Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Нан қайдан келеді? - Балалардың сөйлеуді дамыту сабағы

Нан қайдан келеді? - Балалардың сөйлеуді дамыту сабағы

Жунусова Жулдыз Жомартовна
Жунусова Жулдыз Жомартовна
DOCX
282
6

Сабақтың тақырыбы: «Нан қайдан келеді?» ертегісі. Бұл сабақ мектепалды даярлық тобының оқушыларына арналған және олардың есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сабақ барысында балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, нанның адам еңбегімен келетіні, бидайдың дәні, ұн, наубайхана, диірмен және диқан сияқты түсініктерді ашып көрсетеміз.

Сабақтың мақсаты - балаларға нанның шығу тарихын таныстыру. Оқу іс-әрекетінің басында балаларға арнайы салынған суреттер көрсетіп, «Нан қайдан келеді?» сұрағын қоямыз. Осылайша, олардың қызығушылығын арттырып, сабақтың маңызды моменрлеріне қызықтыра отырып, білімдерін тереңдетеміз.

Келесі бөлімдерде балалардан бидай, ұн, нан, диқан, наубайхана және т.б. сөздердің мағынасын түсіндіріп, олармен сөздік жұмысын жүргіземіз. Сонымен қатар, балаларға «Нан – байлық, нан – береке» деген мақал-мәтелді мәлімдей отырып, олардың еңбекті бағалауға, нанды қастерлеуге тәрбиелеуіміз қажет.

Сабақ барысында жұмбақ шешу, сергіту сәттері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалар мәтінді коллективті түрде оқып, сұрақтарға жауап беріп, ертегіні бірге талқылайды. Бұл кезеңде балалардың белсенділігін арттыру үшін әртүрлі көрнекі материалдар ұсынылады.

Вам будут интересны эти конкурсы: