Публикации воспитателей детских садов
О проекте

Сауат ашу және жазу негіздері

Айжарык Арайлым Айжарыккызы Айжарык Арайлым Айжарыккызы
DOCX
40
0
Предпросмотр

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу және жазу негіздері


1Сабақтың тақырыбы: Мен тіл алғыш боламын! Сөйлеммен танысайық!

Мектеп:

Күні:

Педаготің аты-жөні

Мектепалды сыныбы:

Қатысқандар саны:

Болмағандар

Сабақтың оқытылу мақсаты

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің, мағынасын түсіну. 0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. 0.1.2.3. Сөйлемдерді интонация боойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану. 0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу. 0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу. 0.3.3.2. Қарапайым жиектерді штрихтап салу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: -Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. -Қарапайым жиектерді штрихтап салады.Көпшілік тәрбиеленушілер: -Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің, мағынасын түсіну. -Сөйлемдерді интонация боойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.Кейбір тәрбиеленушілер: -Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады-Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:Талқылау барысында Кім? Не? Кандай? Қай? Кайда?деген сұрақтарға толық жауап береді. Суреттер бойынша сұрақтар құрастырады. «Мен ақылдымын» тақырыбында пікірлесе алады. Жазудың гигиеналық талаптарын орындайды. Өз жұмысына баға береді.Көптілдік: тілалғыш – послушный – obedient Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.Тілалғыш баламын, екі еткізбей.Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:Пікір алмасу сұрақтар: -Тілалғыш бала қандай болады? -Тілалғыш сөзін басқаша қалай айтуға болады? -Кімдердің айтқанын орындайсың?Диалог құруға арналған сұрақтар: -Қандай балаларды тіл алғыш деп айтамыз? -Берілген суреттерден не көріп тұрмыз? -Суреттерге қарап не айтуға болады? -Сен өзің қандай бала болғың келеді? -Тілалғыш болу қандай қасиет деп ойлайсыңдар

Өткен сабақтарданалған білім

Осы уақытқа дейінгі айтқан тапсырманы орындап, тіл алғыш бала болғандары жөнінде сұралып, қорытынды жасалады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату
1-2 мин
II. Өмірлік
тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам


2-3 мин



III. Тақырып бойынша жұмыс

  1. 25 мин.

Сабақта жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.Әрбір тәрбиеленуші бойларындағы өзіне ұнайтын жақсы қасиеттерін айтады.Өте қызық көп күндер,Алты жасқа жеткендер.Өсті ақыл ойларыңӨсті, міне, бойларың,Иіліп сәлем береміз,Әдепті боп өсеміз.«Мен тілалғыш боламын өлең жол» өлең жолдары бойынша оқиғаның не жайында болатыны туралы болжамдайды.(Ө) Ойын: «Тілалғыш бала қандай болады?». Шарты: педагог сұрақты балаларға қояды. Балалар жауап береді. -Айтқанды екі етпей орындайды, бұзық болмайды. -Жұмсағанда барады. -Заттарына ұқыпты болады, шашпайды, жинайды. -Үлкендерге көмектеседі.Ойын барысында балалардың жауаптарын тыңдайды, әр бала өзінің қандай екенін дәлелдеп айтады.(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.(Ұ,Ж) суретке қарап әңгіме құрастыруда өз ойын жеткізеді.2-тапсырма. Өлеңнің мазмұнын түсініп ал.Педагог ««Мен тілалғыш боламын» өлеңін мәнерлеп оқиды.Тірек сұрақтар қою арқылы өлеңнің мазмұнын ашу. Оқиғаны жүйелі баяндауға баулу. -Кім үйінде өзі киініп, өзіі шешінеді? -Атаңды, апаңды қалай сыйлайсың? -Тіл алғыш баланы қандай бала деп айтамыз?(ПТ, Ж) жеткеші сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын айтады.Тәрбиеленушілер сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерін айтады. Жұмбақты шешу арқылы сөйлем туралы түсініктері бекітіледі. Өзім сөзден тұрамын,Аяқталған ойды құрамын (Сөйлем)Сөйлемнің сөзден тұратынын түсінеді. Жеке сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыртады. Екі, үш сөзден тұратын сөйлем құрайды. Сызбамен сөз, сөйлем белгілерін қоюға ұсынылған тапсырманы орындайды. Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісін қоятын тапсырмалар ұсынылып орындатылады. Әліппе-дәптердегі суреттер бойынша сөйлемнің сызбасын құрастырады.



(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмысСурет бойынша сөйлем құрастыру. Сөйлемнің сызбасын құрастыру.(ПТ, Ұ) Киім, тілалғыш, түйме сөздерін айтады. Балалар оны қайталайды. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құратады. Сөйлемнің сөздерден тұратынын түсіндіреді.Мысалы:Аслан – тілалғыш бала. Бұл сөйлем. Бұл сөйлем үш сөзден тұрады.(Ұ) Бой сергіту сәті: «Би билейміз» әнін қимыл-қозғалыспен орындайды.Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір. Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.Бас аяқты – топ, топ, топ.Шапалақта – хоп, хоп, хоп.Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз, Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.(Ө) Әліппе-дәптермен жұмысӘліппе-дәптердегі жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазуға арналған тапсырмаларды орындайды. Үзік сызықтарды қосу арқылы тәрбиеленушілердің қолдарын жазуға жаттықтыру.


IV. Сабақтың қорытындысы.
Рефлексия


2-30 мин

Педагог қорытынды жасайды: Біз неліктен үлкендердің айт-қанын орындаймыз?Айтқанды орындап,тілалғыш болу арқы лы қандай бала боламыз?Сабақ барысында қандай қиындық тарды кездестірдің?Суреттерге қарап сөйлеп құрастыру қызықты болды ма?Кай тапсырманы орындау қызықты болды?(Ө) Рефлексифті бағалау - өз жұмысын пішіндер бойынша бағалап қорытады.Тәрбиеленушілердің қолына таратылған пішіндер бойынша жаңа тақырыпты толық түсінсе, жұлдызшамен, ал толық түсінбесе төртбұрышпен, мақсатқа жетпесе, үшбұрышпен белгілейді.


Қосымша ақпарат

Жіктеу – тәрбиеленушілерге көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеті жоғары деген тәрбиеленушілерге қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?

Педагог сабақ бойытәрбиеленушілердің жұмысын бақылай отырып бағалайды. Бағалау – тәрбиеленушілердің белсенділігін және білім, білік дағдыларын бақылауды қалай жоспарладыңыз?

Пәнаралық байланыстар: «Өзін-өзі тану»,
«АКТ», «Ағылшын тілі», «Бейнелеу өнері»

  • Педагогикалық бақылау әдісі.

  • Жұмыс барысында тәжірибелік көмек көрсету.

  • Өзара көмектесу, мадақтау, педагогтің марапаттауы.

  • Сабақ барысында іс-әрекетке талдау жасалады.

Тәрбиеленушілер жұмысын, олардың өздік жұмыстарын қадағалай отырып,бағыт беру «Мен тілалғыш баламын» өлеңімен танысу үрдісіндегі қосымша сұрақтар.Дәптердегі тапсырмаларды (қорытынды, тапсырмалар) қарай отырып орындау. Тәрбиеленушілер рефлексиясының қорытындыларын талдау.

  • Өзін-өзі тану сабағын «Мен ерекше баламын!» тақырыбымен байланыстыру.

  • Өзін-өзі және құрбыластары мен үлкендерді түсіну, сыйлай білуге үйрету.

Байкаулар

Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалауЕрекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын) атаңыз.1.2.Сабақты жақсы өткізугеықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын) атаңыз.1.2.Сынып жайында және оның жеке тәрбиеленушілері жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме?