Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Сказкотерапия для детей средней группы: методические рекомендации

Сказкотерапия для детей средней группы: методические рекомендации

Еламанова Айгуль Зейнуллаевна
Еламанова Айгуль Зейнуллаевна
DOCX
140
1

В данной работе представлены методические рекомендации по проведению занятия по сказкотерапии для детей средней группы в «Балдырған бөбекжайы». Целью занятий является развитие у детей коммуникативных навыков, доброты и интереса к инновационным методам образования. Сказкотерапия помогает детям не только развиваться, но и лучше понимать эмоции, улучшать настроение и формировать дружеские связи.

Занятия начинаются с приветствия, где дети, сидя в круге, делятся теплыми словами и добрыми пожеланиями друг другу. Это помогает создать атмосферу доверия и радости. Затем детей приглашают поиграть в игры на воображение, где они учатся включать фантазию и развивать креативные способности. Через такие игры занятия становятся более увлекательными и запоминающимися.

Наглядный пример использования сказки в занятиях – это история о различных цветных звездах, каждая из которых имеет свою уникальную силу – смелость, красоту, мудрость, доброту. Через эту сказку дети могут понять, как важно быть разными, и научатся принимать и уважать различные качества своих сверстников. Напряжение и радость в каждой игре создает особую связь между детьми и помогает им лучше понимать друг друга.

Таким образом, методические рекомендации по сказкотерапии направлены на гармоничное развитие детей, позволяя им исследовать мир эмоций и учиться важным жизненным урокам. Вы можете использовать данные рекомендации как основу для своих занятий, добавляя новые идеи и творческий подход, чтобы каждый ребенок нашел свою собственную звезду в этом процессе.

Предпросмотр

«Балдырған бөбекжайы» МКҚК





Тақырыбы



(ортаңғы топ балаларына арналған ертегітерапия)





Дайындаған: педагог – психолог
А. Еламанова








Бейнеу селосы
Қаңтар, 2016 ж
Мақсаты:

  1. Инновациялық технологияны қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттыру;

  2. Балалардың мейірімділік қабілетін дамыту;

  3. Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру;

  4. Топты біріктіру.

Сабақ барысы.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көріп тұрғаныма қуаныштымын. Сендердің көңіл-күйлерің қалай? (балалардың жауабы) Көңіл-күйлеріңді көтергілерің келе ме? Ендеше бір-бірімізге жылы сөздер айтайық.

  1. Сабақты бастау рәсімі: Балалар шеңбер бойымен отырады. Бір бірінің қолдарын ұстап, жылы сөздер, тілектер айтады.

  2. «Көз алдыңа елестет» ойыны. Балалар сендер қиялдағанды, ойнағанды жақсы көресіңдер ма? Менмен ойын ойнауға дайынсыңдар ма? Біз ерекше ойын ойнаймыз,сендер менің айтқандарымды көз алдарыңа елестету керексіңдер. Мысалы, менің қолымда доп бар, ол үлкен (қолмен үлкен допты көрсету) және ауыр. Мен бұл допты Ерасылға берем, Ерасыл келесі балаға береді, осылай әрі қарай жалғаса береді.

  3. «Жұлдызды жалғастыр» ойыны . Мен сендерге келе жатқанымда менің қолыма кішкентай ғана жұлдыз аспаннан топ ете қалды. Қандай екеніне қараңдаршы(қолымда бірдеме ұстап тұрғандай көрсетемін), ол менің көңіл күйімді, сезімімді білдіреді. Менің жұлдызым кішкентай, алтын сияқты жалт – жұлт етеді. Ал сендердің жұлдыздарың қандай болады?(қияли жұлдызды балаларға берем, барлық балалар өздерінің жұлдыздарын айтып береді.)

  4. «Таңғажайып сәт» Есік қағылады: қонаққа ойыншық маймыл келеді.

Маймыл: - Балалар, сендерге асығып келе жатқанымда сүрініп құлап түстім.
Жүргізуші: Маймыл, асықпа сен бірнәрсе ұмытып кеткен сияқтысың, балалармен амандастың ба?
Маймыл: Ой, кешіріңдерші, сәлем балақайлар! (балалармен амандасады.)
Жүргізуші: Балалар, сендер амандасудың әртүрлі тәсілдер болатынын білесіңдер ма? Әртүрлі әдіспен амандасу. Балалар, мен сендерге жұлдыздар туралы ертегі айтып берейін, маймыл сен де балалармен бірге ертегі тыңда.

  1. «Түрлі – түсті жұлдыз» туралы ертегі. Биік қараңғы аспанда, үлкен жұлдызды алаңқайда жұлдыздар өмір сүріпті. Жұлдыздар өте көп және әдемі болған екен. Олар жарқ – жұрқ етіп түнде жарқырап тұрады екен. Жұлдыздар әртүрлі түсті болған екен. Бұл жерде қызыл жұлдыздар болған екен, олар адамдарға батылдық сыйлайды екен. Осы жұлдызда туған адамдар ержүрек болады екен. Бұл жерде көк жұлдыздарда бар екен, олар адамдарға сұлулық сыйлайды екен. Осы жұлдызда туған адамдар өте сұлу болады екен, ал қалған адамдар оның сұлулығына сүйсінеді екен. Бұл жерде сары жұлдыздар да бар екен, олар адамдарға ақыл ой сыйлайды екен. Бұл жерде жасыл да жұлдыздар болған екен, жасыл жұлдызды туған адамдар өте мейірімді , жүрегі үлкен адамдарға көмектескенді жақсы көреді екен. Осылай жұлдыздар тату – тәтті өмір сүріп жатты.

Күндердің күнінде бір нәрсе жарқ ете қалды. Барлық жұлдыздар жиналып не болғанын көруге жиналды. Алаңқайда бір кішкентай жұлдыз пайда болған екен. Жұлдыздың түсі аппақ болды... Ол жан – жағына қарап, көзін қатты жұмып алды: оны қоршаған жұлдыздар тамаша еді.

  • Сендер кімсіңдер? деп сыбырлады.

Жұлдыздар өздерін таныстырды:

  • Біз – қызыл жұлдыздармыз! Біз адамдарға батылдық сыйлаймыз!

  • Біз – көк жұлдыздармыз! Біз адамдарға сұлулық сыйлаймыз!

  • Біз – сары жұлдыздармыз! Біз адамдарға ақыл – ой сылаймыз!

  • Біз – жасыл жұлдыздармыз! Біз адамдардың жүрегін мейірімділікке толтырамыз! Ал сен қандай жұлдызсың? Сенің қолыңнан не келеді?

Ақ жұлдыз өзіне қарап көңілі түсіп кетті:

  • Мен ешқандай емеспін ... Менің қолымнан ештеме келмейді – деп жауап беріп жылағысы келіп кетті. Балалар, қалай ойлайсыңдар, жұлдыздар не істеді? (балалардың жауабы)

Жұлдыздар көп жақсылық жасайтын, осы жолы олар былай деп шешті, бір – бірден жұлдыздар жұлдыздар ақ жұлдызға қол ұштарын тигізіп әртүрлі түстерден қалдырып еді, олардың қолдарының іздері жылтырап қалды. Содан кейін ақ жұлдыз әп – әдемі түрлі – түсті болып шықты. Барлық жұлдыздар қуанып, аспанда айналып, ойнады. Осылай жұлдыздар көңілді жүргенде, кенеттен жаман сиқыршы келіп қалды. Ол адамдарға жамандық жасағанды ұнататын, оларға жамандық жасап болған соң, жұлдыздарды сөндіргенді жақсы көретін. Жұлдызды алаңға келіп, ауаны жинап алып ф – ф – фу! Деп үріп қалғанда жұлдыздардың барлығы сөніп – қап – қара тесік болып қалатын.
Жұлдыздар сиқыршыны көріп, барлық күштерін жинап үрледі, бірақ зұлым сиқыршы жұлдыздардан қорықсын ба? Енді ауаны жинап жұлдыздарды сөндірейін деп жатқанда, түрлі – түсті жұлдыз алға қарай шықты. Сиқыршы таңдана:

  • ОЙ! Мына жұлдыз қайдан шыққан? Сен кімсің?

  • Бұл мен! Түрлі – түсті жұлдыз!

  • Түрлі – түсті? Ондай туралы естіген жоқпын!Сен не істей аласың өзі?

  • Менің қолымнан бәрі келеді! – деп жауап берді мақтана

  • Бәрі қолымнан келеді дейсің бе? – деп қарқ – қарқ күледі. Казір мен үрлегенде сөніп қаласың!

Осы кезде түрлі – түсті жұлдыз жарқын нұрын, бойындағы барлық күшін сиқыршығаға қарай шашқанда, сиқыршы қорқып кетеді. Жұлдыздан ондай күш күткен жоқ, көзін жұмып алып, әрең дегенде қашып құтылады. Содан бастап ол жұлдызды алаңның маңына да жоламайтын болды. Жұлдыздар болса тойлап, көңілді ойын ойнады. Ал түрлі – түсті жұлдыз ортасында жарқырап жүрді.
Ертегінің сюжетін ойнату: жаңа жұлдыздың пайда болуы. Алаңқай қандай болды?
Жұлдызды алаңқайда кімдер өмір сүрді? Түстері қандай болды?

  1. Сиқыршы келген кездегі жағдайды талқылау?

Бір күні не болды? Сиқыршы қандай болды? Ол не ойластырды? Ол зұлымдығын неге жүзеге асыра алмады?

  1. Сиқыршымен кездесуді ойнату.

Оқиға немен аяқталды? Неге? Балалар, күш бірлікте екен.

  1. Топтың жұлдызды алаңқайын жасау.

Қазір мен өзіміздің жұлдызды алаңқайымызды жасауды ұсынамын. Мен сендерге кішкентай ақ жұлдызшаларды таратып беремін, ал сендер өз қалауларың бойынша оны бояңдар:түсі қандай болады, қандай қабілетті болады .

  1. Релаксация. Жұлдызды алаңқайға балалардың бояған жұлдыздарын ілу, релакс әуенін қосып қою.