Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Сценарии мероприятий
  3. Новогодние
  4. Жасыл шырша жанында: Новый год и волшебство

Жасыл шырша жанында: Новый год и волшебство

Сарсенбаева Айнур Битимбаевна
Сарсенбаева Айнур Битимбаевна
DOC
338
8

Каждый год, с наступлением зимы, приходит время чудес и прелестей, когда детские улыбки озаряют мир. Новогодний праздник «Жасыл шырша жанында» стал не только традицией, но и настоящим праздником радости и веселья. На этом мероприятии маленькие артисты дарят зрителям тепло и позитив, погружая в волшебную атмосферу Нового года.

Праздничный вечер начинается с песен и танцев, в которых участвуют дети, каждый из которых открывает свои таланты. Они учатся исполнять не только веселые песни, но и завораживающие танцы, которые будят творческий дух и вдохновляют окружающих. Их старания создают неповторимую атмосферу, наполняя зала смехом и радостью.

С каждым выступлением маленькие участники крепче осознают важность праздника для них и для своих близких, ведь Новый год – это не только подарки, это время, когда все близкие собираются вместе, чтобы отметить уходящий год и встретить новый в кругу родных и друзей. Как понять, что праздник удался? Конечно, по праву принадлежащему детям восторженным взглядам и аплодисментам зрителей!

На праздник приходит и сам Дед Мороз, напоминая о том, что каждый из нас, независимо от возраста, может окунуться в сказочный мир, ведь дни новогодних праздников наполняют сердце надеждой и ожиданием перемен к лучшему. В этом году мы все вместе повторим, как важно верить в чудеса и делиться радостью с окружающими.

Предпросмотр

«Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін
қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын
ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге
үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін
арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,
ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар көңілді әуен ырғағымен қолдарына қар ұстап келіп, билейді.
Ән «Аппақ-аппақ жапалақтап» орындалады.


Әннен соң ортаға бір бала шығады
Санжар
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!


Наргиза: Жаңа жылда жол болсын!
Ахмет: Әрбір үйде той болсын!
Жанарыс: Берекелі жыл болсын!
Жаңагүл: Ақ дастарқан мол болсын!


Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!


Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!


Ортаға мектеп директорын шақырамыз


Шырша шамын жағу сәті


Ән «Елочка» хор


1 бала: Аяз ата келе ме?
Бізге сыйлық бере ме?


2 бала: Әрине, ата келеді
Бізге көп сыйлық береді.


Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.


Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз ата мұнда келмейді,
Сендерге сыйлық бермейді.
Балалар: Қалайша?
Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,
Сендерді таба алмай
Үйіне қайтып жетіпті.
Тәрбиеші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?
Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық
береді.Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.
Мұның артында бір шикілік бар сияқты.Таңжарық,Әлімжан екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін біліңдер.
Екеуі: Жарайды, біз кеттік. (түлкінің соңына түседі)
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың
сықырын естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естіп тұрмыз.


Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!


Балалар: Аяз ата, Ақшақар!


Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.


Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.


Би «Домбыра» Каусар, Жаңагүл


Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық
толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,
жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?


Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді.


Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып
қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысы
дұрыс па, балалар?


Балалар: Жоқ.


Түлкі: Қулық-сұмдықты жоямын
Өнерге ден қоямын
Аяз атам мені кешірсе
Сыйлығына тоямын.


Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет.


Түлкі: Достарым менің келіңдер,
Бірге билеп көріңдер


Ән «Шырша жыры» Наргиза


Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Әндерің керемет екен.


Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық
Аяз атаға арнаған
Тақпақтарымызды айтайық.
Ахмет
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Тұрар
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.


Наргиза
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Жасұлан
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Нұарасыл
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.
Әлімжан
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Санжар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяз ата: Сағынғандарыңнан айналдым! Азамат болыңдар!
Тәрбиеші:
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша!


Каусар мен Жаңагүлдің орындауында әні


Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Бүлдіршіндер балалар
Би билеп, бірге ойнасын!



Би «Морячка» орындалады
Таңжарық, Жаңагүл, Санжар, Наргиза
Тәрбиеші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар әнші жұлдыздардан
кем түскен жоқ.Әнші, бишілерімізді қошеметтеп қояйық.
Тәрбиеші: Өкінішті. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатын
кез келді.Мешінді шақырайық


Мешін: Мен мешінмін, мешінмін
Өзім сондай сұлумын
Жаңа жыл кілтін табыстап,
Тауыққа сеніп берейін.
Тәрбиеші: Жаңа жыл неге кешікті, Уақыт 12-ден асып кетіпті.
Аяз ата: Жаңа жыл менің қасымда,
Қорықпа, апай аптықпа
Жатыр мына корапта
Шығады қазір асықпа
Тауық: Қыт-қыт-қыт
Мұныма еш қысылмаймын.
Қорғану үшін жауымнан
Айбат шегіп қыт-қыттаймын.
Жамандыққа қаспын,
Жақсылыққа жақпын.
«Батырлар» биі орындалады


Тәрбиеші: Қабағын еш түймейді,
Аяғы жерге тимейді.
Мерекеде шаттана
Үнді қыздар билейді


«Үнді биі» орындалады. Наргиза


Тәрбиеші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдық
Бір жасқа енді. Деп қуанып балалар аяз атаға би билеп бергісі келіп тұр қане
Бір топ балалардың орындауында балапандар биі
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер
сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңдар!