Сабақ жоспары: «Қ» дыбысы мен әрпі
Данный документ представляет собой подробный план урока для детей средней группы, посвященный звуку «Қ». В ходе урока воспитатель будет знакомить детей с этим звуком, а также с его использованием в слова.
На уроке предусмотрены различные формы работы: обсуждение, загадки, игры, что способствует вовлечению детей в процесс обучения. Основное внимание уделяется правильному произношению звука «Қ» и его узнаванию в словах, что является важным элементом фонематического слуха и речевого развития.
Урок также включает в себя элементы экологии, где дети ознакомятся с местными животными и растениями, которые начинаются на звук «Қ». Это расширяет кругозор детей и развивает их любовь к природе.
Мероприятие начинается с теплого приветствия и настроя на урок, после чего следуют упражнения на произношение звуков, а затем с поддержкой воспитателя дети смогут придумать свои слова на «Қ». Урок завершается подведением итогов, где каждый ребенок получит возможность высказаться и поделиться своими успехами.
№ 42 балабақша
Мектепалды даярлық топ
Тәрбиеші : Тұрмақанбет Тоғжан Әлімханқызы.
5 сабақ
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Алау»топ балаларына арналған.
Білім беру саласы :Коммуникация
Оқу қызметі :Көркем әдебиет.
Тақырыбы; Бір уыс мақта . Ыбырай .Алтынсарин
Мақсаты:Ыбырай Алтынсаринмен таныстыру.
Білімділік:Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күйін,қисынды мазмұндауға үйрету.
Дамытушылық:Әңгіме арқылы ойын, қиялын дамыту.
Тәрбиелік:Әңгіме жанырларын ажыратып,қиял іс-әрекетін арқылы сахналау.
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті, әңгіме мазмұнына салынған сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мақтаның қиқымы, мамық.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
| Шаттық шеңбері: Біз байсалдымыз, | Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды. |
Ізденістер, ұйымдастыру
оятушылық | Сәлеметсіңдерме балалар -Құралдарың жинаулы ма? - Көршің дұрыс отыр ма? Әңгімелер» Ы. Алтынсариннің портретін көрсету және қысқаша мәлімет беру. Әңгімелерімен таныстыру, кітаптарымен таныстыру. Әңгімені мәнерлеп оқып беру. Сергіту сәті: | Сәлеметсізбе ! Жинаулы. Тыңдаймыз Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.
Ыбырай Алтынсарин туралы мағлұмат алады.
Әнгімені тыңдайды.
Сұрақтарға толығымен жауап береді.
Сергіту сәтін іс-қимылдармен жасап көрсетеді.
Д\О ойын ойнайды. Қол көтереді. |
Рефлексивті-түзетушілік | - Ал балалар, біз бүгін кіммен таныстық? |
Нені білуі керек: Әңгіменің мазмұнын білуі керке.
Нені меңгеру керек: Ыбырай Алтынсарин туралы меңгерді.
Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Алау»топ балаларына арналған.
Білім беру саласы :Таным
Оқу қызметі:Құрастыру.
Тақырыбы;Сырмақ
Мақсаты: Балаларға мағыналы ою элементтерінен әдемі өрнекті құрастыра білуге, түстердің үйлесімділігіне қарай отырып, пішініне, көлеміне және жазықтықта орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру
Білімділік:Ою өрнектің қарапайым атаулаарын үйрету
Дамытушылық: Сырмақ құрастыру технологиясын терең меңгере отырып,
қазақтың ұлттық үй жиһаздарының жасалу жолдарын үйрете отырып,
Тәрбиелік:Ұлттық қол өнерді қастерлеуге үйрету,бұйымга сәндік талап
қоя білуге тәрбиелеу және ұқыптылыққа, ұлттық мәдениетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, іс-әрекет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын жасалған сырмақтар, суреттер, альбомдар, буклеттер, ою-өрнек.
Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
| Шаттық шеңбері: Армысың шұғылалы алтын күн! | Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды. |
Ізденістер, ұйымдастыру
оятушылық | Сәлеметсіңдерме балалар -Құралдарың жинаулы ма? - Көршің дұрыс отыр ма? Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады. Сырмақ киізден сырып оюлап жасалған төсенгіш. Оны жасаудың атадан балаға таратылып, дәстүр болып келе жатқан өзіндік ерекше салты бар. Сырмақты түрлі түсті киізден ойып, өрнек салып та, сондай-ақ шымқай ақ киіздің бетіне кызыл, сары маталардан оюлап бастырып та тігеді. Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау. Сырмақтың түрлері (үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр сырмақ, төсек сырмақ, төрткүл сырмақ, тері сырмақ, бөстек сырмақ) Сырмақтың жасалу жолдары. (екі түсті киізден ойып жасалады және киізге барқыттан, шұғадан ою ойып жапсырып тігеді) Жұмбақ. Сергіту сәті: Ойын: «Сиқырлы қоржын» | Сәлеметсізбе ! Жинаулы. Тыңдаймыз Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.
Сырмақ түрлерімен таныс болады.
Балалр қайталайды.
Орнымыздан тұрайық
Жылқы - үй жануарына жатады, оның сүті, еті пайдалы. Жылқы кісінейді. |
Рефлексивті-түзетушілік | Балалар бүгінгі сабақта не үйрендік. Не білдік. Қандай оюлармен таныстық. Бүгінгі сабақ ұнадыма. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ою-өрнек түрлерін білді..
Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Алау» топ балаларына арналған.
Білім беру саласы:Таным
Оқу қызметі :Қарапайым математикалық ұғымдрды қалыптастыру
Тақырыбы.Зат және оның бөлігі.Бүтін және бөлік.
Мақсаты:Бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету.
Білімділік: Бүтінді түсінуге баулу қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту.
Дамутышылық;Сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Бүтін, екі бөлік, жарты, қақ ортасы.
Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
| - Жылулық шеңбері: Сәлем бердім мен күнге. Сәлем бердім мен саған. Сәлем бердім апайға . Қонақтарға құстарға. | Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды. |
Ізденістер, ұйымдастыру
оятушылық | Сәлеметсіңдерме балалар -Құралдарың жинаулы ма? - Көршің дұрыс отыр ма? .Ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Екеуі тату - тәтті өмір сүріп келеді екен. Шал аяқ киім тігіп, ал кемпірі үй шаруасымен айналысып күнделікті күйбің тіршіліктерімен уақыттары өтіп жатыпты. Олардың көптеген тауықтары болыпты. Тауықтарының түстері бір - біріне ұқсамайтын әдемі екен. Балалар, тауықтарының түстері қандай екен? | Сәлеметсізбе ! Жинаулы. Тыңдаймыз Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.
1,2,3,4,5.
5 тауық.
Ұнады. Жарылып қалды.
Затты екіге бөлуді. (ұжымдық қайталау)
Қақ ортасын тауып алу керек.
Бүтін. Екі бөлік.
Алма.
Екі жарты болды.
Апельсин Домалақ Бүтін Пышақпен Екі бөлік болды. |
Рефлексивті-түзетушілік | Балалар, бүгін біз математика оқу іс- әрекетінде нені үйрендік? |
Нені білу керек:Бүтін мен бөлікті ажырата білуі керек.
Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«.Алау» топ балаларына арналған.
Білім беру саласы :Коммуникация
Оқу қызметі:Сауат ашу.
Тақырыбы; «Қ» дыбысы мен әрпі
Мақсаты:Қ»дыбысымен және әрпімен таныстырып, сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету.
Білімділік:
Дамытушылық:«Қ»дыбысын қатыстыра отырып сөз, сөйлем құрау, буынға назар аудару және «қ» дыбысының сөздің қай жерде кездесіп тұрғанын (басында, ортасында, соңында) таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Байланыстыра сөйлеуге, ұғымталдыққа баулу.
Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрнекілік, сахналау, тақпақтар айтқызу.
Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
| Шаттық шеңбері: Біз байсалдымыз, | Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды. |
Ізденістер, ұйымдастыру
оятушылық | Сәлеметсіңдерме балалар -Құралдарың жинаулы ма? - Көршің дұрыс отыр ма? Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін. Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр. | Сәлеметсізбе ! Жинаулы. Тыңдаймыз Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.
Қой.
- Қарбыз.
Қоян.
Қ дыбысы естіліп тұр.
Қ дыбысы дауыссыз дыбыс. |
Рефлексивті-түзетушілік | Балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік. |
Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;
Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды
Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Алау»топ балаларына арналған.
Білім беру саласы :Әлеумет
Оқу қызметі :Экология негіздері.
Тақырыбы;Қазақстанның өзен-көлін мекендейтін балықтар.
Мақсаты:Балаларды су,өзен,көл тұрғындарымен таныстыру.
Білімділік:Су тұрғындарының бір-бірімен байланысы туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық:Балықтың уылдырығын,қабыршағын зерттеуге үйрету.
Тәрбиелік:Балықтан жасалатын тағамдарды пайдаланып ғана қоймай,ұқыптылыққа,әдемілікке,тындырымды істеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер;Балықтардың сан алуан суреттері,алтын балық ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері,аквариумдағы балықтар.
Әрекеттердің кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
| Шаттық шеңбері: Біз байсалдымыз, | Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды. |
Ізденістер, ұйымдастыру
оятушылық | Сәлеметсіңдерме балалар -Құралдарың жинаулы ма? - Көршің дұрыс отыр ма? Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? Қәне айларды атаңдаршы? -Иә,үй жануарларын атайықшы? -Ал,балалар бүгінгі оқу қызметімізде дәл осы балықтар туралы болмақ. -Балықтар қайда тіршілік етеді? Балықтын – аузы бар да, тілі жоқ болады. Терісі бар да, Жүні жоқ екен. Қанаты бар, бірақ ол ұшпайды. Балықтын түрлері өте көп. Жайын, сазан, шортан, ала бұға.
Оны аулайтын адамдарды- балықшылар деп атайды. Балық аулайтын құралды – қармақ, ау деп атаймыз. .Дидактикалық ойын: « Кім жылдам?» Дидактикалық ойын. « Бұл қандай балық?»
Суда тіршілік ететін жануарлармен, жерде тіршілік ететін жануарларды топастыру.
Суретпен жұмыс.
- Балалар балықтардың түстері қандай? | Сәлеметсізбе ! Жинаулы. Тыңдаймыз Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.
Күз мезгілі
Айларын атайды.
( балык)
балык
Құрттар,жасыл шөптер.
- Қызыл, ақ, сары
Әдемілік үшін |
Рефлексивті-түзетушілік | Балалар,бүгінгі оқу қызметімізде нелерді үйрендік? |
Нені білуі керек: Балықтарды зерттей білуге,олардың түрлерін біліп,атауларымен танысу.
Нені меңгеру керек: Су тұрғындарының бір-бірімен байланысы туралы толық мәлімет беру.
Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан.