Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

Жотабаева Гаухар Бөлеухановна
Жотабаева Гаухар Бөлеухановна
DOCX
141
4

Бұл материалда балалардың білім алуына арналған ерекше тәсілдер мен әдістер ұсынылған. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі арқылы балаларға адамгершілік, достық және еңбекқорлық құндылықтарын түсіндіруге мүмкіндік беріледі. Ертегі балалардың қиялы мен ойлауын дамытуға, сондай-ақ зейіндерін арттыруға арналған.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты – балаларды көркем әдебиетке қызықтыру. Бұл процесс әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады, соның ішінде түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап және ойын элементтері пайдаланылады. Оқыту барысында кең көлемде көрнекі құралдар, атап айтқанда желілі суреттер мен көркем әдебиет кітаптары қолданылады.

Іс-әрекет кезеңдері балалардың қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Шаттық шеңберінде жылулық пен достық атмосферасы қалыптасады. Осылайша, балалар ертегі кейіпкерлерімен таныс болып, оларға ерекше сезімдер мен эмоциялар арқылы жақындайды.

Қорытынды кезеңде тәрбиелеуші балалардың назарын ертегі кейіпкерлеріне, олардың әртүрлі әрекеттеріне, достық пен көмек көрсетудің маңыздылығына аударады. Соңында, балалардың өз тәжірибесін, түсінігін бөлісуіне мүмкіндік береді, бұл олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Предпросмотр

Білім саласы: Қатынас 10.03.2016
Ұйымдастырылғаніс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт
Мақсаты:
Білімділік: Қарлығаш пен дәуіт ертегісімен таныстыру.
Дамытушылық:Қиялын, ойлауын, зейінін дамыту
Тәрбиелік:Адамгершілік, достық, жауапкершілік , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекі құралдар: желілі суреттер,көркем әдебиет кітаптары
Үштілдік қосылыс: қарлығаш-ласточка-суэллоу

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

1.Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет кезеңі





2.Ұйымдастырушы ізденушілік кезең









Рефлексия

Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Таңқалдыру сәті: Хат келеді.
Шарты: жұмбақ шешу арқылы хаттың ішіндегі жасырын нірсені табу.
**
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi.  (Қарлығаш)


Қарлығаш ол не?
Құстар нешеге бөлінеді?
Дала құстарын атаңдаршы?
Үй құстарын атаңдаршы?


Дидактикалық ойын: ойлан
тап
Шарты: құстарды ажырату арқылы мекенін тауып орналасатыру.
Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық
Қарлығаш болып ұшайық
Бір отырыпы,бір тұрып
Орнымызға қонайық
Үштілдік қосылыс: қарлығаш-ласточка-суэллоу
Ертегі: Қарлығаш пен дәуіт
Мазмұны:
-Қарлығаш пен балапанадары
-Ұяға шабулдаған жылан
-шырылдаған балапандар
-досым қарға?
-досым көкек?
-Дәуіттің көмегі
Қорытындылау:
-Ертегі кейіпкерлерін ата?
-Қай кейіпкер ұнады саған?
Балаларды мадақтау!

Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Шаттық шеңберін орындайды.
Таңқалып,хаттың жасырған жұмбағын шешеді.
Жұмбақтың жауабы қарлығаш,себебі,қарлығаштың құйрығы айыр келеді.



Қарлығаш ол құс.
Құстар екіге бөлінеді, дала құстары және үй құстары деп
Торғай,бүркіт,қарға,сауысқан
Тауық,үйрек,қаз,балапан
Ойын ойнайды. Мысалы: қаз үй құсы, оны тауық қораға апарады. Бүркіт жабайы құс, оны орманға апараып белгілейді.Құстарды ажыратып,мекенін белгілейді.
-Қарлығашқа ұқсайық
Қарлығаш болып ұшайық
Бір отырыпы,бір тұрып
Орнымызға қонайық
Үштілдік қосылыс: қарлығаш-ласточка-суэллоу

Ертегіні мұқият тыңдап. Ертегінің қарлығаштың тап болған жағдайына,достарының қол ұшын созбағандары жайлы,дәуіттің ерлігі жайлы болғанын түсінеді.
Ертегі кейіпкерлері: қарлығаш,дәуіт,көкек,жына,
Қарға.
Маған дәуіттің ерлігі ұнады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді:
Қарлығаш пен дәуіт ертегісін білді.
Нені біледі: үй құстары мен жабайы құстарды біледі.