Публикации воспитателей детских садов
О проекте

Тәрбие сағаты: Балабақшамен қоштасу кеші!

Кошкимбаева Айгерим Мухитовна Кошкимбаева Айгерим Мухитовна
DOCX
47
0
Предпросмотр

Бекітемін:_______________
«Батыр» балабақшасы МКҚК
Меңгерушісі Касенова К.А.




Балабақшамен қоштасу кешіне
арналған сценарий
(Ересектер 10 топ)



Музыка жетекшісі: Дакенова С.М.
Тәрбиешілер: Кошкимбаева А.М.
Айтмагамбетова А.Т.



Петропавловск қ-сы 2014-2015ж.
Балабақшамен қоштасу кеші!
Би: Вальс(Вальс биімен балалар әуен залына кіреді).
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен ата аналар,
Кез келді сіздерден бата алар.
Ұл қыздарың көрсетпекші өнерлерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
Жүргізуші:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздерінен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр сайын.
Жүргізуші:Алдымдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір бірден,
Қимай кетіп барады.
Тақпақтар:
Балабақша, балабақша, Адам болып өсетін,
Шаңырағы шаттықтың. Қаз қаз аттап басқанбыз.
Балабақша қорғанышы, Балабақша есігін,
Балғын сәби жастықтың. (Фарида) Үшке толы ашқанбыз.(Диас)
Қуанамыз сыйлаймыз, Оқимыз білім аламыз,
Қуаныштың мың гүлін. Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қимай біз, Бақшаменен қоштасып,
Қоштасатын күн бүгін. (Ғалия) Мектепке енді барамыз. (Муслим)
Жерде ақша қар жатса да, Қызық күндер өткізіп,
Асыр салып ақпанда. Балабақша бағында,
Күнде ертемен бақшаға, Көп оқыдық, көп білдік,
Келетінбіз ақ таңда. (Арлан) Табиғат, Отан жайында. (Валера)
Ән: «Біз мектепке барамыз!»
Әуенмен залға бестік кіреді.
Бестік:Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен әлемдегі ең жақсы баға бестікпін. Балалар, сендер мектепке бара жатыр деп естігесін сендерге келіп тұрмын. Ал, балалар, сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә, дайынбыз.
Бестік: Мектепке не үшін барасыңдар?
Балалар: 1. Оқып білім алу үшін
2. Елімізге еңбек ету үшін
3. Білімді азамат болу үшін
4. Жақсы баға алу үшін
5. Үлгілі болу үшін
Бестік: Өте жақсы, балалар. Сендер мектепке не үшін барады екенсіңдер.
Жүргізуші:Бестік біздің балаларымыз өнер жағынан да көп біледі, бізбен бірге болып тамашалаңыз.
Жалқаубек: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен бүгін сондай қуаныштымын, ол қуанышымды сендермен бөліскелі тұрмын.
Оқымап ем 1 алдым,
Кейіп қалды мұғалім.
Әкеп едім екілік
Мамам шықты зекіріп,
Үш алғанда байқадым,
Папам басын шайқады.
Бес алдым бүгін кеп,
Қарайды бәрі күлімдеп.
Дымбілмес: Қане бесің? Көрсетші күнделігіңді.
Жалқаубек:Міне бес алдым.
Дымбілмес: Мынау тұрған үш делік,
Ал мынау екілік.
Бес алдым деп бүгін сен,
Неге айтасың өтірік?
Жалқаубек:Ой, дымбілмес есепті,
Білмеуіңді қарашы
Үшті қосса екіге,
Бес болмай ма, санашы?!
Дымбілмес:Біз мектептен келе жатырмыз, ойын ойнағым келіп тұр, қанекей ойын ойнайықшы.
Бестік: Балалар, осы екі бала мектепке барғанға ұқсайды ма?
Балалар: Жоқ, жоқ.
Бестік:Ал математикамен бақшада достастыңдарма балалар?
Балалар: Иә.
Бестік:Ендеше тексеріп көрейік, сендерде дымбілмес, жалқаубек көмектесіңдер.
Мұзайдында бала,
Асыр сап жүр асығып.
Сырғанамай 2 бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың,
Санын айтсаң жарадың. (тоғыз)Дымбілместің жауабы.
Сен, мен және бізбен бірге өзің бар. Бәрі нешеу? (екеу ) Жалқаубектің жауабы.
Бестік:Жақсы балалар. Ал сендер ренжімеңдер. Қанекей бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Портфель»
Жүргізуші:Рахмет ойындарыңа. Енді біздің балалар тақпақ айтады.
Тақпақтар:
Бүгін жақсы киініп,
Салтанатқа жиылып,
Бақшаменен қоштасар,
Мектеппенен достасар. (Дарина)
Келіп жетті сәтті күн,
Дайын қағаз, қаламым,
Мектепке енді барамын. (Мағжан)
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Іздегенің алдыңнан,
Сұрамай- ақ табылар. (Томирис)
Жақсы кітап, әріпке,
Үйретеді мектепке.
Бақшаменен қоштастым,
Мектеппенен достастым. (Ислам)
Жалқаубек:Балалар, сендер өздерің бақшада жүрсеңдерде өте өнерлі екенсіңдер.
Дымбілмес:Иә, ал біз болсақ мектепте жүріп, өзімізді жаман жағынан көрсетіп жүрміз.
Бестік: Мен сендердің орындарыңда болсам ұялар едім. Мектеп оқушылары мына тұрған балабақша тәрбиеленушілеріне қандай үлгі көрсетпекшісіңдер? Қазір мен сендерді жақсы оқуға үйретемін. Кетпес бұрын мына балаларға қандай тілек тілер едіңдер.
Жалқаубек:Балалар мектепке барғанда мұғалімдердің айтқанын орындап, мен сияқты тентек болмаңдар.
Дымбілмес:Жақсы баға алып, ата аналарыңды білімдеріңмен қуантып отырыңдар.
Бестік:Ер жетіп, білімді, тәрбиелі, тәртіпті азамат болу үшін көп еңбектену қажет. Бақшадағы еңбектерің тәртіптілік болса, ендігі мектептегі еңбектерің білімді, яғни жақсы білім алу болып келеді. Сондықтан тек қана білімді, үлгілі, ата -ананың қуанышы болатын – оқушы болыңдар.
Ән: «Әже жүрші мектепке!»
(Бестік, Жалқаубек, Дымбілмес үшеуі шығып кетеді.)
Жүргізуші:Ал, енді қоштасу кешімізді ары қарай жалғастырамыз, біздің түлектерімізде өздерінің топтастарына тілек тілемекші.
Қош балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік алыңдар. (Арсен)
Сүйкімді балғын болашақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар. (Амир)
Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Жеті жасқа толыңдар,
Жақсы оқушы болыңдар. (Амина)
Би: «Жарқыраған қырандар!»
Жүргізуші:Ал енді балаларымыз өздерін жақсыға үйретіп, жаманнан жиренткен ұстаздары мен тәрбиешілеріне алғыстарын білдіреді.
Ұстаздардың ұстазы, Үйренгенбіз өнер біз,
Тәрбиенің ұстасы. Шетімізден шеберміз.
Бала жаны бағбаны, Бал татыған әндерді,
Меңгеруші апайға Мың бұралған билерді.
Риза ата анамда. Үйреткен сазгер Сәуле апайға,
Көп әйгілі атағы, Қарыздармыз бәріміз. (Ернар)
Ұмытпаймыз апайды.
Күлшара Асқарқызына
Айтамыз біз мың алғыс. (Фархат)


Әдіскер Ажар апайға, Денсаулыққа болаттай,
Алғыс айтып барамыз. Ауруларды жолатпай.
Құлпыра жәйнап әрқашан, Күнде болған әбігер.
Әдемі болып жүріңіз. (Алеля) Қамқоршымыз дәрігер,
Томпиған тәтті бауырсақ, Дина апайға мың алғыс.
Самса, палау, бешбармақ, (Б.Даниал)
Бізге арнап пісірген,
Аспаздарға рахмет. (Дилара)
Жазу жазып үйреткен, Барлық тілдер бағалы,
Әріптерді оқытқан, Ұғына білсең санаңмен.
Санамақты жаттатып, Әр тілдерді үйреткен,
Санауды бізге үйреткен. Еріншектен жиренткен,
Жақсы болсақ қуанған, Әлия, Алтынай, Әсем апайларға
Қате бассақ кешірген, Айтамыз біз мың алғыс. (Айым)
Айгерім, Әсемгүл апайларға,
Айтамыз біз мың алғыс. (Мейрам)
Құрметті ұстаздар, тәрбиешілер мына біздің«Балдырған әні» сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар!
(Әуен ырғағымен залға Білім ханшасы кіріп келеді)
Білім ханшасы: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мені таныдыңдарма?
Балалар:Иә.
Білім ханшасы: Мен кіммін?
Балалар:Білім ханшасы
Білім ханшасы: Дұрыс айтасыңдар. Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?
Балалар:Ыбырай Алтынсарин.
Білім ханшасы: Балалар, сендер мектепке барғанда ең алғаш оқитын оқулықтарың Әліппе болады. Сол әліппе туралы кім тақпақ біледі?
Әліппе білім анасы,
Әліппе кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы. (П. Самира)
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз болмайды,
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды. (Ж. Даниал)
Жүргізуші: Ал енді кезек ата аналарымызға да келіп жеткен сияқты. Қазір біз сіздерге мінез құлық арқылы құралған жұмбағымызды оқимыз, ал сіздер өз балаларыңызды тауып алыңыздар.
Ойын: «Баланың мінез құлқы!»
Ботақаным бөбек деп,
Еркелеткен ұл қызын.
Анамызды ерекше,
Қуантатын күн бүгін. (Мирас)
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән тыңдап,
Оқып, жазып үйрендік. (М. Самира)
Қуантып әрі қинайды,
Бақшамнан алыс кеткенім.
Қажет қой бірақ білімнің
Көмесінен өткенім. (Мансұр)
Білім ханшасы: Өте, жақсы! Қандай өнерлі едіңдер! Мен сендерді балалар күзде мектепте күтемін. Менің кемемде жүзу өте қиын. Сондықтан білім кемесінде еркін жүзу үшін сендер ақылды болып, көп оқуларың керек. Балалар сендерге білім теңізінде терең жүзіп, тек еліңе елеулі, халқыңа қалаулы азамат болуларыңа тілектеспін. Менің кемеме сендерге мынадай кілт алып келдім. (балаларға білім кілтін береді.) Кездескенше сау болыңдар.
Жүргізуші: Сонымен балабақшамыздан алыстайтын уақыт та жақындап қалды. Балалықпен қоштасып, ендігі мектеп өмірін бастағалы тұрсыңдар. Тек қана ақ жолмен сәт сапар тілейміз.
Келесі сәтті біз меңгеруші Күлшара Асқарқызына сөз береміз. «Балаларға диплом тарату». Ата аналар енді сіздердің баталарыңызды алатын кез келді.
Жүргізуші:Осымен шағын балабақшамен қоштасу кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға алтын уақыттарыңызды балаларымызға бөлгендеріңізге көптен көп рахмет!
Ән: «Қоштасу вальс»