Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Бала тәрбиесі: отбасы мен балабақшадағы жауапкершілік

Бала тәрбиесі: отбасы мен балабақшадағы жауапкершілік

Байекенова Жанагүл Кәрімқызы
Байекенова Жанагүл Кәрімқызы
DOCX
958
32

Бала тәрбиесі – елдің болашағы, ұлттың үрдісі, мәдениеттің сақшысы. Отбасы мен қоғамның тәрбие үрдісіндегі жауапкершілігі зор. Бала дүниеге келген сәттен бастап, ол өз отбасында тәрбие алады. Бала тәрбиесіндегі алғашқы қадам – осы отбасын танып білу.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген халық даналығы тәрбиенің маңыздылығын айқын көрсетеді. Баланың саналы азамат болып өсуі үшін отбасы тәрбиесі қашанда да бірінші орында тұрады. Мектептегі оқу процессі, қосымша білім алу, барлығы да отбасындағы тәрбиенің күшіне байланысты.

Тәрбиелеу – бұл бірқатар әрекеттердің нәтижесі. Бала ойнап, еңбек ете отырып, ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін меңгереді. Бала өзінің қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауды үйреніп, әлеуметтік дағдыларды игеруге тырысады.

Осылайша, отбасы мен балабақша бірлесе отырып, баланың дамуына, оның өмірлік қабілеттерінің қалыптасуына, және оның жан-жақты жетілуіне қажетті жағдайлар мен ресурстарды қамтамасыз етеді. Тәрбиелі бала – қоғамның нағыз игілігі, ұлттың рухын көтеретін тұлға.

Вам будут интересны эти конкурсы: