«Жас келсе, іске» сайысы - жастардың ұмтылысы
«Жас келсе, іске» сайысы – бұл жас ұстаздардың біліктілігін арттыру мен өз кәсібіне деген адалдығын өркендетуге арналған іс-шара. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Подстепный ауылында орналасқан МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайында өткізілген байқау, жас мамандар үшін өзін көрсету және тәжірибе алмасу алаңы болып табылады. Сайыстың мақсаты – жас педагогтарды мәдениеттілікке, жауапкершілікке және кәсіби өсуге ынталандыру. Кәсіптік шеберлікті арттыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің маңызды элементі болып табылады.
Сайыстың барысында жас педагогтарға арнайы тапсырмалар беріліп, олар өздерінің кәсіби дағдыларын көрсете алды. Жас мамандар мен олардың тәлімгерлері арасында кәсіби байланыс орнату – сайыстың негізгі міндеттерінің бірі. Сайыс барысында жас ұстаздардың шығармашылық әлеументінің артуы, инновациялық идеялардың пайымдалуы, білім беру процесінде жаңа көзқарастардың пайда болуы байқалды. Байқау тек біліктілік сынау ғана емес, сонымен қатар, қызықты шығармашылық түрде өткізіліп, қатысушылардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға көңіл бөлінді.
Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар өзін таныстыру, ал кейінгі кезеңдерде бліц-сұрақтарға жауап берді, оқу процесін ұйымдастырудағы креативтіліктерін көрсетті. Сонымен қатар, өнерлі жас мамандар өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс қатысушыларының дайындығы мен білім деңгейі жоғары болды, бұл болашақ педагогикалық қызметте үлкен жауапкершілікті білдіреді. Қатысушылар тек білімді болмай, сонымен қатар, тәрбиелік құндылықтарға да назар аударды, бұл жас ұрпақтың дамуына елеулі әсер етеді.