Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Көрнекілік модельдеу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту

Көрнекілік модельдеу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту

Шотабаева Назым Канагатовна
Шотабаева Назым Канагатовна
DOC
162
0

Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту үшін көрнекілік модельдеу әдісінің маңызы ашылады. Бүггі таңда балалардың сөз байлығы мен сөйлеу мәдениеті маңызды мәселеге айналуда. Көбінесе балалар қысқа немесе әдеби емес сөздерді қолданады, бұл олардың коммуникациялық дағдыларын төмендетеді. Біз көрнекілік модельдеу тәсілін қолдану арқылы осы мәселелерді шешуді ұсынамыз.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалар үшін сөйлеу тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар эмоциялар мен шығармашылық қабілеттерді білдірудің де маңызды формасы. Көрнекілік модельдеу бұл кезеңде балаларға ойын түрінде эволюциялық даму мен сөйлеу мәдениетін меңгеруге көмектеседі. Мысалы, балаларға белгілі ертегілерді сахналық қойылымдар арқылы көрсете отырып, олардың эмоционалдық белсенділігі мен шығармашылық ойлауын дамытуға болады.

Көрнекі материалдар мен модельдер арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін нығайту, оларды шығармашылық жұмысқа тарту - осы әдістің негізі. Мұндай жұмыстар барысында педагогтар балалардың табиғи қызығушылығына, мінез-құлқына назар аударып, сөйлеуді дамытуда тиімді тәсілдерді қолдана алады. Бұл тек балалардың сөздік қорын емес, олардың логикалық ойлау және коммуникативтік дағдыларын да жақсартады.

Сонымен қатар, мұндай жұмыстар отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ата-аналардың да балалармен қарым-қатынасын жақсартуға, олардың білім алу процесіне қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көрнекілік әдістерді енгізу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетінің сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асырылатын барынша тиімді бағдарламалар әзірленуде.

Вам будут интересны эти конкурсы: