Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Инновациялық технологиялар мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытуда

Инновациялық технологиялар мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытуда

Абайдилдина Жанар Мнайдаровна
Абайдилдина Жанар Мнайдаровна
DOC
131
1

Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жүйесі инновациялық технологияларды енгізуге белсене қатысуда. Педагогтардың негізгі міндеті – оқыту әдістерін дұрыс таңдау және тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Инновациялық технологиялар - белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған, жаңаша әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Бұл технология медиа және ақпараттық құралдардың көмегімен балаларға сапалы білім беруді мақсат етеді.

ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы, Монтессори, Тәй-тәй, Зайцев және Дамыта оқыту технологиялары – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке тұлғасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар балалардың өздігінен ойлау қабілетін, шығармашылықтарын, сондай-ақ сыни ойлауды қалыптастыруды көздейді.

Мысалы, ТРИЗ технологиясы балаларға шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы олардың қызығушылығын арттырады, ал Монтессори әдісі балалардың қоршаған әлеммен танысуына мүмкіндік береді. Осы технологиялардың көмегімен балалар ойын арқылы білім алады, бұл олардың дамуына зор ықпал етеді.

Дамыта оқыту технологиясы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңа қарым-қатынасты қалыптастыруы шарт. Заман талабына сай инновациялық технологиялардың қолданылуы білім беру сапасын арттырады, бұл өз кезегінде балалардың психологиялық дамуында оң әсерін тигізеді.

Оның үстіне, инновациялық әдістер қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі, осылайша балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіреді. Бүгінгі білім беру әлемінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану ұстаздардың басты міндеті болып табылады.

Вам будут интересны эти конкурсы: