Технологиялық карта: Пойыз
Данный документ представляет собой технологическую карту учебной деятельности для детей группы «Қызғалдақ» в детском саду «Шұғыла». В нем изложены основные этапы и цели занятия, связанного с темой «Пойыз». Занятие направлено на знакомство детей с понятием поезда, его важностью и ролью в современном мире. Кроме того, через творческие задания и прикладное искусство дети смогут развить свои навыки и художественное восприятие.
Особое внимание в ходе занятия уделяется тому, как научить детей работать с материалами, применяемыми для создания моделей поездов, а также развивать их интерес к творчеству. В программе предусмотрены интерактивные методы, такие как вопросы и обсуждения, которые помогают детям более активно участвовать в процессе обучения, а также закрепить полученные знания через практические задания.
Важно, что занятие включает в себя не только сам процесс создания, но и мотивационные моменты, стимулирующие детей развивать свое любопытство и интерес к окружающему миру. Например, выяснение значимости весеннего времени года в контексте учебной деятельности задает позитивный тон для дальнейших упражнений и игр, связанных с поездом.
В ходе занятия дети также работают в группах, что способствует развитию социальных навыков, включая сотрудничество и командный дух. Они учатся помогать друг другу и делиться своими идеями, что делает обучение более эффективным и увлекательным. Итогом занятия станет создание коллективной работы — модели поезда, что позволит детям увидеть результаты своего труда и гордиться ими.
№ 4 «Шұғыла» балабақшасы
Тақырыбы:
«Пойыз»
«Қызғалдақ» тобы
Орындаған: Әлімбетова М.
Әйтеке би кенті
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Топ атауы: «Қызғалдақ» тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: жапсыру
Тақырыбы: «Пойыз»
Мақсаты: Балаларға пойыз туралы түсінік беру, жапсыруға қызығушылығын
арттыру, көркемдік талғамын дамыту, ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көресту, сұрақ-жауап
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: суреттер, слайд.
Сөздік жұмыс: пойыз
Билингвальды компонент: пойыз - поезд.
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар келген қонақтармен сәлемдесу.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, жыл мезгіліне тоқталып өтейік
Қазір жылдың қай мезгілі екен?
Көктем мезгілінде неше ай бар екен?
Көктем айларын атайықшы?
Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай болады?
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Жарайсыңдар балалар
Рахмет!
Сәлеметсіздер ме!
Қош келдіңіздер!
Көктем мезгілі.
Үш ай бар.
Наурыз, Сәуір, Мамыр.
Жер көктеп, күн шуағын шашады. Құстар келе бастайды.Талдар бүршік жарады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Жұмбақ
Топтанып келе жатыр қара қабан,
Ойлаған жерлеріне тынбай барған.
Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып,
Болдырып шаршамайтын сондай айуан.
Балалар қазіргі таңда көліктердің түрлері өте көп.
Олар машина, автобус, трактор, пойыз, тағы басқа.
Ал бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы балалар «Пойыз».
Ендігі кезекте балалар мына суреттерге назар аударайық.
Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
Балалар пойызды білесіңдер ме?
Пойыз түрі,түсі, пішіні қандай екен?
Балалар ендеше пойызды жапсыруға кірісеміз бе?
Балаларға жасалу жолдарын көрсету, балалармен жұмыс, жеке баламен жұмыс.
Балалар осы пойызды жапсыру үшін еңбек керек екен. Сендерге еңбек туралы мақал айтып берейін.
Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
жалқаудың жаны тәтті.
Еңбек түбі береке.
Сергіту сәті
Кане, кімнің бойы ұзын?
Паравозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паравоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пыш-пыш, пыш-пыш, біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік.
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма бірің де.
Пыш-пыш, пыш-пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым тездеттік.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар біз не жасадық?
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жақсы белсене қатыстыңдар, сендерге көп рахмет!
Ал балалар сендерге мен енді қуанышты хабарлама таратамын.
(Пойыз)
Балалар назарын суретке аударды.
Пойыздың түрлері.
Білеміз.
Түрлері әртүрлі.
Пішіні үшбұрыш, төртбұрыш,домалақ болады.
Иә.
Тәрбиешімен бірге қимылды жасайды.
Пойыз
Балалар қуанышты көңілді.
Рефлексиялық -түзетушілік
Балалар келген қонақтарға жылы лебіздерімізді тілейік. Аспанымыз ашық болсын,
Деніміз сау болсын,
Нанымыз көп болсын,
Ата-анамыз аман болсын.
Балалар қуанышты лебіздерін айтты.
Күтілетін нәтижелер:
білуі: балалар пойыз жапсырудың жолдарын білді;
меңгерді: қағаздан пойызды жапсыра білуді үйренді;