Изменения природы в декабре
Декабрь - это особый месяц, когда природа начинает показывать свою зимнюю красоту. Холодные ветры и снежные бури придают этому времени года особый шарм. Дети могут вернуть внимание к разнообразию изменений, происходящих в природе в этот период.
Основной задачей этого материала является ознакомление детей с сезонными изменениями, которые происходят в декабре. Участие в наблюдениях за природой поможет им понять, как меняется внешний вид природы, как снижается уровень света и как температура влияет на окружающую среду.
Для того чтобы помочь детям полностью осознать эти изменения, важно организовать уроки, в которых они смогут задавать вопросы, взаимодействовать с окружающим миром, отслеживать поведение животных, например, птиц, и понимать, как растения относятся к зиме. Зимние прогулки в снежную погоду могут стать увлекательным занятием, которое откроет детям глаза на изменения природы и ее красоты.
Наблюдая за зимними явлениями, дети могут понимать, как различные факторы, такие как температура, влажность и свет, влияют на экосистему. Изучение зимних изменений в местной флоре и фауне может укрепить их любовь к природе и желание бережно к ней относиться.
Желтоқсан Серуен №1 Маусымдық өзгерістерді бақылау Мақсаты:
Көркемсөз
Еңбек Халық болжамы: - Егер тауық ерте қонақтаса, аяз болады. | Желтоқсан
♦бақшалықта қар көп болса, ол-жақсыма, жаман ба? (жақсы, себебі жерде ылғал мол болады)
♦неліктен? (соққан жел орталықтағы қарды ғимарат жанына ысырады.).
Қимылды ойындар: Жаттығу ойындары: «Нысанаға тигіз». |
Желтоқсан
Серуен №3
Торғайларды бақылау
Мақсаты:
Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру;
Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру;
—құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Торғайларды қорға. Ө. Ақыпбекұлы
Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.
Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар)
Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты борлады.)
Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, тоқылдақ, сауысқан,кептер)
Торғайлар қыста немен қоректенеді? (дәндермен, қалдықтармен.)
Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (қыста құстарға азық жетіспейді, ал, егер олар тоқ болса аязға тоңбайды.)
Құстарды бақылаған кезде олардың мінез-құлықтарынан нені байқадыңдар?. (өздерінің азықтарын нан ұсақтары мен қалдықтарды, дәндерді тез табады. Тұмсықтарын қанаттарының астына тығып суықтан қорғанады)
Торғайлар неге адамдарға жақын маңға қоныстанады? (себебі адамдар жанында азық көп болады)
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тере ғойғ
Сонда суыққа тоңбайсың.
Еңбек қызметі
Құстар қонақтайтын, жем шашатын жерді қардан тазалау.
Мақсаты: еңбекке деген ықыластарын арттыру.
Қимылды ойын «Нысанаға тигіз».
Мақсаты: қшып бара жатқан заттың бағытын бақылау, қозғалыстың дұрыс орындалуын есептей білу.
Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту
Қарды алыс нысанаға лақтыру
Мақсаты:қозғалыс координациясын дамыту.
Желтоқсан
Серуен №4
Қардың түсуін бақылау
Мақсаты:
- Қардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Қардың түсуі туралы білімдерін молайту;
әдемілікке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев
Жауа-жауа, қар жауып көп,
Шұқырларға толады.
Иығыңа қонады кеп,
Мойныңа да қонады.
Жауып бітер қарды тосып,
Үйіңе де сыймайсың,
Табиғаттың ақ көрпесін
Басуға да қимайсың
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
Ауа-райы қандай болғанда қар жабысқақ болады?
Аяқ астында қар неге сықырлайды?
Қар неге ұлпа болады?
Айналаға қараңдаршы, қандай әсем көрністерді көріп тұрсыңдар? (айнала аппақ, қар беті тап-таза т.б.)
Зерттеу жұмысы
Ұшып келе жатқан қарды парақ бетіне қондыру, қардың қасиеттерін анықтау (ұлпа, мамық).
Еңбек: өз алаңындағы ағаш түптерін қармен көму.
Мақсаты: бір мақсатта, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту
Қимылды ойын
«Ыстық-суық».
Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге үйрету
Жаттығу ойындары
Қимылдарын дамыту.
Мақсаты: Қарды алысқа лақтыруға үйрету
Халық болжамы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
Желтоқсан
Серуен №5
Ауладағы ағаштарды бақылау
Мақсаты :
— ағаштар туралы білімдерін молайту;
— ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру
Бақылау барысы
Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы
Қар жамылды бақтарым
Қыратым да, сайым да.
Тағыпты қыс ақ қарын,
Үкі етіп қайыңға.
Бүркеніп ақ желекті,
Жарқырайды маңайым.
Ойға шомып теректің,
Ақ шалыпты самайын.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.
Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??
Күзде қандай болды?
Қазіргі бейнесі қандай?
Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?
Зерттеу жұмысы
Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру
Еңбек
Жолды қардан тазалау.
Мақсаты: аула қараушыға көмектесу.
Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?»
Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру.
Жаттығу ойындары Секіру
Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру
Халық болжамы. Ағашты қырау басса аяз болады, тұман түссе күн жылынады
Желтоқсан
Серуен №6
Аула тазалаушы еңбегін бақылау
Мақсаты:
Аула тазалаушының еңбегін бақылауды жалғастыру;
Сөздік қорларын байыту;
Үлкендер еңбегіне деген сүйіспеншілік және құмет сезіміне тәрбиелеу;
Табиғатқа және айнала қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Бақылау барысы
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.
Аула тазалаушы қыста балабақша ауласында не істейді?
Жұмыс үшін ол қандай құралдарды пайдаланады?
♦Ағаштарды аяздан қорғау үшін ол не істейді?
♦Аула тазалаушы жұмысы адамдар және табиғат үшін керек пе?
Еңбек
Қуыршақ үшін қардан құрлыс тұрғызу.
Мақсаты:
—бірлесе жұмыс істеуге үйрету;
—еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын
«Екі аяз»
Мақсаты жүкіруге жаттықтыру;
Ойын ережесін сақтай білулерін тиянақтау
Жаттығу ойындары
Шаңғымен жүру.
Мақсаты : шаңғымен жүруге жаттықтыру, ептіліктерін, шыдамдылықтарын дамыту.
Желтоқсан
Серуен №7
Ауладағы ағаштарды бақылау
Мақсаты:
Ағаштар туралы білімдерін бекіту;
Салыстыру, сараптау, қортынды жасай білулерін дамыту.
Бақылау барысы
Көркемсөз «Ағаштар» М.Әлімбаев
Қысында да шырайлы,
Жасыл шырша ұнайды.
Түні бойы жауды қар,
Салбырады сәнді тал.
Тау баурайы төменде,
Өседі жас емендер.
Ауыл сәні терек,
Терек егу керек.
Сырғалы қайың, ақ қайың,
Баптайын, күтіп, сақтайын.
Басқа ағашпен аралас,
Жайқалады қарағаш
Көк қарағай, қарағай,
Мейірбанды анадай,
Көкке бойын созады,
Көпке қолын созады.
Балаларға сұрақтар:
Сендер тыңдаған өлең жолдарында қандай ағаштар туралы айтылған
Ағаштар не үшін керек?
Ол адамға не береді?
Қыста ағаштар бейнесі қандай болады?
Қысқы, жазғы түстері бойынша басқа ағаштардан айырмашылығы бар қандай ағаштарды білесіңдер?
Шырша мен қарағай туралы неге қысы-жазы бір түсте деп айтады?
Ағаштардың бір- бірінен қандай айырмашылықтары болады?
Зерттеу жұмысы:
Балалар алаңдағы әр ағаштың бұтақтары, діңдері және көрністері бойынша салыстырып, айырмашылықтарын анықтап қортынды жасайды.
Еңбек
Ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу..
Қимылды ойын
«Аулада қандай ағаштар өседі?».
Мақсаты:
Ағаштардың аттарын есте сақтауларын тиянақтау;
Сөздік қорларын байыту;
Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Жаттығу ойындары
Қозғалыстарын дамыту: Аңдар биі
Мақсаты: әртүрлі аңдар қозғалыстары арқылы ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу.
Желтоқсан
Серуен №8
Қара қарғаны бақылау
Қарғалардың қысқы тіршілігін бақылау;
Басқа құстардан айырмашылығын табу. (сыртқы түрі, дауысы, жүрісі).
Бақылау барысы
Көркемсөз
Құстар қыста тоңады Ө. Ақыпбеков
Мақсаты:
Құстар қыста тоңады,
Жоқ киетін ішігі.
Желде қатты соғады,
Қарды көзге ұшырып.
Қалатындай қайта ұшпай,
Ұя тапса шаттанып.
Жем іздейді байғұстар,
Қардың астын ақтарып.
Балаларға сұрақтар:
* Балалар, сендер қарғаның қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? (қар...қар).
* Қарғаның түсі қандай?
* Оның басқа құстардан қандай айырмашылығы бар?
* Иә, қарға қыстап қалатын құс. Ол көбіне ағаштың басына шығып, айналаны бақылап отырады. Қарғаның мамығы қалың, тұмсығы мықты болады. Қарғалар ешқандай тамақ талғамайды, көзіне түскендердің бәрін: дәндерді, тұқымдарды, жәндіктер мен құрттарды, тіпті ұсақ жәндіктер мен құстарды да жейді.
Еңбек Алаңды қардан тазалау.
Мақсаты: ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге деген ықыласын тәрбиелеу
Қимылды ойын:
«Бәйге».
Мақсаты: жүкіру жылдамдығын, ептілігін, қызығушылығын дамыту.
Жаттығу ойындары
Шаңғымен жүруге жаттықтыру
Мақсаты: күштіліктері мен мықтылықтарын дамыту.
Желтоқсан
Серуен №9
Желді бақылау
Мақсаты:
өлі табиғат туралы білімдерін байыту;
табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Бақылау барысы
Көркем сөз Ұйытқыма жел Ө. Ақыпбекұлы
Ұбырып-шұбырып,
Ұйтқиды құбылып.
Ұлпадай ақ қарды,
Ұршықтай үйіріп.
Ұлиды қасқырдай,
Ұйтқып көз аштырмай.
Екпіндей соғады,
Алдыға бастырмай.
Баларға сұрақтар
Бүгін ауа райы қандай? (суық, желді, аязды)
Қыс мезгілінде желді қалай атайды? (боран,үскірік)
Бүгін жел қай жақтан соғып тұр? Оны қалай анықтауғаболады?(компаспен, зырылдауықпен)
Жел қалай пайда болады?
Тәрбиеші түсіндіреді: Күн ауаны бірдей жылытпайды, бір жерде-жылы, бір жерде-суық. Жылы ауа жоғары көтеріледі, суық ауа төмен түседі. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады.
Еңбек
Сырғанақ төбешік соғу
Мақсаты: бір-біріне деген жағымды көзқараста болуға тәрбиелеу.
Қимылды ойын «ең мерген кім?».
Мақсаты:
Заттарды лақтыруға жаттықтыру;
Көзбен мөлшерлей білулерін дамыту.
«Ағаш суретін сал».
Мақсаты:қар бетіне әртүрлі ағаш суретін сала білулерін бекіту.
Жеке жұмыс: «Затты тап».
Мақсаты:
Балабақша ауласын бағдарлай білулерін бекіту;
Затты сипаттау бойынша табу.
Желтоқсан
Серуен №10
Көпшілік көліктерін бақылау
Мақсаты: — көпшілік көліктері туралы білімдерін тиянақтау, жолда жүру ережелерін білу;
—үлкендер еңбегі мен техникаға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Балалармен әңгімелесу өткізу.
♦сендер қандай көпшілікке арналған көлік түрлерін білесіңдер?
Автобустар тоқтайтын жер қалай аталады? ( аялдама.)
Аялдамаға автобустардан басқа тағы қандай көліктер тоқтайды? (Маршруттар, таксилер.)
Автобусқа қай есіктен міну керек? (алдыңғы)
Қай есіктен шығу керек?? (артқы)
Автобустың қай жағынан айналып өту керек? (арт жағынан)
Неге? (жолда келе жатқан көліктер жақсы көрінеді)
Сен автобуста келе жатырсың. Бос орындар жоқ. Автобусқа қарт кісі мінді. Сен не істейсің? Неге?
Жолдан қалай өту керек? (асықпай, үлкендермен бірге, алдымен сол жаққа, сонан соң оң жаққа қарау керек)
♦Бағдаршамның қай түсінде өту керек?(жасыл)
Еңбек: Аула тазалаушыға көмектесу.
Мақсаты:еңбекке деген оң көзқарастарын тәрбиелеу, тапсырманы жауапкершілікпен орындауға баулу.
Қимылды ойын «Жүргізушілер және жаяулар».
Мақсаты: Жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: 20 см биіктікке секіру дағдыларын бекіту..
Қаңтар
Серуен №1
Суықторғайды бақылау
Мақсаты:
Балалардың құстар туралы білімдерін толықтыру;
Салыстыру, талдау, қортынды жасай білу туралы білімдерін толықтыру.
Бақылау барысы
Көркемсөз А. Меңдібай
Қарағай мен шыршаның
Суықтан дені тоңып тұр.
Бұл не ғажап қарасаң,
Қайыңда алма өсіп тұр!
Жақын келіп қарасам,
Көзіме өзім сенбедім-
Алқызыл болып көрінген,
Әнші құсы орманның
Суық торғай сен бе едің?
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Айналаны қар басса да,
Суықтан еш тоңбайды.
Құс екенін бұл қандай,
Қане, кім болжайды?
Кеудесі қызыл әсем-ақ,
Суықторғайдың кеудесінің түсі қандай? (ашық қызыл)
Суықторғайлар жазда, көктемде, күзде қайда өмір сүреді? (қалың орман көлеңкесінде)
Суықторғайлар бізге қай уақытта ұшып келеді? (алғашқы аяз түскенде)
Суықторғайлардың балапандары қай уақытта көрінеді? (мамыр айында)
Суықторғайдың ысқырығы (дыбысы) ненің дыбысына ұқсайды? (флейта аспабының дыбысына-ұяң, мұңды)
Қандай құстар қыстан қорықпайды? (суықторғай, сарышымшық, сарнауық торғай)
Суықторғайлар немен қоректенеді? (өсімдіктер дәндерімен)
Зерттеу жұмысы
Құстар ізін қарау. Оларды қарға мен жануарлар (мысық, ит) іздерімен салыстыру. Қандай айырмашылығы бар?
Еңбек
Ойын алаңын қардан тазалау.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Қимылды ойын
«Ұшты-ұшты».
Мақсаты:аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу
Жаттығу ойындары «Қапшықтағы жемді жеткіз».
Мақсаты:тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру
Халық болжамы: Құстар асыға қоректенсе ауа-райы бұзылады.
Қаңтар
Серуен №2
Боранды күнді бақылау
Мақсаты: желді күнгі қардың қозғалысы туралы түсінік беру.
Бақылау барысы
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Жерді тырнап, бұтаны ырғап,
Шөпті сипап, ұшады зырлап,
Жанын қинап, ұлиды зарлап. (боран)
Көркем сөз «Ақ боран» Ә. Табылды
Ақ көрпесін жапты да, Ақ боран-ау, ақ боран,
Аяз кенет аптыға, Алай-түлей соқ боран.
Айналаны үрледі, Ақ қар ұшып үйрілсін,
Ақ бораны гуледі. Ауламызға үйілсін.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймын шаттана.
Тәрбиеші сұрақтары:
Қалай ойлайсыңдар, боран дегеніміз не? (қатты соққан желдің әсерінен ұшқан қардың бір-біріне араласуы)
Мұқият қараңдаршы қар не жағдайға ұшырап жатыр? (қарлар желдің бағытымен ұшып жатыр)
Боран кезінде неліктен күртік қар пайда болады? (қатты желдің әсерінен араласып ұшқан қарлар, алдында кездескен кедергінің әсерінен бір жерге жиналады, сондықтан күртік қар пайда болады)
Қалай ойлайсыңдар, боран болғаны жақсы ма, әлде жаман ба? (ағаш түптері жалаңаштанып қалуы, содан үсікке ұшырауы мүмкін, жиналған қарға малтығып, жүру қиындайды)
Зерттеу жұмысы
Келесі күні ауланы қарау. Түбі ашылып қалған ағаш түптерін іздеп табу.
Еңбек
Бораннан соң ашылып қалған ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты:Бірлесе еңбек етуге, ағаштарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Желдиірмен».
Мақсаты: ойын мазмұнына сай қимылдар жасау.
Жаттығу ойындары Қимылдарды дамыту.
Мақсаты: секіру техникаларын дамыту (барлық түрінен).
Қаңтар
Серуен №3
Бақылау «Қардағы құс іздері»
Мақсаты:қардағы құс іздерін тани білуге үйрету .
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар
Із дегеніміз не? (қардың үстінде қалған белгі)
Балаларға ауладағы жем шашылған жерде қалған құс іздерін бақылауға ұсыну..
Қалай ойлайсыңдер, мынау ненің іздері, құстың ба, әлде жануардың ба?
Қар бетінде неліктен құс іздері қалады? (құстардың салмағынан табаны астындағы қар ұшқындары сынады)
Балаларға құстар ізі салынған парақтар таратылады және оларға қай құстың ізі екенін анықтау тапсырылады. Қар бетінен ұқсас із іздестіріледі..
♦Құстардың ізі арқылы нені білуге болады? (құстың көлемі қандай, қалай қарай жүрген, бір жерде аялдаған ба?)
Зерттеу жұмысы
Алаңдағы шағын жердегі қарды нығыздау және таяқшамен құс ізінің суретін салу.
Еңбек
Қардан қала тұрғызуға қар жинау.
Мақсаты:
Ұжыммен жұмыс істей білулерен қалыптастыру;
Жұмысты жоспарлау.
Қимылды ойын
«Ізбе із».
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтау. Алдыңғы түскен із үстіне дәл түсуге тырысу. Ептілікке баулу..
Жаттығу ойындары
Алға жылжи отырып екі аяқпен секіру..
Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын дамыту.
Халық болжамы:
Қар көп болса, нан мол болады.
Қатты аязда әтеш ерте шақырса, күн жылынады.
Ит қарға аунаса, қарлы боран болады.
Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.
Қаңтар
Серуен №4
Жеңіл көліктерді бақылау
Мақсаты:автомобильдер туралы білімдерінбекіту, оларды түрлері бойынша ажырата білу, жолда жүру тәртібі туралы білімдерін кеңейту.
Бақылау барысы
Көркем сөз «Тәртіп керек баршаға» Е.Елубаев
Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа.
Көшеден өтер кезіңде,
Абайлап қара жан-жаққа,
Келе жатқан көлікке,
Жол бер, өтсін, асықпа!
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:
Балабақша жанындағы жолдан өтетін қандай көліктерді білесіңдер?
Барлық көліктерді қандай топтарға бөлуге болады? (жеңіл, жүк, қоғамдық, арнайы көліктер)
Көліктер қоршаған ортаға қандай әсер етеді? (ауаны түтіндерімен, асфальт бетін бензин тамшыларымен ластайды)
Көліктердің қандай пайдасы бар? (адамдарды, жүктерді қажет жеріне тез апарады)
Көліктердің адамға қандай кедергісі бар? (таңертең дыбыстап, ұйықтауға кедергі болады, ауаға ащы түтін шығарады)
Қандай машиналар көп шулайды, ауаны көп ластайды? (Жүк машиналары)
♦Біздің қалада қандай машиналар көп? Неліктен?
♦ Жолдан өтерде не істеу керек, қандай ережелерді сақтау керек?
Еңбек
Ауланы бірлесе отырып тазалау.
Мақсаты :
—бірлесе еңбек етуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
—жылдамдық пен күштерін есептей білуге үйрету.
Қимылды ойын
«Бағдаршам».
Мақсаты: белгі бойынша әрекет етуге, қимыл-қозғалыстарды дұрыс орындай білуге үйрету.
Жаттығу ойындары Ұзындыққа секіру .
Мақсаты:
Ұзындыққа секіруге, екі аяқпен итере қимылдауға үйрету.
Қаңтар
Серуен №5
Күн мен түн неге ауысады?
Мақсаты:Күн мен түннің ауысуы қалай жүретіні туралы түсінік беру.
Бақылау барысы
Сендер қалай ойлайсыңдар, күн мен түн неге ауысады? Күн жерге күндіз жарық береді. Жер кеңістікте үлкен жылдамдықпен айналады. Жердің бір айналысы 24 сағатта өтеді. Жердің айналған уақытында жердің күнге қарамайтын бетінде түн болады да, жердің күнге қараған бетінде түн болады.
Балаларға сұрақтар.
Жұлдыздар түнде қайда кетеді?(жұлдыздар күндіз де аспанда болады. Тек күннің жарығы жұлдыздың жарығынан да күшті болғандықтан, жұлдыздар көрінбейді)
Күн неге батады? (жер күнді айналады, сонықтан да шығыстан күн шығып, батыста батқандай әсер қалдырады.)
Зерттеу жұмысы
Жарық сәулелері жерге тура түседі, егер оған жолда бірнәрсе кедергі жасаса, онда одан көлеңке пайда болады.
Таңертең, түсте, кешке зерттеу жұмысын жүргізу. Таңертең және кешке көлеңке ұзын болады, ал, түсте көлеңке қысқа болады (түсте күн дәл төбеден түседі, сондықтан көлеңке қысқа).
Еңбек
Ойын алаңындағы қарды сыртқа шығару.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке, бірлесе еңбек етуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын
«Жердің күнді айналуы».
Мақсаты: күн туралы білімдерін бекіту.
Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту
«Шығырыққа лақтыру».
Мақсаты:мергендіктерін дамыту.
Мақал-мәтел: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Қаңтар
Серуен №6
Ағаштарды бақылау
Мақсаты: ағаштар туралы білімдері кеңейту,оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Аулаға шығып, жауған қардан майысып тұрған ағаштарды сілкіп, қарын түсіру. Ағаштарға қамқорлықпен қарауға көңіл бөлу.
Әңгімелесу:
Ағаш түбінде неге ойнауға болмайды? (ағаш бұтағы сынуы немесе төбеңе қар құлауы мүмкін)
Ағаштар неге қыста өспейді?
Ағаш тамырлары қалай қыстайды?
Ағаштарға қыс мезгілі керек пе?
Ағаштар қыста неге тоңбайды? (қабығы қалың, шырын алмасуы болмайды, тыныш, қар жамылады)
Аязды күні аяқ астындағы қардың сықыры мен ағаштардың басынан қар түсуін бақылап, тыңдау.
Көркем сөз «Аядым» М. Әлімбаев
Жауған күні қар алғаш,
Ағаштарды аядым.
«Тоңбасын»- деп бұл ағаш,
Орап қойдым аяғын.
Балаларға сұрақтар.
Ағаштардың қандай пайдасы бар?
Ағаштарды жапырағын шашқан кезде қалай атайды? (күзгі ағаштар)
Зеттеу жұмысы
Жазда бұта өскен жердегі қарды тереңдетіп қазу. Қар астынан жерге жабысқан, жасыл жапырақтары бар өсімдік шығуы мүмкін. Балаларға мынадай қортындыны айтуға болады: қалың жауған қар өсімдік тамырларын аяздан қорғайды, олардың үсіп кетуіне жол бермейді. .
Еңбек
Жауған қарды ағаш түбіне үю.
Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Қимылды ойын
«Кім ағашқа бұрын жетеді?».
Мақсаты:ағаш аттарын есте сақтауларын бекіту.
Жеке жұмыс: «Затты тап».
Мақсаты:
Балабақша ауласын бағдарлай білулерін бекіту;
Затты сипаттау бойынша табу.
Қаңтар
Серуен №7
Қарғаларды бақылау
Мақсаты:
қыстап қалатын құстар өмірімен танысуды жалғастыру.
қарғалардың тіршілігін бақылау
құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Бақылау барысы
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып, қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там-тұмдап. (қарға)
Қарға қыстап қалатын құс. Ол өзінің азығын қоқыстардан теріп жейді. Халық қарғаның іс-әрекетіне қарап ауа-райын болжаған. Егер қарға айналып ұшса аяз болады, қарға қарқылдаса қар жауады, егер қарға таңертең ағаштың басында отырса бұрқасын болады деп санаған және ол рас болған.
Көркем сөз «Қарға» С.Сейфуллин
Қарға, қарға, қарғалар, Көзден жасы сорғалар.
Қар үстінде жорғалар. Қар үстінде жем көрсе,
Боран соқса қор болар, Қапелімде қолға алар.
Бұтаға келіп қорғалар. Екі шоқып, бір қарар,
Қысып кетсе сары аяз, Деп «жолымды» оңғарар.
Зерттеу жұмысы
Балабақша ауласынан құстар ізін іздеу, салыстыру
Еңбек
Ауладан құстар үшін алаң аршып, оған дән себу.
Мақсаты: бірлесе еңбек етуге баулу.
Қимылды ойын
«Пингвиндер доп ойнап жүр».
Мақсаты: екі аяқпен секіруді күрделілендіру, екі аяқ арасына допты қыстырып алға жылжу.
Жаттығу ойындарыҚозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: нысанаға доп лақтыра білу дағдыларын дамыту.
Қаңтар
Серуен №8
Қар ұшқындарын бақылау
Мақсаты:
Қар ұшқындарының әртүрлі формада болатынына назар аудару;
Салыстыра білуге үйрету, танымдық белсенділіктерін дамыту..
Бақылау барысы
Көркем сөз «Суретші қыс» К. Нүсіпов
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
Тазарып бар кір, шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет сала бастады.
Балаларға сұрақтар:
Жауған қар қандай?
Ұшқан қарды алақандарыңа қондырыңдар, қар ұшқындары қандай?
Жақсылап қараңдаршы, қардың әр ұшқыны әртүрлі өрнекте екенін көреміз. Байқадыңдар ма?.
Д/О: «Ұқсас өрнекті тап». Алақанға қар ұшқындарын қондырып, олардың бір-біріне ұқсастарын табу
Зерттеу жұмысы Алақандағы қар неге ериді?
Қардың қай жерде, алақанда ма, әлде қолқап сыртында ма тез еритінін бақылау. Неге? Қар ерігенде не пайда болады?
Еңбек: Қардан қамал тұрғызу
Мақсаты:
Бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Бастаған істі аяқтауға үйрету.
Қимылды ойын
«Екі аяз»
Мақсаты: тәрбиеші белгісі бойынша әрекет ете білу және назар аудара білу дағдыларын дамыту.
Жаттығу ойындары «Байқап өт».
Мақсаты: заттар арасынан, оларды құлатпай ирелеңдеп жүруге үйрету.
Ақпан
Серуен № 1
Қар тазалайтын машина жұмысын бақылау
Мақсаты:
Ауыр жұмыстарды орындауға арналған машиналар ролі, олардың құрлысының ерекшеліктері туралы түсініктерін молайту,
Техникаға деген қызығушылықтарын арттыру, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады
Бұл неткен күшті тазалаушы еді,
Үйілген қарды
Әп- сәтте жинап алды? (қар жинайтын машина)
Қар жинайтын машинаның алдына үлкен қырғыш бекітілген. Алдыңғы және артқы дөңгелектерінің ортасында түкті дөңгелек щетка айналып тұрады.
Олар неден жасалған? (темір сымдардан)
Олардың қылшықтары қандай? (қатты, тікенекті)
Ал, мына екінші машинаға назар аударыңдар, оның несі бар? (үлкен екі бұрандасы бар)
Бұл бұрандалар не істейді? (еттартқыш сияқты қарды іліп алады да, қарды алысқа лақтыратын желдеткіш астына апарады, ол қарды алысқа лақтырады)
Бұл машиналар несімен ұқсас? (екеуі де көшені қардан тазалайды)
♦ қар тазалағыш машиналар көліктің қай түріне жатады? (арнайы көлік түрлеріне)
Зерттеу жұмысы
Қар тазалайтын машина мен «Жедел жәрдем» машинасын салыстыру
Еңбек Алаңды қардан тазалау, қардан көше қиылысын құрастыру
Мақсаты:
Бірлесе жұмыс істеуге, бастаған істі аяқтауға үйрету;
Еңбек дағдыларына тәрбиелеу.
Қимылды ойын
«Аңшылар мен аңдар»
Мақсаты:
Қозғалыс дағдыларын бекіту;
Батылдықтары мен ептіліктерін дамыту.
Жаттығу ойындары
«Көпірден өт».
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру
Халық болжамы: Мұржадан түтін аспанға тік көтерілсе, аяз болады
Ақпан
Серуен № 2
Қарды бақылау
Мақсаты: Қыс аяғында қарда болатын өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру
Бақылау барысы
Көркем сөз «Қыс» Қ. Жұмағалиев
Қысым-ақ, қысым-ақ,
Жібердің қысып-ақ.
Қалмаспыз біз деген,
Боранға ұшырап.
Аппақ қар жауа бер,
Риза ғой саған ел.
Боратты-ау бораным,
Қайратын қарай көр.
Біз батыл баламыз,
Жылы үй, қорамыз.
Ақ ұлпа қарыңнан,
Аққала соғамыз.
Халықта мынадай болжам бар: қарға қарқылдаса, қар жауады. Қыс мезгілі басталған уақыттан бастап, қалың қар түседі. Кейде жел соғып боран болады. Күндер жылжыған сайын қардың қабаты қалыңдай түседі. Кей уақытта оңтүстіктен жылы жел соғады. Бұндай жылы желден қар сәл босап ериді де, жылылықтан кейінгі аяздың әсерінен қар мұзқатқақа айналады. Бұл кезде жан-жануарларға қатты қар үстімен жүру, өз қоректерін табу қиынға соғады. Бұлан, бұғы, тауешкілері өздерінің өткір тұяқтарымен қарды теуіп ояды, оның астынан мүктер мен жапырақтарды қиындықпен алып жейді. Кей кезде тұяқтарын мұзқатқақ қар қиып жаралайды.
Тәрбиеші сұрақтары.
♦қыс айларын атаңдар?
♦қар бетінде пайда болған жұқа қабықша қалай аталады?
♦қарқатқақ қалай пайда болады?
Зерттеу жұмысы
Балабақша ауласындағы ашық алаңдағы және қоршау жиегіндегі қар қалыңдығын өлшеу. Қай жерде қар қалың, қай жерде жұқа. Неге?
Еңбек
Сырғанаққа су себу
Мақсаты: суық суды ақырын алып жүруге, сырғанақ бетіне тегіс себуге үйрету.
Қимылды ойын «Екі аяз».
Мақсаты: кеңістікті бағдарлай білуге жаттықтыру.
Жаттығу ойындары «Кім алысқа секіреді?».
Мақсаты: белгіленгшен жерге дейін екі аяқпен секіру.
Халық болжамы: Қар көп болса, нан мол болады.
Ақпан
Серуен №3
Желді бақылау
Мақсаты:
өлі табиғат туралы білімдерін байыту;
табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Бақылау барысы
Ұйытқыма жел Ө. Ақыпбекұлы
Ұбырып-шұбырып,
Ұйтқиды құбылып.
Ұлпадай ақ қарды,
Ұршықтай үйіріп.
Ұлиды қасқырдай,
Ұйтқып көз аштырмай.
Екпіндей соғады,
Алдыға бастырмай.
Баларға сұрақтар
Бүгін ауа райы қандай? (суық, желді, аязды)
Қыс мезгілінде желді қалай атайды? (боран,үскірік)
Бүгін жел қай жақтан соғып тұр? Оны қалай анықтауғаболады?(компаспен, зырылдауықпен)
Жел қалай пайда болады?
Тәрбиеші түсіндіреді: Күн ауаны бірдей жылытпайды, бір жерде-жылы, бір жерде-суық. Жылы ауа жоғары көтеріледі, суық ауа төмен түседі. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады.
Еңбек
Жолдарды, орындықтарды, ұсақ архитектуралық мүсіндерді қардан тазалау.
Мақсаты: бір-біріне достық көмек беруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Мысық пен тышқан».
Мақсаты:
Ептіліктері мен жылдамдықтарын дамыту;
Әр бағытта жүкіруге жаттықтыру
Жаттығу ойындарыҚозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: қар лақтыру кезінде көз мөлшерлей білулерін дамыту, лақтыру кезінде қол сүйектерін белсенді қозғалта отырып, нысанаға тигізу
Халық болжамы: Мысық жылы жерді паналаса, қатты аяз болады
Ақпан
Серуен № 4
Бұлттарды бақылау
Мақсаты:
Аспан және оның біздің планетамызға әсері жайлы түсініктерін кеңейту;
Аспан әлемінің әсемдігін қабылдауларын дамыту
Бақылау барысы
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Етек жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай.
Түйдектеліп көшеді,
Тоз-тоз болып өшеді.
Көшіп жүріп желменен,
Сеуіп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген.
Күн сайын күн өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды қыздырады. Судың ұсақ түйіршіктері аспанға көтеріліп бірігеді де, аспанда бұлт пайда болады. Бұлттағы су түйіршіктері ауыр тартқан кезде, олар жерге жаңбыр болып төгіледі. Бұлттар – шарбы бұлттар және түйдек бұлттар деп аталады. Шарбы бұлттар ашық күндері пайда болады, ал, түйдек бұлттар жауын немесе қар жауарда пайда болады.
Балаларға сұрақтар.
Бұлттар қандай болады?
Олар қайдан пайда болады?
Бұлттар нелерге ұқсайды?
Зерттеу жұмысы Апспаннан атқа немесе түеге ұқсас бұлтты табу. Шарбы бұлттар мен түйдек бұлттарды салыстыру.
Еңбек
Жолдар мен сырғанақтарды қардан тазалау..
Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге үйрету, жұмыс нәтижесіне қуана білу.
Қимылды ойын: «Қар үстіндегі хоккей».
Мақсаты: шайбаны қақпаға домалатуға үйрету.
Жаттығу ойындарыҚимылдарын дамыту.
Мақсаты:
Сырғанауға үйрету;
Сырғанау кезінде отыруға үйрету.
Мақал-мәтел: Мезгіл жетсе мұз ерір.
Ақпан
Серуен №5
Ауладағы ағаштарды бақылау
Мақсаты :
— ағаштар туралы білімдерін молайту;
— ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру
Бақылау барысы
Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы
Қар жамылды бақтарым
Қыратым да, сайым да.
Тағыпты қыс ақ қарын,
Үкі етіп қайыңға.
Бүркеніп ақ желекті,
Жарқырайды маңайым.
Ойға шомып теректің,
Ақ шалыпты самайын.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.
Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??
Күзде қандай болды?
Қазіргі бейнесі қандай?
Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?
Айналадағы ағаштар бейнесі қандай?
Зерттеу жұмысы
Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру
Еңбек
Жолды қардан тазалау.
Мақсаты: аула қараушыға көмектесу.
Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?»
Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру.
Жаттығу ойындары Секіру
Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру
Халық болжамы. Ит қарға аунаса, қарлы боран болады.
Мысық қабырғаны тырналаса, бұрқасын боран болады.
Ақпан
Серуен № 6
Маусымдық өзгерістерді бақылау
Мақсаты::
Табиғат өзгерістері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Қыс аяғындағы табиғат көрністерін (су тамшылары, қардың жібуі т.б.) көре білуге баулу.
Өлең жолдарындағы қыс көрністері туралы бейнелеуді таба білу туралы білімдерін бекіту.
Бақылау барысы
Оңтүстіктен жел соқты. Ол өзімен жылылық ала келді. Түс кезінде төбелерден су тамшылары көрінді. Көктемнің жақын қалғаны табиғатта біліне бастады.
Ақпан қыстың соңғы айы. Ақпан айында күн ұзара бастайды. Күннің шуағы молаяды. Үй шатырларынан мұз сүңгілер пайда болады. Ақпанда жылылық сезіледі. Күртік қарлар аласара бастайды.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Жиегіне шатырдың,
Мұздан шеге қатырдым. (сүңгі)
Балаларға сұрақтар
Қыста неше ай бар?
Қыс айларын ата?
Қыстың ең соңғы айы қай ай?
Ақпан айында табиғатта қандай өзгерістер болады?
Мұз сүңгілері қайдан пайда болады?
Зерттеу жұмысы
Ыдыстарға қар толтырып, біреуін көлеңкеге, біреуін күннің астына қою. Серуен аяғында қай ыдыстағы қар төмен түскенін салыстыру
Еңбек
Кіші балалар тобының алаңын қардан тазалауға көмектесу
Мақсаты: достық қарым-қатынаста еңбек етуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Төбешіктен-төбешікке».
Мақсаты: ұзындыққа секіру дағдыларын қалыптастыру
Жаттығу ойындары «Кім жылдам».
Мақсаты:- Жылдам жүкіруге жаттықтыру;
Орнында тұрып ұзындыққа секіру техникасын меңгерту.
Халық болжамы: Мұзсүңгі ұзын және жиі болса, көктем ұзақ, ас мол болады.
Ақпан
Серуен №7
Терек ағашын бақылау
Мақсаты:
Балалардың ағаштар туралы білімдерін молайту;
Ағаштарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Тәрбиеші әңгімелейді:
Адам таза ауамен тыныс алады. Адам демінен шыққан ауа-қайта жұтуға жарамсыз. Біз үнемі таза ауа жұтып жарамсыз етіп отырғандықтан, таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер бетінде ауа қалмас еді.
Ал, таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан ауаны жұтып, өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады. Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым таза болады.
Таза ауамен тыныс алған адамның дені сау, өмірі ұзақ болады.сол себептен бабаларымыз «Өмір жасыңды ұзартқың келсе ағаш ек» деген.
Ауыл маңы терек,
Терек егу керек.
Әсем биік теректер,
Балаларды өбектер.
Теректер қайда көбірек өседі? (қалада.)
Қалада тағы басқа қандай ағаштар өседі
Ағаштар қалада не үшін керек? (ағаш жапырақтары көмір қышқыл газын өз бойына сіңіріп, таза ауа өңдеп шығарады)
Теректің соңғы жапырақтары қашан ұшып түседі? (күз соңында.)
Неге ағаш жапырақтары күзде түседі?(себебі қыста ағаштар ылғалды көп жоғалтпас үшін)
Зерттеу жұмысы
Ауладағы ағаштарды қарау. Қай ағаш қалай тұр. (кейбір ағаштар бұтағы сирек, тікесінен сыйдиып тұр. Кей ағаштар бұтақтары қармен төмен иіліп тұр т.б.)
Еңбек
Кіші топ балаларына қар жинауға көмектесу.
Мақсаты: кішкентайларға көмек көрсетуге деген ынталарын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Бәйге»
Мақсаты: тәрбиеші белгісі бойынша жүкіруге үйрету
Жаттығу ойындары Бір аяқпен секіру
Мақсаты: жоғары секіруге және жерге дұрыс түсуге жаттықтыру.
Мақал-мәтел: Бір тал кессең, он тал ек.
Тыйым сөздер: Өсіп тұрған ағашты кесуге немесе балталауға болмайды. От жағуға қураған ағашты пайдалану керек.
Ақпан
Серуен №8
Күн мен түн неге ауысады?
Мақсаты:Күн мен түннің ауысуы қалай жүретіні, жыл мезгілдерінің ауысуына қарай күннің ұзаруын туралы түсінік беру.
Бақылау барысы
Балаларға жұмбақ жасыру
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (күн)
Жартысы жадыратып нұр себеді,
Жартысы қара мақпал бүркенеді. (түн)
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады (ай)
Күндіз білінбейді,
Түнде дірілдейді (жұлдыз)
Сендер қалай ойлайсыңдар, күн мен түн неге ауысады? Күн жерге күндіз жарық береді. Жер кеңістікте үлкен жылдамдықпен айналады. Жердің бір айналысы 24 сағатта өтеді. Жердің айналған уақытында жердің күнге қарамайтын бетінде түн болады да, жердің күнге қараған бетінде түн болады. Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай күн мен түннің ұзақтығы да ауысып отырады. Күн жылыған сайын түн қысқарып, күндізгі уақыт ұзарады.
Балаларға сұрақтар.
Жұлдыздар түнде қайда кетеді?(жұлдыздар күндіз де аспанда болады. Тек күннің жарығы жұлдыздың жарығынан да күшті болғандықтан, жұлдыздар көрінбейді)
Күн неге батады? (жер күнді айналады, сонықтан да шығыстан күн шығып, батыста батқандай әсер қалдырады.)
Зерттеу жұмысы
Жарық сәулелері жерге тура түседі, егер оған жолда бірнәрсе кедергі жасаса, онда одан көлеңке пайда болады.
Таңертең, түсте, кешке зерттеу жұмысын жүргізу. Таңертең және кешке көлеңке ұзын болады, ал, түсте көлеңке қысқа болады (түсте күн дәл төбеден түседі, сондықтан көлеңке қысқа).
Еңбек
Ойын алаңындағы қарды сыртқа шығару.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке, бірлесе еңбек етуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын
«Күн мен түн».
Мақсаты: тәрбиеші белгісі бойынша әрекет етуге, ойын шартын дұрыс орындауға дағдыландыру..
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту
«Шығырыққа лақтыру».
Мақсаты: мергендіктерін дамыту.
Мақал-мәтел: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.