Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. «Гүлдей жайна, Астана» – яркий праздник столицы

«Гүлдей жайна, Астана» – яркий праздник столицы

Умарова Гульнара Максатовна
Умарова Гульнара Максатовна
DOCX
108
0

В этом документе представлен сценарий праздничного мероприятия под названием «Гүлдей жайна, Астана», посвященного дню рождения столицы Казахстана, города Астаны. Мероприятие наполнено музыкой, стихами и танцами, где дети рассказывают о своей любви к родному городу и делятся осознанием важных исторических моментов.

Среди выступлений, ведущие рассказывают о значении Астаны как символа независимости и национального единства. Важной частью программы являются музыкальные номера и стихотворения, которые исполняют дети, отображая их гордость и радость за Казахстан. Каждое выступление наполнено темой любви и преданности родной земле.

Финал мероприятия включает в себя особые пожелания от старшего поколения детям, где они делятся мудростью и верой в будущее. Уважаемые гости события могут насладиться красочным представлением, которое объединяет множество талантливых детей. Это не просто праздник, это важное событие, которое укрепляет связи между поколениями и вдохновляет на новые достижения.

Документ охватывает все моменты мероприятия, от приветствия зрителей до финального аккорда в виде грандиозного фейерверка, символизирующего надежды и мечты всех, кто присутствует. В целом, праздник «Гүлдей жайна, Астана» представляет собой великолепное отражение духовного единства и патриотизма народа Казахстана.

Предпросмотр

№23«Балауса» МДҰ
Picture 5


«Гүлдей жайна, Астана»
ертеңгілігі

Орындаған: Умарова Г.М.


2016 жыл.


«Гүлдей жайна, Астана»
Мақсаты:
Ендік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру. Бас қала – Астана туралы індер мен өлеңдерүйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
Астана көрінісі.Музыка ойнайды. Экранда Қазақстан туралы видео-
фильм көрсетіледі (әже немересін әлдилеп отырады). Әженің қолында кітап, бір шумақ ән айтады.

Немересі:
Әже, маған Астана туралы айтып берші?
Әжесі: Немерем, біздің қаламызды барлық ел біледі. Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана. 1998 жылы 10-маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болып өтті. Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша 1998 жылы 6-мамыр күні Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.
Немересі: Әже, мен Астана туралы тақпақ білемін.
Астана – елімнің бас қаласы,
Астана – ән қала,
Астана – сән қала!
Еліңмен егеменді өркендей бер,
Ақ қала,
Арман қала,
Астана!
Әжесі:Немерем, өркенің өссін, тақпағың қандай тамаша! Балам есіңде сақта елдің болашағы, Отанымыздың келешегі, бәрі сенің қолыңда.
Мен Отанның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем!(
Әжесі немересін алып кетеді. Музыка ойнайды.)
Безендірілген залға балалар қолдарына  ту ұстап кіреді.
Жүргізуші: Армысыңдар! Жиналған көпшілік қауым! Ұстаздар, ата – аналар, балалар! Бүгін бізде айтулы мереке. Жас қала,  Ару қала,  Арман  қала – мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласының туған күні.
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
 Жүргізуші:Қаламызда күнбе күн,
Ақ шағала үйлерді
Тұрғызады қаз-қатар
Қақ ортада жайнап тұр
Байтерек пен Ақорда,
Пирамида ,Қазына -
Сәулетті қала ,бұл........

Балалар (хормен): Астана!
Ендеше, Астана туралы өлең жолдарына кезек берейік.


Әліби
:
Ақша бұлттар аспанында,
Ақ ботадай ойнақтаған, жас қала.
Жүз түрленіп қас-қағымда,
Жан сырына бойлатпаған, Астана.
Инабат:
Көшелері күнге ғашық,
Әрбір тасы ән салатын, Астана.
Жырын толғап, биге басып,
Жер-жаһанды қарсы алатын, Астана.
Жанарыс:
Аппақ түнде арайыңды
Аңсап тұрып жұтып бағам, Астана.
Жусан иісі танауыңды
Жұпарымен қытықтаған, Астана.
Аяулым :
Сәулеті де Астананың сондай көркем,
Сағынамын қаламды алыс кетсем.
Сендей қала табылмас бар ғаламда
Асып – тасып әрқашан бақ – берекең.
Дамир:
Мы садимся в вертолет,
Отправляемся в полет.
Над горами и морями,
Над бескрайними полями.
Нұрдан:
Здравствуй, здравствуй моя Астана,
Здравствуй, здравствуй  столица родная
Здравствуй, здравствуй  народ и страна   
Процветанья всем вам я желаю
Айкерім:
Інжу тастан өріп бір

Салған ғажап – көрік бұл
Салтанатын, сәулетін
Жаңа Астанамыз жайнап тұр
Диас:
Әлемдегі дара бір

Есіл арбаты жаңа үй
Бүкіл әлем көріп тұр
Әсем сәндік қала бұл.


Томирис:

Әсем қала Астана

Ел қызыққан жас қала
Астана деп жазамын
Ақ параққа тағыда
Ерасыл:
Өсіп міне келемін

Байтеректей болып мен
Көз тартады – Астана
Биік Бәйтерегімен

Аделя:
Киелі  менің  Ақордам,

Арудай  сұлу  таранған.
Береке,  бірлік,  достықтың,
Тұнығынан  нәр  алған.
Нұрадин:
Астана – сұлу қала,
Астана – Ару қала .
Ержан:
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Жасмин:
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.
Айзере:
Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.
Ибраһим:

Мәрмәрдан қаланған,
Сан сарай, сан арман.
Жауһардай жарқырап,
Жас қала жаңарған.

Надир:
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.

Дарын:

Елордам қуатты,

Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
Сәбина:
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана
.
Нұржан:
Асқақтай бер Астана.
Берекеге бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
Евгений:
Астана-елімніңбасқаласы,
Астана-ән қала,
Астана-сән қала.
Еліңмен егеменді өркендей бер.
Асия:
Қызыл орда, Ақ орда,
Өзге елде жоқ орда,
Көкке бойын тіреген,
Көңіл күйі тоқ орда.
Кәусар:

Алматы – бал- анарым,

Ақжайығым, Аралым,
Қаратау, Хан тәңірі,
Астана – ақ жанарым.
Өмірғали:

Ел намысы – Нұр Аға,

Жер ырысы – қыр дала.
Су шынысы - зер мұнай,
Тау тынысы гүл-лала.
Жүргізуші: Келесі  кезекте мың бұралған  қыздарымыздың  Астананың туған күніне  тартулаған биін тамашалайық.
Би:  «Қуыршақтар»
Сәбина,Айзере,Асия,Айкерім, Кәусар.
Ән: «Астана»  Хор
Таңқаларлық сәт: Белін ұстаған, шаршаған атай келеді.

Жүргізуші:
 Сәлеметсіз  бе, ата! Келіңіз! Төрлетіңіз!
                  Шаршаған  боларсыз?  Мұнда жайғасыңыз!
Ата:        Ой, шаршағаным ай!  Су болса, су беріңдер!
         Мына күннің ыстығы  өтіп бара жатыр.
Жүргізуші: Ата, қайдағы су, одан да қымыз алдырайын.
         Бүгін бізде үлкен – той.
– Астананың туған күні.

       - Қазір ата.
        - Атайға қымыз әкеліңдер!
Көрініс: «Қазақстанның елтаңбасы».
Атай иіліп теңгені алады да, қарап тұрады.
1 Бала:
Ата не ол?
Ата: Бір теңге ғой.
1 Бала: 1 теңге?
2 Бала: 1 Теңгеге бола сонша иілгеніңіз не? Әлде ақша керек пе?
Ата: Мәселе ақшада емес. Я, бір жағынан қарасаң жерде жатқан кәдімгі бір теңге. Ал былай қарасаң – елтаңба. Елтаңба, ту – қазақ деген елдің таңбасы. Тұтас бір елдің намысы ол. Ал мен елімнің елтаңбасын ешкімге таптатпаймын.
1 Бала: Түсіндік, ата. Бәрінде түсіндік.
Ата: Сондықтан да, қайда бармасаңдар да елдің туын биік ұстап жүріңдер.
2 Бала: Рахмет, ата. (Ата екі баланы құшақтайды).
Ата: Ал, балаларым. Ақшаларыңды жоғалтсаңдар да, адамгершіліктеріңді жоғалтпаңдар.
1 Бала: Жақсы онда.
Ата: Сау болыңдар.
2 Бала: Сау болыңыз. (Құшақтасып қоштасады).
Жүргізуші: Туған жері-түп қазығы, айбыны,
                     Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
                     Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі! – дегендей келесі кезекте
«Туған жер» туралы мақал – мәтелдерге кезек берейік.

Артынша мақалшылар келеді.
Диас:  Өз үйің өлең төсегің.
Ерасыл: Туған жердей жер болмас, 
                  Туған елдей ел болмас.
Ибраһим: Туған жер — тұғырың, 
Туған ел — Қыдырың.
Айзере:   Өзге елдің гүлінен
  Өз еліңнің тікені артық.
Отан оттан да ыстық.
Ата:   - Ой, бәрекелді балалар! Қане қолдарыңды  жая қойыңдар сендерге батамды берейін.

Бата:Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын.
Қазаныңда қайнаған
Кілкілдеген май болсын.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін басыңнан дәулет
Әумин!
Жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден  шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.  
Сөз қадірін білген елміз.
Рахмет ата, батаңыз қабыл болсын!
Жүргізуші: Көрікті шексіз даласы бар,
Бау - бақша белі бар
Өзені мен көлі бар
Сәулетті үйі бар.
Ардақты  халқым қазақтың жерін демекші келесі  кезекте
Хор:  «Достық» әні
Залға бір – бірімен сөзге таласқан Алматының апорты мен Астананың Бәйтерегі келеді.
Апорт: Мен болам!
Бәйтерек:  - Мен болам!
Апорт:  Мен үлкенмін, менің жасым үлкен.
Бәйтерек: Ал мен биікпін, төбем көкке тіреп тұр.
Жүргізуші: - Балалар мынау Алматының  апорты  мен,  Астананың  Бәйтерегі  ғой.
- Апорт ханым, Бәйтерек мырза, сабыр етеңіздер!
- Неге таласып жатырсыздар? Біздің мерекеміздің  шырқын бұзбаңыздар. Бүгін біз  Астананың туған күнін тойлаудамыз.
Бәйтерек: - Мына кәрі апорт біздің астана Алматы қаласы болу керек деп таласуда.
Жүргізуші: Сіздер таласпай, одан да біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.
Апорт мен Бәйтерек келіседі.
Би: «Зонтик»
Жүргізуші: Олай болса тақпақтарға кезек берейік:

Аружан:

Сарыарқа төрінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала бас қала,
Астана өсуде.
Дулыға:
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Аделя:
Ел ордам менің –Астана
Осында жаңа бастама.
Диана:
Отанымның төрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам Астанам
Бейбарыс:Ару қалам, Астана!
Бой көтерген жас қалам.

Сабина:
Арайлы таң Астанам
Тек өзіңмен мақтанам.
«Бәйтерек»пен «Ақорда»
Жас та болса,бас қала.
Сұлтан:
Астана-сұлу қала,
Елорда –менің Астанам.
Ердәулет:
Отанымның төрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам Астанам
Гүлнұр:
Амансыңба ба,Алтын күн!
Амансыңба, Жер ана!
Амансың ба,Астана!
Айару:
Астана-арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады жап-жас болып
Мерей:
Ардақталды Астанам,
Мәртебелі бас қалам
Көркейе бер күн сайын
Алға қарай бас қадам.
Айлина:
Астанаң-менің мақтанам
Сенен мұнда бақ қалың
Куәгері боламыз
Ең тамаша шақтардың
Даяна:
Алматы –бал-анарым
Ақ жайығым,Арайлым
Қаратау,Хан тәңірі ,
Астана –ақ жанарым.
Асылзат:
Астана –сұлу қала,
Астана-Ару қала.
Бәйтерек пен Апорт дидактикалық ойын ойнатады. «Дұрысын таңда!»
Ойынның шарты :  «Ғажайып сандықтан» шыққан суреттерді тиістісіне жапсыру . Екі қаланың картасы тұрады. Картаға жапсырады.
Мысалы: Бәйтерек – Астанада    Апорт – Алматыда
Пирамида -                           Медеу мұз айдыны
Есіл өзені                             Алатау
Ел Ордасы
Хан шатыры
Жүргізуші: Астана - Ару қала
                  Астана - сұлу қала
                  Астана – зәру  қала
                  Астана – көркем  қала
Келесі кезекте  би: «Чунга-чанга»
Апорт: Ой,  балалар, менің көзім жетті
          Мен қартайған екенмін.
          Дегенмен жастың аты жас қой.
         Алдыңғы толқын ағалар,
         Кейінгі толқын інілер деген
         Мен өз жолымды білейін.
         Ақ жол саған Астана.
Екеуі татуласып шығып кетеді.
Келесі кезекте қыздарымыздын биін тамашаланыз!
Би «Танец с обручем»

Жүргізуші: Күй тартылып барлық өлен айтылсын 
Ана күліп өткен күнді ойға  алсын 
Басқа тойды  тойламасаң, тойлама
Астананың туған күні  тойлансын
«Флешмоб»
«Астанаға арнау» әуені.


Жүргізуші:

Әр адамда өз анасынан басқа,
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқадан.
Болу керек құдіретті төрт ана,
Туған жері – түп қазағы, айбаны.
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі!
Фейерверк атылады.
Жүргізуші:Құрметті балалар! Сендер қазір бейбіт өмірде, Астана жаңа қаланың гүлдену уақытында өмір сүріп жатсыңдар! Біздің астанамыздың, туған жеріміздің болашағысыңдар. Сондықтан мына қолдарындағы бейбітшілік құсы -ақ көгершінді ұшырып, тілек тілесеңдер, кішкентай кездегі армандарың күндердің күнінде орындалады.
Бүгінгі  Астана күніне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Келген қонақтарымызға көптен-көп рахметімізді айтамыз.