Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында насихаттау

Ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында насихаттау

Дайырбаева Жазира Сұраншықызы
Дайырбаева Жазира Сұраншықызы
DOCX
507
22

Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызы мен рөлі жан-жақты қарастырылады. Бала тәрбиесі - ең маңызды және жауапты іс, ол әсіресе мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деген тәмсіл бала тәрбиесіндегі отбасылық дәстүрдің және ұлттық мұраның маңызын көрсетеді. Біздің болашағымыз - бүгінгі балалар, сондықтан оларды халықтық дәстүрлермен, мәдениетпен, өнермен сусындату өте қажет.

Халқымыздың озық дәстүрлері мен ұлттық мұралары жас ұрпаққа жеткізілуі тиіс. Ұлттық құндылықтар – салт-дәстүр, халық әндері, ұлттық аспаптар, мақал-мәтелдер және т.б. арқылы балалардың дүниетанымы дами түседі. Дүниетаным - бұл қоршаған дүниені түсінудің негізі. Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің сегменті болашақта елімізді бақытты, берекелі, мәдениетті күшті мемлекет ретінде дамыту үшін маңызды.

Ойын әрекеті - балаларды тәрбиелеудің ең тиімді әдісі. Олар мектепке дейінгі кезеңде балалардың психикалық және физикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Ойындар арқылы балалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымдарын, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Ойын барысында бала өзінің эмоцияларын, ойларын және сезімдерін ашады, бұл оның тұлғалық дамуына үлкен әсер етеді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, ұлттық құндылықтарды сақтап қалу және дамыту міндеті тұр. Біздің ендігі парызымыз - ұлттық мәдениетімізді, тілдеріміз бен дәстүрлерімізді сақтау. Балаларды отансүйгіштікке, туған елімізге деген сүйіспеншілікке баулу - ата-ананың, ұстаздардың және бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттау арқылы біз оларды халқымыздың игі мұрасына, сан ғасырлық тарихымызға, мәдениетімізге жақындата аламыз.

Вам будут интересны эти конкурсы: