Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Игры для развития общения у детей

Игры для развития общения у детей

Шакенова Гаухар Ильясовна
Шакенова Гаухар Ильясовна
DOCX
3099
65

В данной статье описаны несколько игровых упражнений, направленных на развитие коммуникативных навыков у детей. Эти игры способствуют развитию их слуховых и зрительных способностей, а также закрепляют навыки взаимодействия и сотрудничества.

Игра «Кім айтады?» научит детей фокусироваться на голосах и распознавать друзей по вопросам. Такой подход развивает слуховые навыки и помогает детям улучшить внимание к другим, что крайне важно для их роста и общения. Участвуя в игре, дети не только развлекаются, но и учатся работать в команде.

Игра «Кім екенін тап!» направлена на развитие внимательности и наблюдательности. Она отлично подходит для групповых занятий в детском саду, помогая ребятам стать более чуткими и знакомствами. Дети учатся запоминать лица и имена, что обогащает их социальный опыт.

Также стоит отметить игру «Сөйлемді аяқта», где мальчики и девочки могут проявить свою творческую сторону, закончив предложения, которые начинаются от ведущего. Это упражнение способствует развитию речевых навыков, а также учит детей высказывать свои мысли и идеи, не боясь быть услышанными.

Все перечисленные игры могут быть использованы не только в образовательных учреждениях, но и дома с родителями. Они создают яркую обстановку для общения, где дети чувствуют себя комфортно, играя и развиваясь одновременно. Задействуя простые и доступные элементы в играх, вы можете сделать процесс обучения увлекательным и запоминающимся для ваших детей.

Предпросмотр

«Кім айтады?»
Мақсаты: Өз сыбайласының назарын,есту қабілетін дамыту.
-Балалар жарты шеңбер болып тұрады.Бір бала-ортасында тұрады,басқаларға арқасымен.Балалар оғаан сұрақ қояды,сол сұраққа жауап беру қажет,сұрақ қойған баланың атын атап тұрып.Ол білу қажет кім оған сұрақ қойғанын.Кімді бала біліп,танып қойса сол бала соның орнына тұрады.
«Кім екенін тап!»
Мақсаты: Зейінін,байқағыштығын дамыту.
Жаттығу жұппен орындалады.Бір бала(Өзара келісіммен)көзін жұмады,екінші бала-басқа жұптың баласымен орындарын ауыстырады.
«Тілек»
Мақсаты: Сыбайластардың қарым-қатынастағы қызығушылықтарын
тәрбиелеу.
Балалар шеңберге отырады.бір-біріне доп (немесе «сиқырлы таяқша»т.с.с.) беріп тілектер айтады.Мысалы: «Саған жақсы көңіл –күй тілеймін», «Әрқашан осындай ер жүрек,қайырымды,әдемі...)бол дәл қазіргідей» т.с.с.
«Мадақтау»
Мақсаты: Құрдастарының жақсы жақтарын көріп айта білуге үйретуін
дамыту.
Балалар шеңбер құрып тұрады.Тәрбиеші допты бір балаға беріп тұрып бір мадақтау айтады.Бала «рахмет»айтып,келесі көршісіне допты береді,жақсы сөздерді айта отырып.Алған бала «рахмет»айтып келесіге береді.Балалар барлығы бір-біріне айтып шығады.(жақсы сөздер мен «рахметін».Допты бірінші бір бағытта содан соң керісінше жүргізеді.
«Сөйлемді аяқта»
Мақсаты:Балаларды
Балалар шеңбер құрып тұрады.Жүргізуші болып-тәрбиеші тұрады.Оның қолында доп.Ол бір сөйлем бастайды да допты лақтырады-бала сөйлемді аяқтап қайта береді.
-Менің сүйікті ойыншығым.
-Менің ең жақын досым.
-Менің сүйікті сабағым.
-Менің сүйікті мерекем.
-Менің сүйікті мультфильмім
-Менің сүйікті ертегім.
-Менің сүйікті әнім,өлеңім.


Диалог жүргізуге,қарым-қатынасқа түсуге үйретуді дамытуға арналған ойындар.
«Әдемі есім»(ат)
Мақсаты:Құрдастарының назарын аударуға,қарым-қатынасқа түсуге
үйретуді дамыту.
-Балалар шеңбер құрып тұрады.
-Бір-біріне эстафета береді.(гүл, «сиқырлы таяқша»)Беріп тұрып бір-бірін әдемі,нәзік есімдерін айтады.(Мысалы:Айжан,Дильназ т.с.с.)Тәрбиеші балалардың назарын жақсы нәзік интонацияларына мән берулерін қадағалайды.
«Телефонмен сөйлесу»
Мақсаты: Белгілі бір тақырыпта телефонмен сөйлесудегі дұрыс диалог
құруды үйретуін дамыту.
Тақырыпты тәрбиеші береді.(мысалы:туған күнімен құттықтау,қонаққа шақыру,немесе бір нәрсеге келісу туралы т.с.с.)
«Кездескенде не туралы сұрайды».
Мақсаты: Балаларды қарым-қатынасқа түсуге үйрету.
Балалар шеңбер құрып отырады.Жүргізушіде-эстафета(Әдемі таяқша,доп т.с.с.)Эстафета қолдан-қолға ауысады.
Ойыншының міндеті-танысқан адамын кездескен соң,амандасқаннан кейінгі қоятын сұрағынқалыптастыру,оған жауап қайтару.
Бір бала сұрақ қояды,екіншісіжауап береді.( «Қалыңыз қалай?», «Жақсы»,
«Шаруаңыз қалай болуда? «Жақсы», «Қандай жаңалық бар»-«Бәрі баяғыдай»т.с.с.)Екі рет бір сұрақты қайталауға болмайды.
«Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Өз досының сұрақтарына жауап беруін үйрету,дамыту.
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір баланың қолында доп.Бала бір сұрақ қоя отырып, допты келесі балаға лақтырады.Екінші бала оны қағып алады да сұраққа жауап береді.Өзіөз сұрағын қойып келесі біреуге лақтырады.(Мысалы: «Сенің көңіл -күйің қандай» «Көңілді», «Демалыс күні сен қайда болдың?», «Әкешіммен қонаққа бардым», «»Қандай ойыншықты жақсы көресің?», «Допты».т.с.с.)
«Сау бол»
Мақсаты:Балаларды қарым-қатынастан шығуға,қайырымды сөздер мен
жақсы интонация қолдануға үйрету.
Балалар шеңбер құрып отырады да,бір-біріне эстафета береді де қоштасқанда қандай сөздер айтылады,соны айтқызады.
(Мысалы:Сау бол,кездескенше, әлі кездесеміз,бәрі жақсы болсын,сәт сапар,қайырлы түн,келесі кездескенше,сәттілік тілеймін).
Тәрбиеші қоштасқан кездегі балалардың бір-бірінің көзіне қарауына назар аударады.
«Қол-аяқ»
Мақсаты: Балаларды күрделі емес нұсқауларды нақты орындауға үйрету.
Балалар қимылдарды тәрбиешінің нұсқауы бйынша қатесіз орындау қажет.Мысалы.-Бір шапалақ ұрғанда-қолды жоғары көтеру,-екі рет-тұру.
Егер қолдар жоғары тұрып,бір ғана шапалақ ұрылса,онда қолды төмен түсіру қажет.Ал егерде балалар тұрса,онда екі шапалақ ұрғанда отырулары қажет.Тәрбиеші балаларды шатастыру арқылы,балалардың жинақылығын жаттықтырады.
«Затты ұста»Мақсаты:Достарының іс-қимылдарындағы келісімділікті,
ұйымшылдықты дамыту.
Балалар жұптарға бөлінеді.Жұптар бір-бірімен,жарысады.Тәрбиеші бір бет қағазды маңдайларымен ұстап тұруға нұсқау береді.Қолдың көмегінсіз (Үрделген шарды-ішпен)келесі топқа жүреді.Көп уақытқа дейін ұстап тұрған жұп қана жеңіске жетеді.
«Жылан»
Мақсаты: Топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Балалар бірінің-артына бірі тізбектеніп тұрады.Қолдарын белге немесе иықтарына қою арқылы.Ең бірінші бала «Жыланның басы»,соңғысы «Жыланның құйрығы». «Жыланның басы», «құйрығын»ұстап алуға талпынады да одан айналып кетеді.Ойын барысында жүргізуші өзгеріп отырады.Ойында музыка әуенін қолдануға блады.
«Қане достар қолымыздан ұстайық»
Мақсаты: Балаларды басқа адамдардың жақындығын сезінуге үйрету.
Тәрбиеші мен балалар шеңбер құрып тұрады.Тәрбиеші бастайды.Ол қасында тұрған балаға қолын ұсынады да ұстайды.Бала үлкен адамның қолын сезгеннен кейін,ғана басқа баланың қолыннан ұстайды.Солай шеңбер құрады да жабылады.
«Арқаға салынған сурет»
Мақсаты:Тері сезімталдығын, салынған образды айыра білу қабілетін
дамыту.
Балалар жұптарға бөлініп тұрады.Бірінші бір бала тұрады-екіншісі артына тұрады.Артта тұрған бала бас бармағымен сурет салады.(Үй,күн,шырша, түлкі, гүл, қайық аққала,т.с.с.)Жұбы не салғанын айтып беру қажет.Содан соң орындарын ауыстырады.
«Қолдар билейді»
Мақсаты:
Ойын жаттығуы жұптасып орындалады. Міндетті түрде алақандарын бірі-біріне тигізіп тұрады.(Ең күрделі нұсқауы-бас бармақпен )алақандарын жұмбай,әр түрлі музыка әуендерімен іс-қимылдар көрсету.
1-2 жас
1-жастан асқаннан кейін балалар өздерін басқаша ұстайды.Оларға өздерін қоршаған әлемі өте қызықтырады.Ең бірінші орында-осы әлем қалай өздерімен әрекеттеседі.Бала ең бірінші сөйлеп үйренеді,қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады,оларда ең бірінші достары пайда болады.Оларға құрдастарымен,өздерінен үлкендеу балалар мен болған ұнайды.Бұл жастағы балалар өзінің ойыншықтарын қызғанышпен қорғайды,ата-аналары бала басқалармен де бөлісіп ойнау керек деп санайтындығы баланы ренжітуі мүмкін.Тағы да бұл жастағы балалардан байқауға болады,бала басқа баланың іс-әрекетін,қимылын қайталап жасйтындығын олар өздерінің тәуелсіздігін көрсетеді-мысалы,серуен кезінде сіздің қолыңыздан ұстамай, өзі жүрем дейді,және де сіздің қойған тежеулеріңізді ызалана қабылдайды.
2-3 жас
Бұл жаста бала өте өзімшіл болады.Бала бұл кезде басқа адамның орнына өзін қойып,ол адамның сезімдерін түсінгісі келмейді.Бірақ өсе келе бала өзінің сезімдерін ,жанашырлығын көрсете бастайды,және де өз ойыншықтарымен бөлісіп жаңа достар таба бастайды олар оған өте қымбат болып кетеді.


Мектепке дейінгі жастағы балалардың өзара тұлғалық қарым-қатынасын дамытуға аррналған ойындар.

  1. «Сол жағалау-оң жағалау»-

Балалар шеңберде тұрады,әрә баланың қолында кішкентай жүрекшелер.Ең бірінші сағат тілімен,балалар өз жүрекшелерін көрші тұрған балаға береді,беріп тұрып жақсы сөздер айтады.(Сен сондай жақсысың,сен өте әдемісің),содан сағат тіліне қарсы,жүрекшелерді береді,беріп тұрып жақсы сөздері үшін рахмет айтады.(Саған рахмет мені әдемі,ақылды деп санағаның үшін) т.с.с.

  1. «Мен бәріненде кереметпін»-балалар орындықтарда отырады,шеңьер бойымен қойылған және сағат тілімен көрші отырған балаға,маған сенің сыртқы келбетіңмен ең ұнағаны(немесе ұнап тұрғаны)(сенің шашың өте әдемі,көзің, күлкің).

  2. «Саған менің сыйлағым келеді»-Әр балаға ойлануға ұсынысжасайды,өйткені қалған балалардың бәріне не сыйлағысы келетіні жөнінде.

Тапсырманы орындау кезінде мынадай сөздермен бастау қажет. «Мен саған сыйлағым келеді (есімі,аты)...»

  1. «Менің ең жақсы көретін адамым»-

Балаларға өзінің ең жақсы көретін,ең қымбатты адамының суретін салуға тапсырады.Әрі қарай әр бала өзінің жақсы көретін адамы туралы әңгімелейді.Оған ұнайтыны,қалай олар бірге демалғаны,неліктен бала оны өзінің ең қымбаттысы деп санайтыны.

  1. «Бақыт гүлі»-Тәрбиеші балаларға гүл көрсетеді.Гүлдің жапырақтарында тілектер жазылған.Тілегі бар жапырақтан үзіп алуға балаларға тапсырма береді де және оны кімге бергісі келетінін,кімге жақсы тілек айтқысы келетіні үшін сыйлауға рұқсат береді.

  2. «Біз бірге ойнаймыз»-

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, музыка әуенімен әр түрлі бағытта қозғалады,ары қарай топ ішінде жүгіреді,құстың бейнесін іс-қимылдармен көрсетіп,қолды шапалақтау нұсқауы бойынша,қайта шеңберге тұрады.
(Ойын 2-3 рет қайталанады.)

  1. «Сүйікті жандарым»-Әр бала өзінің сүйікті жануары туралы айтады.Ары қарай барлығы бірдей өз сүйікті жануарларының бейнесін көрсетеді.

  2. «Сабынды шарлар»-балаларғасусабын шарларын таратады,олар бірігіп үрлейді.Кімдікі ең үлкен болып шығады.