Публикации воспитателей детских садов
О проекте

1 мамыр сценарий

Кадырова Алтын Бериковна Кадырова Алтын Бериковна
DOCX
106
2

Сценарий на 1 мая День Единства народов Казахстана в детском саду

Предпросмотр

«Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ




Тәрбие сағаты:


1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні


Дайындаған: Даулетбаева М.М
Кадырова А.Б




2024 жыл


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті әрітестер!
Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қазақ халқы - халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан, болған ақ бесік ата мекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.
-Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.
Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Жүргізуші:О, жарандар, жарандар!
Бермен қарай қараңдар!
Мамыр тойы басталды
Татулыққа апарар!
Аялап, Ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен
Отаным – Қазақстаным!
Ән:«Ағайынбыз бәріміз»
Жүргізуші:Балалар, біз бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге жиналып отырмыз! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
- Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күнкүлімдепаспанда,
Мамыр әні тарайды.
Жүргізуші: Балалар, көктем келіп, айналаның бәрі құлпырып, тіршіліктің бәрі оянады. Балалар, бізге қарай біреу келе жатыр.
(Ақ көгершін ұшып келеді)
Көгершін: Мен ақ көгершінмін!
Бейбіт өмірдің белгісімін
Мерекемен құттықтаймын
Сізге әдемі ән сыйлаймын
«Ақ көгершін» әні
Жүргізуші: Рахмет, Ақ көгершін! Ал, балалар, Ақ көгершінге арнап
Ойын:«Ұлт өкілдерін топтастыр»
Жүргізуші: Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Қазағым құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Жүргізуші: Кезекті мақал – мәтелге берейік:
Мақалды жалғастыр

  1. Теңге – тиыннан,

Ынтымақ – ұйымнан.

  1. Күннің көзі - ортақ,

жақсының сөзі - артық.

  1. Қырық кісі бір жақ

Қыңыр кісі бір жақ.

  1. Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.

  1. Саусақ бірікпей

Ине ілікпейді

  1. Тоқтығында жараспаған

Аштығында қараспайды

  1. Бірлік болмай,

Тірлік болмайды.

  1.  Екі құзғын таласса

Бір қарғаға жем болар

  1. Көкентен шошыған бие оңбас

Көптен бөлінген үй оңбас

  1. Ағайын тату болса ат көп

Абысын тату болса ас көп
Жүргізуші:Сондай-ақ, құрметті Ақкөгершін, көктемгі алғаш ұшып келетін құстардың бірі жайында көріністі тамашалауға шақырамыз!
Ақкөгершін:Ендеше, тамашалайық!
«Қарлығаш пен Дәуіт» көрінісі.
(Ертегі қойылымы) Қарлығаш-Саяна, Көкек-Гүлім, Қарға-Құдайберді, Дәуіт- Даниил
Автор:- Қарлығаш-адамның досы, жанашыры, қамқоры, ол адал құс. Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды.
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапандар шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш:- Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!-дейді.
Көкек:-Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ,
Автор:- дейді көкек. Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
Қарлығаш: – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр!
Автор:- дейді жылап тұрып. Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
Қарға: -Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!
Автор:-дейді маңғазданып. Қарлығаш амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа бір мезгілде Дәуіт кез болады.
Қарлығаш:– Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады!
Дәуіт:-Олай болса, мені тезірек жеткіз,
Автор:- дейді дәуіт. Екеуі ұяға жетеді. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Екеуі осылайша дос болып кетіпті. Содан бері екі дос бір ұяда тұрып, өмір сүретін болған.
Ақкөгершін:Тамаша! Достық деп осыны айт!
Жүргізуші:Құттықтаймын бәріңді,
Үлкен-кіші, кәріңді.
Жамандықтан қашайық,
Жақсылыққа басайық!,-деп, әдемі әнге кезек берейік.
Ән: «Достық әні»
Жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!Осымен, бүгінгі мерекелік шарамыз аяқтаймыз.
-Сау - саламатта болыңыздар!




















Picture 2Picture 1