Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Фланелеграф театрымен таныстыру

Фланелеграф театрымен таныстыру

Демеева Акжайык Ибрагимовна
Демеева Акжайык Ибрагимовна
DOCX
99
0

На занятии «Фланелеграф театрымен таныстыру», проводимом воспитателем Демеева А.И., ребята смогут погрузиться в увлекательный мир театра. Шаг за шагом дети познакомятся с различными театральными формами, развивая свою креативность и чувства. Понимание театра помогает детям выражать свои эмоции, что особенно важно в их возрасте.

Цель этого занятия – развить у детей интерес к театральному искусству и научить их базовым навыкам реализации театральной деятельности. Через сказки, которые они будут слушать, и игры, в которые они будут играть, дети не просто учатся говорить, но и тренируют свое воображение. Объясняя основы театра, мы вовлекаем их в активные игры и обсуждения.

Занятие начинается с приятного настроя - «Шаттық шеңбері», где дети слушают красивую стихотворную строку о волшебных мирах. Эта беседа о том, как начинается сказка, создает необходимые условия для дальнейшего изучения. Дети с большим интересом слушают истории о театре и даже задают вопросы, что показывает их вовлеченность.

Кроме того, занятия дополняются визуальными ресурсами: иллюстрациями и слайдами, которые помогают создать атмосферу театрального представления. Это создает интерактивную обстановку, где дети могут увидеть актёров, понять, что такое «театр», и как можно использовать фланель для создания изображений для своего театра.

Таким образом, каждая часть занятия прочно связана со всей темой, что помогает детям не терять внимание и воспринимать информацию с интересом. Работа в группах создает атмосферу сплоченности, где дети выражают свои идеи и чувства, что ещё больше развивает их коммуникационные навыки и уверенность в себе.

В конце занятия мы проводим обсуждение. Дети делятся своими впечатлениями, рассказывают, что они узнали, и каким образом они могут применить это знание в будущем. Воспитатель делает акцент на развитии эмоционального интеллекта и творческих способностей, что является ключевым аспектом в интеллектуальном взрослении детей.

Предпросмотр

«Балауса бөбекжайы»МКҚК








Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Драма
Тақырыбы: «Фланелеграф театрымен таныстыру»











Өткізген:тәрбиеші Демеева А.И





2017жыл.
Мақсаты: Балаларды театр түрлерімен таныстыру;театр түрлері қызметінің дағдыларын
игеру;балаларға фланелеграф театры арқылы ертегі айтып эмоцианалдық көңіл күйін
көтеру;шығармашылық қабілеттерін арттыру;театрға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
  Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту.Сөзді анық айтуға,есте сақтау
қабілетін дамыту. Кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын
жеткізе білуге үйрету.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп
ойнауға үйрету.
Көрнекіліктер: театр түрлері:слайд;музыка;мультфильм;фланелеграф ертегі кейіпкерлері;
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру,көрсету,ән айту,ертегі айту,мақтау-мадақтау,
Сөздік жұмыс: фланел,театр


Шаттық шеңбері

Ғажайып түс көрдім.
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,
Бұлттары билейді…
- Балалар өлең не туралы айтылған?
Дұрыс, бүгін біз ертегі әлеміне саяхат жасаймыз.. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады?
Дұры айтасыңдар
Бар екен де, жоқ екен,
Ерте ерте ертеде
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрықтары ұзын екен…
(Иллюстрация, суреттер,кітаптар көрсету, еске түсіру.)

Балалар әуенді тыңдайды.




Ертегі туралы


Ерте,ерте,ертеде
Суреттер мен кітаптарды қызығып қарайды

Ұйымдастыру -іздену

Балалар,осы ертегілерді үйде анамызбен әжелеріміз айтып береді.Сондай-ақ ертегілерді театрдан қызықтап көруге болады.
Балалар, сендер театр туралы білгілерің келе ме?


Слайд көрсетіп театр туралы әңгімелейді.
 
-«Театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. . Театрда ойнайтын адамдарды «актер» деп айтамыз. Театрға бару үшін адамдар кассадан билет сатып алады. Театрға кіріп, билеттері бойынша орындарына отырып жайғасады. Содан соң көрініс көреді. Театрдың бірнеше түрлері бар, мысалы, балаларға арналған қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, үстел үсті,фланелеграф театры бар. Фланелеграф театры - суреттер мен кейіпкерлер фланель тақтада көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады.Фланель дегеніміз мата. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.қиып алынған суреттерді фланель матаға желімдейді.Сендер театрға барғыларың келе ме? Ендеше мен сендермен ойын ойнаймын. Ойынды дұрыс ойнасаңдар мен сендерге театрға баратын билет беремін.


Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегі»
Тәрбиеші тақтаға әр түрлі ертегілерден суреттер іліп сұрақтар қояды.Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады.Ертегі кейіпкерлерін табады.


Сергіту сәті
Ян-ян-ян,
Секіреді қоян.
Ыр-ыр-ыр,
Ырылдайды қасқыр.
Ю-ю-ю,
Қорбаңдайды аю.
Кі-кі-кі,
Бұлаңдайды түлкі
Балалар шеңбер бойымен жүріп қайталап айтып өз орындарына отырады.Тәрбиеші оларға билет таратып береді.Тәрбиеші балаларға фланелеграф тақтада «Екі сараң қонжық»ертегісін айтып береді.
Екі сараң қонжық.
Ертеде бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жолға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылды. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты.
Сол уақытта кіші Қонжық:
Ағатайым, менің қарным ашты! деп шағымданады.
-Менің де қарным ашты!-деп үлкен қонжық өңі бұзылып, басын шайқайды.
Солай жүре берді. Кенеттен үлкен ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек еді, бөлісе алмады. Қонжықтар бір бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда кенеттен жандарына Түлкі келеді
-Неге ұрсысып тұрсыңдар? деп сұрайды.Қонжықтар мән жайды айтады.
Түлкі: -Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін деді.Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөледі. Алайда алаяқ түлкі бір жарымын екіншіден үлкен қылып бөледі.
Қонжықтар бұған қатты ренжиді.
-Мынау үлкен ғой, деп ақырады.
Түлкі оларды жұбатып:
-Тыныш жастар!Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін.Мен өзімнің жұмысымды білемін,- деді.
-Бұлай да бірдей емес, деп тынымсызданады.
Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болады.
Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді.
Түлкі оларға күліп:
Міне сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаласың, деп өз жөнімен кете береді.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Слайдта көрсетілген суреттерді қызыға тамашалайды.








Ойынды ойнап ертегі кейіпкерлерін табады.
Сергіту сәтін орындайды.




Ертегіні қызыға тыңдайды.

Рефлексивті –түзетушілік.

Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Мен ертегіні қай театр түрін қолданып айтып бердім?
Қандай театр түрлерін білесіңдер?

Балалар сұрақтарға ойланып жауап береді.


Күтілетіннәтиже:
Балаларды
ңынталарынменқызығушылықтырынқалыптастыру, Өзбеттеріменүйлестіруге, ескесақтауға, қимылқозғалыстардыбейнелеугеүйрену.
Күтілетін нәтиже:
Игередіертегінің мазмұнын, жаңа сөздерді, сергіту сәтінің қимылдарын қайталайды
Түсінеді: ертегі кейіпкерлерінің мінездерін түсінеді
Қолдана алады: ертегі бойынша әңгіме құрауды, фланелеграф ертегі кейіпкерлерін дұрыс орналастырады