Қазақстан - Менің Отаным
Бұл оқу іс-әрекетінің мақсаты - балаларға Қазақстанның кең-байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру. Қазақстан - біздің Отанымыз, оның тарихы, салт-дәстүрлері және мәдениеті жайлы зерттеулер жасау арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Оқу барысында балалар еліміздің географиясын, әкімшілік-территориялық құрылымын, сондай-ақ, мемлекеттік символдарымызды – Елтаңба, Ту, Гимн сияқты маңызды атрибуттарды танып, ерекше сезіммен қабылдайды. Отанды, еліміздің табиғатын, тарихын сүйе білу, әрбір азаматтың парызы. Отанымызға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі көрнекі материалдар мен ойындар ұйымдастырылады.
Балалар үшін ұйымдастырылған ойындар арқылы еліміздегі табиғи өңірлер, мәдени ескерткіштер туралы білімдерін кеңейтіп, жекелей сұрақтар арқылы жауап беруге үйретеміз. Осындай білім беру іс-әрекеттері балалардың азаматтық сана-сезімін анықтауға, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.