Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Ертегіден келген қоян

Ертегіден келген қоян

Айткалиева Сандугаш Муратовна
Айткалиева Сандугаш Муратовна
DOCX
113
0

Документ представляет собой сценарий для праздника, проводимого в детском саду «Алтын бала», под названием «Ертегіден келген қоян». Это событие, посвященное встрече осени, является важным в жизни детей и их родителей. В сценарии запланированы различные выступления, песни и танцы, которые способствуют воспитанию дружеской атмосферы и творческого подхода у детей.

На празднике звучат поздравления, и дети входят в зал под красивую музыку. Преподаватели приветствуют детей и родителей, создавая теплую и дружелюбную атмосферу. Атакуют курьезные моменты, например, появление зайца, который ищет осенние листья, предоставляет возможность для активного вовлечения детей в мероприятие.

Каждый участник праздника, от воспитателей до родителей, имеет возможность проявить свои таланты. Дети могут участвовать в танцах, песнях и даже в интерактивном взаимодействии с персонажами сказки, что делает праздник незабываемым. Зайчик и другие персонажи проводят игры и представляют веселые моменты, которые являтся важной частью образовательного процесса в детском саду.

В завершение праздника дети получают подарки в виде фруктов и sweet treats, которые они могут взять домой. Таким образом, этот сценарий основан на взаимодействии между детьми и взрослыми, способствует укреплению связей в сообществе и прививает любовь к природе и праздникам. Это праздник, который запомнится всем участникам и станет началом удивительных воспоминаний о детстве.

Предпросмотр

45 «Алтын бала» бөбекжайы



Shape1
Тақырыбы: Ертегіден келген қоян

Тәрбиешілер: Айтқалиева С.М
Болатова Н.М


Ақтөбе 2017
Алтын күз мерекесіне ертеңгілік: «Ертегіден келген қоян!»
Балалар әдемі музыкамен әуен залына кіреді.
Тәрбиеші:

  • Армысыздар балалар, ата-аналар

Жиналған мерекеде бармысыздар.
Көңіл қойып құлақ бізге салыңыздар
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар.
Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Күз мезгілін қуанышпен өткізейік. Оған арналған «Алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.
Ән: «Күзгі бақ!»
Тәрбиеші:

  • Ертегілер, ертегілер

Неге бізді ертпедіңдер
Көзімізді жұмайық
Ертегілер еліне аттанайық.
Сыйқырлы әуен ойналып, ішке ертегілер елінен Қоян келеді.
Қоян:

  • Анам айтты маған

Көп жапырақ жина деп
Іздеп,іздеп мына мен
Таба алмай келе жатырмын.
Тәрбиеші:

  • Қоянжан сен қамықпа,

Біз саған көмектесеміз
Ондай жапырақтар бізде бар
Әдемі би билесін.
Би: «Жапырақтар биі!»
Қоян:

  • Сендер қандай көпсіңдер

Бәріңді алып кетемін.
Жапырақтар:

  • Беске дейін сен сана

Содан соң бізді тауып көр.
Қоян санайды, ал жапырақтар орындарына отырады.
Қоян:

  • Жапырақтар билеп еді

Бәрі қайда кетіп қалған.
Мен орманға барайын
Саңырауқұлақ теріп алайын.
Би: «Саңырауқұлақтар биі!»
Қоян:

  • Сендер қандай көпсіңдер

Бәріңді алып кетемін.
Саңырауқұлақтар:

  • Беске дейін сен сана

Содан соң бізді тауып көр.
Қоян санайды, ал саңырауқұлақтар орындарына отырады.
Қоян:

  • Саңырауқұлақтар билеп еді

Бәрі қайда кетіп қалған.
Бір сыбдыр естіледі
Бұл кім екен келе жатқан.
Қоян қорқып тұрғанда қасына Түлкі әндетіп келеді.

  • Мен Түлкімін, Түлкімін

Кім білмейді түлкіні (әндетіп келе жатып, қоянды кездестіреді)
Ой, Қоянжан сені кездестіргеніме қандай қуаныштымын! Не істеп жүрсің?
Қоян: (қорқып)

  • Жапырақтар іздеп едім,

Өзің не істеп жүрсің?
Түлкі:

  • Мен бе, мен өзіме түскі ас іздеп жүрмін. Шамасы тапқан сияқтымын.

Қоян: (қорқып)

  • Қалайша, кімді таптың?

Түлкі:

  • Сені қымбаттым!

Қоян: (қорқып)

  • Сен не сонда мені жегелі тұрмысың?

Түлкі:

  • Әрине, және тап қазір! (деп қоянды бас салады)

Қоян: (батылданып)

  • Тоқта, тоқта Түлкі

Бір жақтан аңшылар келе жатқан сияқты,
Сен тығыл мен қарап тұрайын.
Түлкі Қоянның артына тығылады.
Қоян:

  • Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме? Ендеше қатты шапалақтаңдар.

Балалар шапалақтайды.
Түлкі:

  • Бұл кімдер шулап жатқан.

Қоян:

  • Бұл жапырақтардың дыбысы, аңшылар ғой келе жатқан.

  • Қане, балалар енді аяқты топылдатып, қатты-қатты қол соғыңдар.

Балалар шапалақтап, аяқтарын еденге соғып тарсылдатады.
Түлкі:

  • Бұл кімдер тарсылдап жатқан.

Қоян:

  • Бұл иттердің дыбысы ғой жақындап келе жатқан. Ей түлкі сен қаш, мен сенің көргенінді айтпаймын

(Осы кезде Түлкі алды-артына қарамай қаша жөнеледі).
Қоян: Ей түлкі түскі асшы?
Түлкі: Сосын кездесеміз қоян сосын, сосын
Қоян: (Тырқылдап күледі)

  • Ой, балалар сендерге көп-көп рахмет! Мені қу Түлкіден құтқардыңдар.


Тәрбиеші:

  • Қоянжан бізбен бірге ән салып, тақпақ тыңдап көңіл көтерсеңші! Қане, балалар Қоянды ортаға алып, тақпақтарымызды айтайық.

ТАҚПАҚТАР.
Тәрбиеші:

  • Осындай мерекелердің барлығын біз қайда тойлаймыз?

Ән: «Жаңбыр!»
Тәрбиеші:Тамаша балалар біз жаңбыр туралы ән айтып едік, бізге жаңбыр қонаққа келген сияқты. Ал ендеше жаңбыр мен күн туралы ойын ойнайықшы.
Ойын: «Күн мен жаңбыр!»
Қоян (асығып):

  • Сендермен жақсы ойнадым. Бірақ менің үйге қайтуым керек. Сау болыңдар балалар!

Қоян кетеді, кетіп бара жатып себетін ұмытып кетеді.
Тәрбиеші:

  • Балалар, қоян асығамын деп жүріп, себетін ұмытып кетіпті. Қане, қарайық ол бізге орманнан не әкелді екен.

Тәрбиеші себет ішінен шыққан сыйлықтарды таратады:
Ортада жеміс толы себет пайда болады. Балаларға сыйлықтар таратылады.