Публикации воспитателей детских садов
О проекте

"Менің отбасым" тақырыбына ашық сабақ

Исабеукова Балжан Есимовна Исабеукова Балжан Есимовна
DOCX
89
0
Предпросмотр

Менің Отбасым
Б.Исабекова , «М.Маметова атындағы орта мектеп –
мектепке дейінгі шағын орталығымен »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі
Алматы обылысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Май ауылы.


Мақсаты: Балалардың отбасытуралы түсініктерін кеңейту , бақытты сәттерін сезіне білуге, еліміздің салт дәстүрлерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Отбасы мүшелерін атай білуге үйрету.Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге тәрбиелеу . Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сөздікжұмыс: Отбасы –семья, ана- мама, әке- папа, ата- дедушка, апа- бабушка, әпке -сестра, аға- брат.
Көрнекілік: Отбасы мүшелерінің суреттері , магниттік тақта.
Әдіс тәсілдері: Түсінік беру, көрнекілік суреттер , сұрақ –жауап, әңгімелеу.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту, ой өрісін дамыта отырып сөздік қорын байыту .
Тәрбиелік мәні: Үлкендерді сыйлай білуге үйрету .Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу .


Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, балалар . Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане бәріміз шеңбер құрып бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді білдірейік


Дөңгеленіп тұрайық ,
Қолымызды соғайық.
Алақанды ашайық
Күн нұрын алайық,
Кеудемізге қойайық.
Денемізге тарасын,
Бір бірімізге әдемі тілек айтайық.


Ұйымдастыру кезеңі:Бүгін біз сендермен отбасы туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, отбасы деген не? Өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдер. Тақтадағы суреттерге назар аударыңдар. Үйдің үлкені ата. Ол әкеміздің әкесі. Атамызды барлығымыз жақсы көреміз. Балалар,