Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Проект «Мамандық иелері» – изучение профессий с детьми

Проект «Мамандық иелері» – изучение профессий с детьми

Рахимжанова Айгул Бесембаевна
Рахимжанова Айгул Бесембаевна
DOCX
188
2

Проект «Мамандық иелері» создан для детей, чтобы познакомить их с миром профессий. В течение семи месяцев обучения воспитыватели, родители и дети будут задействованы в различных мероприятиях. Дети научатся различать профессии, расширяя свои знания и словарный запас.

Каждый месяц будет насыщен мероприятиями, такими как выставки, дидактические игры и открытые занятия. Один из главных аспектов проекта – развитие социальных навыков, таких как сотрудничество, уважение к труду взрослых и возможность узнать о разных специальностях. Занятия будут проводиться в виде тематических недель, где каждый раз фокус будет на определенной профессии.

Например, в активностях будут включены такие профессии, как шаштараз, врач, полицейский и многие другие, что позволит детям углубленно изучить каждую из них. Проект направлен на формирование уважения к труду и понимания роли каждой профессии в обществе.

Кроме того, проект будет включать в себя элемент творчества: дети будут создавать свои собственные проекты о профессиях, что подтолкнет их к саморазвитию и поиску собственного призвания. Таким образом, «Мамандық иелері» станет настоящее путешествие в мир профессий для каждого маленького участника.

Предпросмотр

Тақырыптық жоба:
«Мамандық иелері»
Picture 3


Тәрбиеші: А.Б. Рахимжанова



«Мирас» аралас
(мектепалды даярлық, ересек) тобы

  1. - Жоба уақыты : 7 ай


  1. Қатысушылар: Тәрбиешілер

Балалар
Ата –аналар


  1. Мақсаты:Білімділігі:Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру.

Дамытушылығы: әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 


  1. Міндеті: Мамандық түрлерін жан -жақты зерттеу.


  1. Күтілетін нәтиже: Мамандық туралы толық мағлұматы бар. Үлкендерін еңбегін құрметтей алатын азама болуды.

  1. Жасалатын жұмыстар:

-Жоба құрастыру
-Сурет көрмесі
-Қолөнер көрмесі
-Сурет бойынша жұмыс
-Сайыс өткізу
-Ашық сабақ
-Слайд дайындау


  1. Тұсау кесер рәсімі: Сәуір айы


Бағдарлама бөлімдері

Жобаны іске асыру
әдіс –тәсілдері


Ойын

-Дидактикалық ойын: «Мамандық құралын ата»
- Дидактикалық ойын: «Мамандықты ата»
-Дидактикалық ойын: «Мамандық көлігін құрастыр»
-Логикалық ойын: «Мамандық»
- Сюжеттік –рөлдік ойын: «Шаштараз»
- Сюжеттік –рөлдік ойын: «Дүкен»
- Сюжеттік –рөлдік ойын: «Пошташы»
- Сюжеттік –рөлдік ойын: «Аурухана»
- Сюжеттік –рөлдік ойын: «Отбасы»
- Сюжеттік –рөлдік ойын: «Ғарышкер»
- Сюжеттік –рөлдік ойын: «Жол полицейі»

Таным

- Әңгіме тыңдау: «Мамандық түрлері»
-Әңгімелесу: «Ата –анамның мамандығы»
- Әңгімелесу: «Кім боламын?»
- Саяхат: «Балабақша аспазшылары»
- Саяхат: «Мектебім, менің мектебім»
- Саяхат: «Жол полицейі»
- Саяхат: «Дүкенге барамын»
- Саяхат: «Балабақша медициналық бөлмесіне саяхат»
-Бейнебаян көру: «Қандай мамандық?»
-Ашық сабақ: Сөйлеуді дамыту - «Мамандықтар»


Тіл дамыту

- Жұмбақ шешу: «Мамандық иелері»
- Өлең, тақпақ жаттау: «Мамандық»
- Жаңылтпаш жаттау: «Мамандықтар»
- Өзге тілде мамандық қалай айтылады (жаттау): «Бұл қызық екен»

Шығармашылық

- Сурет көрмесі: «Менің анам мен әкемнің мамандығы»
- Газет көрмесі: «Кім боламын?»
- Қолөнер сайысы: «Ойыншықтан мамандық иесінің киімін тігу»
- Боя: «Мамандық»


Ата –аналармен жұмыс

- Бізде қонақта: «Мамандар»
(Ата -аналар мен балалар арасында сайыс)
- Жобаны қорғау: «Тұсау кесер рәсімі»:

  • Сурет көрмесі

  • Қолөнер көрмесі

  • Слайдшоу





Қазан
1 Дидактикалық ойын: «Мамандықты ата»
2 Әңгімелесу: «Мамандық түрлері»
3 Боя: «Мамандық»
5 Өлең, тақпақтар жаттау: «Мамандық»
4 Жұмбақ жаттау: «Мамандық иелері»
5 Бейнефильм көру: «Мамандықтар»
6 Сюжеттік –рөлдік ойын: ««Ғарышкер»,«Отбасы»




«Мамандықты ата» дидактикалық ойыны
Максаты:Балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру,еңбекті кұрметтеуге дағдыландыру, өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:әр түрлі мамандықтар суреттері
Шарты: суреттер тақтаға ілінеді. Бала өзі қалаған мамандығын қалап алады да,сол мамандық туралы әңгімелейді. Неге ұнататынын,қандай жақсылығы барлығын әңгімелейді












Қараша
1 Дидактикалық ойын: «Мамандық құралын ата»
2 Әңгімелесу: «Ата –анамның мамандығы»
3 Өлең, тақпақтар жаттау: «Мамандық»
4 Жұмбақ жаттау: «Мамандық иелері»
5 Сюжеттік –рөлдік ойын: «Шаштараз»
6Саяхат: «Балабақша аспазшылары»





«Мамандық құралын ата» дидактикалық ойыны
Мақсаты:Балаларды мамандық құралын ажырата білуге баулу
Көрнекілігі:Мамандық құралдарының суреті
Шарты: Тілде жалпылау сөздерді қолдану «киім», «балалар», қыз балаға, ұл балаға арналған киімдер туралы 2-3 сөйлемнен тұратын сипаттау әңгіме кұрастыру. Зат есім мен сын есімді байланыстыруды үйретуді жалғастыру.







Желтоқсан
1 Дидактикалық ойын: «Мамандық көлігін құрастыр»
2 Әңгімелесу: «Кім боламын?»
3 Өлең, тақпақтар жаттау: «Мамандық»
4 Жұмбақ жаттау: «Мамандық иелері»
5 Сурет көрмесі: «Менің анам мен әкемнің мамандығы»
6 Сюжеттік –рөлдік ойын: «Пошташы»
7 Саяхат: «Мектебім, менің мектебім»




«Мамандық көлігін ата» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Адамдардын жүмыстарын жеңілтуде машиналардың көмеғі туралы балалардың білімдерін бекіту. Істейтін қызметтеріне карай машиналарды топтастыруға,аттарын дұрыс атауға үйрету,сөздік қорларын молайту:бульдозер,көтергіш кран,жедел жәрдем,ауыр жүк машина.кар тазалайтын машина т.б...
Көрнекілігі:Әртүрлі машиналардың суреттері,
Шарты: Өтініш білдіретін сөйлемдерді құруға, септеулік шылауларды дұрыс қолданып бекітуде заттарды атауға жаттықтыру. Сұрақтар қою ынтасын тәрбиелеу. Дауыс екпінін жөндей білуін дамыту (ойын жаттығуы «қатты немесе ақырын айт»).




Қаңтар
1 Логикалық ойын: «Мамандық»
2 Әңгімелесу: «Кім боламын?»
3 Өлең, тақпақтар жаттау: «Мамандық»
4 Жұмбақ жаттау: «Мамандық иелері»
5 Газет көрмесі: «Кім боламын?»
6 Сюжеттік –рөлдік ойын: «Аурухана»
7 Саяхат: «Балабақша медициналық бөлмесіне саяхат»






Ақпан
1 Дидактикалық ойын: «Мамандық көлігін құрастыр»
2 Әңгімелесу: «Кім боламын?»
3 Өлең, тақпақтар жаттау: «Мамандық»
4 Жұмбақ жаттау: «Мамандық иелері»
5 Қолөнер сайысы: «Ойыншықтан мамандық иесінің киімін тігу»
6 Сюжеттік –рөлдік ойын: «Жол полицейі»
7 Саяхат: «Жол полицейі»





Наурыз
1 Өлең, тақпақтар жаттау: «Мамандық»
2 Жұмбақ жаттау: «Мамандық иелері»
3 Сюжеттік –рөлдік ойын: «Емхана»
4 Сюжеттік –рөлдік ойын: «Дүкен»
5 Саяхат: «Дүкенге барамын»
6 -Ашық сабақ: Сөйлеуді дамыту - «Мамандықтар»






Сәуір
1 - Бізде қонақта: «Мамандар»
(Ата -аналар мен балалар арасында сайыс)
2 Жобаны қорғау: «Тұсау кесер рәсімі»

  • Сурет көрмесі

  • Қолөнер көрмесі

  • Слайдшоу






«Ғарышкер» сюжеттік -рөлдік ойын


Мақсаты:
Балаларды ғарышкер мамандығымен таныстыру,
еңбек етудің пайдасы туралы ойларын толықтыру барысында ғарышкер мамандығына деген қызығушылығын арттыруу.
Атрибуттар:каска, параппот, зымран, дүрбі (биноколь)


С. Қалиевтің «Тұңғыш қазақ гарышкер» өлеңін оқу, жаттау.
Әубакіров ағаның,
Даңқы көкке самгаган.
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Токтар ағам - жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.



«Ғарышкер» жұмбақтар мен өлеңдер


Жұмбақ
-Зымыранды ерттеген,
Ай - жұлдызды зерттеген.
(Ғарышкер)


- Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған.
/Аспан/.


- Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін,суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
/Көк, аспан/.


-Бір түкті кілем,
Бірі түксіз кілем.
/Аспан,жер/.


- Түбі көк дария,
Іші мұнара,
Отыз шешегі.
/Аспан, отыз күн/.


- Екі тері,
Екеуі де кең тері.
/Аспан, жер/.


- Тең, тең тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
/Аспан, жер/.


- Күміс қанат, сүңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?


Өлең


-Тоқгар, Талғат - нағыз ер,
Солардай болам - ғарышкер.


- Ар- намыеын сақтаған
Жүректе сыр жаттаған
Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді




«Аурухана», «Дәріхана» сюжеттік -рөлдік ойын»


Мақсаты:Балалардың дәрігерлік мамандығы жайлы білімдерін кеңейту: балалар дәрігері (педиатр), медбике, жедел жәрдем дәрігері, окулист (көз дәрігері), хирург, лоринголог, терапевт, стомотология (тіс дәрігері), фармоцевт. «Емхана» ойынын басқа ойындармен байланыстыру арқылы толықтыру және дамыту. Медициналық терминдармен балалардың сөздік қорын кеңейту. Топтарда ойынды ұйымдастыруга үйрету барысында достық қарым - қатынасты нығайту. Рөлдердегі өз қалауларымен бөлуді үйрету. Ұжымдық ойында басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра отырып, бірлестікке, ынтымастыққа тәрбиелеу.


Ойын атрбуттары:
-Педиатр кабинеті: дәрігер, медбике, халат, бас киім,
рецептр, градусник, жолдама, фонедоскоп, шпатель,ойыншық, витаминдер.
-Емшара бөлімшесі: дәрігер, медбике, халат, бас киім,
шприцтер, банкелер, қыша қағазы, инголятор, мақта, спирт, витаминдер.
-Дәріхана: фармоцевт(дәрі саташусы), дәрілер, дәрілерге арналған сөрелер, рецепт.
-Окулист (көз дәрігері): бас киім, халат, таблица, бинт, пипетка, көзге тамызатын дәрі, мазь, көзілдірік.
-Жедел жәрдем: дәрігер, жедел жәрдем көлігі, халат, бас киім, дәрілер салынған чемондан.
-Терапевт: дәрігер, медбике, рецептор, жолдамалар, ширма, кушетка, градусник, шпатель.
-Стоматолог: дәрігер, медбике, қысқыштар, пинцет, тісті емдеуге арналған заттар, халат, бас киім, сабын, спирт, шприц.


«Аурухана», «Дәріхана» жұмбақтар мен өлеңдер


Дәрігер:
Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын.
Әжеме тіс саламын,
Көзіне әйнек тағамын.
Сондықтан да өскенде
Мен дәрігер боламын.


Өлең
Ақ халатты киетін
іАппақ болып жүретін
Аппак болып жүргенді
Өзім қатты сүйемін


Іш ауырса, тіс ауырса
Маман дәрі береді
Барлык бала, барлық ана
Оны жақсы көреді


Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жаксы мамандық.


Жұмбақ
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты.
(Дәрігер)








«Дүкен» сюжеттік -рөлдік ойын»


Мақсаты:
1 «Сатушы» мамандығы бойынша жұмыс істейтін адамдар жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Еңбекті мәні туралы ойларын толықтыру.
2 Ойын барысында сатушы мамандығы жайлы балалардың білімдерін тиянақтау.
3 Ойынды рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ойын барысында балалардың арасындағы жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
4 Балалардың сатушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру және адамгершілікке тәрбиелеу.
Атрибуттар:витрина, касса, халат, аяқ киім, бас киім, ақша, таразы, сөмкелер, пакеттер, кәмпит, печенье, пряниктер, шоколад, макарондар.
Сүт бөлімі: балмұздақ сүт, қаймақ, май, айран, йогурт
Балалар бөлімі: ілгіштер, қуыршақ киімі, аяқ киім, бас киім т.б. Ойыншықтар бөлімі: түрлі ойыншықтар (қуыршақтар, машиналар т.б.)
Қатысушылар:сатушылар, кассир, сатып алушылар, дүкен меңгерушісі, менеджер.
«Дүкен» жұмбақтар мен өлеңдер
Өлең
Сатушы:
Жаксы оқып сабақты
Мақсатым бұл ұраным
Үлкен болып өскенде
Сатушы боп тұрамын
«Отбасы» сюжеттік -рөлдік ойын»


Мақсаты:
Балаларды тәрбиешінің көмегімен отбасы өмірі туралы сюжеттік ойындарға қатыстыру, балалардың отбасы мүшелерін атау, олардың атқаратын жұмыстары туралы білімдерін кеңейту, баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру, баланы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, өзі туып-өскен үйін, отбасын сүюге, үлкендерге көмектесуге, олардың өтініштері мен тапсырмаларын орындауға тәрбиелеу.


Ата-ананың, туысқандарының еңбегін ойын арқылы көрсету, олардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Ойын барысында балалардың тілдерін дамыту, оларды өз еркімен рөлдерді бөліп ойнауга үйрету.


Атрибуттар:қуыршақтар (түрлі киімдерде), ойыншықтар, кітап және газеттер, бөлме жасауға арналған ширма, жиһаз, ыдыстар, жіп және қыстырғыштар, сөмке, қуыршаққа арналған коляска, ілгіш, теледидар, т.б. Қатысушылар:әке, шеше, балалар, агалары және әпкелері.


«Отбасы» жұмбақтар мен өлеңдер


- Әже
Әжемдей данадан
Ертекке қанамын
Шакырса даладан
Жүгіріп барамын !

-Ата
Айгады ертек жан атам ,
Ақ сақалын салалап
Күмарымды таратам
Жер мен көкті аралап


-Мен - апамның ай мен күні
Апам мені: «Айым!» -дейді
Мен мұңайсам, уайым жейді
Апам мені: «Күнім!» - дейді
Мен қуансам, күлімдейді

-Ана
Ақыл қүйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда


- Әке
Әке - менің кауыншы
Апам - менің сауыншы
Ағам - менің егінші
Жеңгем - менің тігінші


-Бала уату
Әлди, әлди, балам-ай,
Әлди әнге салам-ай.
Әлди энге мен салсам,
Балам ұйыкгап қала ма-ай.
Әлди,әлде, бөпешім,
Жылай беріп не етесің.
Қазтұрасың ертең-ақ,
Тәй-тәй басып кетесің.
Балбөбегім базарым,
Пәе түспесін назарың.
Сенің күлкің ашады
Дүниенің ажарын

«Пошташы» сюжеттік -рөлдік ойын

Хат тасушының сыры
Мәңгі сүйген қыр елін,
Карлығаштай жүрегім
Зырқыратып великпен,
Сәлем тасып жүремін


Көтергендей нар жүгін,
Жолда өтеді әр жылым
Толып түрған сағыныш,
Мына менің қоржыным


Жөні бөлек сәлемнің,
Бір үйғе мен келем мың
Менсіз жетпей жатқандай,
Жаңалығы әлемнің


Жерге тимей табаным,
Көнілін мен табамын
Екі көзі төрт болып,
Хабар күткен ананың


Әрбір күннің, әр айдың
Тез өткенін калаймын
Пенсиясын жеткізем,
Зағип болған ағайдың


Айналайын, бол тірі
Дейді сосын ол тұрып,
Қайтам үйге, қоржынды
Рақметке толтырып
(Қадыр Мырза Әли)


Жұмбақ
Жылдам барып қайтады,
Не айтсаң, соны айтады
іЖатырқамайды ешкімді,і
Бекер деп кім айтады (телефон)


- Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі,
Адамша естіледі айтқан сөзі
Дауысы анық болып шыққанменен
Көрінбес бас, аяғы, екі көзі (радио)


-Аяғы жоқ жүреді
Ауызы жоқ сөйлейді (хат)


«Шаштараз» сюжеттік -ролдік ойын»


Мақсаты:
1. Шаштараз мамандығы жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Әйелдер залы, ерлер залы. Әйелдер залы - қияды, шашты сәндейді, массаж жасайды. Ерлер залы - қияды, қырады, массаж жасайды.
2. Шаштаразшылардың құралдары жайлы білімдерін тиянақтау - фен, бигуди, лак, гель, шаш алатын аспап, қырынуға арналган крем, массажерлар.
3. Шаштараз мамандығын меңгерген адамдарға
қызығушылықтарын арттырып, еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.


Атрибуттар:Айна, қайшылар, тарақтар, кремдер, сусабындар, лак, бигуди, алжапқыштар. Ойындағы рөлдер:ерлер шаштаразшысы, эһәйелдер шаштаразшысы, клиенттер.
«Шаштараз» жұмбақтар мен өлеңдер


Жұмбақ


- Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)


Өлең


Шаштараз:
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолыңа
Түрлі - түрлі шаш қиып
Қызмет етем халқыма


«Жол полицейі» сюжеттік -рөлдік ойын»


Мақсаты:
1 Балаларға көліктердің түрлері, жүргізушілердің еңбегі және көше қозғалыстарының ережесі туралы түсінік беру. Балаларға бағдаршамның атқаратын жұмысын, автобусқа міну, көшеден өту ережелерін үйрету Көше ережелерінің белгілерін түсінуге, ажырата білуге үйрету көше қозғаластарының ережелері жайлы білімдерін
кеңейту.
2 Көше қозғалыстарының негізгі ережелеріне бағына білуге тәрбиелеу.Ойын атрибуттарын жасау, реттеушіні, жаяуларды, жүргізушілердің рөлін ойнауды үйрету.


Атрибуттар:түрлі көліктер,коляскалар, велосипедтер, бағдаршам, белгілер, реттеушінің жұмыс киімі, жаяуларға арналған белгілер, жаяулар, жүргізушінің куәлігі, реттеушінің таяғы.
Қатысушылар: Полиция - реттеушісі, МАИинспекторы, жүргізушілер, жаяулар.




«Жол полицейі» жұмбақтар мен өлеңдер

Жол белгілері


Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өмірінді қорғауға олар арналар,
Білемеген өкінішке қалады.


«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,
«Кері бүрыл, токтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті кызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.


Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолга таяп әлде қалдың ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргенінді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресін ғой талай жол.


Реттеуші


Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеушіні көрдім мен.
Қиылыстан дәл бүгін.


Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек, тұрса
Реттеуші жолыңда.


Тік көтерсе таяқты
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі


Сары шамы сиякты.
Кеудесімен бұрылса,
Қарап саған бетпе-бет,
Тұрғаны оның, ұғынсаң,
Жолды жаптым, өтпе деп.


Арқа жағып қаратса.
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белі-
Қызыл түсі жанғандай,


Оң иық, не сол иық,
Бұрылғанда сен жаққа.
Тұрып қалма мөлиіп,
Алға карай тез атта.

-Арқаным бар тым ұызын,
Ала алмаймын бір үзім. (жол)


-Көліктің қаншасын жанымнан өткердім,
Іргеден басталып алыска жеткіздім. (жол)

-Жок өзінде бас та, құлақта, ауызда, Бақырайган үш көзі бар бырақта. (бағадаршам)

-Аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді. (машина)


-Бір көзі «кідір жабылады» дейді,
Бір көзі «жүгір» дейді,
Ал бір көзім «абайла» дейді.
«Қарап қал маңайға» дейді. (бағдаршам)

-Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)