Технологическая карта для группы «Тамшы»: звук и буква Е
В данном документе представлена уникальная технологическая карта организованной учебной деятельности для группы «Тамшы», направленная на изучение звука и буквы «Е». Методичка разработана с целью формирования у детей представлений о звуке, а также об умении читать и писать букву Е. Воспитатель Р.Н. Қабылмәлікова уделяет особое внимание развитию у детей интереса к языку и литературным играм.
Концепция занятий включает в себя различные подходы, которые помогут развить речь, логическое мышление, а также творческие способности детей. В процессе игры и учебной деятельности происходит активное вовлечение детей в изучаемый материал, что способствует его лучшему усвоению. Занятия продуманы так, чтобы дети могли не только слушать, но и активно участвовать в процессе, применяя полученные знания на практике.
Разнообразие игровых и обучающих заданий, таких как разминка, использование цветных кубиков для подачи информации о звуках, а также творческие задания на написание буквы «Е» в разных формах, обеспечивают увлекательный и продуктивный подход к обучению. Все эти активные подходы усиливают интерес детей к учебному процессу.
Важным аспектом методической карты также является воспитание в детях жизненных ценностей, таких как честность, дружелюбие и усердие. Множество заданий помогают не только развивать фонематическое восприятие, но и прививать хорошие манеры и уважение в общении. Каждый этап занятия направлен на создание комфортной и мотивирующей атмосферы для обучения.
Әдіскер/методист: _________________
«Тамшы» тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметенінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебнойдеятельности в группе «Тамшы»
Өткізілетін күні,айы,жылы/Число,месяц,год: « 22»_02 2017_.ж.
Тәрбиеші/Воспитатель:Қабылмәлікова Р.Н
Білім беру саласы/Образовательная область: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Раздел организованной учебной деятельности:сауат ашу
Тақырыбы/Тема: «Ее дыбысы және әрпі».
Білімділік міндеті/Образовательная задача: «Е» дыбысы және әрпі жайлы түсініктер қалыптастыру. Е дыбысы мен әрпін оқуды және жазуды үйрету.
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача:Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік міндеті/Воспитательная задача: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға, тазалыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар/используемый материал: әр баланың алдында дыбыстық талдауға арналған қызыл,көк текшелер, суреттер, кеспе әріптер, ұннан жасалған қамыр.
Тілдің үштұғұрлығы/полилингвальный компонент: дыбыс- звук, әріп- буква, қызыл телпек- красная шапочка, әже- бабушка, отыншы- дровосек.
Деятельность воспитателя
Балалардың іс-әрекеті
Деятельность детей
Мотивациялық-қозғаушылық – мотивационно побудительно
Ұйымдастыру-іздестіру – организационно-поисковый
Рефлексивті-түзетуші рефлексивно-корригирующий
Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр.Балалар қонақтармен амандасып алады .
Біз бақытты баламыз,
Өсті ақыл санамы.з
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Шаттық шеңберіне тұру
Здраствуй солнце золотое,
Здраствуй небо голубое.
Здраствуй воздух и вода,
Здраствуйте моий друзья
Good afternoon, good afternoon!
Good afternoon to you!
Good afternoon, good afternoon!
I’m glad to see you!
Өсеміз біз күліп ,ойпап,
Бес саусақтың саласындай
Өсеміз біз күлін ойнап
Бір уйдің баласындай.
-Балалар біз бүгін қызыл телпекпен бірге қыдырып қайтайық.Келісесіңдер ме?
Қызыл телпек анасына келеді.Анасы оған жұмбақ жасырыпты.Қане қызыл телпекке жұмбақтың шешуін табуға көмектесейік.
І. жұмбақ шешу
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайық тон пішкен,
Секіріп тастан тасқа түскен.
(Ешкі)
Қалқиған қос құлақты,
Теңбiл түрi көрiктi,
Мекен жерi бұлақты,
Бiлемiсiң… (Елiктi)
- Балалар бұл сөздердің барлығы қай дыбыстан басталып тұр?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- дауысты және дауыссыз.
-Ее дыбысы қандай дыбыс?
-неге дауысты?
Себебі әндетіледі, созылады.Қане айтып көрейікші, еріннің созу арқылы дыбыстаймыз.
Қандай түспен белгіленеді?
Ее дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында да кездеседі.
Тіл- ұстарту жаттығуы:
Е – е – е
Ақ жаулықты әже
Ел – ел – ел,
Соғады жел
Се – се – се-
Шай ішетін кесе
Қызыл телпек енді әжесіне баруға жолға шықты.Ол кенет қасқырға кездесіп қалды.Қасқыр оған мынадай тапсырма ұсынды:
2.тапсырма
Балалар мен сендерге әріптерді көрсетемін, ал сендер қызыл және көк текшелер арқылы көрсетесіндер.
- Балалар біз міне қасқырдың тапсырмасын орындауға да көмектестік.Әрі қарай жолға шыгамыз.
3.Сергіту сәті:
Иіл оңға, түзу тұр,
Иіл солға, түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артға қарай бір адым
Жоғары , төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
- Балалар отырамыз, жазбастан бұрын саусақтарымызға жаттығу жасап алайық:
Бір, екі, үш.
Бір, екі, үш.
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз
- Қызыл телпек әжесіне де келіп жетті. Әжесі де тапсырма әзірлеп қойыпты.Әженің тапсырмасы:
Даптермен жұмыс:
1.Суретке қарап атауларын атаймыз.Тақтада қызыл және көк текшелер арқылы дыбыстық талдау жасайды. «Ее» дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?Енді осы сөздерді буынға бөліп көрейік, әр сөзде неше буын бар?
2.Сөздерді оқы:
Ее дыбысына байланысты сөздерді оқимыз.
Е- р,ер, тер,жер, бер.
Е -л, бел, жел, сел.
Е- т,бет, жет, шет.
Е- м, ем, емен, есен.
Е-с, ес, бес, тес.
3. тапсырма
Жазу: «Ее» дыбысын бірінші ауада жазып көрейік.
Дәптерді ашып Ее дыбысын әдемілеп жазамыз.
Қасқыр уйге келип әжені жеп қойды.Ол енді қызыл телпектің келуін күтіп оны да жұтып қояды.Отыншы келіп оларды құтқару үшін мынадай тапсырмасын орындауымыз қажет
4.тапсырма:
Шашылған әріптерден сөз құра:
- Балалар мен сендерге кеспе әріптерді таратамын, ал сендер топ болып сол шатасқан әріптерден сөз құрайсыңдар.
Міне балалар әжеміз де, қызыл телпек те бізге риза.
5.тапсырма.
«Сиқырлы қорап»
- Бұл қораптан кезекпен әріптерді аламыз және тақтадағы қызыл және көк текшелерге дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата отырып топтастырамыз.
Қорытынды:
- «Ее» әрпін тұздалған қамыр арқылы жазамыз.
-Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ее дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?
- Не себепті дауысты дыбыс деп аталады?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Біз кімдерге көмектестік
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды?
- иа
- (Ешкі)
- (Елiктi)
- Ее дыбысынан
- екіге
- дауысты
- қызыл текшемен
Балалар қызыл, көк текшелер дыбыстық талдау жасайды.
Балалар орындарынан тұрып қимылмен өленді қайталай отырып жаттығулар жасайды.
Саусақтарын жаттықтырып алады.
- кесе
- елік
- ескек
- ортасында және соңында.
- басында
- басында және ортасында.
Сөздерді оқиды.
Ауада жазады.
Балалар дәптерді ашып Ее дыбысын әдемілеп жазуға кіріседі.
- кеме
- есек
- етік
- балалар қораптан әріптерді алып қандай дыбысқа жататындығын ажыратып айтады.
балалар тәрелкеде салынған қамырмен Ее әрпін жазады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу/знать : Ее дыбысының жазылуы мен айтылуын
Түсінуге тиіс/Иметь: Сөздердің дыбыстық құрамын.
Істей білу керек/Уметь:сөздерді оқып, дыбыстардың орнын таба білу.