіс-тәсілдеріне арналған мақалалар шыққан болатын, алайда олар тәжірибеде әлі дұрыс қолданыс таппай жатыр. Негізінен сөйлеу тілінде кемістігі бар адамдарға әсер етудің педагогикалық әдістері асып түсуде, бірақ өкінішке орай барлық мәселелерді шеше алмайды. Сонымен қоса логопедиялық массаждың мақсаттылығын дизартрия, ринолалия, тұтығу, афазия, алалия секілді сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтардың ауыр түрлерімен айналысатын барлық мамандар мойындайды. Массаждық кешені дұрыс таңдап алу артикуляциялық мүшелердің бұлшықет тонусын реттеуге, моторикасын жақсартуға негіз болып, сөйлеу қабілетін түзету жұмыстарын жеңілдетеді. Массаждың нәтижесінде ми қанайналымы және метаболизм жақсарып, көптеген психикалық процестердің дұрыс өтуін және қалыптасуын реттейді, жалпы денсаулықтың жақсаруы байқалады, яғни бүкіл ағзадағы процестер үйлесімді өтеді [5].
Дизартрия кезінде кинестетикалық сезім мүшелерінің дәл қозғалысы жиі бұзылымдарға ұшырайды және олар қозғалысқа түсу кезінде қиындықтар анықталады, яғни артикуляциялық қойылымдар өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі дизартириясы бар балаларға жүргізілетін емдік сауықтыру шараларының бірі ретінде логопедиялық массаж арқылы көмек көрсетудің мәселесі өзекті болып қалуда. Көптеген логопедтердің тәжірибесіне сүйене отырып, массаждық кешенді қолданбай дизартриялық бұзылыстарды түзетуде жақсы нәтиже көрсетпейтінін айтуға болады. Сондықтан да зерттеу жұмысымызды «Мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балаларға жүргізілетін емдік сауықтыру шараларының тиімділігі» деп тақырып таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балалар.
Дизартрияның клиникалық картинасы алғаш рет осыдан жүз жыл бұрын ересектер арасындағы псевдобульбарлық синдром кезінде анықталған. Одан соң 1911жылы дизартрияны артикуляциялық аппарат жұмысының бұзылуы деп қарастырып, оның екі түрлі формасы, яғни орталық және перифириялық формасы анықталған. Бұл мәліметтер алғашқы уақытта бас миының бөліктерінің зақымдануы деп қарастырылып, невропатологтардың еңбектері арқылы толығымен зерттелгендігі анықталды. Дизартиряның сипаттамасын беруде үлес қосқан 1926 жылы дизартрияны моторлы афазиядан бөліп қарастырып, толық зерттеу жасаған, яғни дизартрияны бульбарлық және церебральды формаларға жіктеген М.С.Маргулисаны айтуымызға болады. Ол дизартрияның церебральды формасына классификация жасауда бас миының зақымданған аумақтарының локализациялану негіздеріне сүйенген. Бұл зерттеулердің жалғасы логопедия ғылымында О.В.Правдинананың еңбектерінде жалғасын тапқан. Дизартрияның патогенезі орталық және перифириялық нерв жүйесінің органикалық зақымдануын түрлі ішкі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болатынын анықтап көрсетеді. Дизартрияның клиникалық – физиологиялық аспетілері мидың зақымдану локализациясы мен зақымданудың күрделілігіне сай анықталады. Сөйлеу зоналары мен оның өткізгіштік жолдарының орналасуы, оның қандай да бір анатомиялық және функционалдық өзгерістерге ұшырауы дизартрияның белгілерін анықтайды. Дизартрия кезіндегі дыбыстарды айтудың бұзылуы сөйлеу механизмдерін реттеуші ми құрылысының зақымдануынан болады. Мұндай құрылымдарға мыналарды жатқызуға болады:

  • сөйлеу аппаратының бұлшық еттері, перифириялық қимылдық нервтердің зақымдануы (тіл, ерін, бет ұшы, таңдай, астыңғы жақ, жұтқыншақ, өңеш, диафрагма, көкірек клеткасы);

  • бас миының бағандарында орналасқан осы перифириялық қимылдық нервтердің ядролары, олардың бұзылуы;

  • бас миының қабықтық бөліктеріндегі және бағандарында орналасқан қарапайым жылау арқылы берілетін сөйлеу реакциялары, күлу, шыңғыру, эмоцияны көрсету сияқты эмоциялық шартсыз рефлекстерді жүзеге асыратын ядорлардың бұзылуы;

Көрсетілген құрылымдардың зақымдануы перифириялық салданудың картинасында анық байқалады, яғни нерв импульстері сөйлеу бұлшық еттеріне реакция бермейді, олардағы зат алмасу бұзылады, бұлшық еттердің қозғалысы өте әлсіз болғандықтан атрофия мен атония, арқа бөлігіндегі рефлекторлық доғаның жұмысы үзілістерге ұшырап, бұлшық еттердің рефлексі жоғалып арефлексия пайда болады [4,29] .
Дизартрия – сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігімен негізделген, сөйлеу тілінің дыбыстауындағы бұзылысы. Дизартрия гректің «артрон» - мүшелену немесе бөлшек, «дис» - бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрия орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануының салдарынан болып табылады, бұл кезде сөйлеу тілінің қозғалғыштық механизмі бұзылады. Дизартрия кезінде сөйлеудің бағдарламалануы емес моторлық жүзеге асуы зақымдалады [5,156] .
Shape1


Дизартриялық бұзылыстары бар балалармен логопедиялық жұмыс кешенін жүйелі түрде жүргізуді қарастырады. Түзетудің бір құралы логопедиялық массаж болып табылады. Логопедиялық массаждың мақсаты артикуляциялық бұлшықеттерді нығайту немесе босаңсыту емес, сондай-ақ, кинестетикалық қабылдаудың нақтылығына негіз болады. Тілдік кинестезиялар импрессивтік және де экпрессивтік тілдің қалыптасуында маңызды рөл атақарады (В.Л. Богородицкий, 1930; М.А. Пискунов, 1962 және т.б.) [11] .
Кинестетикалық сезім барлық бұлшықеттердің жұмысын жауапты. Кинестетикалық қабылдаудың нақтылығына сезім мүшелері негіз болады.
Логопедиялық массаж белсенді әдіс болып табылады, ол арқылы артикуляциялық аппарат, беттің бұлшықеттерін механикалық түрде тітіркендіреді. Оны массажист маман қолымен арнайы тәсілдер көмегімен немесе арнайы құралдар (қысқыштар, қойылмалы зондтар, Е.В.Новикова ендірген зондтар) арқылы жүзеге асады [11] .
Жоғарыда аталған барлық бұлшықет түрлері сөйлеуге жауапты бірыңғай бұлшықет жүйесін көрсетеді. Сонымен қатар, логопедиялық массаж міндетті түрде барлық аталған аудандарды, олар жарақаттан жерлері болса да қосу керек.
Массаж артикуляциялық бұлшықетердің тонусының бұзылысы байқалған жағдайда қолданылады. Перифириялық сөйлеу тілінің аппаратының бұлшықеттерінің күйін өзгерте отырып, ол нәтижесінде сөйлеуді жақсартуға негіз болады [8].
Логопедиялық массажды өткізуге қарсы көрсетілімдер [14,17].
Логопед пен баланың терісінің іріңді және саңырауқұлақ аурулары
массаж жасалатын дененің бөлігіндегі гематома
туберкулездің белсенді формасы
қан мен қан тамырлары аурулары
тамырлардың тромбылары
онкологиялық аурулар
жұқпалы жаралар
фурункулез
гиперсезімталдылық
эпилепсия
эписиндромы бар балалар (сақтықпен қолдану керек)әсіресе, бала жылаған кезде, айқайлаған кезде
егер балада тамақ ауруларымен ауырған болса, жазылғанннан 10 күннен кейін массаж жасалмауы керек.
конъюнктивит.
Логопедиялық массаж жылы, желдетілген жерде жүргізілуі қажет. Негізінен массажды күнде немесе күнара бөлшектеп 10-15-20 сеанстарын өткізу керек. Сосын 1-2 ай үзілістен кейін қайталауға болады. Белгілі бір жағдайларда, массажды жиі жасауға мүмкіндік жоқ кезде, оны ұзақ уақыт бойы жүргізуге болады. Бұлшықет тонусының айқын бұзылысы кезінде массажды бірнеше жыл бойы жасауға болады (арасында үзілістермен)
Бір процедураның ұзақтығы баланың жасына, сөйлеу тіліндегі бұзылыстың ауырлығына, жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Бірінші сеанстардың бастапқы ұзақтығы 1-2 минуттан 5-6 минутқа дейін, ал соңғысы 15-20 минутқа дейін созылады. Сәби шақта массажды 10 минуттан артық жасамайды, ал мектепке дейінгі жаста – 15 минут.




Shape2


Сипалау. Бұл әрбір процедура басталатын міндетті тәсіл. Оны басқа да тәсілдермен кезектестіреді және онымен әр массаж кешенін бітіреді. Тәсілдің мәні келесідей: сипалау кезінде қанайналым күшейеді, бұлшықет тонусы төмендейді, тыныс алу реттеледі. Логопедиялық массажда негізінен сипалаудың үш тәсілі қолданылады. Бұл беткейлік, тереңдетілген және көмекші тәсіл ретінде ескектік сипалау.
Беткейлік сипалау. Беттің және артикуляциялық бұлшықеттің тонусын төмендету үшін қолданылады. Орындау техникасы: қолдың буынымен (алақан) сипалау арқылы терінің беткейімен сырғып, оны жай ғана түртіп өтеді. Қолдың терімен түйісуі жұмсақ болуы керек, оның орындалуы қызару сияқты тері-тамырлық реакциялар бермеу керек. Беткейлік сипалауды ақырындап ептілікпен жасау керек.
Жалпы қамтылатын массаж. Орталық жүйке жүйесіне қозғыштық әсер етеді. Орындау техникасы: қолдың алақаны тығыз және тегістей беттің немесе мойынның массаждалатын бөлігіне тиіп, барлық анатомиялық контур бойынша сырғиды. Сипалаушы қозғалыстар мұндай кезде үздіксіз және баяу жүреді.
Ескек тәрізді сипалау. Бұл тәсіл негізінен бастың түкті бөлігіне қолданылады. Орындау техникасы: орындаған кезде саусақтар кеңейтіліп ашылады [2,5] .
Уқалау. Бұл тәсіл шағын шектеулі бөліктерде, жеке бұлшықет топтарының бөлшектерінде жүргізіледі. Массаждалатын ауданға белгілі бір күш түсірумен жасалынып, ұлпалардың созылуы жүреді. Мұндайда қанайналым күшейеді, ұлпалардағы зат алмсу процесстері жақсарады, бұлшықеттердің тонусы жоғарылайды. Орындау техникасы: уқалауды сұқ саусақтың және ортаңғы саусақтың немесе бас бармақпен орындауға, саусақтарды қысып жасауға болады. Қозғалыс тура және спираль тәрізді бағытта жүреді [2,5] .
Ширату. Бұл тәсіл уқалау сияқты жеке бұлшықет топтарында жүргізіледі. Ширату бұлшықет жұмысын максималды түрде белсендіреді. Ол ұлпаларды қамту, бұру, қысу, шымшу, уқалау арқылы жүргізіледі. Ширату кезінде бұлшықет тонусы жоғарылайды, олардың жиырылу қызметі күшейеді. Орындау техникасы: ширатуды басбармақтың немесе сұқ саусақпен жүргізеді [2,5].
Вибрация және шайқау. Вибрация ұлпаішілік алмасуды өзгертеді, ұлпалардың қоректенуін жақсартады. Қатты вибрация бұлшықеттердің тонусын жоғарылатады, ал әлсіз – төмендетеді. Шайқауды май жасунықтары аз, нервтер шығатын жерлердегі беттің аймақтарында жасайды (маңдай, төменгі жақ, ). Орындау техникасы: вибрация бір, екі немесе барлық саусақтармен жүргізіледі, мұндайда ұлпаларға әр түрлі жиілікті тербелмелі қозғалыстар әсер етеді. Шайқауды сұқ саусақтың және ортаңғы саусақтың көмегімен жүргізеді, бұл қозғалыс қарқынды ұру сияқты көрінеді. [2, 5]
Тығыздап басу. Бұл тәсіл қанайналымды, лимфаайналымды, зат алмасу процестерін жақсартады, нерв шоқтарының шығатын жерлерінде қолданылады. Бұл биологиялық белсенді нүктелер. Осы жерлерді тығыздап басып, сипалау қажет [2, 5] .
кесте 1
Артикуляциялық аппараттың динамикалық бірлестіктерінің қозғалысы

Тапсырма құрылымы

Орындалуы

Барлық тапсырмаларды көп рет қайталау керек,тапсырманы орындағаннан кейін біріккен қозғалыс функциясын сөйлеу барысында зерттеу. 1. Тісін қайрау, тілін шығару, аузын кең ашу

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозғалыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелө-ілігінің бұзылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

2. Аузын кең ашу, тілді жоғарғы тіске және төменгі тіске көтеріп, ұстап тұру.

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қоз-ғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта ал-майды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

3. Жалпақ тілді астыңғы ерінге қою, тілді кесеге ұқсатып көтеру, оны ауызға кіргізу

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қоз-ғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзы-луы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

4. Ауызды кең ашу, ерінді жымиту, түтікше жасау

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзы-луы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

5. Ауызды кең ашу, жартылай және оны толық жабуын сұрау

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қоз-ғалыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру, қозғалыстың біркелкілігінің бұ-зылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

6. Келесі буындарды бірнеше рет қайталау.А-И-У; У-И-А; КА-ПА-ТА; ПА-КА-ТА; ПЛА-ПЛУ-ПЛО; РАЛ-ЛАР-ТАР-ТАЛ; СКЛА-ВЗМА-ЗДРА

Ескеру: буындарды дұрыс айтты, буындарды бір-бірімен шатастырады, буындары анық шықпайды, ауызына су толып тұрған секілді айтады



Біз өткізген тексеріс келесі спецификалық ерекшеліктерді көруге мүмкіндік берді: артикуляциялық аппараттың қоғалыс функциясының полиморфты бұзылысы, қозғалыстың координациясы мен басқаға ауысуы, әсіресе еріннің, тілдің жұқа дифференциациасының бұзылысы, неврологиялық белгілерге байланысты тонуста біріккен бұзылыстың болуы. Зерттеудің нәтижесі дизартриясы бар балаға логопедиялық массаждың дыбысты айтуын түзету барысындағы орнын айқын көрсетеді.
1 саты- бетке арналған массаж:
Бетке арналған массаждың өзінің бағыты болады:

  1. Қастан бастап шаш сызығана дейін.

  2. Маңдайдан иекке дейін

  3. Көздің ішкі бөлігін айнала қабаққа дейін және дәл солай кейін қарай қайталау

  4. Мұрын ұштарынан иек бөліктеріне дейін

  5. Еріннің бұрыштарынан құлақ қалқанына дейін айналдыра жасау

  6. Иектен бастап кұлаққа дейін

  7. Алдыңғы мойынана төменнен жоғары қарай кейін жоғарыдан төмен қарай және дәл осылай екі қапталына дейін жасау

  1. Сипалауды қолдану әдісі

Жуамын, жуамын
Қасымды ысқылап
Жуамын, жуамын
Маңдайды сабындап
Жуамын, жуамын
Айнала көзімді
Жуамын, жуамын
Мұрнымның ұшынан
Иекке жеткенше
Содан сон су барып
Құлаққа жеткенше
Айнала жуамын
Мойынға қарайық
Кір болып
Ұялып қалмайық
Осы тақпақ арқылы массжды жасауды бастаймыз. Бірінші, қастан бастап маңдай сызығына дейін төрт саусақ арылы, содан кейін шаш сызығының бойымен қолымыздың алақан бөлігімен төрт саусағымызбен жасаймыз. Осы араларды төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай сипалау арқылы массаж жасалады.
Көздің ішкі бөлігін айнала қабаққа дейін және дәл солай кейін қарай сипалау массажы жаңағы маңдай сызығынан қас ойымен төмен келе көз бұлшықетінің ішкі бөлігінен айналдыра, төршінші және үшінші саусақ арқылы әлсіз сипалау арқылы уқалайды.
Еріннің бұлшықеттерін сипалау арқылы уқалау. 2-3 саусақтарымыздың жастықшалырмен оң және сол қолдарымызбен алма кезек жасаймыз. Ерніміздің тұсындағы бұлшықеттерді сипалау керек. Оны екінші саусағымыз еріннің үстінде, ал үшінші саусақ еріннің астында, осылай саусақтар еріннің бұрышында жолығады. Осы бұыштан құлақ қалқанына дейін жалғасып кетеді.
Иекті сипалау. Қолымыздың алақан бетімен, саусақтарының арасы ашық күйінде иек пен ерінді ұстайды. Екінші саусақ жоғарғы ерінде, үшінші саусақ иектін шұңғылын, ал төрт пен бесінші саусақ иектін астында сәл бүгінкі қалпында құлақ қалқаншасына дейін барады.
Мойынның және иектің алдыңғы бөліктерін сипалау арқылы уқалау. Қолдың алақан бөлігімен саусақтардың ұштары сәл бүгілінкі қалпымен төменнен жоғарыдан төмен қарай жасалынады.

  1. Ысқылауды қолдану әдісі

Жуамын, жуамын
Маңдайды сабындап,
Жуамын, жуамын
Мұрнымның ұшынан
Иекке жеткенше
Содан сон су барып
Құлаққа жеткенше
Айнала жуамын
Маңдай бұлшықеттерін екінші және үшінші саусақ жастықшасымен ысқылау арқылы орындау. Қалған мұрын, ерін, иек бөліктерін уқалау екінші және бесінші саусақтарымыз арқылы орындалады. Кейде бірінші саусақтың жастықшасымен қосып жасауымызға да болады. Осы қимылды 3 не 5 рет қайталау.

  1. Ширатуды қолдану әдісі

Бетіміз лас болып
Ұялып қалмайық
Тағы да бір жуып
Ширатып алайық
Екінші және бірінші саусақ жастықшаларының көмегімен(қалған саусақтар жұдырықтап жұмулы) төменгі мұрын мен ерін аралығына майда шымшу арқылы жоғары қарай көтеріледі. 2-3 рет қайталап орындайды.
Вибрация және шайқау. Дірілдетуді вибрацияны бір саусақпен немесе бірнеше саусақпен бір орынға қадап жасайды.
Діріл үздіксіз және үздік-үздік болып екіге бөлінеді.Үзіліссіз дірілдеткен кезде массаж жасаушы адам қолын тканьнен бір сәтке де ажыратпайды,ал үздік-үздік дірілдетіу кезінде қолын денеден бір мезгіл ажыратып тынықтырып отрады. Бұл тәсілді массаж жасап отырған қолды бір орыннан ауыстырмай немесе бұлшық ет талшықтарының таралу бағытымен тік не көлденең бағытта қозғалта отырып орындауға болады. Тканьнің жоғарғы бетін ғана немесе оның тереңірек бетін дірілдетеді. Екінші саусағымызбен бір нүкенідірілдете шайқау арқылы орындалады. Бұл массаж түрін еріннің жоғарғы бұрышы мен екі бұрышын дірілдете отырып, астыңғы ерінге де, төменгі ерінге де жасау.
Осы массаждардан кейін мимикалық 1-2 жаттығуларды жасап жіберген тиімді болады [60] .
2 саты- тілге арналған массаж:
Жуамын, жуамын
Тісімді ысқылап
Жуамын, жуамын
Қалмасын тісте қақ.
Тілім қалып қоймағын
Ұйықтатып алғансын
Жұмысқа тез кіріссін
Жуынды балаңыз
Анашым қараңыз.


Тілге массаждың 3 түрін қолдануға болады:

  1. Сипалау

  2. Ширату

  3. Вибрация

Массажды сипалаумен аяқтау керек.
кесте 2
Артикуляциялық аппараттың динамикалық бірлестіктерінің қозғалысы

Тапсырма құрылымы

Орындалуы

Барлық тапсырмаларды көп рет қайталау керек,тапсырманы орындағаннан кейін біріккен қозғалыс функциясын сөйлеу барысында зерттеу. 1. Тісін қайрау, тілін шығару, аузын кең ашу

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозғалыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелө-ілігінің бұзылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

2. Аузын кең ашу, тілді жоғарғы тіске және төменгі тіске көтеріп, ұстап тұру.

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қоз-ғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта ал-майды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

3. Жалпақ тілді астыңғы ерінге қою, тілді кесеге ұқсатып көтеру, оны ауызға кіргізу

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қоз-ғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзы-луы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

4. Ауызды кең ашу, ерінді жымиту, түтікше жасау

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзы-луы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

5. Ауызды кең ашу, жартылай және оны толық жабуын сұрау

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қоз-ғалыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру, қозғалыстың біркелкілігінің бұ-зылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

6. Келесі буындарды бірнеше рет қайталау.А-И-У; У-И-А; КА-ПА-ТА; ПА-КА-ТА; ПЛА-ПЛУ-ПЛО; РАЛ-ЛАР-ТАР-ТАЛ; СКЛА-ВЗМА-ЗДРА

Ескеру: буындарды дұрыс айтты, буындарды бір-бірімен шатастырады, буындары анық шықпайды, ауызына су толып тұрған секілді айтады



Осы жұмысты қорытындылай келе, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің арнайы білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде бағыт-бағдар ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Адамның дамуы күрделі және үздіксіз мәселе екенін айтыс тудырмайды. Дизартрик балалардың сөйлеу тілінің бастапқы негізін қалыптастыру логопедтің шығармашылығына тікелей байланысты.
Адамдардың сөйлеу арқылы қарым- қатынас жасауы өте маңызды. Сондықтан да біздің мына тақырыпты зерттеуіміз қазіргі замандағы предагогика және психология ғылымында шешуін табатын мәселе болып отыр. Тіл дамыту әдістемесінің қазіргі қалыптасуы – ғалымдар еңбегінің және әдіскер практиктер жұмсының ұжымдық нәтижесі. Қазіргі кездегі тіл дамыту әдістемесі әлеуметтік – саяси жағдайларға, білім беру жүйесіндегі ғылыми техникалық прогресстің жетістіктеріне байланысты жетілдіріледі.
Дипломдық жұмысымыздың М.Б.Эйдинова, Е.Н.Правдина – Винарсакая, К.А.Семенова, Е.М.Мастюкова, И.И.Панченко, Л.А.Данилова және шет елдік ғалымдар: Г.Бохме, М.Глимент, П.Е.Тичель, Р.Д.Нейльсон, Н.О.Джуй т.б Қазақстандық зерттеушілер Ж.И.Намазбаева, Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева, Г.Б.Ибатова, К.Ж.Төребаева, Г.К.Икманова сынды ғалымдарымыздыңпікірлеріне сүйене отырып, зерттеу жүргіздік.Мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балалармен жұмыс жасауда логопедиялық көмек көрсету жұмыстарының әсері байланыстырып сөйлеу өз ойлдарын грамматикалық және фонетикалық құрылымы жағынан дұрыс құру, сөйлеу әрекетіне түсу мүмкіндігін қалыптасатындығына көз жеткіздік. Сонымен бірге логопед күнделікті тәжірибе барысында жүргізген түзету жұмысы арқылы дизартрик балалардың өз мүмкіндіктеріне қарай да жұмыс жасай алады. Бұл олардың мектепте оқуына, үлкендермен, құрбылармен қарым – қатынас жасауына, тұлғалық қатынастарының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балалармен жұмыс жасау тәжірибе барысында байқағанымыздай олардың сөйлеу арқылы дыбыстарды айту дағдыларының қалыптасуында ерекше роль атқарды. Мұндай балалар дыбысты жекелей айтқанда қиналмағанымен, жалпы сөздерді айтқанда кедергілерге тап болады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде әрбір сабақтың бөлшегі ретінде логопедиялық массажды жүйелі пайдалану дизартрик балалардың сөйлеу тілін дамытуда қолайлы екендігіне көз жеткіздік.
Дизартрик балаланың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзете отырып, қол жеткізетін жағымды жағдайлар жеке тұлғаны оқуға, жазуға үйрету процесінде логопедтен педагогика және психология ғылымдарының жетістіктерін меңгеруді, оны жеке тәжірибеде қолдануды талап етеді.
Бала қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатысу, өз ойын толық жеткізе білуді сөйлеумен жүзеге асырады. Қазіргі кезде логопед мамандардың тек қана арнайы мектептерде ғана емес жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына да көмегі сөзсіз.
Дизартрик баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығы оқу бағдарламасын игеру үшін психологиялық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейімен сипатталады.Мектепте оқуға дайындықты қалыптастыру жұмыстарын ең алдымен ата – анасы одан кейін балабақша ұжымы ұйымдастырады. Мұндағы басты мақсат дизартрик балаларды мектепте оқуға психологиялық – педагогикалық – медициналық түрдегі дайындықтан өткізу.
Дизартрик балаларды тілдік қарым – қатынасқа түсуге үйретудегі логопедиялық жұмыстардың түрлері топтық жұмыстар арқылы ұйымдастырылады.
Логопедиялық сабақтарда баланың сөйлеуге үйренуге деген ынтасының болуын басшылыққа алынды. Бұл кезде сөйлеудің дамуы үшін жағымды жағдайларды тудыру, баламен әңгімелесуде тікелей тілдік мотив дамыту керек. Логопедиялық жұмыстардың ұйымдастырылуы буынмен, сөзбен, сөйлеммен жұмыс жасауға бағытталды. Түзету жұмыстарының бағыттары өзара байланыста ұйымдастырылды.
Зерттеу жұмысында логопедиялық жұмыстар мен зерттеу (эксперимент) жүргізілді.Эксперимент барысында мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балаларда сөздердегі дыбыстар енжар анық айтылмаған болатын, емдік сауықтырулар мен массаждардан кейін сөздердегі дыбыстар әлде қайда анық естіле бастады. Бұл зерттеу жұмысымызда логопедиялық массаждың балалардың өз-өздеріне жасай алатын тұстары қарастырылды. Осындай массаж түрі балалардың қызығушылығын арттыра отырып, тиімділігі анықталды.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балаларға жүргізілетін емдік сауықтыру шараларының тиімділігін теориялық тұрғыда зерттеуге;
мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балаларға жүргізілетін диагностикалау әдістемелерін және емдік сауықтыру ретінде логопедиялық массаждың тиімділігін негіздеуге.
Жүргізілген зерттеу зерттеу нәтижелері бірқатар ұсыныс жасауға мүмкіндік берді:
Мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балаларға жүргізілетін емдік сауықтыру жұмыс ретінде логопедиялық массажды тәрбиешілерде күнделікті сабақ жоспарына енгізе отырып, жүйелі қолдану.
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық қырларын түбегейлі шешіп, қарастыру мүмкін емес, келешекте мектеп жасына дейінгі дизартриясы бар балаларға емдік сауықтыру шараларының мәні мен маңызын ашу, сол тұрғыда логопедиялық массажды қолодану барысын дербес зерттеуді қажет етеді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Запорожец А. В., Маркова Т. А. Воспитание и обучение в детском саду. – М.: Педагогика, 1999. – 558 с.

  2. Төребаева К.Ж., Балтымова М.Р. Логопедия негіздері. Оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. – 248 б.

  3. Төребаева К.Ж., Балтымова М.Р. Арнайы педагогика. Оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. – 300 б.

  4. ӨмірбековаҚ.Қ., ОразаеваГ.С., ТөлебиеваГ.Н., ИбатоваГ.Б. Логопедия. Оқулық. – Алматы,2011. – 648б.

  5. ӨмірбековаҚ.Қ., ӨмірбековаС.Ж. Фонетикасы және фонематикасы толық дамымаған балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. – Алматы,2004. – Б.- 64,156.

  6. ЕрмекбаеваЛ.К., НығметоваҚ.Н. Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау. – Алматы, 2005. – 177б

  7. ВолковойЛ.С.Логопедия. – Москва, 2004.

  8. ВинарскаяЕ.Н., ПулатовА.М. Дизартрия и ее топико – диагностическое значение в клинике очаговых поражений мозга. – Ташкент, 2003. – 415б.

  9. Архипова Е. Ф. Өшіріледі дизартрия.- М., 2006. - Б.-87.

  10. Пак Чжэ Ву. Триначальная Улыбкамедитация. – М.: Академия Улыбки, 2004.- С. 80.

  11. Ғылыми – әдістемелік журнал.//Дефектология. 2010,3. №3,40 б.

  12. Приходько О.Г. Логопедический массаж при коррекции дизартрических нарушений речи у детей раннего и дошкольного возраста. - СПб.: КАРО, 2008. - 157, [1] с. : ил. - (Мастер-класс логопеда)