Сауат ашу: Саматтың ойыны. С дыбысы мен əрпі
Данный документ посвящен основам обучения чтению и письму, фокусируясь на звуке и букве «С». В процессе обучения важно не только знакомить детей с буквами, но и развивать их умения работать в группе, участвовать в диалогах и выражать свои мысли. Работа будет организована через игры, задания и обсуждения, что способствует активности и интересу у детей.
Первый этап работы включает в себя создание благоприятной атмосферы, где каждый ребенок чувствует себя комфортно и может делиться своими мыслями. Педагог использует веселые стихи и рифмы, чтобы вызвать у детей интерес и желание участвовать в уроке. Задания по разбиению слов на слоги и определения количества слогов делают уроки увлекательными и познавательными.
На следующем этапе дети будут работать с изображениями и обсуждать происходящее на них. Это помогает формировать умение строить связные рассказы и явно понимать связи между словами и их значениями. Задания, такие как создание рассказов на основе семейных ситуаций, позволяют углубить изучение темы в контексте их жизни и повседневности.
Важно также обратить внимание на звуковую составляющую слов. Дети учатся выделять звук «С» в различных словах, что станет основой для изучения фонетики. Упражнения с буквами и числами помогают развивать логику и внимательность. Конечная цель - дать детям возможность самостоятельно оценивать свой прогресс и чувствовать свою значимость в образовательном процессе.
Заключительный этап урока предполагает обсуждение достигнутых результатов, где каждый учащийся сможет оценить свою активность с помощью смайлов. Такой подход не только подводит итоги, но и способствует рефлексии, что является важной частью образовательного процесса.
Сауат ашу негіздері.14.11.2017ж Тақырыбы: Саматтың ойыны. С дыбысы мен əрпі.
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары:Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.Тыңдалған мəлімет хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау. Сұраққа жауап бере отырып, диалогке қатысу.Сөз, сөйлем сызбасын құру. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Жоспарланған жұмыс түрлері
Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату
Педагог балалардың оқу қызметіне ынтасын тарту мақсатында шаттық шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен айтқызады.
Қайырлы таң, балалар!
Арайлап таң атты.
Алтын сəуле таратты,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы таң, достарым!
Педагог балаларға күннің суретін көрсетеді.
– Күн бізге не шашып тұр?
– Күн бізге сəулесін шашып тұр.
Балалар «күн сəулесінен жылу тарайды» деген сияқты өз ойларын ортаға салады.
Педагог балаларға күн батқан соң аспандай пайда болатын ай туралы əңгімелейді.
Тақырып бойынша жұмыс
Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. - Суреттен не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Сурет бойынша балалар «Менің отбасымның бір күні» тақырыбында əңгіме құрайды. Отбасындағы кішкентай баланың аты – Самат. Ол əжесіне еркелейді. Əжесінің мəсісін қайық жасап ойнады. Əжесі мəсісін іздеді. Саматтан сұрады. Самат көрмегенін айтты. Əжесі өзінің мəсісі суда қайық болып қалқып жүргенін көрді. Педагог балаларға кебіс, мəсі сөздерінің мағынасын түсіндіреді. «Саматтың осы қылығы дұрыс па?» деген сұрақ қойып, балалардың пікірлерін тыңдайды. 2-тапсырма. - Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? (Балалар апта күндерін бояйды). Балалар апта күндерін атауларымен атап, санап шығады. - Біз балабақшаға келетін күндерімізді атаңдаршы? - Аптасына неше күн балабақшаға келеміз? Педагогтің сұрақтарына балалар жауап береді. Дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі, сенбі жексенбі. Апта күндерінде тек жұма сөзінде с дыбысы естілмейтінін табады. - Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста? Педагогпен бірге балалар мектепке баланың неше жастан келетіні туралы əңгімелейді. С- дыбысы дауыссыз дыбыс, Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады жəне Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады. Сергіту сəті. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Жасап алсақ жаттығу, Сағаттардың тіліндей, Жүрегіміз соғады. Сырт сырт етіп сағаттай.
3-тапсырма С əрпімен таныс болайық. Педагог М. Əлімбаевтің өлеңін оқып береді. Балалар өлеңді не туралы екенін мазмұндайды. Суреттегі айдың, орақтың суретіне қарап С əрпінің бейнесіне ұқсайтынын айтады. Балалар С əрпіне ұқсайтын тағы басқа бейнелерді табады. 4-тапсырма Сынған сағатты жөндейміз. Суреттегі сағаттың қандай сандары жетіспейтінін анықтайды. 1, 2, 3, 6 цифрларынан басқа сандарды атайды. 8 санының неден тізілгенін айтады. Қандай сандарда С əрпі естілетінін анықтайды. Сегіз, бес сандарын атайды. С əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады. ҰОҚ-ның қорытындысы. Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Өз білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.