Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Технологиялық карта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті на тему «Мысық»

Технологиялық карта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті на тему «Мысық»

Сайлаухан Айшаш Сайлауханқызы
Сайлаухан Айшаш Сайлауханқызы
DOCX
299
1

Екібастұз қаласындағы «Қарлығаш» бөбектер бақшасында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы балаларға мысық тақырыбын қызықты әрі танымды түрде ұсыну мақсатында әзірленген. Мұнда біз мысықпен таныстырумен қатар, балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар мен тапсырмалар жиналған.

Бала тәрбиесі мен білім беру саласында шығармашылықты дамыту өте маңызды. Сондықтан, осы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты – мысықтың бейнесін геометриялық пішіндер арқылы салу, балалардың тазалыққа және жануарларға қамқорлық жасауға баулу, сондай-ақ, ұсақ қол қимылдарын дамыту. Балалар бұл сабақта өз шығармашылық тұрғыда көркемдік тәжірибесін жетілдіре алады.

Оқу іс-әрекетінің барысында балалар үшін арнайы орталықтар ұйымдастырылған, әрқайсысы өз тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Бейнелеу орталығында акварельмен мысықтың бейнесін бояу, әдебиет орталығында «Мысық» тақпағын жаттау, манипулятивтік орталықта мысыққа арналған сүт ішетін ыдыс құрастыру сияқты шығармашылық іс-әрекеттер жүргізіледі.

Тәрбиеші балаларды жұмбақтармен қызықтырып, оларды ойын арқылы сабақтың тақырыбымен таныстырады. Мұндай тәсілдер балалардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сабақтың қорытындысында рефлексивті-түзетушілік кезеңінде балалар өз жұмыстарының нәтижелерін көрсету арқылы алған білімдерін бекітеді.

Предпросмотр

Екібастұз қаласы Екібастұз қаласы әкімдігінің Шідерті поселкесі әкімі аппаратының №11 «Қарлығаш» бөбектер
бақшасы»КМҚК
Shape1



Тақырыбы: «Мысық»



Дайындаған: Сайлаухан А. 2 санатты тәрбиеші






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:

Білім беру саласы

Шығармашылық

Бөлімі

Сурет

Тақырыбы

Мысық



Мақсаты:

  • Мысықпен таныстыру.

Міндеттері:

  • геометриялық пішіндер арқылы мысықтың суретін салуды үйрету;

  • балаларды тазалыққа, әдемілікке баулу; жануарларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;

  • ұсақ қол қимылдарын дамыту.

  • Тілдерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

Мысықтын суреті, үлгі, альбомдар, акварель, қылқалам, қарындаштар, дидактикалақ ойын.

Үш тілдік

Мысық-кошка-a cat, үлкен-большой-big, кішкентай-маленький-small, тышқан-мышь-mause, аяқтар-ноги-jeet.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ
Үлкен емес, кішкентай; жабайы емес, үй жануары; ойыншықпен емес, тышқанмен ойнағанды ұнатады.
Ол не?
«Төртінші артық» ойыны
Тақтадағы суреттердің ішінен (3 жабайы жануар және 1 мысық) артық суретті табуды ұсынады.
Орталықтарға бөліну
Балалар бүгін біз үш орталықта жұмыс жасаймыз: 
1.Бейнелеу орталығында мысықтың бейнесін бояймыз.
2. Әдебиет орталығында мысық туралы тақпақ жаттаймыз
3. Манипулятивтік орталығында қатты қағаздан мысыққа сүт ішетін ыдыс құрастырамыз.
Осы жұмыстарды жасау үшін біз орталықтарға фишка арқылы бөлінеміз.

Жұмбақтың шешуінің мысық екенін айтады.



Мысықтың артық екенін айтады, жауаптарын дәлелдейді:
-Өйткені ол жабайы жануар емес, үй жануары.



Ұйымдастыру-іздестіру

Бейнелеу орталығы: Акварельдік бояу әдісі арқылы мысықтың бейнесін бояу.



Әдебиет орталығында «Мысық» туралы тақпақты тірек сызба арқылы жаттау
Пеш қасында мысық отыр
Екі көзін қысып отыр
Тышқан етін жегісі кеп,
Оның тісі қышып отыр

3. Манипулятивтік орталығында қатты қағаздан мысыққа сүт ішетін ыдыс құрастыру.


Акварельдік бояу тәсілі арқылы мысықты бояйды.









Тақпақты тірік-сызба арқылы жаттайды






Қатты қағаздан мысыққа арналған сүт ішетін ыдыс құрастырады.



Рефлексивті –түзетушілік

Балалар мысық нені жақсы көреді? 
«Тышқанды тап » ойыны: 
Үстел үстіндегі суреттерден тышқанды тауып алу қажет.Тапқан тышқанды мысықтың алдына қою керек. 
Балалар мысықты әдемі етіп боядық, енді мысығымызға арнап тақпақ айтып берсек қайтеді. 

-Тышқанды
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап, тышқанды мысықтың алдына қояды.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Жануарлардың қай топқа жататынын.

Нені игерді

Геометриялық пішіндер арқылы мысықтын суретін салуды.

Нені білді

Қылқаламмен, бояумен жұмыс жасау реттілігі.