Эссе «Менің мамандығымның ерекшелігі»
Эссе «Менің мамандығымның ерекшелігі» ұстаз болу бақытын, баланың жан дүниесін түсініп, оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасауды мақсат етеді. Бүгінгі әлемде ұстаз болу – шеберлік, парасаттылық және ұдайы білім дамытуды талап етеді. Мен 17 жыл бойы балабақшада тәрбиеші болып қызмет еттім, соңғы бес жылда логопед ретінде балаларға көмек көрсетудемін. Логопед мамандығын таңдап, балалардың сөйлеу тілін дамытуға, олармен жұмыс жүргізуге деген қызығушылығым артты.
Логопед ретінде менің басты міндетім - сөйлеу тілі бұзылған балаларға дер кезінде көңіл бөліп, түзету жұмыстарын жүргізу. Балабақшада өткен логопедиялық сабақтарымда мен әрқашан ойын түрінде сабақ өткізуге тырысамын. Ойын – балаларға әр түрлі әдістемелерді қолдану арқылы психологиялық жайлылық береді, дамуына көмектеседі. Әр сабақ бұқаралықтан бөлек, жеке тұлғаларды дамытуға арналған; балалар әрқайсысы Эстетикалық әлемін сезінеді.
Логопедиялық сабақтарда ұсақ қол моторикасын дамыту маңызды рөл атқарады. Бүгінде тіл кемістігі бар балаларда ұсақ қол моторикасының да дамуы сын көтермейді. Мен қол моторикасын дамыту мақсатында ойындар өткізіп, көптеген әдістерді қолданамын. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс істей отырып, сурет салу мен мүсіндеу әдістемелерін пайдалана отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін, түйсіктерін қалыптастырамын, сонымен бірге балалардың тілдік қорын дамытуға ықпал етемін.
Арт-терапия технологиялары мен музыкалық терапияны да пайдалану арқылы балалардың шығармашылығын, сөздік қорын молайтуға септігін тигіземін. Логопедтың жұмысында ең маңыздысы – әрбір сабаққа тыңғылықты дайындалып, балалармен дұрыс тіл таба біліп, олардың қызығушылығына мән беру. Балаларымның жетістіктерін көру мен үшін қуаныш. Әр сабақтан кейін балалардың тіл кемістіктерін, ұсақ қол моторикасын дамытудағы ілгерілеулерін байқап, олардың дамуында маңызы бар екенін білемін.
Қорытындыласам, мен логопед мамандығының шебері бола отырып, балаларды тіл кемістіктерін ертерек жою мен дамытуға, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектесуді өзіме парыз санадым. Біздің жұмысымыз ата-аналармен тығыз байланысты. Ата-аналармен жасалатын жұмыстың нәтижелері, логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру да балалар үшін өте маңызды екенін ұмытпауымыз керек.