Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Жігіт сұлтаны - 2017: На пути к успеху

Жігіт сұлтаны - 2017: На пути к успеху

Байлепесова Айбаршын Коктеубаевна
Байлепесова Айбаршын Коктеубаевна
DOCX
105
0

«Жігіт сұлтаны» — это уникальный конкурс, который проходит с целью прославления национальных традиций и развития лучших качеств среди мальчиков. В этом мероприятии участники могут продемонстрировать свои таланты, умения и знания, что крайне важно для формирования их личности. Каждый конкурсант представляет свои умения, начиная с навыка самопрезентации и заканчивая уникальными творческими номерами.

Во время байқауы проходят несколько этапов, на которых юные кандидаты смогут показать, что такое настоящий мужчина. Важным аспектом является проявление твоих лучших сторон: искусства, спортивных навыков и умений вставать на защиту своего достоинства. Соперницы «жігіт сұлтаны» демонстрируют, что для достижения успеха требуется не только природа, но и тяжелый труд, самодисциплина и вежливость.

Каждый конкурс включает в себя разделы: от обязательного задания по навыкам до активных спортивных игр, таких как қазақтың ұлттық ойыны - «қол күрес». В данном компоненте проверяются не только физические способности, но и способность к стратегическому мышлению. Это обогащает опыт участников и укрепляет их связь с культурой.

Финальная часть байқауы позволяет участникам проявить себя в качестве настоящих артистов: исполнение песен, показ танцев и театральных сценок — все это призывает проявить индивидуальность и творчество каждого юного сұлтана. С каждым этапом участники не только показывают свои навыки, но и укрепляют дух соперничества и товарищества среди себя.

Заключительное слово ведущего помогает мотивировать каждого участника и напоминает о важности ценностей: уважения, дружбы и поддержки. На примере успешных конкурсов перед юными участниками ставится ориентир на будущее, вдохновляющее их также достигать успеха и на других жизненных путях. Байқау охватывает многоуровневый подход к образованию, где сочетается современное и традиционное, создающее уникальную атмосферу праздника и вдохновения.

Предпросмотр

«Жігіт сұлтаны»
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді көрсету. Балаларды тапқырлыққа, мәдениетке, әдептілікке баулу.
«Жігіт сұлтаны» байқауының бағдарламасы:
1.«Тегімді менің сұрасаң...» таныстыру.
2. «Жігітке жеті өнер де аз».
3. «Қол күрес» Қазақтың ұлттық ойыны.
4. Үй тапсырмасы.
Ұлттық музыка әуенімен қонақтарды қарсы алу.
Жүргізуші:
Уа халайық халайық
Бар өнерге салайық
Бүгінгі сайыс төрінде
Барымызды салайық.
Армысыздар құрметті қонақтар ата-аналар, әріптестер, балалар! «Жігіт сұлтаны – 2017» сайысына қош келдіңіздер! Бүгін біздің ұлдарымыз өз өнерлерін ортаға салмақ. Олардың батырлығын, ептілігін, білімдерін сахна төрінде тамашалайық. Олай болса сахнаға «Жігіт сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарымызды шақырайық.
Жүргізуші:
Салт – дәстүрін сақтаймыз бабалардың
Нұрлы жолын жалғаймыз аталардың
Өнегесін сақтаймыз ағалардың
Әке, бауыр, туысқан, жақындардың
Жақсы адам кімге болсын болар пана
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы сай келетін
Кербез жігіттеріміз бүгін ортада
Сайыыстың үміткерлері: Мұхаммет Ерасыл, Рамазан Даниал, Кенжебай Бейбарыс, Джумахан Айдос, Жалғас Ернұр, Нуржан Ырысбек, Абай Ердаулетке сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік ағайын.

Жауынмен жері көгерген, батасымен елі көгерген елміз. Олай болса бүгінгі мерекемізді бізде батамен бастайық. Ортамызға Амангелді атамызды ортаға шақырайық. (Атай балаларға батасын береді).
Жүргізуші: Ал енді байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.(әділқазылар алқасы таныстырылады).
Жүргізуші:
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал қанекей қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық.

Ақыл-көрік бойларында жетеді
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді.
(Байқаудың бірінші кезеңі бойынша үміткерлер өздерін таныстырады. Әділқазылар сайыс қорытындысы бойынша балалардың өнерін бағалайды).
Жүргізуші:
Таныс болдық сұлтандар өздеріңмен
Туып өскен мекен мен елдеріңмен
Бәрің де әрі ақын, әрі әнші өренсіңдер
Таныстырып өттіңдер гой тектеріңмен.
Парасатты ер жігіт
Ақылына сай жігіт
Өнеріңді өркендет
Тең келеді қай жігіт
Жұрт қарасын қызығып.
«Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес». Олай болса келесі кезеңге кезек береміз. (байқаудың шарты бойынша балалар өз өнерлерін көрсетеді).

Ән: «Әдемі»
Жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба салтынан
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
3-кезең. «Қол күрес» Қазақтың ұлттық ойыны. (балалар ойын шартымен танысады). Осы сайыстар бойынша әділ қазылар алқасы бағаларын береді.

4-кезең. «Үй тапсырмасы...» (балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді).

Ән: «Алға қазақ жігіттері»
Жүргізуші:
Батыр болған бабамнан
Ел қорғауды үйренген
Ару болған анамнан
Ар қорғауды үйренген – сұлтандарымызды ортаға шақырамыз. (Сөз кезегі әділқазыларға беріледі)

Жүргізуші:Бүгін біздің өрендеріміз нағыз қазақ жігітіне тән өр мінездері мен тамаша өнерлерін көрсетті. Бұл олардың ертеңгі болашаққа деген нық қадамдарының бастамасы ғана. Әрқашанда сыннан сүрінбей өтіп, биіктерге жете беріңдер. Қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Өркендерің өсіп, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!









Мұнайлы ауданы №10 «Ақбота» балабақшасы


Shape1



Тексерген: ---------- Текеева Р.Н
Тәрбиешілер: Текеева С.
Байлепесова А.


2016-2017 оқу жылы