- Главная
- →
- Занятия с детьми
- →
- Инабаттылық қағидалары: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы
- →
Инабаттылық қағидалары: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы
Данная программа разработана для воспитателей детских садов, чтобы помочь им в методическом подходе к формированию у детей навыков доброты и уважения. Каждый раздел программы включает в себя введение в тему, цели и задачи, актуальность и межпредметные связи, а также требования к квалификационному уровню детей.
Цель программы - помочь детям развить такие важные качества, как любовь к другим, трудолюбие и честность. Она учитывает потребности детей в возрастной группе 4-5 лет. Программа включает в себя теоретические и практические аспекты, поэтому воспитатели смогут эффективно применять её в своей ежедневной практике.
Программа также содержит методические рекомендации по реализации ее содержания, включая планирование занятий, определение весёлых и познавательных игр, которые помогут детям запомнить основные ценности. Игровая форма обучения способствует тому, что дети легко осваивают новые концепции и учатся применять их на практике.
Важным аспектом программы является формирование у детей понимания культурных традиций и обычаев, которые способствуют укреплению семейных ценностей и уважению к пожилым. Следовательно, программа играет важную роль в воспитании гармонично развитой личности с сознанием культурного и социального наследия страны.
Рецензент:
“Өрлеу” БАҰО АҚ “Павлодар облысы ПК БАИ”, педагогика ғылымының магистрі аға оқытушысы : Нургалиева Сара Дюсенбаевна
Бағдарлама мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне әдістемелік көмек құралы ретінде ұсынылған.
Мазмұны
1.Кіріспе
2.Түсінік хат
3.Мақсаты,міндеттері
4.Өзектілігі
5.Пәнаралық байланысы
6. Тәрбиеленушілердің біліктілік деңгейлерінің талаптары
7. Тақырыптық перспективтік жоспар
8.Технологиялық карталар
9.Балалардың білім деңгейлерін анықтау
10.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Дымбілмес хикаялары» бағдарламасы рухани-адамгершілік білім берудің алғашқы кезеңі болып табылады.
Естияр топтарына арналған бағдарлама мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай:
Баланың көніл күйі жағдайының негізінде жеке басының және интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету;
Баланың психикалық, физиологиялық саулығын олардың өзара байланысын сақтай отырып қорғау;
Баланың жеке басының жан-жақты толыққанды дамуына жағдай жасай отырып, отбасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтарды – меірімділікті, қайырымдылықты, әдептілікті, тазалықты бойыңа сіңіріп тәрбиелеуді талап етеді.
Әдептілік тәрбиесі ерте балалық шақтан бастау ала отырып, осы тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге болады.
Бала дүниеге келген күннен бастап ата-анасы және айналасындағы адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді. Олар күнделікті өмірде ересектермен бірлесе әрекет ете отырып, әрбір іс-әрекеттің мән-мағынасын, мақсат-міндетін, қарым-қатынас ережелерін біртіндеп меңгере бастайды.
Сондықтан баланың бойына туған-туысқандары мен жақын адамдарына сүйіспеншілік, айналасындағы жанды-жансыз дүниеге қайырымды көзқарастары мен сезімталдық сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастыру аса маңызды.
Баяғы заман даналарының: «Тіпті күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдеп пен инабаттың арқасында жетуге болады.Қайда барса да, құрметпен қарсы алынатын адам – инабатты адам»,-деулерінде өмір шындығы жатыр. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар туған халқының әдеп-инабат тағлымын бойына сіңіріп өсуі тиіс. Ортаңғы топ балаларының бойына инаббаттылық қағидалары өте қарапайым түрде, өмірде кездесетін қым-қуат мысалдар арқылы тек балаға ғана түсінікті тілмен, ойын немесе мысал түрінде түсіндірілуі тиіс. Тақырыптық жоспарда жазылғандай, әдістемелік құрал бағдарламасы сөйлесу мәдениетінен бастап, тазалық, ұқыптылық, отбасылық құндылық мәселелері мен табиғат, табиғат құбылыстары және өз Отаны мен біршама әлеуметтік мәселелерді қамтиды.Инабаттылық қағидалары дегеніміз, балалар арасындағы өзара қарым – қатынастарды жарасымды, жағымды, ұнамды, адамгершілік-имандылық тұрғыдан реттеудің шартты белгілері болып табылады.
Түсінік хат
Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр
баланың жеке дара дамуы, шығармашылық қасиеттерінің ескерілуі, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Біздің мақсатымыз тәрбиеленушінің өмірін қызықты етіп және оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біз әр баланы тұлға ретінде көреміз. Балаларды жан-жақты дамытуды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым нәтижелі болып шығады. Бүлдіршіндердің балабақшадан алған білімдері мен дағдылары балаларға күнделікті өмірінде, ересек кездерінде пайдасы тиеді деп ойлаймыз.
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдептілік, еңбексүйгіштік, адамгершілік, туған-туыстары мен жақын адамдарына сүйіспеншілік, жеке бас тазалығы туралы қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеттері:
Баланың өз бойындағы жақсы қасиеттері негізінде жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету.
Инабаттылық мазмұнын құрайтын сүйіспеншілік, достық, денсаулық сияқты құндылықтарға баулу.
Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын құндылықтарына бейімдеу.
Өзектілігі
4-5 жастағы балаларды осы бағдарлама арқылы әдеп-ғұрыппен, жақсылық пен жамандықпен таныстырамыз. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Үлкендерді құрметтеп, оларға көмек көрсетуге балалардың бойына сіңіреміз. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз.Балағабарлық жақсы қасиеттерді үйретіп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуға үйретеміз.
Көкейтестілігі
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде осы бағдарлама ерекше рөл атқарады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге болады. Осы бағдарлама барысында балалар алған білімдерін тәжирибеде қолдана алады.
Бағдарламаны іске асыру барысында пәнаралық байланыс бөлімдері:
1. «Тіл дамыту»
Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту. Сөздік қорын байытып, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.
2. «Көркем әдебиет»
Ертегі,өлең,әңгімелерді тындауға,шығарма мағынасын түсінуге,кейіпкерлердің қарым-қатынасын бағалап,оларды әңгімелей білуге үйрету.
3. «Қоршаған орта»
Балалар қоғамдық өмірдің құбылыстарымен,айналасындағы обьектілерімен,жақсылық,өзара көмек ,достық туралы ,ересектермен және құрдастарымен әңгімелесіп,өзара қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылық дағдыларымен танысады.
Жұмыс түрлері.
1.Әңгіме,диалогтар.
2.Көркем әдебиеттер оқу.
3.Көріністер көрсету.
4.Театралдық ойындар.
5.Дидактикалық ойындар.
6.Көріністер ұйымдастыру.
7.Жоспарланған әрекеттер.
Бағдарлама мазмұнының іске асыру кезеңдері:
1кезең-«Мен»
2кезең-«Достық»
3кезең-«Отбасы»
4кезең-«Табиғат»
5кезең-«Отан»
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫ
Топ | Базалық компонент | МДМ компоненті |
Естияр | Істей біледі: | Білу керек: |
Нәтижесі
Балалар осы бағдарлама бойыншасөйлесу мәдениетінен бастап, тазалық, ұқыптылық, отбасылық құндылық мәселелері мен табиғат, табиғат құбылыстары және өз Отаны мен біршама әлеуметтік мәселелерді меңгереді. Күнделікті өмірде, қоғамда,ересектермен қарым-қатынас ережелерін қолдана алады.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Естияр топтарыңа арналған «Инабаттылық қағидалары» бағдарламасы 36 сағатқа есептелген, аптасына 1 рет. Сабақтардың ұзақтығы 20 минут.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Естияр тобы
Айы | № | Тақырыбы | Мақсаты | Сағат саны | |
Қыркүйек | 1 | Сәлемдесу мәдениеті | Балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру. | 1 | |
2 | Сөйлесу мәдениеті | Мәдениетті сөйлесу ережелерімен таныстыру | 1 | ||
3 | Ұқыпты болайық | Ұқыптылық ұғымы туралы түсініктерін кенейту | 1 | ||
4 | Мен әдепті баламын | «Әдептілік» туралы түсініктерін кеңейтіп, әдепті болуға тәрбиелеу. | 1 | ||
Қазан | 5 | Өзіне және өзгеге көмектес | Алғашқа көмек көрсету ережелері туралы түсінік беру. | 1 | |
6 | Тазалық денсаулық кепілі | Тазалық туралы түсінік беру. | 1 | ||
7 | Тамақтану мәдениеті | Дұрыс тамақтану туралы түсінік беру | 1 | ||
8 | Еңбекқор болайық | Еңбек,еңбексүйгіштік туралы түсінік беру. | 1 | ||
Қараша | 9 | Жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету | Ұжымда жақсы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. | 1 | |
10 | Үлкенге құрмет | Сыластыққа, құрметтеу білуге тәрбиелеу. | 1 | ||
11 | Түсіну және кешіруді үйренеміз. | Кешірім, түсінусу сөздерінің мағынасын түсіндіру. | 1 | ||
12 | Менің кішкентай достарым | Қамқорлық ұғымы туралы түсініктерін кенейту. | 1 | ||
Желтоқсан | 13 | Достық көмек | Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. | 1 | |
14 | Дос болайық бәріміз | Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. | 1 | ||
15 | Достық әлемі | Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. | 1 | ||
16 | Мен көмекшімін | Жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | ||
Қантар | 17 | Отбасындағы мерекелер | Отбасылық мерекелер туралы түсінік беру. | 1 | |
18 | Отбасындағы татулық | Отбасындағы татулық туралы түсінік беру. | 1 | ||
19 | Менің туған күнім | Туған күн қуанышы туралы түсінік беру. | 1 | ||
20 | Жақсылық отбасынан басталады. | Көмек, көмектесу ұғымдары туралы түсінік беру. | 1 | ||
Ақпан | 21 | Үйдегі қауіпсіздік | Үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру. | 1 | |
22 | Табиғаттағы қауіпсіздік | Қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру. | 1 | ||
23 | Мен табиғатты қорғаймын | Табиғатты аялауға, қорғауға тірбиелеу. | 1 | ||
24 | Құстар біздің досымыз | Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. | 1 | ||
Наурыз | 25 | Су тіршілік нәрі | Судың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кенейту. | 1 | |
26 | Жақсылыққа-жақсылық | Жақсылыққа жақсылық жасауға үйрету. | 1 | ||
27 | Ұлттық дәстүрім мақтанышым | Ұлттық дәстүрді құрметтеуге үйрету. | 1 | ||
28 | Азық-түліктер | Пайдалы азық-түліктер мен дәрумендер маңызы туралы түсінік беру. | 1 | ||
Сәуір | 29 | Телефон | Телефонмен сөйлесу ережесі туралы білімдерін түсінік беру. | ||
30 | Пайдалы және зиянды әдеттер | Пайдалы және зиянды әдеттер туралы түсінік беру. | 1 | ||
31 | Полиция. Көліктер | Автокөлік түрлерімен, полиция қызметкері мамандығымен таныстыру. | 1 | ||
32 | Көшеден өту | Көшеде өзін ұстау, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін дамыту. | 1 | ||
Мамыр | 33 | Менің Отаным Қазақстан | Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. | 1 | |
34 | Туған жерімді сүйемін | Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кенейту. | 1 | ||
35 | Ынтымағы жарасқан елміз | Достық, ынтымақ құндылықтарының маңыздылығынтүсіндіру. | 1 | ||
36 | Әдепті, инабатты баламыз | Алған білімдері мен тәжиребелерін қорытындылау. | 1 | ||
Барлығы: 36 сағат |
Балалардың білім деңгейлерін анықтау.
1-жартыжылдық
1 тапсырма
1.Дидақтикалық ойын : «Жаман,жақсы»
Жақсы және жаман әрекеттерді атап бер.
2. Біз ұқыпты, таза баламыз ба? .
2 тапсырма
1.Ұстел басында біз қалай отырамыз,тамақтанамыз? Дұрыс көрсет.
2.Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ата.
3 тапсырма
1. Біз қалай ойнаймыз? Дұрыс көрсет, жауап бер.
2. Достық деген немене? Досымызды ренжітуге болады ма?
4 тапсырма
2.Біз ұлкендерді қалай құрметтейміз? Дұрыс жауап бер.
2.Кішкентай достарымызды ренжітеміз бе?
Балалардың білім деігейлерін анықтау
2 жартыжылдық
тапсырма
1.Үйдегі қауіпсіздік сақтаймыз ба? Неге олай істеуге болмай
2.Табиғаттағы қауіпсіздікті сақтаймыз ба? Неге олай істеуге болмайды?
2тапсырма
1.Көшеден өту ережелерін білесін бе?
.
2. Телефонмен қалай сөйлесеміз?
Бағдарламаны меңгеру деңгейлері
Жоғары деңгей – 3 ұпай - әдеттегі сөйлесуде бала белсенділік көрсетеді, барлық сұрақтарға дұрыс жауап береді, қарым – қатынаста уақытша себеп – салдар байланыстарын жеткізу үшін сурет бойынша әңгіменің мазмұнын өз бетінше айтып бере алады. Жаман-жақсы әрекеттерді айыра біледі.Инабаттылық қағидаларын толық меңгерген.
Орташа деңгей – 2 ұпай - бала айналадағылармен сөйлесуде белсенділік көрсетеді, ересектердің болмашы демеп жіберуімен дұрыс жауапты айтып береді.Бағдарламаны орташа деңгейде меңгерген.
Төмен деңгей – 1 ұпай - бала сөйлесуге ықылас білдірмейді, түсіндіре сөйлеу түрлерін білмейді, сурет бойынша қандай әрекет екенін айтып бере алмайды,жауапты ересектердің көмектесуімен ғана бөліп айтады. Бағдарламаны меңгерген жоқ.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Сәлемдесу мәдениеті
Мақсаты:Балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру.
Міндеті; балаларды сәлемдесе білуге үйрету;
Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту
Әдептілікке тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Оқу іс-әрекеті Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбер Иә дұрыс айтасыңдар сәлемдесу, амандасу адамдардың бір-біріне деген ізет, сый – құрмет көрсету болып табылады Әңгімелесу «Сәлем берем үлкенге» Балалар біз бүгін сәлемдесудің әдептіліктің бастауы екенін білдік.. Сәлемдесу арқылы бір-бірімізге достық пейіліміз бен тілегімізді білдіретінімізді білдік | Балалардың жауаптары тыңдалады тәрбиеші қорытынды жасайды тыңдайды. -сұрақтарға жауап бе-реді. -ұжым болып ойнайды. |
Білу: Амандасу түрлері
Игеру:Үлкен кішінің сәлемі
Меңгеру: құрметтеу
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары.
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті.
Мақсаты:Балаларға сөйлеу мәдениеті туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1.Мәдениетті сөйлеу ережелерімен таныстыру.
2.Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.
3.Өзге адамдарға сый –құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:қуыршақтар,суреттер.
Әрекет кезеңі | Тәрбиеші әрекеті | Баланың әрекеті |
I Мотивация II Ізденіс ұйымдастыру III Рефлексия | 1.Жылулық шеңберін өткізеді. « Досынды тап» ойынын ұйымдастырады. Балаларды шеңберге тұрғызып ,бір-біріне жылы сөздер айтқызады,ненің ұнағанын айтып,әсерлерімен бөлісуге шақырады.Бірлесе атқарған жұмыс үшін балаларды мадақтайды. | Балалар шеңбер тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. Ертегіні тыңдап әңгімелейді. Сұрақ – жауап беріп, әңгімеге қатысады. Сергіту жаттығуларын орындайды .Тәрбиешінің өтініші бойынша отырады,айналады,секіреді т.б Ойынды жүргізуші баланың атын атамай оны суреттейді. |
Білу керек:Мәдениетті сөйлеу ережесін.
Игеру керек:сөйлеу мәдениеті туралы түсінікті.
Меңгеру керек:сұраққа толық жауап беруді.
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Ұқыпты болайық.
Мақсаты: «Ұқыптылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттер: 1.ұқыптылық,жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейту. 2.өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту. 3.Ұқыптылық, жағымды әдеттерге тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | 1.Шаттық шеңбері:А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлең жолдарын балалармен бірге қайталау. Әңгімелеу: «Ұқыпты қыз». Сергіту сәті: Қортындылау -Балалар,біз бүгін «ұқыптылық» деген сөздің мағынасын түсіндік.Ұқыпты болу деген тазалықты сүю,жинақы жүру,өз бөлмеңдіретке келтіру екенін білдік. | -қимыл жасайды. -сұрақтарға жауап береді. -ойыншық жинау, гүлге су құю, ыдыс жуу, аналарына кө-мектесу... -сұрақтарға жауап беру. -өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыс жасай |
Білу: «ұқыптылық» туралы түсінік алу.
Игеру:ұқыпты бала-үлгілі бала екендігін түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Мен әдепті баламын.
Мақсаты: «әдеп», «әдептілік» туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.әдептілік туралы түсініктерін кеңейту. 2.жағымды қары-қатынас дағдыларын дамыту. 3.әдептілікке,сыпай-лыққа тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері: Ө.Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге»өлеңін оқу. | -өлең жлдарына сәкес қимыл жасау. -сұрақтарға жауап беру. -әңгімені тыңдап,сұрақ- тарға жауап береді -әдепті сөздерді айтады. -сөздерді қайталайды. -өлең жолдарына сәйкес қимыл -өткенді естеріне түсі-ріп, қортынды жасайды. |
Білу: «әдептілік,сыпайылық» туралы түсінік алу.
Игеру:әдепті бала-жақсы бала екендігін түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп ал
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Өзіне және өзгелерге көмектес.
Мақсаты: Алғашқы көмек көрсету ережелері туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.өзіне және өзгегелерге көмектесе білуге үйрету. 2.үйдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері турал білімдерін бекіту. 3.ойлау, есте сақтау қабілеттері дамыту.
Көрнекі құралдар: Заттар салған қорапша, ойыншықтар.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Балаларға қонаққа СӨС дәрігері келеді, ол егер біреу ауыра қалса немесе кенет бір жағдай болып қалса, дәрігер келгенше не істеу керектігін түсіндіреді. | Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Балалар кезегімен аурулара алшқы көмек көрсетеді. Аурулар рөлінде – қуыршақтар мен ойышықтар. Шеңберге тұрып, қонақпен қоштасады. Өз әсерлерімен бөліседі. |
Білу: Алғашқы көмек көрсете білуді.
Игеру: Жарақат, ауру мен оның белгілері туралы түсінікті.
Меңгеру: Ауруды жеңілдету жолдарын, жедел жәрдем қызметін шақыруды.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Мен еңбекқор баламын.
Мақсаты: «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.еңбек туралы түсініктерін кеңейту. 2.еңбек ету дағдыларын дамыту. 3.еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері: А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңі. | -өлең жолдарына қимыл жасау. сұрақтарға жауап беру. ұжыммен жасай-ды. -әңгіме құрасты-рып, әңгімелейді. -қимылмен көрсетеді. жаңа сөздері қайталап айтады. -сұрақтарға жауап береді. өлең жолдарын қайталайды. |
Білу: «жақсы бала» туралы түсінік алу.
Игеру:«жақсы,еңбекқор,тілалғыш» ұғымдары мен оның қасиеттерін түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп ал
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:«Жақсы қарым-қатынас жасауға үйренеміз»
Мақсаты:балаларды өзара жақсы қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Міндеттері:1.күнделікті өмірде жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету. 2.айналасына жағымды қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. 3.Жақсылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация- Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері: Ә.Дүйсенбиевтің «Қуыршақ» өлеңін балалармен бірге орындау. | -барлығы бірге орын-дайды. -сұрақтарға жауап береді. -мазмұн бойынша сұрақтарға жауап береді. -қайталап айтады. -бір-бірлерінің жауап-тарын бағалайды. |
Білу: қарым-қатынас туралы түсінік алу.
Игеру: әңгімелеу,әңгімелесу арқылы жаңа тақырыпты игеру.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Үлкенге құрмет
Мақсаты: «сыйластық», «құрмет», ұғымдарының мәнін ашу
Міндеттер:
Құрмет, ізет ұғымдарының мағынасына түсінік беру
Әдептілік дағдыларын қалыптастыру:
Сыйластыққа, құрметтей білуге тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- | Шаттық шеңбер | Балалар жауап бередіБалалардың жауаптары тыңдалып, әңгімелесу Балалар сабақта үйренген сөздерін қайталап айтады Инабаттылық- әдепті, ізетті болу |
Рефлексия | Қорытынды: -Бүгінг сабағымызда үлкендерге көмектесуді, құрметтеуді үйрендік. | Сұрақтарға жауап береді. |
Білу: құрмет
Игеру:инабаттылық
Меңгеру:әдептілік
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: «Түсіну мен кешіруді үйренеміз»
Мақсаты: «Кешірім» ,«өзара түсінік» адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттер:
Кешірім,түсіну сөздерінің мағнасын түсіндіру
Балалардың жақсы қасиеттерін дамыту
Өзара сенім мен түсіністікке тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбер арқылы өлең жолдарын қайталау «Мен қандаймын?» деп ойла. «Неліктен ойнамайды» әңгімесін оқып, мазмұнын сұрақ жауап арқылы талдау Ғажайып сөздер Қорытындылау | Шеңберге тұрып, өлеі жолдарын қайталайды. Балалар – Аман неліктен балалармен ойнамағыны туралы айтып бере алды. Балалар ортаға өз ойларын салады. |
Білу: кешірім сұрай білу
Игеру:ренжу,ренжітпеу
Меңгеру: жақсы қасиет
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Менің кішкентай достарым.
Мақсаты: «қамқорлық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1.үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту. 2.үй жануарларына қамқорлық жасай бі-лу дағдыларын дамыту. 3.Қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация- Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | 1.Шаттық шеңбері: ойыншық күшікке өз сүйіс-пеншіліктерін білдіреді. | -жылы сөздер айтады. -сұрақ-жауап. -аңызды тыңдап,сұрақтарға жауап береді. -қимыл жасайды. -өзі жақсы көретін жануар-дың суретін салады. -сөздерді қайталайды. -сұрақтарға жауап береді. -өз ойларын айтады. |
Білу: кішкентай достар туралы түсінік алу.
Игеру:жануарларға әрқашан қамқор болу керек екенің түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Достық көмек.
Мақсаты: «достық»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1.достық көмек туралы түсінік беру. 2.өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту. 3.бір-бірін сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері. «достар мен бірге» өлеңін бірге қай-талап айту. | -өлең жолдарына қимыл жасау. -сұрақтарға жауап беру сұрақтарға жауап беру -қимылмен көрсетеді. -білгендерін ортаға салады. -«Мен бастаймын,сен аяқта» ойыны арқылы жалғастырып отыра-ды. |
Білу: «достық» туралы түсінік алу.
Игеру:«достық» ұғымының құндылығын түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп а
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Дос болайық бәріміз.
Мақсаты: «Достық»құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Міндеттері:1.өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру. 2.өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамы-ту. 3.бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация- Рефлексия | Шаттық шеңбері: Х.Талғаровтың «Дос болай-ық бәріміз»өлеңі. | -бірігіп айтады. -балалардың жауаптары тыңдалады. -бірге қайталайд -бір-бірлерінің жауаптарын талдайды,бағалайды Сұрақтарға жауап береді. |
Білу: достық туралы түсінік алу.
Игеру:ең қымбат адам дос екенің түсіну.
Меңгеру: дәйексөзді меңгеріп алу.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: «Достық әлемі»
Мақсаты: «Достық», «бірлік» құндылықтарының мәнін түсінуге ықпал ету
Міндеттер:
Қамқорлық, бірлік туралы түсініктерін кеңейту
Достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Айнала қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Балалар, бәріміздің бірге екенімізді сезінк қандай тамаша! Ал енді бәріміз қолдарымыздан ұстап, бір-бірімізбен бірлікті қолдайтынымызды білдірейк Сергіту сәті Қорытындылау | Әңгімедегі балалардың ісін айта талдай білді Сергіту сәтін қимылмен орындады. Балалар оз ойларын ортаға толық жеткізе алды. |
Білу: бірлесу
Игеру: береке
Меңгеру: татулық
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Мен көмекшімін
Мақсаты: «Көмек, көмектесу» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу.
Міндеттері:
-көмек, көмектесу ұғымдары туралы түсінік беру
- бір-біріне көмектесе білу дағдыларын қалыптастыру.
-бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- | Шаттық шеңбер Бақшамызға барғанда | Балалардың жауаптары |
Рефлексия | Қорытындылау | Балалар өз ойларын толық жеткізе білді. |
Білу: көмек көрсету
Игеру:қолғанат
Меңгеру: қамқорлық, көмек көрсете білу
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Отбасылық мерекелер
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттер:
Отбасылық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту
Қуанышты көңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру
Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбер: Педагог балаларды шеңбергк жинап, шар арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады. | Балалар қиялдап әңгімелеп береді, бір бірімен бөліседі, бірін бірі тыңдайды. Жақсы тілектер айта алады Тірбиешіні мұқият тындады. Сұрақтарға жауап берді. |
Білу: қиялдау, армандау
Игеру:жақсылық, бақыт
Меңгеру:қуаныш тілен,ізгі ойла
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Отбасындағы татулық
Мақсаты: отбасы,сүйіспеншілік,татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттер:
Отбасындағы татулық туралы түсінік беру;
Отбасында өзара сыйластық, өзара түсініктерінің қалыптасуына ықпал ету;
Туған, өскен үйде тату болуға тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері | Шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады. Сұрақтарға жауап береді Сұрақтарға жауап береді. |
Білу: ренжітпеу
Игеру:сыйластық,татулық
Меңгеру:құрмет,қамқоршы
Білім саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Менің туған күнім
Мақсаты: Жақсылық,қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру
Міндеттер:
Туған күн қуанышы туралы түсінік беру
Өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту
Сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- | Шаттық шеңберге тұрып Қуан шаттан, алақай «Туған күн» әңгімесі оқылып талданады | Балалардың жауаптары тыңдалды Балалардың жауаптары Өлеңді тындап, бірге |
Рефлексия | Қорытынды | Сұрақтарға жауап береді. |
Білу: туған күндерінің күнін
Игеру:жақсы тілектер
Меңгеру:әр жылда адам баласы жас қосатыны жайлы
Білім саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Жақсылық отбасынан басталады.
Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мағынасын түсіндіру
Міндеттері:
Жақсылық туралы түсініктерін кеңейту;
Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету:
Жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- | Шаттық шеңбер Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып бір-бірімен амандасып жақсы тілектер айтады. | Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірімен амандасып, жақсы тілектер айтады. Күтілетін жауаптар
ды жинайды |
Рефлексия | Қорытынды: Бүгінгі сабақта біз отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін, мейірімділігін, қамқорлығын сөз еттік. | Балалардың жауаптары тыңдалады. |
Білу: жақсылық
Игеру:қуаныш
Меңгеру:сыйластық ұғымдары
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары.
Тақырыбы: Табиғаттағы қауіпсіздік.
Мақсаты: Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:1.табиғат құбылыстары туралы әртүрлі ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінікерін қалыптастыру. 2.танымдық қызығушылықтарын арттару. 3.табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат құбылыстары, киімдер, спорттық құрал-жабдықтар бейнеленген суреттер.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Қайырымын көп болсын, Е.Каргановтың «Төрт әпке өлеңін оқиды. Ауа райына байланысты киіну керектігін естеріне салады. «Бекжанды киіндірейік» ойының өткізеді. Суреттерін көрсетіп, табиғат құбылыстарын атауларын сұрайды. Әр құбылыс несімен жақсы несімен жаман екендігін сұрайды. Найзағай, бұршақ, дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді. | Шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірігіп айтады. Сұрақтарға жауап береді. Өлеңді тыңдап, мағынасын түсінеді. Киімдердің суреттерін көтеріп көрсетеді. Табиғат құбылыстарын атайды, әрқайсысының пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді. Қимыл қозғалыстар жасайды. |
Білу: Жыл мезгілдеріне тән белгілерді, ауа райы туралы түсінікті.
Игеру: Әртүрлі ауа рауы жағдайында денені шынықтыру мүмкіндіктері туралы түсінікті.
Меңгеру: Ауа райына байланысты киім таңдауды
.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: «Мен табиғатты қорғаймын»
Мақсаты: «Табиғат» , «Сүйіспеншілік,құндылықтарының маңыздылығын ашу»
Міндеттер:
Туған жер табиғаты туралы түсінік беру
Табиғатының әсемдігін қабылдай білу дағдыларын дамыту
Табиғатын аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбер | Балалар шеңберге тұрып,бір-бірімен амандасады. Гүлмінез мұғалімнің табиғатты қорғау керек деген сөзді түсінді. Әңгімені мұқият тындайды, сұрақтарға жауап береді. Қимыл-қозғалыстар жасап бойларын сергітіп алады. Сұрақтарға жауап береді. |
Білу: жақсылық жасау
Игеру:аялайық
Меңгеру: қорғаймыз
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары.
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты:Құстар туралы түсінік беру.
Міндеттері:1. Құстар тірішілігі туралы білім беру.
2. Құстар түрлерімен таныстыру
3. Табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: құстар суреттері.
Әрекет кезеңі | Тәрбиеші әрекеті | Баланың әрекеті |
I Мотивация II Ізденіс ұйымдастыру III Рефлексия | 1.Жылулық шеңбері: «Мен әдепті баламын» | Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар бастарына қарлығаш маскасын киіп, бір сызыққа тұрады. Балалар жартылай шеңбарге құрып отырады. Балалар жауаптарын тыңдау. Ойын қимылдарын жасайды. Балалар өз ойларымен бөлісті. |
Білу керек:құстар туралы біледі.
Игеру керек: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды игерді.
Меңгеру керек:құстарды ажырата біледі.
Бөлімі:Инататтылық қағидалары
Тақырыбы: Су тіршілік нәрі.
Мақсаты: Балаларға судың маңызы туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.судың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.сараптау, талдау, ойлау қабілеттерін. 3.табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат құбылыстары, киімдер, спорттық құрал-жабдықтар бейнеленген суреттер.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Балаларға глобусты көрсетеді. Сергіту сәті Балалардан бүгін ненің ерекше естерінде қалғандарын, ненің ұнағанын сұрайды. | Глобусты қызықтап, сұрақтарға жауап береді. Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды. Жұмбақты шешеді. Тәрбиешінің нұсқауы бойынша әрекет етеді. Қимылдар жасайды. Қолды сабындап жуып, тісті тазалап жуу керек, пайдаланар алдында көкіністер мен тек қана қайнаған су іші керек. Сұрақтарға жауап береді. |
Білу: Суға байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтауды.
Игеру: Суды пайдалану мен қорғау тәсілдері туралы түсінікті.
Меңгеру: Сумен қарапайым тәжірибе жасауды.
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: «Жақсылыққа - жақсылық»
Мақсаты: «Өзара достық», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру.
Міндеттері: -достық қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.
Үлкендермен, құрбылармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | ||
Мотивациялық-қозғаушылық | Амансың ба, Алтын күн! | Балалар шеңбер құрып өлең жолдарын қайталайды. | ||
Ұйымдастыру іздестіру | Әңгімелеу. | Балалар әңгімені мұқият тындайды. Әңгіменің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Балалар қимыл қозғалыстар жасап бойларын сергітіп алады. Балалар ойын оинайды. | ||
Қорытынды | Бүгін «жақсылық» деп аталатын сөздің мағынасын түсініп, білдік. Өзіміздің қандай екенімізді, бойымызда қандай құнды қасиеттердің бар екенін білдік.. | Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Ұлттық дәстүрім-мақтанышым.
Мақсаты:ұлттық дәстүрді құрметтеуге үйрету.
Міндеттері:1.ұлттық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту. 2.ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықтарын арттыру. 3.ұлттық дәстүрлерге деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері: «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін бірге айту. | -әңді бірге айтады. -бейнетаспадан рәсімді карайды. -ойынды шартын бұз-бай ойнайды. -сабақта айтып үйрен-ген өнегелі сөздерді қайталап айтады. -өлең жолдарына сәйкес келетін қимыл-дар жасайды. -сұрақтарға жауап бе-реді. -өлең жолдарын қай-талайды. |
Білу: «ұлттық салт дәстүр» туралы түсінік алу.
Игеру:«дәстүрді»сақтау құндылығының маңызын түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу
Бөлімі: Вариативті компонент.
Тақырыбы: Пайдалы және зиянды әдеттер.
Мақсаты: Пайдалы және зиянды әдеттер туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.балаларға пайдалы және зиянды әдеттер туралы білімдерін қалыптастыру. 2.салауатты өмір салтын сақтауға қызығушылықтарын арттыру. 3.зиянды әрекеттерге ұнамсыз көзқарастарын тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қораптағы екі сыйлық, жасыл және қызыл түсті белгі-суреттер.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Екі сыйлық, біреуін Пайда ханымы, екіншісін Зиян ханымы жіберген. Бірақ пошта қызметкері хаттарды байқамай ауыстырып алған, сол себепті енді қай сыйлықты кім жібергенін анықтау керек. «Жуынамыз» сергіту сәтін өткізеді. | Қораптардағы сыйлықтарға қызығушылық танытады. Әдет туралы тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды. Балалар өз жауаптарын түсіндіреді. Белгі-суреттерді алып, керек кезде тиістісін көтеріп көрсетеді. Сөйлемді бірге айтады. |
Білу: «Әдет» түсінігін, денсаулық үшін пайдалы, зиянды әдеттерді.
Игеру: Әдеттердің денсаулығымызға тигізетін әсерлері туралы түсінікті.
Меңгеру: Ойларын жинақтап, сұрақтарға жауап беруді, жауаптарын түсіндіріп беруді.
Бөлімі: Вариативті компонент.
Тақырыбы: Азық-түліктер.
Мақсаты: Пайдалы азық-түліктер мен дәрумендер туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекіту. 2.есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. 3.өз ағзасын күтуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Сары май, ірімшік, қызанақ, шие, алма, өрік, сәбіз суреттері, себет.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Өткен жолы Тәттіқұмарлар елінде болғандарын естеріне түсіреді. Енді көрші ел – Дәрумендер еліне баруға шақырады. Біздің саяхатымыз да аяқталды. | Әрбиешінің хабарламасына қызығушылық танытады. Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды. Жұмбақты шешеді. Сұрақтарға жауап береді. |
Білу: Дәрумен кездесетін азықтардың аттарын.
Игеру: Денсаулықты күшейту үшін дәруменді пайдалану.
Меңгеру: Пайдалы азықтардың мерзімі өтіп, кеткен азықтардын ажырата білу.
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Мен көшедемін.
Мақсаты: Көшеде өзін ұстау ережесі туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.көшедеөзін ұстау ережесі, жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін бекіту. 2.автокөлік түрлерімен «Балалар», «Жаяу жүргінші» жол белгілерімен, полиция қызметкері мамандығымен таныстыру. 3.Полиция мен жүргізуші мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:жол белгілерінің суреттері, көше макеті, бағдаршам.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Тосынсый сәтін ұйымдастырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетіп, ненің бейнеленгенің сұрайды, оларды суреттеп беруді ұсынады. Өлең оқиды: Дж. Чиардидің «Үш көзі бар» өлеңін оқиды: | Конвертке қызығушылық танытады. Әңгімеге қатысады. Орындықтардан автобус жасайды, автокөліктердің аттарын, түрлерін атайды.Балалардың бір бөлігі – жүргізуші мен жолаушылар, бір бөлігі – жаяу жүргіншілер. Тыңдайды, естеріне сақтайды. Сергіту жаттығуын жасайды. |
Білу: Жол қауіпсіздігі ережесі мен өзін жолда ұстау ережесін
Игеру: Мамандықтар туралы түсінікті.
Меңгеру: Қауіпсіздік ережелерін сақтауды.
Бөлімі: Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы: Полиция. Автокөлік.
Мақсаты: Автокөлік түрлерімен, полиция қызметкері мамандығымен таныстыру.
Міндеттері:1.жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін бекіту. 2.ойлау, елестету қабілеттерін дамыту. 3.жол қауіпсіздігі ережесін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Полиция қызметкері суреті, «Сыйқырлы қаптағы» ойыншық жүк машинасы, жеңіл машина, автобус, трамвай және т.б.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Полиция қызметкерінің қонаққа келгенің айтып, тосынсый сәтін ұйымдастырады. Қонақпен жол ережесі туралы, аулада, көшеде өзін мәдениетті ұстау туралы әңгіме өткізеді. Қиылыста тұрағы, | Тосынсый сәтіне қызығушылық танытады, қонақпен сәлемдесіп, қарсы алады. Әңгімеге қатысады. Жұмбақты шешеді. Сиқырлы қаптан «көлік түрлерін шығарып, олардың аты мен түрін атайды (жер, су, әуе көліктері). Сергіту жаттығуларын орындайды. |
Білу: Автокөлік түрлерінің аттарын, жол белгісі сөздерінің мағынасын білу.
Игеру: Полиция қызметкері автокөліктер туралы түсініктерді.
Меңгеру: Жолды белгіленген жерден өту керектігін, жол қозғалыс ережелерін сақтауды.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Туған жерімді сүйемін.
Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:1.Отан,сүйіспеншілік,туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2.туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. 3.Туған жерін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері:Е.Ерботиннің «Туған жер» өлеңін оқу.Балалар қайталап айтады. | -қимылмен көрсетеді. -балалар алған әсер-лерін ортаға салады. -әңгімені тыңдайды. -сұрақтарға жауап береді. -мағынасын айтады. -сөздерді қайталап айтады. -Қимыл жасайды. -сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қор-тындылайды. |
Білу: «туған жер» туралы түсінік алу.
Игеру:«туған жердің» құндылығы туралы түсінік алу.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Бөлімі:Инабаттылық қағидалары
Тақырыбы:Ынтымағы жарасқан елміз.
Мақсаты: «ынтымақ»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:1.ынтымақ,бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. 2.достық қарым-қатынастарын нығайту. 3.татулықта, бірлікте,бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Рефлексия | Шаттық шеңбері:Ә.Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» атты өлеңін оқу. | -өлең жолдарын қосылып айтады. сұрақтарға жауап қайтарады. -ойын шарты бойынша ойнайды.-өнегелі сөздерді қай-талап айтады. -қимыл жасайды. -сұраққа жауап бере-ді. -өлеңді тыңдайды. |
Білу: «ынтымақ,бірлік» туралы түсінік алу.
Игеру:«ынтымақ»ұғымының адамгершілік құндылығының маңызын түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Бөлімі: Вариативті компонент.
Тақырыбы:Біз әдепті, инабатты баламыз.
Мақсаты:Балалардың алған білімдерін қорытындылау.
Міндеттері:1.инабаттылық қағидалары сабақтарында алған білімдері мен тәжірибелерін қорытындылау. 2.зиіндерін шоғырландыру. 3.байланыстырып, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Көрнекі құралдар:.
Кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- Қорытынды. | Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызады. Сергіту сәті Ойын: «Жаман-жақсы» | Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қорапшадан суреттерді алып, сурет бойынша жауап береді. Сергіту қимылдарын орындайды. Ойынды ойнайды. Жаман-жақсы әрекеттерді айырады. Балалар сұрақтарға жауап береді |
Білу: Жақсы қасиеттерді.
Игеру: Инабаттылық қағидаларын игерді.
Меңгеру: Жыл бойы алған білімдерін меңгерді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
С.А.Назарбаева Өмір әдебі. – Алматы,2003.
Ұ.Асылов Әдеп: Инабаттылық дәрістеріАлматы «Рауан» 1998.
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астанақ., 2009
«Балбөбек» бағдарламасы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академисының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999
1.Ә.С.Әмірова,К.А.Анартаева Тіл дамыту.Әдістемелік құрал.Алматы кітап 2005 жыл..
2.Ермек Ізтілеуұлы Әдептілік-әдемілік.Алматы 2004 жыл.
3.М.Нүсіпбекова,С.Сейілғазинова Валеологияның негіздері.Әдістемелік нұсқау.Алматыкітап 2003 жыл..
4.Ө.Тұрманжанов Қазақтың мақал-мәтелдері.Алматы 1980 жыл.
5.С.Қалиев,Р.Ізғұттынова,Г.Жексенбаева Тәлім-тәрбие хрестоматиясы.Алматы «Рауан» 1996 жыл.