Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Тәрбиеші болу: менің кәсіби жолым мен міндетім

Тәрбиеші болу: менің кәсіби жолым мен міндетім

Қоқымбаева Балжан Мэлісқызы
Қоқымбаева Балжан Мэлісқызы
DOCX
158
1

Тәрбиеші болу – мен үшін өмірдің мәні мен бақытын танытатын мамандық. Бұл мамандықтың маңызы мен жауапкершілігі шексіз. Өзімді балалардың тәрбиесін қолға алу арқылы еліміздің болашағына үлес қосуда сезінемін. Тәрбиеші болудың қиындығы мен қызығы, ауыртпашылықтары мен қуаныштары бір-бірімен тығыз байланысты. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, мен де өзіме тиісті жолды таңдадым және осы мамандықты тек жүрекпен, жан-тәніммен таңдап алдым.

Тәрбиеші болу – тек білім берумен шектелмейді. Әрбір тәрбиеленуші баланың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларға өмірдің құндылықтарын жеткізу, азаматтық жауапкершілікті сіңіру мен үшін аса маңызды. Ахмет Байтұрсынұлының сөздері «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» – біздің бүгінгі таңдағы таптаурын мәселелерді ашық көрсетеді. Біз балаларымызды тәрбиелеу арқылы елдің ертеңіне жауаптымыз.

Сондықтан мен тәрбиеші ретіндегі міндетімді зор жауапкершілікпен қабылдаймын. Әр баланың жүрегіне мейірімділік пен шапағатты жайып, оларға ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді меңгертіп, тұлға ретінде қалыптастыруды алдыма мақсат етіп қойдым. Тәрбие мен білімнің арасындағы байланысты үнемі ескеріп, әр баланың қабілетін ашуға тырысамын. Тек күш, жігер, еңбек нәтижесінде ғана біз ұрпақтың жоғары әрі білікті азаматтарын тәрбиелей аламыз.

Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту еліміздің келешегі үшін аса қажетті. Балаларға мейірім көрсету, олардың әр әрекетіне қолдау білдіру менің кәсіби ұстанымым. Ертеңгі еліміздің айтулы азаматтарын ең алғаш тәрбиелейтін мен – тәрбиешімін. Өзіме жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, олардың әлемді тануына көмектесемін, жаңа мүмкіндіктердің есігін ашамын.

Вам будут интересны эти конкурсы: