Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Дене тәрбиесі: мектепке дейінгі балалар үшін негізгі аспектілер

Дене тәрбиесі: мектепке дейінгі балалар үшін негізгі аспектілер

Даумшарова Жулдыз Абдил-Ашимовна
Даумшарова Жулдыз Абдил-Ашимовна
DOCX
242
0

Дене тәрбиесі – баланың физикалық дамуын, психологиялық және әлеуметтік жетілуін қамтамасыз ететін кешенді педагогикалық процесс. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың денсаулығын нығайту басты мақсат болып табылады. Дене тәрбиесі арқылы балалардың дене мүшелері шынығып, олардың биологиялық функциялары қалыптасады. Бұл процесс еңбекке қабілеттілікті арттырып, дене дамуындағы негізгі кезеңдерге көшуге мүмкіндік жасайды. Осыған орай, дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың физикалық және психикалық дамуын қолдау, қолайлы жағдай жасау.

Дене тәрбиесінің бірінші міндеті – балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Балалаардың жинақы жүруі, жүгірүі, секіруі, өрмелеуі секілді негізгі қимыл әрекеттері дарыны мен дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, спорттық ойындар мен гимнастика дененің барлық бұлшық еттерін белсенді түрде пайдаланып, жабдықталған жағдайларда орындалу қажет, бұл балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады.

Балабақшаларда дене тәрбиесін ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер мен әдістер қолданылады. Олардың арасында қимылды ойындар, жеке және топтық жаттығулар, серуендер мен физкультура сабақтары бар. Дене тәрбиесі, негізінен, балалардың қоршаған ортамен дұрыс байланысын қамтамасыз етеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – бұл кешенді процесс, ол тек баланың физикалық дамуымен шектелмейді, сонымен қатар, оның моральдық, психологиялық, әлеуметтік тұрмысын да қамтиды.

Дене тәрбиесі – балалардың денсаулығын нығайту мен физикалық дамуын ынталандырудың қалыпты механизмдері мен әдіс-тәсілдерін, қимыл дағдыларын игеру үшін тиімді жағдайлар жасау болып табылады. Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыруда сапалы әдістемелік көмек, балалардың денсаулығын қорғау, дене жетілуін қамтамасыз ету ерекше назарда болуы тиіс. Санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң орындау, балалардың тамақтануын, күн тәртібін ұйымдастыру денсаулығын нығайтуға әсер етеді.

Вам будут интересны эти конкурсы: