Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Правила драмы: результаты и цели сказки «Мақта қыз бен мысық»

Правила драмы: результаты и цели сказки «Мақта қыз бен мысық»

Акылбекова Гулбану Махсутовна
Акылбекова Гулбану Махсутовна
DOCX
89
0

Узнайте, как организовать увлекательное занятие по драме, основанное на врайтиальной казахской сказке «Мақта қыз бен мысық». Этот материал разработан для педагогов и поможет сделать обучение более интересным и продуктивным. Сказка, представленная в формате игры, позволит детям погрузиться в мир сказочных персонажей и развить свои навыки исполнения ролей.

Цель занятия — помочь детям закрепить знания о сказках, научить драматизировать знакомые сюжеты и развить навыки общения. В ходе занятия ребята будут взаимодействовать между собой, учиться вживаться в образы персонажей и проявлять своё воображение. Каждому ребенку представится возможность взять на себя роль любимого героя, что сделает процесс обучения максимально увлекательным.

В сказке предусмотрены различные визуальные элементы — костюмы для персонажей, что создает атмосферу и помогает детям легче вовлечься в процесс. Также предусмотрен билингвальный компонент, который позволяет детям расширить свой словарный запас и лучше понимать языковые структуры. Сказка создана таким образом, чтобы каждый ребенок мог не только смотреть, но и активно участвовать в представлении.

Программа включает в себя этапы подготовки, выполнения задания и рефлексии, что позволяет педагогам контролировать процесс и обеспечивать каждому ребенку обратную связь. Научить детей дружбе, сотрудничеству и взаимопомощи — вот основные цели нашего занятия. Технологическая карта помогает структурировать процесс, делая обучение не только эффективным, но и максимально интересным для детей.

Предпросмотр

Оқу қызметінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация» 
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма.
Тақырыбы: «Мқта қыз бен мысық».
Мақсаты:  Ертегілер туралы білімдерін бекіту.Рөлдерге еніп, таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалауға үйрету. Ертегі мағынасын түсіну, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ортада үстел үстінде ыдыстар, шелектер.Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, дүкенші, тауық, тышқан киімдері.
Билингвалды компонент: Мейіз-изюм, қатығын төгеді-выливает кефир, дән, зерно, бас салады-хватает.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Ұйымдастыру-шылық немесе мотивациялық қозғаушы

-Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберіне жиналайық.

-Бір –бірімізге жақсы лебіздерімізді тілейік.  

-Бүгін ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті.

 

 

-Қане, қонақтармен амандасайық?

 

(Ішке ертегі перизаты  келеді)

Ертегі перизаты:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендердің үш тілде амандасып жатқандарыңды естіп қалдым. Неткен ақылды балалар едіңдер. Дәл сендердей маған көмектесе алатын ақылды балаларды іздеп жүр едім.

Келе жатып, жолдан сиқырлы сандық тауып алдым.

Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

-  Аспанымыз ашық болсын!

- Күніміз жарқырасын !

- Денсаулығымыз мықты болсын!

-Сәлеметсіздерме?

Здраствуйте. Hello.

 

 

-Cәлеметсізбе?

 

 

 

Ертегі перизатын мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау

 

 

 

Ертегі перизаты:

-Балалар, бұл сандықтың ішінде не бар екендігін білгілерің келеді ме? (Сандықтың ішінен шыққан ертегі кейіпкерлерінің киімдерімен балаларды таныстырады).

Тәрбиеші:

-Балалар, мына суреттер маған бір ертегіні есіме салып тұрған сияқты.

-Қандай ертегі?

-Өте жақсы. Ендеше, балалар, осы ертегі бойынша ертегі кейіпкерлерінің  іс-әрекетін ретімен қойып шығайықшы.

«Ретімен орналастыр» ойыны.

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ретімен орналастыра алу.

-Дұрыс па, балалар?

-Өте жақсы!

Ендеше, осы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін драмалап көрсетейікші.

 

Ертегіні драмалау.

Автор:

-Баяғыда «Мақта қыз бен мысық» болыпты. Мақта қыз үй сыпырып,ыдыстарын жинап  жүріп, мейіз тауып алыпты.

Мақта қыз мысығын шақырады.

Мақта қыз:
- М
ысығым, мысығымбері келші.

Автор

-Мысық келмейді.

Мақта қыз:
- «Келмесең, келмей –ақ қой!» деп, мейізді өзі жеп қояды.

Автор:

Жеп болған соң мысық келеді.

Мысық:

Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық келеді.
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?-деп сұрайды.
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой, Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық:Мақта қыз, Мақта қыз,  құйрығымды берші!-дейді.
Мақта қыз: Бермеймін! Менің қатығымды қайтарып бер!- дейді.
Автор: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Мысық :

-Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Автор: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!-дейді.
Ағаш: 

-Мен шөлдеп тұрмын. Су әкеліп берсең мен саған жапырақ беремін.
Автор:

- Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Автор:

Қыздар әндетіп келе жатады.
Мысық:

-Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Автор: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші: 

-Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Автор: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен маған дән әкеліп берсең, мен саған жұмыртқа беремін. 
Автор: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Автор:

-Мысық бас салып тышқанды ұстап алады.

Мысық:
- Айт, қане,үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Үйімде бір
табақ тарым бар.

Автор: Тышқан мысыққа, бір уыс тары береді.

-Мысық тарыны тауыққа береді.Тауық жұмыртқа береді.Мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді.Дүкенші мысыққа сағыз береді. Сағызды мысық қыздарға береді. Қуанған қыздар мысыққа су береді. Суды мысық ағашқа құяды.Шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді.
Сиыр оған қатық береді. Қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.
Автор: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Автор:

- Ертегіні сахналаған кейіпкерлермен таныстырады.

- Керемет, сендер өте жақсы орындап шықтыңдар.

 

-Білгіміз келеді

 

 

 

 

-«Мақта қыз бен мысық»

 

 

 

Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ретімен орналастырады.

 

 

-Дұрыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегіні сахналайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сүтті мысық сиырдан сұрады.

-Жапырақ

-Мысық ағаштан жапырақ сұрайды.

-Жұмыртқа.

-Мысық тауықтан жұмыртқа сұрайды.

-Сағыз

-Мысық дүкеншіден сағыз сұрайды.

-Тарыны мысық, тышқаннан алады.

 

-иә, дұрыс.

 

Қорытындылау және рефлекция

Тәрбиеші:

-Ал, балалар, сендер бұл ертегіні естеріңе жақсылап сақтап алдыңдар ма?

Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші? -Жарайсыңдар, балалар, ертегіні жақсы естеріңе сақтап алыпсыңдар.

Ертегі перизаты:

-Балалар  ертегіні драмалап, кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!

- Сендерге келер алдында, мен дүкеннен өзімнің сүйікті асымды алып келіп едім.

(Балаларға тәттілер таратады).

Тәрбиеші:

 Келген қонақтарға рахмет айтып, қонақтармен қоштасу.

 

«Иә»,- деп жауап береді.

Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, су тасушы қыздар, дүкенші, тауық, тышқан.

Ертегі перизатына рахметтерін айтады.

 

 

 

 

Балалар қуанады.

-Сау болыңыздар!

 
Күтілетін нәтиже:
1.Нені біледі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін біледі.
2.Қандай түсініктерді игерді: Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілік қасиеттерін игерді.
3.Меңгерген дағдылары мен іскерлігі: Ертегіні әңгімелеп, рөлдерге еніп, кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелеуді игереді.