Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Асыл қазына аралына саяхат

Асыл қазына аралына саяхат

Керибаева Мөлдір Төлегеновна
Керибаева Мөлдір Төлегеновна
DOCX
145
0

Данный документ представляет собой технологическую карту открытого организованного учебного занятия под названием «Асыл қазына аралына саяхат», проведенного в детском саду №40 города Костанай. В процессе занятия используются элементы технологии ТРИЗ, которые способствуют развитию логического мышления детей и формированию базовых математических и социальных навыков.

Цель этого занятия — развить у детей навыки счета от 1 до 10, научить их определять соседние числа, а также улучшить их понимание геометрических фигур. В занятии активно используются разные игровые механизмы и задания, что делает обучение интересным, веселым и познавательным. Например, в ходе занятия дети отправляются в увлекательное путешествие на «асыл қазына аралы», где они выполняют различные задания, проходя через игровые станции, которые сосредоточены на обучении математике.

Использование дидактических игр, таких как «Волшебная восьмерка», помогает детям лучше усвоить урок, делая акцент на формирование умений и навыков, а также на развитие креативного мышления. Наблюдая за процессом игры, педагоги могут отследить уровень усвоения материала детьми и в дальнейшем доработать образовательный процесс.

Занятие заканчивается рефлексией, где дети обсуждают, что они узнали и чему научились, что помогает им закрепить полученные знания и формирует положительное отношение к учебе в целом. Этот подход способствует не только улучшению учебных результатов, но и развитию у детей уверенности в своих силах, что является одним из основных аспектов их будущего образования.

Предпросмотр

Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 бөбекжай-бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Асыл қазына аралына саяхат»



Тәрбиеші: Керибаева М.Т.




2014-2015 жж.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ересек «Б» тобы
Тәрбиеші: Керибаева М.Т.
Білім беру саласы: «Таным», «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Құрастыру»
Тақырыбы: «Асыл қазына аралына саяхат»
Мақсаты: - Балаларды 1-10-ға дейін санай білу дағдыларын жетілдіру;
-тура және кері санау, сандардың көршілерін тауып айта білу;
-5-тен-10-ға дейін санның құрылуымен және 10-ға дейін санауға
қалыптастыру;
-геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша,
тіктөртбұрыш жайлы балалардың білім деңгейін анықтау;
-В.Воскобовичтың дамытушылық ойыны «Волшебная восьмерка»
апта күндері туралы білімдері арқылы, сандарды құрастыруға
жетілдіру;
-берілген тапсырма бойынша талапқа байланысты, схема
қолданып, өрнекті құрастыруға жетілдіру;
-қисынды есептер шығара отырып, балалардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Сөздік жұмыс: коврограф, сан құрамы, геометриялық пішіндер, «Волшебная восьмерка».
Көрнекіліктер: сандар, геометриялық пішіндер, коврограф, «Волшебная восьмерка», кубиктер, таяқшалар, триз, схемалар, карточкалар, теңізші бас киімі, ноутбук, штурвал.


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балаларға, асыл қазына аралына саяхатқа баруға ұсынамын.


-Балалар, немен барамыз?
Триз технологиясын қолдану.

Балалар асыл қазына аралына саяхатқа баруға дайын.
Таңдау жасайды, келіседі.
-Кемемен.
-Балалар кемеге отырады.

Ұйымдаструшы ізденісі

-Балалар, кемеге отырамыз, енді асыл қазына аралына жолға аттанайық.
Бірінші ойын: «Орныңды тап!»-тура және кері санау.
Кері санайды.
-Дұрыс, жарайсыңдар, балалар!
Су перісі. 1-ші тапсырма.
Карточкамен жұмыс: берілген санға-сан құрамын есептеп шығаруымыз керек.
10 санының құрамы.
Жарайсыңдар,балалар!
Су перісі. 2-ші тапсырма.
Д/о: «Көңілді пішіндер» Мақсаты: пішіндерді түсті дөңгелектерге орналастыр.
Сары дөңгелекте қандай пішіндер орналасқан.
Сергіту сәті:
-Балалар, біз аралға жақындап қалдық па?
-Балалар, бұл кім?
Нептунның 1-ші тапсырмасы.
Ойын: «Волшебная восьмерка»
Сандарды құрастыру.
-Дұрыс, балалар! Жарайсыңдар!
Нептун. 2-ші тапсырмасы.
Логикалық есеп:
-Жарайсындар, балалар!
Асыл қазына аралына жақындадық.
-Балалар, қараңдар бұл кім?
Дельфин. 1-ші тапсырмасы:
«Өрнектіқұрастыр» ойыны.
Схемасыз өрнек құрастыру.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар жолда бізге кездескен теңіз тұрғындардың тапсырмаларың орындадық.
-Асыл қазына аралына жеттік.
-Қазына қайда екен?
-Балалар, біз бүгін асыл қазына аралына қызықты саяхатқа бардық.

Балалар кемеге отырады.


-1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
-10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
Тура және кері санау. Д/о


1. 5 пен 6 санға
2.7 мен 8 санға
3.9-10 санға



Геометриялық пішіндерді тапсырма бойынша үш дөңгелекке орналастырады.


Сергіту сәтіні қимылмен жасайды.


-Нептун.



Балалардың жауаптары.
Балалар мұқият назар аударады.
-Орындаймыз.


-Дельфин.


Балалар үстел үстіне отырып,
үш топқа бөлініп өрнек құрастырады.


Балалар асыл қазынаны тауып алады.
Балалар қазынаға өте қуанышты.
-Рахмет.
Кемеге отырады.

Рефлексивті түзеуші

-Балалар, саяхат сендерге ұнады ма?
-Біз саяхатқа неге бардық?

Балалардың жауаптары.


-Асыл қазана іздеуге.
Күту нәтижесі:
Елестетеді: - Асыл қазына аралын, В.Воскобовичтың дамытушылық ойыны «Волшебная восмерка» апта күндері, қисынды есептерді шығару;
Түсінеді: - 5-тен-10-ға дейін санның құрылуын, берілген схеманы қолданып өрнекті құрастыру;
Қолданады: -1-10-ға дейін санайды, тура және кері санайды, геометирялық пішіндерді орналастырады, 5тен-10ға дейін санның құрылуын біледі,қисынды есептер шығарады, сұрақтарға толық жауап береді;











Ересек тобы балалары үшін өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өзіндік қорытынды.


Тақырыбы: «Асыл қазына аралына саяхат»


Асыл қазына аралына саяхатқа бару үшін триз технологиясын қолдандым. Оқу қызметің дидактикалық ойындар арқылы өткіздім. Асыл қазына аралына жеткенше ойындар өткізілді «Орныңды тап»-тура және кері санау, жолда кездескен кейіпкерлер өз тапсырмаларын беріп тұрды, мысалы: су перісінің тапсырмасы берілген санға-сан құрамын есептеп шығаруымыз керек,10 санының құрамын, балалар тапсырманы орындады, бірақ кейбіруіне тапсырма қиындау болған сияқты, бірақ ойланып, шешімін тапты. Келесі тапсырма: «Көңілді пішіндер» геометриялық пішіндерді тапсырма бойынша үш дөңгелекке орналастырды. Жолда кездескен Нептунның тапсырмасында Воскобовичтың дамытушы ойының қолдандым «Волшебная восьмерка», сандарды құрастырдық, логикалық тапсырмада балалар дұрыс жауаптарын қайтарып отырды. Асыл қазына аралына жақындағанда дельфинның тапсырмасы «Өрнекті құрастыр» схемасыз, бұл тапсырма балаларға өте ұнады, дұрыс құрастырды, өте қызықты болды.
Осы оқу қызметінде қойылған мақсатыма жеттім, өйткені балалар тапсырмаларды орындады, сұрақтарға жауаптарын қайтарып отырды, қызығушылықтарын көрсетті.






Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 бөбекжай-бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





4 педкеңеске: «Бір сөз екі сөз» тақырыбына
«Сиқырлы ағаш»



Тәрбиеші: Керибаева М.Т.




2015-2016 жж.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ересек «Б» тобы


Тәрбиеші: Керибаева М.Т.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Тіл дамыту. Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Сиқырлы ағаш»
Мақсаты: Балаларға таныс ертегілерді естерінде сақтауға білімдерін бекіту, фрагменттер мен суреттерден тану. Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйрету, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйрету, өз ойларын ретімен мазмұндауларын қадағалау. Әңгімелеу және сөйлеу тілін қалыптстыру, дыбыстық айтылуын дұрыс естуқабілетін дамыту мен дыбысты айту барысында дұрыс таныс алу тәртібін сақтау. Белгілер бойынша бір және бірнеше сөйлемдер құрастыру, антоним сөздерді айту. Қойылған сұраққа толық жауап беруге үйрету.
Ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілетін , тіл байлығын дамыту.
Ертегіге қызығушылық пен сүйіспеншілік танытуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: алма ағашы, тақта, компьютер, геовизор, тақырып бойынша суреттер, сөзжұмбақ.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық- қозғаушы

-Қонақтарға жақындап алақандарымызды олардың қолдарына қойып, күлейік.
-Олардың алақандарының жылуы мен жақсылығын сездіңдер ме? Ол жылулық пен жақсылықты сендер бір-біріне сыйладыңдар.
«Балалар алаңқайға келеді»
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Ағаштар көктемде қандай болады?
(Тәрбиеші балалардың назарын алаңқайдағы тұрған сиқырлы, әдемі ағашқа аударады. Оның үлкен алмалары бар.)
-Балалар, ағаш көңілсіз, мұңайып тұрған сияқты.
Алма ағашының дауысы.


Балалар қонақтармен амандасайық:
-«Сәлеметсіздер ме!»



Балалар қонақтарға жақындап алақандарын қояды.



Балалар назарларын ағашқа аударады. Ағашты сипаттайды.
-Алма ағашы, жасыл ағаш, әдемі, үлкен.



Ұйымдастырушық ізденіс

1.Ойын «Саны бар ертегіні ата»
Саны бар ертегілерді естеріне түсіріп, атау.
Мысалы: «Үш аю», «Үш қыз», т.б.


2. «Сөйлем құрастыру»
Бір суретке қарап сөйлем құрастыру. Схема бойынша.


3. Д/о: «Ертегіні көрсет»
Игровизор арқылы ертегіні сызу, 4 ертегі.
4. «Суретті әңгімеле»
Мнемотаблица арқылы жеміс пен көкөніс туралы әңгімелеу.
Сергіту сәті:
5. Ойын: «Керісінше»
Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқына байланысты антоним сөздерін ату.
6. «Тауып қатесін айт»
Суретке қарап не дұрыс айтылмады.
Тәрбиеші барлық алмаларды жинап болғанын айтып, балалардың назарын аударады.
Сергіту сәті:
7. «Мысық, түлкі, әтеш» ертегісі.
Геовизормен карточкадағы схема бойынша ертегіні айту.


Балалар компьютерге отырып берілген тапсырманы орындайды.
Санды дұрыс орналастырады.
3-4 баладан сұрау.
Суреттегі қандай ертегі екенін атап, астындағы схемаға қарап, сөйлем құрастырады.



Мнемотаблица арқылы сөйлем құрастырады.


Айтылған сөздерге , балалар антоним сөздер айтады.


Көрметілген суреттегі қателерін айту.



Балалар алдарында тұрған геовизорды схема арқылы нүктелерін қосып, шыққан суреттері арқылы ертегіні әңгімелейді.

Рефлексивті түзеуші

Алма ағашының дауысы.
Алма ағашы балаларға рахметін айтып, өз ризашылығын білдіріп, сиқырлы ағаштың алмасынан балаларға алма сыйлайды.
Балалар алма ағшына рахмет айтып, қонақтармен қоштасады.


Күтілген нәтиже:
Елестетеді: -
Әңгімелеу және сөйлеу тілін қалыптастыру;
Түсінеді: - антоним сөздерді, схемаі мнемотаблица бойынша дұрыс сөйлем құрастырады;
Қолданады: -компьютерді, геовизорды.


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің өздік талдауы.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Сиқырлы ағаш»
Бұл ұйымдастырылған оқу қызметін №4 педкеңесте өткіздім. Ұйымдастырылған оқу қызметінің басында балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі, өздері бір қуаныш сезімде болды, өйткені олар ертегілерді өте жақсы көреді.
Сабақта қолданған көрнекіліктер-компьютер, геовизор, игровизор, мнемотаблица, тақырып бойынша суреттер, сөзжұмбақ.
Балалар алма ағашының алмаларында тапсырмалар бар екенін түсінді. Ағаштан алма алып тапсырма орындады, тапсырмалар ертегілермен байланысты болды. Сабақта қолданған ойындар-«Саны бар ертегіні ата»-компьютермен жұмыс, «Сөйлем құрастыр»-схема бойынша, дидактикалық ойын: «Ертегіні көрсет», «Суретті әңгіме», «Керісінше», «Тауып қатесін айт», «Мысық, түлкі, әтеш» ертегісін геовизор арқылы кейіпкерлерді схема бойынша нүктелерді қосып, шыққан сурет, бойынша ертегіні айтып берді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсатына толық жеттім, өйткені балалар сабаққа белсенді, қызыға қатысты, жауаптары толық, қызықты болды, балалардың білім деңгейі жоғары, себебі балалар қазақ тілінде жақсы сөйлейді.


Қостанай қаласы әкімдігініңҚостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




Ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытынды технологиялық картасы
Тақырыбы:«Ақылдылар мен ақылшылар»
интелектуалды ойын


Тәрбиеші: Керибаева М.Т.





2016-2017 жж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ересек «Б» тобы
Тәрбиеші: Керибаева М.Т.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сауат ашу, қоршаған ортамен танысу, жапсыру.
Тақырыбы: «Ақылдылар мен ақылшылар» интелектуалды ойын.
Мақсатты: Жыл бойы алған білімдерін көрсету, 10-ға дейін тура және кері санау білімдерін бекіту, көрнекілік арқылы сан реттігін құрастыру, логикалық тапсырмаларды шешуге жаттықтыру, көп және аз белгілерін дұрыс қолдану, сандарды салыстыруды бекіту. Суреттен және сөздерден сөйлем құрастыруға жаттықтыру. Дидактикалық ойынды «Түймедақ» қолдана отырып берілген дыбысқа сөз айту, сөзде неше буын бар екенін анықтап білімдерін бекіту. «Тез жауап бер» доппен ойынында білімдерін қайталап бекіту: бір аптада неше күн бар, неше мезгіл бар оларды атау, тәулік бөліктерін, бағдаршам белгілері туралы білімдерін бекіту.
Балалардың назарын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, үстел үстіндегі тапсырманы орындау кезінде ұсақ қол маторикасын дамыту. Үлкендерге, бір-біріне жақсы, сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: тәулік, тест, көп, аз.
Көрнекіліктер: доп, тапсырмаларды құрастыруға (қосу және алу) суреттер, сөйлем құрастыруға суреттер, «Төртінші артық» суреттер, «Сандар» карточкасы, сауат ашудан дидактикалық ойындар «Сөздерді ажырат», балаларға үстел үстінде орындайтын «тесттер», эмблема.

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар біздің қонақтарға біз топта қалай тұратынымызды айтайық.
Көңілді баламыз,
Мектепке барамыз.
Ешкімді ренжітпейміз,
Қамқоршы біз баламыз.
Қиындықта тастамаймыз,
Ойыншықты тартып алмаймыз.
Жақсылық біз тілейміз,
Қуаныш пен шаттық сыйлаймыз.
-Балалар, бүгін біз сендермен «Ақылдылар мен ақылшылар» ойынын ойнаймыз. Бұл ойын біз жыл бойы нені үйренгенімізді көрсетеді. Мектепке баруға кім дайын екенін анықтаймыз. Ол үшін бізге екі топқа бөліну керек.

Балалар шеңберге тұрып, қолдарынан ұстайды.


Көңілді біз баламыз,
Мектепке біз барамыз.
Ешкімді ренжітпейміз,
Қамқоршы біз баламыз.
Қиындықта тастамаймыз,
Ойыншықты тартып алмаймыз.
Жақсылық біз тілейміз,
Қуаныш пен шаттық сыйлаймыз.



Балалар фишкалар арқылы екі топқа бөлінеді.

Ұйымдастырушы ізденіс

Әр командаға тапсырмалар бар, олар осы топтың ішінде тығулы тұр. Сендер тығылған тапсырмаларды топ жоспарынан сол орынды тауып алуларың керек.
Тапсырмаларды орындамас бұрын, шеңбеге тұрып, доппен «Тез жауап бер» ойынымен бойымызды жазып алайық.
1.Бір аптада неше күн бар?
2.Кеше сәрсенбі болса, бүгін қай күн?
3.Бейсенбі аптаның нешінші күні?
4.Ал сәрсенбі нешінші күні?
5.Неше жыл мезгілі бар?
6.Қазір қай жыл мезгілі?
7.Көктем қай жыл мезгілінен кейін келеді?
8.Бір тәулікте неше бөлік бар?
9.Олар қалай аталады?


Топтар бір-біріне қарама-қарсы отырады.
1тапсырма:
-Балалар өз орындарынды анықтандар.
-Ұлтуған, айтшы сенің оң жағыңда және сол жағыңда кім отыр?
-Сұлтан сенің сол жағыңда кім отыр?
-Балалар біз қай қалада тұрамыз?
-Қай облыста?


-Біздің Республикамыз қалай аталады?
-ҚР елордасы қалай аталады?
-Балалар, мен сендерге мынадай жағдай ұсынамын, көктем мезгілінен кейін жаз мезгілі келеді, күн жылынады, сендер ата-аналарыңмен табиғатқа дем алуға шығасыңдар. Дем алып болғасың алаңдарыңды не істейсіңдер, не істеу керек, үлкендерге не айтасындар?
-Жарайсыңдар, балалар.
2 тапсырма:
-Ал, қазір мұқият болыңдар. «Ары қарайсана» мен 5 санын айтамын сендер ары қарай 10-ға дейін санау керексіңдер. 6...., 3...., 8....,
Ойын: «Тірі сандар». Музыка қосылады. Балалар саны бар карточкамен билейді. Музыка тоқтады, балалар 1 ден 10-ға дейін ретпен тұрады. Кері санайды.
Сергіту сәті:
Геометриялық пішіндерді көрсетемін.
Үшбұрыш-жай жүр,
Тіктөртбұрыш-отыр.
Сопақша-басымызды шайқаймыз.
Шаршы-онға қарай екі адым, солға қарай екі адым.
Ал, егер болса дөңгелек орныңда секір тезірек.
3 тапсырма:
Мен сендерге сұрақ қоямын
Көйлек қандай?- әдемі, сәнді, қызыл т.б.


Берілген дыбысқа сөз ойла. Екі топ бір-біріне айтады.
Ойын: «Сөздерді ажырат» сөйлем құрастыр.
Әр топқа тапсырма-сурет бойынша сөйлем құрастыр.


Әр балаға тапсмырма.


Ойын: «Төртінші артық» сурет бойынша.
1.Керік, піл, сусиыр, аю.
2.Лимон, банан, слива, жуа.
3.Кесе, қасық, тәрелке, үстел.
4.Шалбар, қолғап, көйлек, жастық.

Топтар жиналып, келісіп, әр топтан бір адам шығып, тапсырмаларды тауып алып әкеледі.




-Бір аптада 7 күн бар.
-Бүгін бейсенбі.
-Бейсенбі аптаның төртінші күні.
-Сәрсенбі үшінші күні.
-Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
-Қазір көктем мезгілі.
-Көктем қыс мезгілінен кейін келеді.
-Бір тәулікте 4 бөлік бар.
-Таңертең, күн, кеш, түн.




-Менің оң жағымда Архат отыр, ал сол жағымда Замира отыр.
-Менің сол жағымда Даяна отыр.
-Қостанай қаласында тұрамыз.
-Қостанай обласында.


Қазақстан Республикасы.


-ҚР елордасы- Астана.




-Ата-аналармен дем алып болған соң отырған орнымызды қоқыстан жиап кетуіміз керек.



Балалар айтқан сан бойынша ары қарай санайды.
5,6,7,8,9,10. 6,7,8,9,10. т.с.с.



Қыздар-тура санайды, ұлдар-кері санайды.





-Жел қандай? – қатты, суық, самал т.б.
-Отбасы қандай? –
-Күннің көзі қандай? –
-А дыбысы, Р дыбысы.т. б.




-Жақсы көреді, аю, бал.
-Тұрады, құмыра, гүл.
-Бала, теледидар, көреді.
-Ата, әже,бауырсақ, қашып кетті.
-Бағдаршам, қызыл көзі, жанып тұр.
-Бала , кітап , оқып отыр.
Суретке қарап 3-4 сөзден сөйлем құрастырады.



Артық суретті табады, неге артық екенін айтады.

Рефлексивті түзеуші

-Балалар мамыр айында қандай мереке бар?
Балалар сурет жапсырады. Алдын-ала керекті жапсыруларды (күннің көзі, аспан, құстар, көбелкетер, гүлдерді) дайындап қояды.
-Балалар сендерге сурет ұнады ма?
-Бұл суретті қалай атайсыңдар?


-9 мамыр мерекесі болады.


Балалар өздерінің алдын-ала дайындағандарын жапсырады.


-Ия, ұнайды.
Өз жауаптарын айтады.
Күтілген нәтиже:
Ұғынады: -берілген дыбысқа сөздер айтады, көп және аз белгілерін қолданады;
Түсінеді: - дидактикалық ойын ойнау арқылы тапсырмаларды орындайды, суреттер арқылы сөйлем құрастырады.
Қолданады: - 1-ден-10-ға дейін тура және кері санайды, сұрақтарға жауап береді,
жапсырудан ұжымдық жұмыс орындайды.


Қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметінің өздік талдауы.


Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», «Сауат ашу», «Қоршаған ортамен танысу», «Жапсыру» тақырыбы: «Ақылшылар мен ақылдылар» интелектуалды ойын.
Бұл кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі интелектуалды ойын түрде, оқу жылының жаяғында ересек топ 5-6 жастағы балалармен өткізілді. Бұл топтағы балалардың деңгейі ортадан жоғары , көпшілігі іскер, мүмкіншіліктері мол, жоғары.
Балаларды екі топқа бөліп, тапсырмалар берілді, әр команда жауаптарын тез қайтару керектігін балалар түсінді. Қомандаларға дайындаған тапсырмалар: доппен «Тез жауабын бер», сұрақ-жауаптар, «Ары қарай сана», ойын: «Тірі сандар», сурет бойынша сөйлем құрастыр, ойын: «Төртінші артық», берілген дыбысқа сөздер айту. Тапсырмалар арқылы жыл бойы алған білімдерін көрсетті, дидактикалық ойындар арқылы балалар тапсырмаларды орындады, суреттер арқылы сөйлем құрастырды, жапсырудан ұжымдық жұмыс жасады. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне белсенді қатысты, алған жыл бойы білімдерін ортаға салды, командалар бір-бірінен қалып қоймауға тырысты. Балалардың жауаптары толық, нақты, түсінікті болды.











Қостанай қаласы әкімдігініңҚостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы:« «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»
(семинар практикумге арналады)


Тәрбиеші: Керибаева М.Т.





2016-2017 жж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
І-ші кіші «Б» тобы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Тіл дамыту».
Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»
Мақсаты: Балаларды заттардағы айтарлықтай айырықша маңыздыларын бақылауға, қарастыруға (мысық-бас, құлақ, құйрық, машина-кабина, шанақ, дөңгелек). Оларды сөзбен атауға, үлкендермен және құрдастарыменн тілдік қарым-қатынасқа үйрету.
Дидактикалық қолдау: ойыншықтар, қуыршақ, машина, сергіту сәті.
Сөздік жұмыс: сыйлық, марғау


-Балалар, біз бүгін қуыршақ Әйгерімге қонаққа барамыз.

Қуыршаққа көңіл бөлу.
-Бұл қуыршақ Әйгерім. Ол бүгін өзінің ең әдемі көйлегің киіпті.
-Аяла, Әйгерімнің койлегі қандай?
Сұрақты бірнеше балаға қою.
-Бүгін Әйгерімнің туған күні. Түған күнге не сыйлайды?
-Әйгерімнің туған күніне не сыйлауға болады?
Проблемалық жағдай туғызу.
-Балаларға қуыршаққа сыйлық табуға ұсыну.

Балалар қызығушылық арттырып, қуанады.
Қуыршақты қарастырады, сұрақтарға жауап береді.
-Әдемі.



-Сыйлықтар.


-Ойыншық, кәмпит,
торт.


Балалар ізденісте.


Ұйымдастырушы ізденіс

Танымдық процесс ұйымдастыру.
Түрлі түсті қорапқа көңіл аудару.
Ұсыныс қарауға.
Ойыншық-мысық, балалардың зейінің бөлек бөлшектеріне аудару.
Сұрақтар:


Бұл не?
-Марғау қандай?


-Марғаудың түсі қандай?
-Марғаудың басында не бар?


-Тағы марғауда не бар?
Ол не істей алады?
Жинақтау, толықтыру
Бұл..? Ол ұлпа, сүйкімді.
Оның терісің түсі ақ. Басында –құлақтары, көздері, мұрты бар. Марғау жүгіруді, секіруді, ойнауды жақсы көреді.
-Марғауды шақырыңдар.
-Марғау анасың қалай шақырады?
Сергіту сәті:
-Көзін жұмып, көлгірсіп,
Жалап-жалап ішеді
Бәрін өзі білгірсіп,
Санап-санап ішеді.
-Себебі не сондағы?
-Сәл сотқарлау болғаны.
-Бұл не?
-Машинада не бар?
-Кабинаның түсі қандай?
-Кузовтың түсі қандай?
-Доңғалақтардың пішіні қандай?
Толықтыру, жинақтау.
Балалармен бірге ойыншық туралы айтады.
-Бұл..? Кабинасы, кузовы және доңғалақтары бар. Кабинасы көк түсті. Кузовы сары, доңғалақтары дөңгелек, қара.
-Машинамен қалай ойнауға болады?
Машина туралы тақпақ оқып беру.
-Отырамын рөлде,
Моторым гүрілде.
Ойыншығым-мәшинем,
Тарт алға асыға.
Сенімен тасимын,
Көмір мен тасыңды.
Таудай ғып артамын,
Бидай мен арпаңды.


Түрлі түсті қорапты табады, ашады, ойыншықты ішінен алады.
(қарайды, қозғайды, сипайды)


Әңгімеге назар аударады, сұрақтарға жауап береді.
-Бұл марғау.
-Ол ұлпа, сымбатты, сүйкімді.
-Марғаудың түсі ақ.
-Марғаудың көзі, құлақтары, мұрты бар.
-Ұзын құйрығы бар.
-Марғау жүгіреді, секіреді, ойнайды.




-«Кис-кис-кис».
-«Мяу-мяу-мяу» (қатты және ақырын дауыспен).
Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындайды.



Ойыншықты атайды, сұрақ бойынша ойыншықты сипаииайды.


Әңгімеге қатысады, тәрбиеші бастаған сөйлемді аяқтайды, машина, үлкен, доңғалақтар, сары кузов, әдіми лентамен.
Машинаның дауысын салады-«Би-би».
Балалардың жауаптары.


Балалар тыңдайды.

Рефлексивік түзеуші

Ойыншықтарды түрлі түсті қорапқа салуға және де қуыршақ Әйгерімге балаларға сыйлығың сыйлауын ұсыну, әуен қосылады.

Қуыршақ Әйгерімді туған күнімен құтыққтайды, ойыншықтар сыйлайды, қуыршақпен билейді.


Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Заттардағы айтарлықтай айырықша маңыздыларын бақылауын, қарастыруын, сипаттауын;
Түсінеді: заттарды сөзбен айтады, үлкендермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынасқа шығады.
Қолданады: белсенді қатысады қарастыруда, бір-екі сөз немесе сөйлем айтады.











Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің өздік талдауы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»
Сабақта қолданған көрнекіліктер- ойыншықтар, қуыршақ, машина, сергіту сәті, әуен.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің басында балалар алдарында не күтіп тұрғанын ойлап, бірақ өздері бір қуаныш сезімде болды, өйткені олар қонаққа баруды өте жақсы көретінін білдірді. Проблемалық жағдай туды, қуыршақ Әйгерімнің туған күніне не сыйлайтыны. Балалар не сыйлауға болатынын жеткізді. Алдарынан қорап пайда болды, қораптың ішінде не бар екені бәріне қызығушылық тудырды. Марғауға сипаттама жасады. Сергіту сәтін қимыл – қозғалыспен орындады. Ойыншыққа қарап оған толық сипаттама берді, қойылған сұрақтар бойынша. Балалар бастаған сөйлемді аяқтады, қайталады. Машинамен ойнап, көңілдері көтерілді, тақпақ оқылды.
Балалар қуыршақ Әйгерімге қорапқа сыйлықтарын салып, сыйлады, бірге би биледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың сөздік қорын молайту, сипаттама жасау, өз ойларын жеткізе білу, білім беру саласында білімдерін кеңейту.