Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Балабақша – тәрбие бастауы

Балабақша – тәрбие бастауы

Рашева Акнур Сериковна
Рашева Акнур Сериковна
DOC
176
0

Балабақша – тәрбие бастауы, дегеніміз, әрбір балалардың өміріндегі маңызды кезең. Бұл мекеме тек білім беріп ғана қоймай, сонымен қатар, әрбір сәбидің жан-дүниесінің, мінез-құлқының қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Бүлдіршіндер балабақшаға келгенде, олар жаңа ортаға, жаңа адамдарға тап болады. Бұл кезеңде олардың икемділігі, сезімталдығы, мінез-құлқы қалыптасады. Тәрбиеші – олардың тәлімгері мен серіктесі болып, баланың әрбір іс-әрекетіне мән беріп, оларды жан-жақты дамыту үшін барлығын жасап, балалардың сенімін, өзіне деген құрметін оятады.

Сондай-ақ, балабақшадағы тәрбие үрдісі ұлттық құндылықтарды сақтауға, оларды балаларға үйретуге бағытталған. Қазақ халқының мәдениетін, тарихын және тілін меңгерту – балалардың санасына ұлттық рух пен патриотизмді сіңіруге мүмкіндік береді.

Бала тәрбиесі – жауапты іс, себебі балалардың кейінгі өмірі, тұлғалық қалыптасуы осы кезеңде негізделеді. Тәрбиеші болашақ ел азаматтарын, жүрегінде мейірімділік, балалар мен қарттарға деген құрметті, қоғамға пайдалы азамат болуға тәрбиелейді. Тәрбиешінің мақсаты – баланың тұлғасын кешенді түрде дамыту, оның жан-жақты болуына ықпал ету.

Сондықтан, балабақша – баланың білімге және өнерге деген ынтасын оятып, сөздік қорын байытатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын орын. Балаға тек білім ғана емес, сонымен бірге мәдниет, тәрбие, адамгершілік қасиеттері туралы түсінік беру керектігі әрбір педагогтың міндеті.

Вам будут интересны эти конкурсы: