Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Перспективалық жоспар балабақша: балалардың дамуы мен тәрбиесі

Перспективалық жоспар балабақша: балалардың дамуы мен тәрбиесі

Олейникова Наталья Григорьевна
Олейникова Наталья Григорьевна
DOCX
190
2

Данный документ представляет собой подробный перспективалық жоспар для дошкольных учебных заведений, нацеленный на всестороннее развитие детей через разнообразные активности, включая здоровье, творчество и осознание окружающего мира.

Первый раздел касается формирования у детей навыков здорового образа жизни. Мы уделим внимание здоровьесберегающим технологиям и физическим активностям, настраивая детей на поддержку своего здоровья.

Второй аспект программы связан с развитием творческих способностей через различные виды искусства: рисование, музыкальные упражнения и театрализованные игры. Мы стремимся поддерживать интерес к творческим процессам и способствовать развитию воображения и оригинальности у детей.

Третий элемент охватывает экологическое воспитание и осознание важности природы. Дети узнают о растительном и животном мире, а также научатся бережному отношению к окружающей среде.

Наконец, наша программа включает в себя обучение социальным взаимодействиям, что позволяет детям развивать навыки общения и сотрудничества, а также уважения к другим людям.

Кроме того, мы акцентируем внимание на важности национальной идентичности и культурных ценностей, обеспечивая детей знанием традиций и обычаев их народа. Это создаст фундамент для дальнейшего воспитания и формирования индивидуальности каждого ребенка, что является одним из наших основных приоритетов.

Предпросмотр

   БІРІНШІ  КІШІ ТОПТЫҢ  ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ  
 
                                                                          2017 жыл қыркүйек  айы
                                                                  Өтпелі тақырып: «БАЛАБАҚША»
 
Мақсаты:  балалардың бойында  балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой- өрістерін кеңейте отырып  бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Міндеттері:
-         денсаулық сақтау технологиясы негізінде дене дағдылары мен  негізгі  қимыл түрлерін қалыптастыру;
-         дидактикалық ойындар арқылы  тілдік қарым –қатынас  дағдыларын, сөздік қорларын қалыптастыру; 
-         өз достарымен бірігіп ойнау барысында  балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;
-         балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру және  шығармашылық  әрекетті дамыту.

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Менің  балабақшам

 

1-апта

Дене шынықтыру 4.09.17

(негізгі қимылдар) 

1. Тәрбиешініңартынан баяу жүру. Бірқалыпты жүгіру.

Қимылды ойын: «Балабақшаға барамыз»

6.09.17

2.Шеңбер бойымен қол ұстасып жүру. Бірқалыпты жүгіру.   

 Қимылды ойын: «Топта шар үрлейік»

8.09.17

3. Алаңның бір шетіне доптың артынан баяу жүру.

Бір орында тұрып қос аяқпен секіру.

Қимылды ойын: «Балабақшадағы көңілді доптар»

Сөйлеуді дамыту 5.09.17

Тақырыбы: «Біздің топ»

Мақсаты: балаларды балабақшаның  топ бөлмелерімен таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Топқа саяхат» 

 

Жаратылыстану 7.09.17

Тақырыбы:

«Топтағы гүлдер»

Мақсаты: Берілген  суреттерден топтағы гүлдерді ажыратып,  табу

Үстел –үсті  ойыны: «Гүлдерді топтастыр»

Құрастыру 6.09.17

Тақырыбы: «Үстел»

Мақсаты: текшелер-мен кірпіштерді үйлестіру. (Фребель материалдары)

Ойын тапсырма: «Үстел»

 

Сурет салу 4.09.17

Тақырыбы:  «Балабақшадағы   әдемі бояулар»

Мақсаты: қағазбен, майлы қарындашпен таныстыру. Көлденең, тігінен сызықтар сызуды үйрету.

Дидактикалық ойын: «Көңілді сызықтар»

 

Балабақша-

ның  күн тәртібіне бейімделу-леріне   жағдай жасау

 

 

Менің  достарым

2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 11.09.17

1. Жұптасып жүруге дағдыландыру.

Берілген бағытта жалаушаға дейін жүгіру.

Қимылды ойын: «Менің досым»

13.09.17

2.Шеңбер бойымен жұптасып жүру.  Қонжыққа дейін  еңбектеу.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

15.09.17

3.Допты қос қолдап лақтыру.

Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру.

Қимылды ойын: «Ақ қоянмен бірге»

 

Көркем әдебиет 12.09.17

Тақырыбы: «Екі дос» (өлең)

Қадыр Мырза Әли

Мақсаты:  оқылған өлеңді тыңдауда шыдамдылыққа,   өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын:  «Досыңды тап»

Құрастыру 13.09.17

Тақырыбы: «Доп»

Мақсаты:

қиылған бөліктерден доп құрастыру.   (қағаз)

Үстел-үсті ойыны: «Допты құрастыр»

 

Жаратылыстану 14.09.17

Тақырыбы: «Қанатты достар»

Мақсаты: балаларды балабақша ауласындағы  құстармен таныстыру. (торғай, қарға, шымшық, көгершін)

Дидактикалық ойын: «Торғайға жем береміз»

Сурет салу 11.09.17

Тақырыбы:  «Көңілді жол»  (екі түсті бояумен жол салу)

Мақсаты:  балаларды  екі түсті бояумен  түзу сызық сызуға үйрету.

Дидактикалық ойын:  «Досыма жол»

 

 

Сәлемдесу және қоштасу әдептерін үйрету.

Топтағы балалармен бірігіп ойнауға тәрбиелеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің  сүйікті ойыншықтарым

 

3-апта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 18.09.17

1.Бір бағытпен жүре отырып, кедергіден (жіп) аттап өту.

Қимылды ойын: «Ойыншыққа жету»

20.09.17

 2. Кілем бойымен допты қос қолмен ұстап жүріп өту.

Жіптің астынан еңбектеп өту (биіктігі 30-40 см)

Қимылды ойын: «Сызықты баспай, көжекке жет»

22.09.17

3. Қарқынды өзгерте жүру және жүруден жүгіруге ауысу.

Қимылды ойын: «Қонжыққа қарай жүгірейік»

 

 

 

 

Сөйлеуді дамыту 19.09.17

Тақырыбы: «Менің ойыншығым»

Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету.  Тәрбиешінің сөзін түсініп,  не? қандай? сұрақтарына жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Ойыншықтарды ата»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сенсорика 20.09.17

Тақырыбы:

«Қуыршаққа арналған моншақтар»

Мақсаты: балаларды әр түрлі геометриялық бөлшектерді бауға тізбектеуге  үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Үстел-үсті ойыны: «Моншақты тіз»

 

Жаратылыстану 21.09.17

Тақырыбы: «Менде қандай ойыншық бар?»

Мақсаты: жануарлардың  дене бөліктерін  атауға үйрету (танау, құйрық, аяқтар)

Дидактикалық ойын: «Қоянды сипатта»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  салу 18.09.17

Тақырыбы: «Ойыншық қақпалар»

(екі түспен қақпалар салу)

Мақсаты: қарындашты дұрыс ұстай алуды  үйрету. Қысқа және ұзын сызықтарды  жүргізе білуді үйрету.

Дидактикалық ойын: «Әдемі қақпалар»

 

Мүсіндеу 22.10.17

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған орындық»

Мақсаты: балаларды  сазбалшық, ермексазбен таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Таяқшалар»

 

 

Ойыншық-тармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиһаздар

4-апта

Дене шынықтыру 25.09.17

(негізгі қимылдар)

1.Бағытты өзгерте отырып жүру.  Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру.

Қимылды ойын: «Қызыл, сары орындықтар»

27.09.17

2.Жіптің бойымен жүру.

Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру.

Қимылды ойын: «Жолыңмен жүр»

29.09.17

3. Шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып жүру. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу.

Спорттық іс-шара:

«Орындығыңа тез жет»

Көркем әдебиет 26.09.17

Тақырыбы: «Бөлме жасаймыз» (Фланелеграф   тақтада)

Мақсаты: балаларға жиһаздарды атап айтуға үйрету. (Үстел, орындық, керуерт).

Дидактикалық ойын: «Қуыршаққа орындық»

Жаратылыстану 28.09.17

Тақырыбы: «Ағаш және оның бөліктері»

Мақсаты: балалардың назарын ағаштың негізгі бөліктеріне аудару (діңі, бұтақтары, жапырақтары)

Үстел –үсті ойыны:  «Орындықты  құрастыр»

 

Сурет салу 25.09.17

Тақырыбы: «Менің керуетім»

Мақсаты: Түзу көлденең сызықтар жүргізу арқылы парақ бетіне бейнені орналастыруға үйрету.

Дидакикалық ойын:  «Әдемі керуерт»

 

Аппликация 29.10.17

Тақырыбы: «Досымның доптары»

Мақсаты: дайын үлгіні қағаз бетіне  орналастырып қоя білуге үйрету. Сары түспен таныстыру.

Дидактикалық ойын:  «Үлкен –кіші доп»

                     

 

 Балаларды  өздерінің төсек орнын, киім шкафын танып ажырата білуге үйрету

 
 
 
 
 
 
                                                                                                                   2017 жыл  қазан  айы     
Өтпелі тақырып: «МЕНІҢ ОТБАСЫМ»
Мақсаты: балалардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды жақсы көруге, көмек беруге үйрету. Туыстық  байланыс туралы  түсініктерін дамыту: ана-әке, аға-апа,  ата-әже.
Міндеттері:
 -отбасы туралы   алған білімдерін кеңейту,  сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін  дамытуға  ықпал ететін ойын түрлерін  ұйымдастыру;
-  денсаулық сақтау технологияларын  қолдана отырып,  балалардың дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін  жетілдіру;
- отбасы  мүшелеріне  сүйіспеншілік  пен сыйластыққа тәрбиелеу.          

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Ата-аналар  еңбегі

1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 2.10.17

1.Шеңбер бойымен бірқалыпты жүру. Белгі бойынша шашырап жүгіру.

Қимылды ойын: «Біз көңілді отбасымыз»

4.10.17

2.Кілем бойымен жүру.

Допты кеуде тұсынан қос қолдап лақтыру.

Қимылды ойын: «Доптарды жинаймыз»

6.10.17

3.Доғалар астынан еңбектеп өту. 

Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру.

Қимылды ойын: «Маған еңбектеп жет» (тәрбиеші, апай, анасы)  

Сөйлеуді дамыту 3.10.17

Тақырыбы: «Анама көмектесемін»  (сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: берілген сұрақтарға жауап бере отырып, көргендерін сипаттауға, сөздерді дұрыс айтуға   үйрету.

Дидактикалық ойын: «Менің анам»

Жаратылыстану 5.10.17

Тақырыбы: «Менің бақшамдағы көкөністер мен жемістер»

Мақсаты: бау-бақша өнімдерімен таныстыра отырып, ата-аналар еңбегін атау

 (Қияр, қызанақ, алма, алмұрт)

Дидактикалық ойын: «Себетке жина»

 

Құрастыру 4.10.17

Тақырыбы: «Үй»

 Мақсаты: Кірпіштерден (текшелерден)  үй құрастыру.

Ойын тапсырма: «Тамшыларды қойып шық»

 

 

Сурет  салу 2.10.17

Тақырыбы: Әжемнің жіптері

(үш түсті бояумен)

Мақсаты: тұйықталаған

(ирек) сызықтарды жүргізу арқылыфломастерді немесе майлы қарындашты пайдалана отырып сурет салуға үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Көңілді жіптер»

 

Өз отбасы мүшелерінің аттарын айта білуге үйрету

 

Менің  көшем

2-апта

Дене шынықтыру 9.10.17

(негізгі қимылдар)

1.Кедергілер арасымен жүру.  Отырып допты бір-біріне домалату.

Қимылды ойын: «Көшедегі ағаштар»

11.10.17

2. Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру.

Доғалар астынан еңбектеп өту.

Қимылды ойын: «Допша секір»

13.10.17

3. Жүруден жүгіруге ауысу

Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу.

Қимылды ойын: «Жолдағы таяқшалардан аттап өт»

 

Көркем әдебиет 10.10.17

 Тақырыбы: «Жақсы деген немене,  жаман деген немене»  мультфильмін көру.

Мақсаты: балаларға әрбір істің жақсы, жаман жағы болатынын түсіндіру

Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды!»

Құрастыру11.10.17

Тақырыбы: «Екі жол»

Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарынан (текшелер) кеңістікте  жалпақ және жіңішке жол жасауға үйрету.

Үстел –үсті ойыны: «Машина жолы»

 

Жаратылыстану 12.10.17

Тақырыбы: «Шалғынды шөп»

Мақсаты:  Шөптердің түсін атап, ажырата білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Көшедегі гүлдерді жинау»

Сурет  салу 9.10.17

Тақырыбы:  «Көше шамдары»

Мақсаты: қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстай отырып, ирек сызықтар салу дағдысын бекіту. Саусақ икемділіктерін арттыру.

Ойын тапсырма: «Түстерді ата»

 

 

Ненің «жақсы» ненің «жаман» екенін ұғындыру

 

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

 

3- апта

Дене шынықтыру 16.10.17

(негізгі қимылдар)

1. Бірбағытпен жүре отырып, кедергіден (жіп) аттап өту.

Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу

Қимылды ойын: «Абайла, балақай!»

18.10.17

2.Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру.

Допты қағып алуға дағдыландыру.

Қимылды ойын: «Қоңырауды сылдырлат»

20.10.17

3. Отырып допты бір-біріне домалату. Белгі бойынша шашырап жүгіру.

Қимылды ойын: «Жаңбырдан тығылайық»

Сөйлеуді дамыту 17.10.17

Тақырыбы:  «Мен тәртіпті баламын» (өлең)  Өтебай Тұрманжанов

Мақсаты:  балаларды өлеңнің мазмұнын тыңдап, тәрбиеші айтқан дыбыстарды анық айтуға дағдыландыру.

Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»

Сенсорика 18.10.17

Тақырыбы: «Пазлдардан сурет құрастыр»

 Мақсаты: екі  бөлікті  пазылдан   заттың бейнесін құрастыруға  үйрету.  (үтік, тоқ көзі, бағдаршам)

Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды»

 

Жаратылыстану 19.10.17

Тақырыбы: «Абайла, балақай!»

Мақсаты: балаларға  көшедегі қауіпсіздік туралы мультфильм  көрсету. Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет салу 16.10.17

Тақырыбы: «Ұзын, қысқа жолдар»

Мақсаты: оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.

Дидактикалық ойын: «Жолдан өтейік»

 

Мүсіндеу 20.10.17

Тақырыбы: «Қонжыққа арналған жидектер»

 Мақсаты: Бүлдіршіндерге кішкене домалақ заттарды мүсіндеуге  үйрету.

Дидактикалық ойын: «Жидектер тереміз»

 

Ойын барысында бір-бірін түсінуге үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтын күз

 

4-апта

Дене шынықтыру 23.10.17

(негізгі қимылдар)

1.Түзу және ирек жолдармен жүгіру.

Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру .

Қимылды ойын: «Жапырақтар жинайық»

25.10.17

2. Түзу және ирек жолдармен жүгіру.

Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын: «Күзгі  соқпақ жол»

26.10.17

3.Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.

Допты нысанаға дәлдеп лақтыру.

Спорттық іс-шара: «Себетті толтыр»

 

 

Көркем әдебиет 24.10.17

Тақырыбы: «Алтын дән» өлең. К.Ахметова

Мақсаты: Тақпақтың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалау.

Үстел –үсті ойыны: «Алма, алмұртты көп жина»

Жаратылыстану 26.10.17

Тақырыбы: «Қоңыр күз»

Мақсаты: Күз мезгілімен-табиғаттағы маусымдық өзгерістермен (бұлтты, суық) таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Гүл күлтелерін  жинайық»

Сурет салу 23.10.17

Тақырыбы: Жау-жау , жаңбыр  (дайын үлгідегі  бұлттың астына)

Мақсаты: Тік сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

 

Аппликация 26.10.17

Тақырыбы:

«Ашық шамдар»

Мақсаты: Қызыл, сары, көк түсті  дөңгелек  пішіндерді  түзу сызық бойына желімсіз орналастыруға үйрету.

Дидактикалық  ойын: «Шамдарды орналастыр»

 

 

Табиғатта болып жатқан өзгерістерді бақылауға үйрету.

               
                                                                                                    2017 жыл,  қараша  айы
Өтпелі тақырып: «ДЕНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ»
Мақсаты: Балаларға денсаулық сақтау,  шынығу және дәрумендердің адам ағзасына пайдалы екенін түсіндіру. Таза жүру, жеке бас гигиенасын сақтау ережесін үйрету.
Міндеттері:
-шынықтыру-сауықтыру шаралары арқылы  балаларды  мықтылыққа, шымырлықа тәрбиелеу, дербес қимыл белсенділігін дамыту;
- дұрыс тамақтану жолдарын насихаттау арқылы  алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
- әңгімелеу, қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы  балалардың ертегі және шағын әңгімелердің мазмұнын түсінуіне ықпал жасау;

 

Тақырыпша

 

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

 

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

 

Әлеумет-0

 

Өзім туралы

1-апта

Дене шынықтыру 30.10.17

(негізгі қимылдар)

1 . Бағытты өзгерте отыра  жүру.

Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру.

Қимылды ойын: «Мен шыныққан баламын»

1.11.17

2. Белгі бойынша тоқтап жүгіру.

Допты жоғарыға лақтыру (қағып алмай)

Қимылды ойын: «Дәл түсір»

 

3.11.17

3. Бір орнында тұрып 15 см биіктіктен секіру.

Арқанның астымен еңбектеп өту.

Қимылды ойын: «Бірге  қонаққа барайықшы»

 

Сөйлеуді дамыту 31.10.17

Тақырыбы: «Бұл мен!» (суреттерді көрсете отырып, әңгімелесу)

Мақсаты: Тәрбиешінің  көрсеткен суреттері арқылы. (Кім? Не? Не істейді?)  сұрақтарға жауап бере білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Бұл кім?»

Жаратылыстану 2.11.17

Тақырыбы: «Мен өзім туралы не білемін?»

Мақсаты: Балаларға адамның дене мүшелерін атауға үйрету  (басы, қолы, аяғы,  көзі, мұрны, аузы, құлағы және т.б. бар).

Ойын жаттығу: «Менен кейін қайтала!»

 

Құрастыру 1.11.17

Тақырыбы: «Үй және қақпа»

Мақсаты: Балаларды құрылыс блоктарымен үй  жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажыра алуға дағдыландыру.

Ойын жаттығу: «Түсін ата»

 

 

Сурет салу 30.10.17

Тақырыбы: «Менің моншақтарым»

Мақсаты: Дөңгелек сызықтар жүргізу арқылы моншақ суретін салуға үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Моншақтарды тізбекте»

 

Жақындарына  тілектестік сезімдерін таныта алады.

 

Дұрыс тамақтану

Дәрумендер

2-апта

Дене шынықтыру 6.11.17

(негізгі қимылдар)

1. Шағын топқа бөлініп жүгіру.

Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.

Қимылды ойын: «Дәрумендер  жолындағы кедергілер»

8.11.17

2. Бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру.

Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.

Қимылды ойын: «Дәрумендерді тап»

10.11.17

3. Допты алға домалату, қуып жету. Бір сызықтан қос аяқпен секіру.

Қимылды ойын: «Допты қуып жет»

 

Көркем әдебиет 7.11.17

Тақырыбы: «Жемістер жыры»  (өлең)  Рза Қунақова

Мақсаты: Өлеңді тыңдай білуге,  қайталап  айтуға    үйрету. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.

Ойын жаттығу: «Жемістерді ата»

Құрастыру 8.11.17

Тақырыбы: «Тостаған»

 Мақсаты: Үш бөліктен тұратын тостағанның суретін қағаздан  кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыруға үйрету.   (қиылған бөліктер)

Дидактикалық ойын: «Атын ата»

 

Жаратылыстану 9.11.17

Тақырыбы: «Жемістер. Алма»

Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлерін атауға және алманың түсін, дәмін ажыратып айта білуге үйрету.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Сурет  салу 6.11.17

Тақырыбы: Қызыл алма

Мақсаты: Тұйықталған дөңгелек сызықты және түзу сызық жүргізу арқылы парақ бетіне бейнені орналастыуға үйрету. 

Үстел -үсті ойыны: «Үлкен  - кіші»

 

Ас ішкеннен кейін ризашылық сөздерін қолдануға үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіңе және  өзгелерге көмектес

3- апта

Дене шынықтыру 13.11.17

(негізгі қимылдар)

1.Кегельдер арасымен допты көтеріп жүру.

Бір орнында тұрып 15 см биіктіктен секіру.

Қимылды ойын: «Біз біргеміз»

15.11.17

2.Бір бағытта шеңбер бойымен жұптасып жүру.

Доға астынан допты домалатып өту.

Қимылды ойын: «Поезд»

17.11.17

3.30-40 секунд бойынша үзіліссіз жүгіру.

Кедергі астынан еңбектеп өту.

Қимылды ойын: «Маған көмектес»

Сөйлеуді дамыту 14.11.17

Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдырайық »

Мақсаты:  Балаларды қуыршақ пен ойнай отырып сөйлеуге, дене мүшелерін атауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Киімнің сәйкесін тап»

Сенсорика 15.11.17

Тақырыбы: «Қорапшаларға орналастыр»

Мақсаты: 2 әр түрлі пішінді (тік төртбұрыш, үш бұрыш) және екі әр түрлі көлемді заттарды таңдауға  және топтастыруға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Пішіндерді жинастыр»

 

Жаратылыстану 16.11.17

Тақырыбы: «Өсімдіктерге күтім жасау»

Мақсаты: Өсімдіктерге күтім жасауға баулу,  тәрбиешінің суару тәсіліне назар аудару.

Дидактикалық ойын:  «Гүлді құрастыр»

Сурет салу 13.11.17

Тақырыбы: «Торғайларға жем шашамыз»

Мақсаты: Фломастер, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету.

Дидактикалық ойын: «Торғайды тамақтандыр»

 

Мүсіндеу 17.11.17

Тақырыбы: «Доптар»

Мақсаты: Ермексазды домалақтау әдісі арқылы доп жасауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Күшті  доптар»

Өз киімдерін шешуге дағдыландыру.

 

Біз күштіміз, ептіміз

4-апта

Дене шынықтыру 20.11.17

(негізгі қимылдар)

1. Берілген бағытта жалаушаға дейін жүгіру.

Допты қос қолдап лақтыру.

Қимылды ойын: «Жалаушаға дейін жет»

22.11.17

2. Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсу.

Қимылды ойын: «Сызықты басып кетпе»

24.11.17

3. Шеңберден шеңберге аттау.

Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Спорттық іс-шара: «Біз күштіміз, ептіміз»

 

Көркем әдебиет 21.11.17

Тақырыбы:  «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Саусақ театры арқылы сахналау.

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Кейіпкерлерді ата»

Жаратылыстану 23.11.17

Тақырыбы: «Табиғаттағы еңбек»

Мақсаты: Ауладағы ересектердің еңбегіне қызығушылықтарын дамыту. (Суреттер арқылы)

Дидактикалық ойын: «Кім, не істеді?»

Сурет  салу 20.11.17

Тақырыбы: Шағылысқан күн сәулесі  (дөңгелек үлгісі)

Мақсаты: Қарындашпен түзу сызықтар арқылы күн сәулесін салу әдісін үйрету. 

Үстел-үсті ойыны: «Сәулелерді орналастыр»

 

Аппликация 24.11.17

Тақырыбы: «Ыдыстағы көкөніс»

Мақсаты: Дөңгелектің  ішіне кішкентай көлемді  сопақша   пішіндерді   орналастыра білуге үйрету.

Қимылды ойыны: «Қияр мен қызанақ жинау» 

Балалардың дербес ойындарында қимыл белсендідігін арттыру.

 
 
 
 
 
 
 
 
2017 жыл,  желтоқсан  айы
Өтпелі тақырып: «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»
 Мақсаты:Балалардың  бойында  рухани-адамгершілік құндылықтарды  қалыптастыру, олардың  патриоттық сезімдерін  оятуға ықпал жасау. Туған өлкелерінің ерекшеліктері  туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Астана қаласымен, мемлекеттік рәміздермен және еліміздің Тұңғыш Президентімен  таныстыру;
-  туған жерге деген    мақтаныштарын, қызығушылықтарын ояту;
-  балаларды  тыңдаған әңгімелер мен тақпақтардың мазмұнын тыңдай білуге және түсінуге үйрету.     

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Жайнай бер, Қазақстаным!

1-апта

Дене шынықтыру 27.11.17

(негізгі қимылдар)

1.Ұзындығы 2,5-2м, ені 20 см тақтай бойымен жүру.

Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру.

Қимылды ойын: «Көкпар»

29.11.17

2.Бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру.

Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы себетке допты дәлдеп лақтыру.

Қимылды ойын: «Қуыспақ»

 

3. Шығыршықтың (обруч) ішіне қос аяқпен секіру.

Кедергілер арасынан жүгіру.

 Қимылды ойын: «Мен  чемпионмын »

 

Сөйлеуді дамыту 28.11.17

Тақырыбы: «Әке мен бала және ескі құмыра» ертегісі.

Фланелеграф  театрында сахналау.

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнын түсінуге қалыптастыру. Берілген сұрақтарды түсініп, жауап беруге дағдыландыру.

Саусақ театры «Отбасы мүшелерін атаймыз»

Жаратылыстану 30.11.17

Тақырыбы: «Менің  Қазақстаным»

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. (рәміздер мен таныстыру)

Үстел-үсті  ойыны: «Бөліктерді құрастыр»

 

Құрастыру 29.11.17

Тақырыбы: «Бәйтерек»

 Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырта алуға дағдыландыру.

Қызықты ойын жаттығу: «Мұнара қала»

 

Сурет салу 27.11.17

Тақырыбы: «Мұржадан түтін будақтайды»

Мақсаты:  Қарындашпен үзбей ирек сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Суретті толықтыр»

 

Таза ауаға бір-бірімен қол ұстасып шығуға үйрету.

 

Туған өлкем

2 - апта

Дене шынықтыру 4.12.17

(негізгі қимылдар)

1.Еденде ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру.

Сызықтардың, жіптердің арасымен жүгіру.

Қимылды ойын: «Кішкентай мергендер»

6.12.17

2.Бағдар бойынша кілемнің бойымен жүріп келіп,

бір орында баяу айналу.

Қимылды ойын: «Қуыршақпен бірге айналайық»

8.12.17

3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.

Қимылды ойын: «Кім күшті?»

 

Көркем әдебиет 5.12.17

Тақырыбы: «Жасыл шырша» (өлең) Есентай Ерботин

Мақсаты: Шырша туралы өлеңді оқу, өлең мазмұнымен түсінуге үйрету. Сөздік қорын дамыту.

Дидактикалық ойын:  «Шыршаны безендіреміз»

Құрастыру 6.12.17

Тақырыбы: «Көпір»

 Мақсаты: Құрылыс материалдарының  бірнеше бөліктерін  құрастырып, жасауға үйрету.

Ойын жаттығуы:  «Көпір жасайық»

 

Жаратылыстану 7.12.17

Тақырыбы: «Табиғат туған үйіміз»

Мақсаты: Табиғаттағы құстарға, өсімдіктерге, жан-жануарларға  көмек көрсете білуге үйрету. Дидактикалық ойын:  «Құстың ұясы»

Сурет салу 4.12.17

Тақырыбы: «Маймақ маң-маң басады»

Мақсаты: Аюдың ізін қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету.

Үстел-үсті ойыны:  «Аюды құрастыр» (түймелеу әдісі арқылы)

            

 

Бірігіп ойнау дағдыларын қалыптастыру.

 

Астана-Отанымыздың жүрегі

 

3- апта

Дене шынықтыру 11.12.17

(негізгі қимылдар)

1.Бір сызықтан қос аяқпен секіру.

Допты себетке лақтыру.

Қимылды ойын: «Дәл түсір»

13.12.17

2.Төрттағандап тақтайдың үстімен жүріп, бірнеше кедергіден (лента, текше) өту.

Қимылды ойын: «Сызықтың бойымен жүр»

15.12.17

3.Шеңберден шеңберге аттау.

Допты қағып алу.

Қимылды ойын: «Допты қуып жет»

 

Сөйлеуді дамыту 12.12.17

Тақырыбы: «Астана» (өлеңін жаттау) 

Ермек Өтетілеуов.

Мақсаты:

Балаларды өлең жолдарын тыңдап, бірнеше қайталату арқылы  қысқа тақпақты жаттап айтуға үйрету. Үстел-үсті ойыны:  «Бәйтеректі құрастыр»

Сенсорика 13.12.17

Тақырыбы: «Мегадағы ойыншықтар»

Мақсаты: Балаларды «мұнда», «анда» деген белгілер  бойынша ойыншықтарды кеңістікке орналастыра білуге үйрету.

Дидактикалық ойын:  «Орнын тап»

 

 

 

Жаратылыстану 14.12.17

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты: Видеороликарқылы  Қазақстанның жабайы аңдарымен таныстыру (ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр)

Ойын жаттығу:  «Мекенін тап»

Сурет салу 11.12.17

Тақырыбы: «Әсем қаланың өрнектері»

Мақсаты: Түрлі-түсті фломастерді пайдалана отырып,  әсем гүлзарларды безендіруге үйрету, негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Үстел-үсті ойыны:  «Бөліктерді  құрастыр»

 

Мүсіндеу 15.12.17

Тақырыбы: «Пирамида»

Мақсаты: Балаларға ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ жұмыр мүсіндер жасауға үйрету. Шар пішініне келтірген соң алақан арасына салып сопақша етіп есу.

Үстел-үсті ойыны: «Пирамида жасаймыз»

Өздеріне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.

 

Тәуелсіз Қазақстан

 

4-апта

Дене шынықтыру 18.12.17

(негізгі қимылдар)

1.Шеңбер бойымен жүру.

30-40 секунд бойынша үзіліссіз жүгіру.

Жәй қимылды ойын: «Ұшты, ұшты»

20.12.17

2.Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.

Бір сызықтан қос аяқпен секіру.

Қимылды ойын: «Жалаушаға тез жет»

22.12.17

3.Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру.

Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу

Спорттық  отбасылық сайыс: «Алға, бүлдіршін»                        

Көркем әдебиет 19.12.17

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты: Балаларды ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.

Үстел-үсті ойыны: «Суретті құрастыр»

 

Сенсорика 20.12.17

Тақырыбы: «Мұнара»

Мақсаты: Үш түсті (текшелер, конустар, цилиндрлер)  бөліктері біртіндеп кемитін, бір өлшемді шарлар мен текшелерден мұнаралар құрастыру

Дидактикалық ойын:

«Түстерін ата»

 

Жаратылыстану 21.12.17

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: Еліміздің рәміздерімен таныстыру, ой-өрісін кеңейту.

Дидактикалық ойын: «Тапқырлар»

Сурет  салу 18.12.17

Тақырыбы: Шуақты күн

(дөңгелек үлгісі)

Мақсаты: Фломастермен түзу сызықтар арқылы күн сәулесін салу әдісін дамыту.         

 Қимылды ойын: «Күн және түн»

Аппликация 22.12.17

Тақырыбы: «Менің үйім»

Мақсаты: Балаларға пішіндерден  (үшбұрыш, төртбұрыш) геометриялық пішіндер арқылы үй құрастыруға үйрету.

Дидактикалық ойын:  «Қонжыққа үй жасайық»

 

 

 

Еліміздің рәміздері-мен таныстыру, оларды атауға үйрету.

                 
 
 
 
                                                                                                                       2018 жыл  қаңтар  айы
Өтпелі тақырып: «ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ»
Мақсаты: Балалардың тірі,өлі табиғат және  жыл мезгілдері құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
идактикалық ойындар ұйымдастыру арқылыбалалардыөсімдіктерді атап,  көкөністер мен жемістерді ажыратып айта білуге үйрету;
-қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға баулу;
-эстетикалық қабылдауларын, түрлі сенсорлық әсерлерін дамыту.

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Айналамыздағы өсімдіктер

1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 25.12.17

1.Бір қалыпты жүру.

Бір орында тұрып бірқалыпты секіру.

Қимылды ойын: «Ормандағы аю»

27.12.17

2.Бір қалыпты жүгіру.

Қар түйіршіктерін себетке лақтыру.

Қимылды ойын:  «Себетке жина»

29.12.17

3. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу.

Жиектері шектелген тура жолақпен жүру.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Сөйлеуді дамыту 26.12.17

Тақырыбы: «Ғажайып қалта»

Мақсаты: Балаларды көкөністер, жемістер туралы түсінік бере отырып, олардың түсін, пішінін айта білуге үйрету.  Дидактикалық ойын: «Көкөніс пен жемісті ажырат»

Жаратылыстану 28.12.17

Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемі»

Мақсаты: Ағаштарды ажыратып, атай білуді қалыптастыру,  өсімдік бөліктерімен таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Бөліктерін ата»

 

Құрастыру 27.12.17

Тақырыбы: «Шырша ойыншықтары»

 Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасауда умаждау әдісін жетілдіру, қағаздарды умаждау арқылы, домалақ пішінге келтіруге үйрету. Дидактикалық ойын: «Шыршаны безендіреміз»

Сурет  салу 25.12.17

Тақырыбы: Шыршаның шамдары

Мақсаты: Таяқшаға оралған мақтамен сурет салуға үйрету. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Ойын жаттығу: «Шыршаны безендір»

 

Қоршаған ортаны тани білуге, оларға күтім жасауға үйрету.

 

Жануарлар әлемі

 

2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 1.01.18

1.Берілген бағыт  бойынша аяқтың ұшымен жүру.

Алаңда шашырап жүгіру.

Қимылды ойын: «Түлкіні ұстап алайық»

3.01.18

2.Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру.

Кедергілі жазықтың бетімен нысанаға дейін еңбектеу.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

5.01.18

3.Қар түйіршіктерін себетке лақтыру.

Еңіс тақтайдың үстімен жүру.

Қимылды ойын: «Қарды нысанаға лақтыру»

Көркем әдебиет 2.01.18

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» (ертегі)

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге және кейіпкерлерді атай білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Үйін тап»

Құрастыру 3.01.18

Тақырыбы: «Күшік»

 Мақсаты: Илеу, жырту, жұмарланған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Үстел-үсті  ойыны: «Күшікке үйшік құрастыр»

 

 

Жаратылыстану 4.01.18

Тақырыбы: «Үй жануарлары  және оның төлдері»

Мақсаты: Үй жануарлары мен оның төлдерімен таныстыру. Атауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Сурет салу 1.01.18

Тақырыбы: Қардағы іздер

Мақсаты: Парақ бетіне бояу жағу арқылы дақ түсіруге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Іздерді ата»

               

 

Балаларды  жануарларға деген сүйіспеншілікке баулу.

 

Құстар-біздің досымыз

 

3- апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 8.01.18

1.Шеңбер бойымен қолдарымен әртүрлі қалыптар жасай жүру.

Доптарды бір-біріне домалату.

Қимылды ойын: «Торғайлар мен машина»

10.01.18

2. Шағын топқа бөлініп, бағытты өзгертіп жүру.

20 см арақашықтықта орналасқан таспалардан аттап өту.

Қимылды ойын: «Жалаушаға дейін жет»

12.01.18

3. Орнынан ұзындыққа секіру.(20-25 см)

Бір және екі қолымен допты еденге ұру.

Қимылды ойын: «Көпірден өт»

Сөйлеуді дамыту 9.01.18

Тақырыбы: «Ұшады-ұшпайды»

Мақсаты:  Балаларға    құстар туралы түсініктерін кеңейту  олардың  іс-әрекеттерін атай білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Құсты ағашқа орналастыр»

Сенсорика 10.01.18

Тақырыбы:  «Тауық және оның балапандары»

Мақсаты: Түсі әр түрлі заттарды  көлемі бойынша орналастыру және түстерін атай білуге үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Балапан құрастыру»

 

Жаратылыстану 11.01.18

Тақырыбы: «Құстар»

Мақсаты: Құстарды ажыратып, атай білуге үйрету. (Торғай, қарға, көгершін)

Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»

Сурет салу 8.01.18

Тақырыбы: Құстар сайрайды

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салу дағдыларын бекіту.

Лото  ойын: «Топтастыр»

 

Мүсіндеу 12.01.18

Тақырыбы: «Шыршаның ойыншықтары»

Мақсаты:  Балаларды мүсіндеудің домалақтау әдісін үйрете отырып,  ойыншықтар жасауға үйрету.

 

 

Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

Ғажайып қыс

4-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 15.01.18

1.Еңіс тақтайдың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру (ені 25 см, бір басы 15 см көтерілгенде ).

Допты екі қолмен төменнен лақтыру.

Қимылды ойын: «Қарды домалат»

17.01.18

2. Белгі бойынша шашырап жүгіру.

Арқанның астымен еңбектеу.

Қимылды ойын: «Аққалаға дейін еңбекте»

19.01.18

3. Түзу бағытта заттарды аттап өту.

Допты жоғары лақтыру.

Спорттық  іс-шара:

«Шынықсаң шымыр боласың!»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қыс» (өлең) 16.01.18

Мақсаты:  Өлең жолдарына қызығушылықты, көтеріңкі көңіл күйді қалыптастыруға баулу. Іс-қимыл әрекеттердің атауы: қалтырайды, ағарады, қар, қыс, үлбіреген, аққала сөздерін қолдану арқылы сөздік қорларын молайту.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қалта»

Жаратылыстану 18.01.18

Тақырыбы: «Қыста  құстарға қамқорлық жасайық»

Мақсаты: Балаларды қыстайтын құстармен таныстыру: торғай, сауысқан, қарға, шымшық, көгершін; олардың тіршілігіндегі ерекшеліктермен таныстыру .

Дидактикалық ойын: «Жемсалғыш»

 

Сенсорика 17.01.18

Тақырыбы: «Түрлі – түсті шалғын»

Мақсаты: Әртүрлі заттарды өлшемі бойынша салыстыруды және оларды үлгідегідей орналастыруды үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Шалғынды құрастыр»

 

Сурет  салу 15.01.18

Тақырыбы: Жапалақтап қар жауды

Мақсаты: Қағазға саусақ арқылы қардың суретін салуға үйрету. Балалардың саусақ бұлшық еттерін дамыту.

Қимылды ойын: «Қар жинаймыз»

Аппликация   19.01.18

Тақырыбы: «Жайлаудағы қошақандар»     

 Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру, қойлардың суретін «Жайлауға»  орналастыруды үйрету.                    Дидактикалық ойын: «Түстерін  ата»

 

Өздеріне қызмет көрсету дағдыларын дамыту.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                            2018 жыл  ақпан  айы
Өтпелі тақырып: «БІЗДІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ»
 
Мақсаты:  Балалардың  өздерін қоршаған орталары туралы түсініктерін кеңейту, танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері: 
-қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие бала тұлғасын  дамыту;
- адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет таныту сезімдерін  жетілдіру;
- қызықты қимылды жаттығулар, сенсорлық ойындар   ұйымдастыру арқылы түсініктерін кеңейту.

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Ғажайыптар әлемі

 

1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 22.01.18

1.Бөренелерден аттап жүру.

Бір орында тұрып  бірқалыпты секіру.

Қимылды ойын: «Ғажайып  кедергі» ойыны»

24.01.18

2.Орнынан ұзындыққа секіру(25-30 см)

Шеңберден шеңберге аттау.

Қимылды ойын: «Қоянша секір»

 

26.02.18

3.Қарлы төмпешікке өрмелеу. (ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу)

Қимылды ойын: «Мені қуып жет»

Сөйлеуді дамыту 23.01.18

Тақырыбы: «Ғажайып қыс» Мақсаты: Өлі табиғат құбылысы қармен таныстыра отырып, қардың жұмсақ, түсі ақ, мұздай, ериді деген негізгі қасиеттерін айта білуге үйрету.                       Ойын жаттығу: «Аққала  құрастыр»

Жаратылыстану 25.01.18

Тақырыбы:

«Сумен тәжірибе жүргізу»

Мақсаты: Судың мөлдір екенін, бірақ оның кез-келген түске бояуға немесе ластауға болатынын көрсету. Дидактикалық ойын: «Не өзгерді?»

 

Құрастыру 24.01.18

Тақырыбы: «Машина»

 Мақсаты: Балаларды құрылыс

матариалдарымен жұмыс жасауға олардың түсін пішінін көлемін ажыратуға  үйрету.

 Қимылды ойын: «Жүргізуші»

 

Сурет салу 22.01.18

Тақырыбы: Ақ ұлпа қарлар

Мақсаты: Бояуды парақ бетіне сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түсіре отырып, жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Бұл не?»

 

Айналадағы болып жатқан маусымдық өзгерістерді бақылауға үйрету.

 

Көліктер

 

2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 29.01.18

1.Шашырап жүгіру. Еденде 10-20 см қашықтықта ( екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру.                            Қимылды ойын: «Торғайлар мен машина»

З1.01.18

2.Жол бойымен еңбектеу.

Ұсақ заттарды 1 м қашықтыққа лақтыру.

Қимылды ойын: «Паровоз»

2.02.18

3.Гимнастикалық орындық үстінде бір орында баяу айналу.

Секіртпеден секіру.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Көркем әдебиет 30.01.18

Тақырыбы: «Поезд»  (өлеңі)

Мақсаты: Өлеңді мұқият тыңдауға, мазмұнын түсінуге  үйрету, балалардың поезд дыбысына еліктеп у- дыбысын созып, қимыл әрекеттерін жасап, айтуға үйрету.                       Қимылды ойын: «Поезд»

Құрастыру 31.01.18

Тақырыбы: «Трамвай»

 Мақсаты: Құрылыс материалдарының  бірнеше бөліктерін  құрастырып жасауға үйрету. Олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру.

Дидактикалық ойын: «Суреттің сыңарын тап»

 

Жаратылыстану 1.02.18

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты: Балаларға көліктер туралы білім беру, автобус көлігімен таныстыру.                       Үстел –үсті  ойыны: «Гараж»

Сурет салу 29.01.18

Тақырыбы: Машинаның дөңгелектері

Мақсаты:Дәстүрден тыс тәсілді (тығын) қолдана отырып машина дөңгелегінің суретін салуға үйрету.                               Дидактикалық ойын: «Үлкен және кішкентай»

 

 

Қоғамдық көлік тердегі әдептілік.

 

Электроника әлемі

3- апта

Дене шынықтыру 5.02.18

(негізгі қимылдар)

1.Түзу және ирек жолдармен жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Ойын-жаттығу: «Көреміз, қайталаймыз»  (Экраннан көрсету және оны қайталау)

7.02.18

2.Түзу және ирек жолдармен жүгіру.  Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Музыкалық жаттығу: «Кірпілер билейді»

9.02.18

3.Шеңберден шеңберге аттау. Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

 Қимылды ойын: «Көлшіктен аттап өт»

Сөйлеуді дамыту 6.02.18

Тақырыбы: «Телефон» (өлең) Корней Чуковский

Мақсаты: Кейіпкер бейнесін сомдауда, түсінікті сөйлеуде, мәнерлі дауыс ырғағы арқылы сөйлеуін дамыту. Электроника туралы түсініктерін кеңейту.

Дидактикалық ойын: «Телефон»

Сенсорика 7.02.18

Тақырыбы: «Ақылды Айша»

Мақсаты: Түрлі заттарды: түсі, пішіні, көлемі бойынша  сенсорлық қасиеттерін айтуға үйрету.

Электронды дамытушы  ойын: «Әдемі пішіндер»

 

Жаратылыстану 8.02.18

Тақырыбы: «Тап және ата»

Мақсаты: Балалардың үй тұрмысындағы заттарды, олардың қасиеттерін- қарапайым пішінін, көлемін танып атауға үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Топтастыр»

Сурет салу 5.02.18

Тақырыбы: Түрлі түсті сақиналар

Мақсаты: Қылқаламмен дөңгелек пішін салуға үйрету. Бояу түстерін ажырату дағдыларын қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Экраннан үлкен кіші сақиналарды көрсет»

 

Мүсіндеу 9.02.18

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: Екі бөлік ермексаз кесектерін алақан арасында дөңгелектеу. Екінші бөлігін төртбұрыш, үшбұрыш бөлуге үйрету.

Ойын жаттығу: «Ұшақ құрастыр»

 

 

 

 

Заттарды күтіп ұстауға  үйрету.

 

Мамандықтың бәрі жақсы

 

4-апта

Дене шынықтыру 12.02.18

(негізгі қимылдар)

1.Бір бағытта шеңбер бойымен жұптасып жүру.

Доға астынан допты домалатып өту.

Қимылды ойын: «Доп шеңбер ішінде»

14.02.18

2.Допты алға домалату, қуып жету. Бір сызықтан қос аяқпен секіру.        

Қимылды ойын: «Допты домалат»

16.02.18

3.Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсіру. 

Скаймен музыкалық жаттығулар орындау

Көркем әдебиет 13.02.18

Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» (ертегі мультфильмін көрсету)

Мақсаты: Балаларды мейрімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынасын білдіруге талаптандыруды жалғастыру.

Лото ойыны: «Топтастыр»

Сенсорика 14.02.18

Тақырыбы: «Ғажайып күн шуағы»

Мақсаты:

 Дайын үлгідегі дөңгелек пішіннің ішіне, көлеміне, түсіне сәйкес келетін пішіндерді орналастыру.

Үстел-үсті  ойыны: «Сәйкесін тап»

 

Жаратылыстану 15.02.18

Тақырыбы: «Дәрігер»

Мақсаты: Балаларға  дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру. Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»

Сурет салу 12.02.18

Тақырыбы: Адамның бейнесін салу

Мақсаты: Балаларды құм бетіне дөңгелек, ұшбұрыш пішіндерді саусақпен салуды және өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Мынау не?»

Аппликация 16.02.18

Тақырыбы: «Жеңіл машина»

Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру, дайын пішіндерден жеңіл машина құрастыруды үйрету.                             Ойын жаттығу: «Машинаның  дөңгелегін тап»

 

 

 

Үлкен дердің еңбегін бағалауға үйрету

 
 
 
 
 
 
 
 
 
2018 жыл  наурыз  айы
Өтпелі тақырып: «САЛТТАР МЕН ФОЛЬКЛОР»
 
Мақсаты: Қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-ұлттық мерекелер туралы   туралы түсініктерін  кеңейту және дамыту;
-шығармашылық білім беру саласы бойынша  балаларды ұлттық өнерге, салт-дәстүрлерге баулу;
- ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Қазақсан халқының салттары мен дәстүрлері

 

1-апта

Дене шынықтыру 19.02.18

(негізгі қимылдар)

1.Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жүру.

Арқанның астымен нысанаға дейін еңбектеу.     

Қимылды ойын: «Арқан тарту»

21.02.18

2.Орнынан ұзындыққа секіру (30-35см).

Текшелерге шығу, қолын жоғары көтеру және түсу.  Музыкалық жаттығу «Қошақанмен биле»

23.02.18

3.Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру.

Допты 1 м қашықтықтағы қақпаға домалату.

 Қимылды ойын: «Асықты жина»

Сөйлеуді дамыту 20.02.18

Тақырыбы: «Киім дүкені»

Мақсаты: Балаларды ұлттық киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету.

 

Дидактикалық ойын: «Көйлектердің  бөркін  тап»

Жаратылыстану 22.02.18

Тақырыбы: «Қуыршақ Айару»

Мақсаты: Ұлттық киім ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды әңгімелеуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Қонаққа дайындық»

 

Құрастыру 21.02.18

Тақырыбы: «Бақбақтар»

 Мақсаты: Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Дидактикалық ойын: «Бақбақтар жинау»

 

Сурет  салу 19.02.18

Тақырыбы: Орамалды безендіру

Мақсаты:

 Қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, Орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету. Балаларды әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: «Әдемі пішіндер»

 

Үлкендердің сөзін тыңдау ға үйрету.

 

Ертегілер елінде. Театр әлемі

 

2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 26.02.18

1.Бір және екі қолмен еденге ұру.

Еңіс тақтайдың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.   Қимылды ойын: «Машаны қуып жет»

28.02.18

2.Гимнастикалық таяқшалардан аттап жүру.

30-40 секунд бойына үзіліссіз жүгіру.               

Қимылды ойын: «Бауырсақпен бірге аттайық»

2.03.18

3.Түзу сызық үстімен аяқ ұшымен жүру.                        Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см).                               Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Көркем әдебиет 27.02.18

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналау)

Мақсаты: Балаларды ертегі тыңдауға және  әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарына талдау жасауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Кейіпкерлерді ата»

Құрастыру 28.02.18

Тақырыбы: «Құс»

 Мақсаты: Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Дидактикалық ойын: «Не қайда тұрады?»

 

Жаратылыстану 1.03.18

Тақырыбы: «Төлдер айтысы»  (Ертегіні үстел-үсті театрында сахналау)

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін талдау, әңгімелеу.

Дидактикалық ойын: «Төлін  тап»

Сурет салу 26.02.18

Тақырыбы:

«Қуыршақтың көйлегін безендіреміз»

Мақсаты: Саусақ арқылы көйлекті дөңгелек пішіндермен (үлкен-кіші) безендіруге үйрету. Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Қуыршақ қонаққа дайындалуда»

 

 

 

Ертегі кейіркерлерінің мінез –құлқын тануға үйрету.

 

Өнер көзі халықта

 

3- апта

Дене шынықтыру 5.03.18

(негізгі қимылдар)

1.10 см биіктікке көтеріле өрмелеу.

Жолмен жалаушаға дейін еңбектеу.                  

Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық»

7.03.18

2.Кішкене қапшықты төбесіне қойып, тақтай үстімен жүру.                Музыкалық -қимылды ойын:  «Қамшы алу»

Таяқшадан қос аяқтап секіру.

9.03.18

3.Доғаның астымен допты домалатып еңбектеу.   Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Сөйлеуді дамыту 6.03.18

Тақырыбы: «Кигіз үйдегі ыдыстар»

Мақсаты: Балаларға ұлттық ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету.  Ыдыс-аяқтар, тағамдар атауларын сөз таптарында қолдануға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Дастарханға сәйкес кесені таңда»

Сенсорика 7.03.18

Тақырыбы: «Құмыралар»

Мақсаты: Аз, көп, артық, кем, сонша ұғымдарымен салыстыру. Көлемін анықтауға, зерттеуге үйрету.

Қимылды ойын: «Сандыққа  жина»

 

Жаратылыстану 8.03.18

Тақырыбы: «Менің асықтарым»

Мақсаты: Асықтар және оның түрлерімен, түстерімен таныстыру. 

Дидактикалық ойын: «Ұяшықтарға орналастыр»

 

 

Сурет салу 5.03.18

Тақырыбы: «Әжемнің жіп  шумақтары»

Мақсаты: Балаларды түрлі-түсті фломастермен жіп орамының суретін салуға фломастерді қатты қыспай қағаздың ортасынан бір нүктені белгілеп, сол жағынан жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуға үйрету.

Ойын жаттығу:

«Ұршыққа жіптерді ора»

Мүсіндеу 9.03.18

Тақырыбы: «Сәбіз»

Мақсаты: Балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есу әдісі арқылы, бейне жасауға үйрету

Дидактикалық ойын: «Қоянды тамақтандыр»

 

Балалардың  өздеріне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Қолды дұрыс жууға үйрету.

 

Нұр төккен, гүл көктем

 

4-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар) 12.03.18

1.Заттардың арасымен қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру.

Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу. 

 Қимылды ойын: «Секіргіш қөжектер»

14.03.18

2.Таяқшалардан қос аяқпен секіру.

Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу.                        Қимылды ойын: «Теңге алу»

16.03.18

3.Бір тізбекпен жүру.

Баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру.                Спорттық іс-шара: «Көкпар»

Көркем әдебиет 13.03.18

Тақырыбы:

 «Наурыз мейрамы» (сурет бойынша әңгімелесу)

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын  ұғынуға көмектесу, мейрам, наурыз және тағы да басқа жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. Үстел-үсті  ойыны: «Қоржынды  құрастыр»

Сенсорика 14.03.18

Тақырыбы: «Сақинаны ал»

Мақсаты: Балаларда заттық – жабдықтық әрекетті қалыптастыру: таяқтың көмегімен түрлі –түсті сақиналарды өзіне қарай жылжыту.

Қимылды  ойын: «Кел, сақинам кел»

 

 

Жаратылыстану 15.03.18

Тақырыбы:

 «Көктем келді»

Мақсаты: Көктем мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен, балабақшаның ауласында өсетін ағаштар мен бұталарды таныстыру. Дидактикалық ойын: «Құстарға ұя жаса»

Сурет салу 12.03.18

Тақырыбы: «Көктемгі ағаштар»

Мақсаты:  Қылқаламмен дайын үлгідегі суретке сүйкей отырып жапырақтар салуға үйрету.                Ойын жаттығу: «Ағаштардағы бүршіктерді орналастыр»

 

Жапсыру. 16.03.18

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты: кеңістік бетіндегі түзу  сызықтың үстіне дөңгелек пішінді  дұрыс орналастыруға үйрету

Дидактикалық ойын: «Сәйкесінше орналастыр»

Айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға үйрету

 
                                                                                                                          2018 жыл  сәуір  айы
Өтпелі тақырып: «БІЗ ЕҢБЕКҚОР БАЛАМЫЗ»
Мақсаты: Балаларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және  еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Олардың сөйлеуін, зейінін және қиялын дамытуға ықпал жасау.
Міндеттері:
-мектеп жасына дейінгі балалардың  еңбек дағдыларын жетілдіру;
- үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету;
-танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Аялайық гүлдерді

 

1-апта

Дене шынықтыру 19.03.18

(негізгі қимылдар)

1.Орнынан ұзындыққа секіру. (35-40см).

Текшелерден аттап өту.

 Қимылды ойын: «Гүлдерді жинайық»

21.03.18

2.Ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру.

Нысанаға дейін еңбектеу.

Қимылды ойын: «Құмыраны толтыр»

23.03.18

3.Допты алдарындағы доғадан домалатып өткізу.

Кеглилер арасымен қос аяқпен секіру.    

Қимылды ойын: «Доп шеңбер ішінде»

Сөйлеуді дамыту 20.03.18

Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлін қарау»

Мақсаты: Балаларды өсімдіктерді күтуде еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдана білуге үйрету. Өсімдіктерді аялап күтуге тәрбиелеу.

Үстел-үсті ойыны: «Гүлді құрастыр» (Дьенеш блоктары)

Жаратылыстану 22.03.18

Тақырыбы:

 «Кіп-кішкентай алқызыл гүл»

Мақсаты: Гүлдерді ажыратып, атай білуді қалыптастыру, ауладағы гүлдер мен  шөптердің түстерін атау. (ауладағы және бөлмедегі гүлдейтін өсімдіктер),

Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»

 

Құрастыру 21.03.18

Тақырыбы: «Төбешік құрастырайық»

Мақсаты:  Құрылыс материалдарының  бірнеше бөліктерін  құрастырып жасауға үйрету.

 Үстел –үсті ойыны: «Үй қалаймыз»

 

Сурет салу 19.03.18

Тақырыбы: Егістіктегі бақбақтар

Мақсаты: Жасыл түсті қағаз бетіне ақ түсті бояумен, мақталы таяқшаны қолдана отырып сурет салуға үйрету.

Ойын тапсырма: «Құмыраны құрастыр»

 

Балаларды  таза ауадағы серуен кезінде бірігіп ойнауға үйрету.

 

Ас атасы-нан

 

2-апта

Дене шынықтыру  26.03.18

(негізгі қимылдар)

1.Берілген бағытта әртүрлі қарқынмен жүгіру.

Гимнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу.    Қимылды ойын: «Жолдан шықпа»

28.03.18

2.Шеңберден шеңберге секіру.

Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу.   Қимылды ойын: «Төбешікке мінеміз»

30.03.18

3.Заттардың арасымен қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру.  Кішкентай допты оң қолдарымен себетке лақтыру.

Қимылды ойын: «Астық жинаймыз»

Көркем әдебиет 27.03.18

Тақырыбы: «Бауырсақ» (орыс халық ертегісі,  ертегінің жаңа нұсқасын көрсету)

Мақсаты: Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

 Ойын  тапсырма: «Бауырсақтың жолы»

Құрастыру 28.03.18

Тақырыбы:

 «Ыстық тоқаш»

Мақсаты:  Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Үстел-үсті ойыны: «Суретті құрастыр»

 

Жаратылыстану 29.03.18

Тақырыбы: «Ас атасы-нан»

Мақсаты: Балаларды нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын тастамай, оны қастерлей білуге баулу.

Дидактикалық ойын: «Дәмін тап»

Сурет  салу 26.03.18

Тақырыбы: Дастархандағы бауырсақ

Мақсаты: (Дәстүрден тыс) Қақпақтармен батыру әдісі арқылы сурет салуға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Тәрелкеге  бауырсақтарды жина»

 

 

 

Балалардың өзін- өзі ұстауға үйрету

 

Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі

 

3- апта

Дене шынықтыру 2.04.18

(негізгі қимылдар)

1.Бөренелерден аттап өту.

Допты бір-біріне еңкейіп тұрып домалату.     

Қимылды ойын: «Ұсталған шыбындар»

4.04.18

 2. Белгі бойынша тоқтап, жүгіру.

Гимнастикалық орындық үстімен,қолды белге қойып жүріп өту.                    Қимылды ойын: «Аралар»

6.04.18

3.Кішкентай доппен кегельдер арасында ирелеңдеп  жүгіру.

Гимнастикалық орындық үстімен,қолды белге қойып жүріп өту.                         Қимылды ойын: «Тордағы құс»

Сөйлеуді дамыту 3.04.18

Тақырыбы: «Жәндіктер: құмырсқалар, көбелектер, аралар»

Мақсаты: Кітапшалардағы суреттерге қарау, олардың мазмұны бойынша балаларға сұрақтар қойып, 3-5 сөзден тұратын сөз тіркестері арқылы жауаптар құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын:  «Көлеңкесіне сәйкес орналастыр»

Сенсорика 4.04.18

Тақырыбы:

«Әдемі көбелектер»

Мақсаты: Көбелектерді  түстеріне және көлеміне сәйкес іріктеу. Негізгі түстер  жайлы білімдерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Көбелектер қонады»

 

Жаратылыстану 5.04.18

Тақырыбы: «Жәндіктер»

Мақсаты: Балаларды жәндіктермен, олардың өзіне тән белгілерімен таныстыру (көбелек, қоңыз).

Үстел-үсті ойыны: «Қиынды суреттерді  құрастыр»

                 Сурет салу 2.04.18

Тақырыбы: Шөптегі қанқыз (үлгідегі қанқыз)

Мақсаты: Балаларға шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру. Шөпті бейнелегенде оның толық бетті қамтуын қадағалау.

Дидактикалық ойын: «Қанқызының түймелерін орналастыр»

Мүсіндеу 6.04.18

Тақырыбы:

«Құстарға жем дайындайық»

Мақсаты: Ермексазды шымшып үзіп алу әдісін үйрету.

Дидактикалық ойын: «Құстарға жем береміз»

 

Ересектердің берген тапсырма ларын  орын дауға дағдыландыру

 

Еңбек бәрін жеңбек

 

4-апта

Дене шынықтыру 9.04.18

(негізгі қимылдар)

1.Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру.

Допты нысанаға көздеп лақтыру.

Қимылды ойын: «Кубиктерді жинастыр»

11.04.18

 2.Бағытты өзгертіп жүгіру.

Доғаның астынан еңбектеп өту.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

13.04.18

3. Допты бір метр қашықтықтағы қақпаға домалату.

Допты қос қолдап торға лақтыру.                          Спорттық іс-шара:  «Ептілер, күштілер»

Көркем әдебиет 10.04.18

Тақырыбы: «Алғашқы көмек» (әңгіме) Ж.Бұғыбаев

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын талдауға, оларға баға беруге, өзінің көзқарасын білдіруге үйрету.

Ойын тапсырма: «Қуыршаққа көмектес»

Сенсорика 11.04.18

Тақырыбы: «Түрлі –түсті  гүлдер»

Мақсаты: Фланелеграфта түрлі-түсті гүлдерді орналастыру барысында «жоғары - төмен», «үстінде-астында»  кеңістіктік ұғымдарын  үйрете от

ырып жұмыс жасауға дағдыландыру.

Дидактикалық ойын: «Алаңқайды гүлдендір»

Жаратылыстану 12.04.18

Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегін бағалау»

Мақсаты:  Сурет көрсету арқылы үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру. Құрметтеуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: «Анама көмектесемін»

 

Сурет салу 9.04.18

Тақырыбы:

 «Қошақандарға шөп береміз»

Мақсаты: Жасыл түсті пайдалана отырып шөптердің суретін салуға үйрету.  Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу.

Дидактикалық ойын: «Қошақанға шөп береміз»

Аппликация 13.04.18

Тақырыбы: «Жүк машинасы»

Мақсаты: Егістік көлік түрлерімен таныстыру, дайын пішіндерді қолдана отырып, композиция жасауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Машинаның дөңгелегін  таңда»

 

Өз тілектерін білдіру үшін қажетті сөздерді қолдануға үйрету.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2018  жыл  мамыр  айы
Өтпелі тақырып: «ӘРҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!»
Мақсаты: Балалардың бойында  адамгершілік қасиеттерін анықтау, оларды  достық сезімге, мейрімділікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-балалардың топтағы қарым-қатынас  дағдыларын  анықтау және дамыту;
-достыққа, мейірімділікке жетелейтін іс-шаралар, ойындар т.б. өткізу;
 -өз еліне құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрісін дамыту.

 

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

 

Достық-біздің тірегіміз

 

1-апта

Дене шынықтыру 16.04.18

(негізгі қимылдар)

1.30-40 секунд бойы үзіліссіз жүгіру.

Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.

Қимылды ойын: «Кім жылдам»

18.04.18

2.Еңіс тақтай үстімен жүру.

Гимнастикалық таяқшалардан аттап жүру.

 Музыкалық жаттығу: «Достар жаттығуы»

20.04.18

 

3.Шеңбер бойында қолдарын әртүрлі қалыптармен қимылдар жасай жүру.

Ауданы 50х50см,биіктігі 10см мінбеге өрмелеу.

Қимылды ойын: «Досыңа допты домалат»

Сөйлеуді дамыту 17.04.18

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларға саусақ театры арқылы ертегіге қызығушылықтарын бекіту.

Ойын тапсырма: «Құмыра  мен тарелке құрастыр»

Жаратылыстану 19.04.18

Тақырыбы: «Шуақты күннің сәулесі»

Мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің сәулесінің қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту, күннің сәулесіне қуана білуге баулу.

Қимылды ойын: «Күн мен түн»

 

Құрастыру 18.04.18

Тақырыбы:

 «Мен шөп жинадым»

Мақсаты:  Жұмырлау, жырту, умаждалған және жыртылған жасыд түсті қағаздардан құрастыру.

Дидактикалық ойын: «Нені қайда қоямыз?»

 

Сурет  салу 16.04.18

Тақырыбы: «Мерекелік отшашу»

Мақсаты:  Негізгі түстерді  бояуларды ала отырып қыл қаламмен қағаз бетіне сүйкеу әдісі арқылы  сурет салуды бекіту.

Дидактикалық ойын: «Түстерді ата»

 

 

Ересектерді ынтамен тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру.

 

Отан қорғаушылар

 

2-апта

Дене шынықтыру 23.04.18

(негізгі қимылдар

1.Орындық астымен еңбектеп өту.

0,5-1,5метр арақашықтықта отырған қалыпта доптарды бір-біріне домалату.

Қимылды ойын: «Нысанаға дәлде»

25.04.18

2.Гимнастикалық орындық үстінде қолдарын жанына жая жүріп өту.

Еден үстінде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру.

Қимылды ойын: «Ұшақтар»

27.04.18

3.Кішкене қапшықты төбесіне қойып,тақтай үстімен жүру.

Доға астынан еңбектеп өту.  Қимылды ойын: «Кішкентай мергендер»

Көркем әдебиет 24.04.18

Тақырыбы: «Қайрымдылық» (әңгіме)   Д.Далабеков

Мақсаты: Балаларды тыңдағандары, көргендері туралы айтып беру дағдыларын бекіту.

Ойын тапсырма: «Бізге кім келгенін тап»

Құрастыру 25.04.18

Тақырыбы: «Зымыран»

Мақсаты:  Әртүрлі түстегі және пішіндегі тұратын құрылыс материалдарынан бірінің үстіне бірін қою, текшелерді үйлестіре құрастыруға бекіту.

Дидактикалық жаттығу: «Зымыран»

 

Жаратылыстану 26.04.18

Тақырыбы:

«Менің атам»

Мақсаты: Балаларды өздерінің отбасы мүшелерін атап айта білулерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Таны да, ата»

Сурет салу 23.04.18

Тақырыбы: «Жұлдызша»

Мақсаты: Балаларды дайын үлгідегі суретті қызыл түсті гуашпен  бояуға, қылқаламды пайдалану дағдыларын бекіту.

Дидактикалық ойын:

«Бұл қандай пішін»

 

              

 

Айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу үшін, қажетті сөздерді қолдана білуге үйрету.

 

Көңілді жаз

 

3- апта

Дене шынықтыру 30.04.18

(негізгі қимылдар)

1.Құм салынған қапшықты жәшікке лақтыру.

Аласа орындық үстінде еңбектеу.                         Қимылды ойын: «Көбелекті ұста»

2.05.18

2. Бір және екі қолмен допты еденге ұру.

Таспалардан аттап өту.   Қимылды ойын: «Менің көңілді добым»

4.05.18

3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Доптарды бір-біріне домалату.                 Қимылды ойын: «Көлшік судан атап өт»

Сөйлеуді дамыту 1.05.18

Тақырыбы: «Жазда» (өлең)  Нәсіпбек Айтов

Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жазғы қызықтар туралы түсінік бере отырып суреттерде бейнеленгендер туралы айтып беру дағдыларын бекіту.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қорап»

 

Сенсорика 2.05.18

Тақырыбы: «Көңілді балықшылар»

Мақсаты:  Балаларды әртүрлі тәсілдермен судан затты алу дағдысын жаттықтыру.

Ойын жаттығу: «Балық аулау»

 

Жаратылыстану 3.05.18

Тақырыбы: «Алақай жаз келді»

Мақсаты: Жаз мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыру  (күннің көзі нұрын шашады, адамдардың киіміне назар аудару).

Дидактикалық ойын: «Шіркейлер»

 

Сурет салу 30.04.18

Тақырыбы: Балықтар жүзеді

Мақсаты: Аквариумды бояуда балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суретін толықтыру) қызығушылықтарын бекіту. 

Дидактикалық ойын: «Балықтардың түстерін ата»

 

Мүсіндеу 4.05.18

Тақырыбы: «Әтешке қоршау жасаймын»

Мақсаты: Домалақталған ермексазды екі алақанмен есу арқылы сопақшалап қоршауға,  баған жасауға болатыны туралы білімдерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Түстерін ата»

 

 

Күрделі емес тапсырмаларды өз беттерінше орындау дағдыларын қалыптастыру.

 

Мен жасай аламын

 

4-апта

Дене шынықтыру 7.05.18

(негізгі қимылдар)

1.Бір қалыпты жүру.

Ұсақ заттарды 1 м қашықтыққа лақтыру. 

 Қимылды ойын: «Мен дәл тигіземін»

9.05.18

2.Гимнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу.       

Музыкалық жаттығу:

«Менен кейін қайтала»

11.05.18

3.Жол бойымен еңбектеу.

Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсу.    

Спорттық іс-шара: «Біз  спортшылармыз»

Көркем әдебиет 8.05.18

Тақырыбы: «Әке мен бала» (әңгіме) Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты: Шығарманы тыңдай білу дағдыларын бекіту. Үлкенді тыңдауға, өзіне берілген тапсырманы орындай білуге және шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: «Кім не істейді? »

Сенсорика 9.05.18

Тақырыбы: «Ақпыз, қара, сарымыз»

Мақсаты:  Түрлі  түсті пирамидаларды құрастыру  дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру және бекіту (қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін, қара, ақ)

Дидактикалық  ойын: «Пирамиданы жина»

 

Жаратылыстану 10.05.18

Тақырыбы:

«Құмды зерттеймін»

Мақсаты: Балаларды  құрғақ және дымқыл құммен таныстыру. Ерекше қасиеттерін атап айтқызу.

Дидактикалық ойын: «Құмнан бәліш жасаймын»

Сурет салу 7.05.18

Тақырыбы: «Доп саламын»

Мақсаты: Балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды бекіту.Өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету.

Ойын тапсырма: «Менің доптарымның түсін ата»

 

Аппликация 11.05.18

Тақырыбы: «Түрлі түсті жалаушалар»

Мақсаты: Жалаушаларды  түсіне қарай араластыра тізбектей білулерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Түстерді ата»

 

Өзін –өзін ұстаудың нормаларын меңгерген және жағымды әдеттері қалыптасқан.