Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Ата-ана махаббаты: Бала тәрбиесіндегі маңызды аспектілер

Ата-ана махаббаты: Бала тәрбиесіндегі маңызды аспектілер

Манабаева Аягөз Карибаевна
Манабаева Аягөз Карибаевна
DOCX
112
0

Тренинг «Ата-ана махаббаты» посвящён важнейшим аспектам воспитания детей. В рамках мероприятия родители смогут узнать, каким образом их роль как воспитателей и наставников влияет на личностное развитие их детей. С помощью практических упражнений и психологических заданий участники смогут погрузиться в мир детской психологии, который даст возможность взглянуть на вещи с новой точки зрения.

Одним из основных целей тренинга является создание здоровой атмосферы для общения между родителями и их детьми. Участники научатся прислушиваться к детям, интересоваться их мыслями и чувствами, что поможет наладить доверительные отношения. В программе предусмотрены различные задания, включая арт-терапию и групповую работу, которые позволяют погрузиться в тему воспитания и лучше понять, что действительно требуется детям для их гармоничного роста.

На тренинге также обсуждаются распространённые ошибки в воспитании, которые могут негативно сказаться на будущей жизни детей. Поэтому так важно установить атмосферу доверия и открытости. Обсуждение актуальных ситуаций, с которыми сталкиваются родители, позволит каждому участнику поделиться личным опытом и нацелиться на нахождение совместных решений для возникающих проблем.

Глубокие исследования в области психологии показывают, что на психологическое здоровье и общее развитие ребёнка в значительной степени влияет стиль общения в семье. Программа тренинга включает в себя практики, которые направлены на увеличение уровня эмоциональной грамотности родителей, чтобы они могли более эффективно поддерживать своих детей в моменты стресса и неопределенности, а также в обыденной жизни.

Заключительный этап тренинга – подведение итогов и обмен контактами между участниками, что создает атмосферу для дальнейшего общения и поддержки. Присоединяйтесь к нам, чтобы вместе создать светлое будущее для наших детей и обеспечить им ту любовь и заботу, которых они заслуживают!

Предпросмотр

Ата ана махабаты


Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдануға ой салу.
Жүру барысы:
1. Сәлемдесу. Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
2. Арттерапия «Үйдің суретін салу»
3. Топпен жұмыс «Біз қабылдаған шешім»
4. Жарқыраған жұлдыздар.
5. «Өз ойыңды білдір» жаттығуы.
6. “Балалық шаққа оралу” релаксация.
7. Жүректен -жүрекке. Сіз сияқты керемет отбасыға тілейтінім…
8. Флешмоб
Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады.
1. Кіріспе сөз.
Психолог: Бүгін біз бала тәрбиесі, оның дамуы бағытында өз білімімізді толықтырамыз. Баланың отбасы адамдарымен қарым-қатынастарын құруға, дұрыс сөйлеуге үйрету үшін оның ойындағы құрылымын дұрыс жолға қою керек. Ол үшін алдымен ата-ана, мұғалім болып баламен сөйлескеннің өзінде қарапайым ережелерді ұсынуымыз қажет. Ол қандай?
2. Психолог: Мен “Үй” деп айтқанда сіздерге қандай ой келді?
Соны қағазға түсіріңіздерші.
Сурет салу арқылы өз ойларын жеткізу. (топпен плакатқа сурет салу) Ата-аналар өз ойларын білдіреді.
Енді қандай сурет салар едіңіз?
Сіздердің салған суреттеріне қарайтын болсақ . Бәрімізден бір шешім шығады. Ол бәрімізге ең жақыны, ең бақытты орта ол – ол өзініздің үйіңіз, яғни отбасыңыз! Ал отбасының бақыты – бала!
Баланы тыңдағанда ынтамен тыңдау қажет, ол үшін:
— әңгімелесушіге көңіл бөліп тыңдау, көзбен байланыс жасау;
— баланы жауаптың астына алмай, тыңдауға тырысу;
— сұрақтар мен жауаптар сенімді түрде естіліп тұру керек;
— баланың дауыс ырғағы мен екпініне бейімделу, қатты әрі тура сөзден аулақ болу;
— баланы мазаландырған мәселерді досындай отырып тыңдау, әңгімелесу;
— балаға осы жағдайға байланысты, Сіз өзіңіздің ойыңызды айту;
— жол сілтеу;
балаға, егер ол қажет деп тапса, сіздің көмек бере алатыныңызды (1 рет!) ескертіп қойыңыз;
-бала өзі дұрыс шешім қабылдай алатынына сенімін тудырғыз. Еркіндік – сезінілетін қажеттілік. Сенің қолыңнан келеді!
үнемі баланың көңіл-күйін сұрап отыру (сенің бір жерің ауырып қалған жоқ па, қиын болды ма?).
Көбіне баланы кішкентай деп көп көңіл бөлмей, бозбала шағында өзімізді тыңдамайтындай жағдаяттар туындайды. Біз неден қателестік? Мүмкін кезінде баланы дұрыс тыңдамай, оған жеткіліксіз көңіл бөлінбеген болар. Бізге баланы тыңдауға не кедергі болды екен? Ойланайықшы.
Бұйрық, әмір, ескерту, ақыл айту, көп сөйлеу, сынау, айыптау, балағаттау, жауап алу, сөзбен көңіл білдіру, қалжыңдау, әңгімеден қашқақтау, салыстыру, дұрыс тыңдамау, еркіндік бермеу.
3. Топпен жұмыс: “Біз қабылдаған шешім…” деп аталады.
Әрбір топқа жағдаяттар беріледі.
І топ: Көктем мезгілі. Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен сабақ үлгерімі төмендеді.
ІІ топ: Күннің суықтығына байланысты балаңыз ауырып көп сабақ жіберіп алды. Осының салдарынан ол сыныптас достарын көп уақыт көрмеді.
ІІІ топ: Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойса, сіз не істейсіз?
4. Жарқыраған жұлдыздар жіппен жұмыс ата-аналар болашақтағы балаларыныз кім болғысы келеді? Соңынан сұрақ казіргі кезде осыған ат салысып жатырсыңдарма?
5. «Өз ойыңды білдір» жаттығуы.
Егер отбасы – түс десеңіз, қандай … (алақанға су бояу жағып, ақ қағазға бастыру)
Егер отбасы – әуен десеңіз, қандай… (әуенді қосу, айтып беру)
Егер отбасы – пішін десеңіз, қандай… (пішіннін суретің салып түрлі-түсті қарындашпен бояу)
6. “Балалық шаққа оралу” релаксация.
Мақсаты: Өзін-өзі реттеу және босаңсу дағдысына үйрету, зейін аударуды дамыту.
Жүргізуші: ыңғайлы отырыңыз, аяғыңызды тіректі жақсы сезінетіндей етіп еденге қойыңыз, арқаңыз орындыққа тиіп тұрсын. Көзіңізді жұмып, өзіңіздің дем алысыңызды тыңдаңыз, ол бірқалыпты және ырғақты. Қолыңыз босаңсыған күйде. Өкшеңіз босаңсыды. Аяқ қолдарыңыз салмақты.
Қобалжу азайып келеді. Сіздің барлық денеңіз демалыста… сіз бөгде дыбыстарды естуіңіз мүмкін, бірақ олар сіздің мазаңызды алмайды. Уақыт ағымы сізді балалық шаққа алып кетті, сіз өте кішкентайсыз.Көктемнің жылы күнін елестетіңіз, сіз 5,6 немесе 7 жастасыз.
Есіңізде қалған жасыңызды еске алыңыз. Сіз көшеде жүріп келесіз, үстіңіздегі киіміңіз қандай, аяқ киіміңіз, бас киіміңіз ше?
Сізге өте көңілді, қасыңызда сізге ең жақын адам, ол кім, сіз ол адамның қолынан ұстап келесіз. Сіз сенімдісіз. Сіз алға қарай жүгіріп кетесіз де, жақын адамыңызды тағы да күтіп алып, қолынан ұстайсыз.
Сіз кенеттен біреудің күлкісін естисіз, басыңызды көтеріп қарағанда, мүлдем басқа адамның қолынан ұстап келе жатқаныңызды көрдіңіз. Кейін бұрылғанда сіздің жақын адамыңыз артқы жақта сізге күле қарап тұрғанын көресіз. Сіз оған қарай жүресіз де, құшақтап қолынан ұстайсыз. Тағы да біргесіз. Көңілді күймен әрі қарай бірге кетіп бара жатырсыз.
Енді бөлмеге қайта оралатын уақыт болды, сіз дайын болғанда қайта оралып, көзіңізді ашасыз.
Ескерту: Бұл жаттығу қатысушыларда жылы сезіммен қатар, сағыныш сезімін оятуы да мүмкін, бұл балалықты сезінуге, осы жаста ересек адамның, қорғаушының қажеттілігін болашақ өміріндегі сенімділіктің қалыптасуындағы үлкендердің рөлінің жоғарылығын сезінуіне жағдай жасайды. Жүргізуші балалық шаққа оралу кезіндегі қатысушылардың сезімдерін , есінде қалған жағдайларды, бейнелерді суреттеулерін сұрайды.
7. Тілек шамы. Жүректен -жүрекке. Сіз сияқты керемет отбасыға тілейтінім…
8. Флешмоб
9. Қорытынды
Бүгінгі ата-аналармен ұйымдастырылған «Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет. Бала тәрбиесі жолында біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез-келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, бұл жаңалықтарда шек жоқ.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, ал оны әрі демеуші ата-ана. Біздің балаларымыз – еліміздің ертеңгі болашағы.