Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Балалардың Ойлау Қабілетін Дамытатын Ойындар Топтамасы

Балалардың Ойлау Қабілетін Дамытатын Ойындар Топтамасы

Жанарбек Гулзәда Жанарбекқызы
Жанарбек Гулзәда Жанарбекқызы
DOCX
163
0

Ойын – бала тәрбиесінің негізі. XXI ғасырда білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру жолында ойын әдісінің рөлі ерекше. Ойын арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, шығармашылығы дамиды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттері, мінез-құлықтары ойын арқылы қалыптасады.

Бала өмірінде ойынның маңызы зор. Ойын барысында балалар өздерін қоршаған әлемді таниды, түрлі кейіпкерлердің образында әрекет етеді. Мұндай әрекет балаларға психологиялық тұрғыдан оң әсер етеді. Ойнай отырып, бала сөздік қорын байытады, зейінін, аңғарымпаздығын арттырады.

Тәрбиеші ретінде мен мектепке дейінгі жастағы балалардың когнитивті дағдыларын дамытатындай түрлі ойындар топтамасын ұсынып отырмын. Бала ойын арқылы өз мүмкіндіктерін, қиялын, қарым-қатынас қабілеттерін көрсетеді.

Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар балалардың логикалық ойлауын, сөйлеу дағдыларын арттыру үшін құнды. Олар өзара пікірлесуге, бір-бірінің эмоцияларына жауап беруге үйренеді. Ойын әдісі балаларға оқыту процесін қызықты етеді, ал тәрбиелік мәні зор.

Ойын арқылы баладан жаратылыстану, математика, тілді меңгеру сияқты маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік жасаймыз. Келіңіздер, осы ойындар арқылы баланың шығармашылық әлеуетін бірге ашайық!

Вам будут интересны эти конкурсы: