Балабақшадағы педагогтардың сөйлеу мәдениеті
Бүгінде жаһандану кезеңінде сапалы білім мен саналы тәрбиенің маңыздылығы арта түсті. Педагогтардың сөйлеу мәдениеті, оның ішінде этика мен қарым-қатынас тәсілдері, балалардың психикалық дамуына зор ықпал етеді. Әр педагог өзіне жүктелген міндетті табысты жүзеге асыру үшін сөз мәдениетін жетілдіруі керек. Неге десеңіз, сөздің құдіреті балалардың жүрегіне жол таба алуда шешуші рөл атқарады. Педагогтың сөздері, олардың мағынасы мен әсері, тәрбиеленушіге қалай бағдар беретінін түсініп, бұл салада білім алу - бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселе.
Этика мәдениеті педагогикалық үрдістің негізі болып табылады. Ол балалармен және ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың маңызды компоненті ретінде қызмет етеді. Педагогтың жеке тұлғасы, оның эмоционалдық тұрақтылығы мен кәсіби шеберлігі - балалармен тілдесудің негізі. Этикалық қағидалардың сақталуы педагогиалық қарым-қатынастың тиімділігін арттырады. Балалармен қарым-қатынаста этикалық нормаларды сақтай отырып, педагог рухани байлығы мен біліктілігін көрсетуі тиіс. Осы тұрғыдан, коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін пайдалану арқылы, балалардың әрқайсысының психологиясын ескеру қажет.
Педагогикалық этиканың маңызды аспектерінің бірі - баланы тыңдай білу, оның ішкі әлемін түсіну. Педагог әрқашан баланың көңіл-күйі мен эмоцияларын сезініп, дер кезінде әрекет етуі керек. Әсіресе, балалармен араластыру кезінде сабырлылық, назар аудару және шеберлік таныту өте маңызды. Олардың алға қойған мақсаттарына жету үшін педагогтың дайындығы мен кәсіби жауапкершілігі осындай жағдайларда ерекше көрінеді. Әр педагогтың міндеті - балаларды сөзбен қолдау, оларды эмоционалдық кедергілерден қорғау және олардың дамуына жағдай жасау.
Педагогикалық этика әдептілікті қалыптастырудан басталады. «Сәлем-сөздің анасы» деген қағида, педагогтың мәдениеті мен білімділігі жөнінде хабарлайды. Баламен бірінші кездесуде жылы сөз, қолдау көрсету, кішіпейілділік, педагогтың мәдениетін жеке тұлғалык қасиеттерінің көрінісі. Педагогтың коммуникациясы ертеңгі ұрпақтың тәрбие алу жолында зор әсер етеді. Бұл тұрғыда, шебер педагогтар ұжымда қолайлы атмосфера тудырумен ғана шектелмей, сонымен қатар, балалардың өзін-өзі көрсетуіне де мүмкіндік беруі керек. Осының әр бір элементі педагогикалық этиканы жетілдірудің құрамдас бөлігі болып табылады.